ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.04.2024
Просмотров: 22
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: | «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ Балтабекова Ә.Ә | ||
Күні: 21.11.2022ж Сынып: 5 а | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Қызыл кітап. Шығу тарихы | ||
Сабақтың мақсаттары |
| ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы |
«Қызыл кітап» Оқушыларды сабақ мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру. | Көрсетілім | |
Сабақтың ортасы | Мәтіналды жұмыс: Айтылым. «Сұрақ – жауап» әдісі 1- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. 2- тапсырма.«Қызыл кітап» туралы не білесің? Ол туралы 2-3 сөйлем құрап жаз. Суретте нелерді көріп тұрсындар? -Бұларды не біріктіреді? -Азайған аң-құстарды қайда енгізген? -Кітаптың түсі неліктен қызыл болады? 3-тапсырма. Тыңда. Мәтінді оқы. Қызыл кітап 1948жылы әлемде алғаш рет «Табиғатты қорғау»одағы құрылды.Бұл одақ бірінші рет жер бетінен жойылып бара жатқан жануарлар туралы кітап шығарды. Ол кітап «Қызыл кітап» деп аталды. «Қызыл кітап»деген атауды ағылшын ғалымы Питер Скотт ұсынды. «Қазақстанның Қызыл кітабы» алғаш рет 1978жылы шықты.Онда тіркелген жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы қысқаша қазақша,ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген жануарлар суреті, Қазақстанның аумағында таралу картасы және ол туралы ақпарат көрсетілген. Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар.Олардың 58-і «Қызыл кітапқа»тіркелген.Оларды адамдар көп аулайды. Сол себепті азайып барады.Қазір олар қорғауға алынған. «Қазақстанның Қызыл кітабына» өсімдіктердің 307 түрі кірген. «Қызыл кітапқа» қазақ жеріндегі барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр және тағы басқа аңдар мен құстар да тіркелген. | Сөздік Мәтін surak.szh.kz сайтынан алынды. Суреттер | |
Сабақтың соңы | Сабақ соңындағы оқушылардың кері байланысы/ рефлексиясы/: «Білім пирамидасы» бойынша сабақта алған білімдерін қысқа үш сөйлеммен жеткізу.
| |
Білім беру ұйымы | «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ | |||||
Пәні | Туған өлкем | |||||
Педагогтің аты жөні: | Балтабекова Ә.Ә | |||||
Күні: | 28.11.2022ж | |||||
Сынып: | 5 а | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | Туған жердің табиғатын қорғау | |||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу. | |||||
Сабақтың барысы: | ||||||
Сабақтың кезеңі | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық! Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа. Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат, Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат. Ал адамға ауа қымбат бәрінен, Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат. Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды. Тартылған су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде. Арал аймағының жағдайы осындай болды Ал Каспий теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне бұл да адам қолымен жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз. Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинаса олардың әрбір данасына 360 теңге көлемінде айып төлейді. (Бұл 2005 жылғы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасының қаулысы). Елімізде сонымен қатар « Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген істер атқарылып жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың маңызын саналы түрде ұғынбаса , біздің керемет жасыл бағымызды ешқандай тиым салу құтқармайды. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын. Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық. | Дәптермен жұмыс | https://www.youtube.com/watch?v=uo4RZeHvaHU | |||
Сабақтың соңы | Табиғатты қорғау дегеніміз не? 2. Табиғатты қорғау не үшін қажет? 3. Өздерің тұратын жерлеріңде табиғатты қорғауға арналған қандай іс-шаралар жүргізілуде? | | |
Білім беру ұйымы | «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ | |||||
Пәні | Туған өлкем | |||||
Педагогтің аты жөні: | Балтабекова Ә.Ә | |||||
Күні: | 05.12.2022ж | |||||
Сынып: | 5 а | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | Қазақстанның ірі қалалары | |||||
Сабақтың мақсаты: | - Оқушылардың түсінік дағдыларын қалыптастыру; - Өз жерін, елін, байлығын мақтан етуге тәрбиелеу; | |||||
Сабақтың барысы: | ||||||
Сабақтың кезеңі | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Оқушыларға жаңа сабақ бойынша қызығушылықтарын ояту. Қазақстан қалалары туралы әңгімелесу. Түрткі сұрақтар қою арқылы ой шақыру. («Ой қозғау» стратегиясы). - Қазақстанда неше облыс бар? - Қазақстанның қандай ірі қалаларын білесіңдер? - Біз қай облыста тұрамыз? - Қарағанды облысында қандай шағын қалаларды білесіңдер? - Біз қай қалада тұрамыз? - Қаламыз несімен ерекше? - Біздің қала неге металлугтер қаласы деп аталады? Қазақстанда халықты таңқалдыратын қалалары бар. Ол қалалар әр жерде несімен даңқты? ҚАРАҒАНДЫ – Көмірімен ӨСКЕМЕН – Рудасымен АТЫРАУ – Мұнайымен КӨКШЕТАУ– Табиғатымен ШЫМКЕНТ – Халық санымен ҚЫЗЫЛОРДА- Мақтасымен, күрішімен ТҮРКІСТАН – Қожа Ахмет кесенесімен АЛМАТЫ- Медеуімен АСТАНА Бәйтерегімен | Дәптермен жұмыс | https://www.youtube.com/watch?v=uo4RZeHvaHU | |||
Сабақтың соңы | «Қазақстанның ірі қалалары» тақырыбына эссе жазу | | |
Білім беру ұйымы | «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ | |||||
Пәні | Туған өлкем | |||||
Педагогтің аты жөні: | Балтабекова Ә.Ә | |||||
Күні: | 12.12.2022ж | |||||
Сынып: | 5 а | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | Өлкемнің ауа райы. Табиғат жағдайы. | |||||
Сабақтың мақсаты: | Ауа температурасы жайында түсінік беру. Термометр және оны пайдалана білу техникасы жайында меңгерту. Ауа райының шартты белгілерін меңгерту. | |||||
Сабақтың барысы: | ||||||
Сабақтың кезеңі | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. 1. Ауа райы дегеніміз не? 2. Ауа райының элементтері мен құбылыстары 3. Ауа массалары 4. Ауа-райын болжау 5. Климат, климат қалыптастырушы факторлар « Ауа-райы» дегеніміз - тропосфера қабатының белгілі бір жердегі, белгілі бір уақыттағы ауаның жай-күйі. Ауа-райын анықтау үшін оның негізгі элементтері - температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым олардың күйіне қарай бір-бірімен тығыз байланыста. Осы элементтерге жеке-жеке тоқталамыз. Ауа райының құбылыстарына жауын-шашын, жел, тұман, бұлт жатады. Ауа-райы уақыт ішінде өзгеріп тұрады. Оның элементтері мен құбылыстарының барлық өзгерісі басқасының да өзгерісін тудырады. Тропосфераның бір-бірінен қасиеті (температурасы, мөлдірлігі, ылғалдылығы) жөнінен ерекшелік жасайтын үлкен бөлігі ауа массалары деп аталады. Әрбір ауа массасы мыңдаған, тіпті миллиондаған шаршы шақырым жерді алып жатады. Ауа массаларының қасиеті ең алдымен олардың белдеулік орнына байланысты. Пайда болатын ендіктеріне қарай әр жарты шарда 4 түрлі негізгі ауа массасы ажыратылады. 1. Экваторлық ауа: ыстық,ылғалды 2. Тропиктік ауа: ыстық, құрғақ 3. Қоңыржай ауа: жылы, ылғалды 4. Арктикалық немесе антарктикалық ауа: салқын, құрғақ Түрі бойынша: -Теңіздік Континеттік -Жаз Қыс Жаз Қыс -Ылғалды Жылымық Жылы Аязды -Бұлтты Қар Бұлтсыз Құрғақ -Жаңбырлы Құрғақ Тест жұмысы 1. Тропосфераның белгілі жердегі белгілі уақыттағы жай күйі: А. Ауа райы В. Ауа температурасы С. Ауа қысымы Д. Ауаның құрамы 2. Қасиеттері жөнінен бір – бірінен айырмашылық жасайтын тропосфераның көлемді бөлігі: А. Жел В. Ауа массалары С. Газдар қоспасы Д. Бұлттылық 3. Еңкіш деген мағынадағы грек сөзі: А. Климат В. Бриз С. Муссон Д. Ауа райы 4. Атмосфералық қысым, температура, жауын-шашын, ылғалдылық: А. Климат түрлері В. Ауа райының өзгеруі С. Климат элементтері Д. Климат құбылыстары 5. Жылдың барлық мезгілінде жылы әрі ылғалды болуымен ерекшеленетін ауа массасы: А. Экваторлық В. Тропиктік С. Қоңыржай Д. Арктикалық 6. Жер шарында қанша мыңнан астам метеорологиялық станса бар: А. 20 мың В: 15 мың С. 10 мың Д. 5 мың 7. Теңіз үстінде қалыптасатын ауа: А. Арктикалық В. Континеттік С. Тропиктік Д. Теңіздік 8. Климат дегеніміз: А. Жаңбырдың жаууы В. Ауа райының белгілі бір жерге тән және үнемі қайталанып отыратын жай-күйі С. Желдің соғуы Д. Күннің суынуы 9. Атмосфералық құбылыстар жайындағы ғылым: А. Метеорология В. Гидрология С. Сейсмология Д. География 10. Жер шарында кездесетін ауа массалары: А. Суық, жылы В. Ылғал, құрғақ С. Арктикалық, қоңыржай, тропиктік, экваторлық Д. Солтүстік, оңтүстік | Дәптермен жұмыс | https://www.youtube.com/watch?v=uo4RZeHvaHU | |||
Сабақтың соңы | http: // sinoptik ауа райы сайтына кіру. Өзіннің тұрғылықты жерінің алдағы 3 күн ішіндегі ауа райымен танысу. | | |
Білім беру ұйымы | «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ | |||||
Пәні | Туған өлкем | |||||
Педагогтің аты жөні: | Балтабекова Ә.Ә | |||||
Күні: | 19.12.2022ж | |||||
Сынып: | 5 а | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | Бас қала – Астана | |||||
Сабақтың мақсаты: | Астана – ұлттық тарихтың мәтіні. Екі мың жылдықтың тоғысында,Еуразия жүрегінде орын тепкен Астананың,Тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы орнын анықтау, айқындау. | |||||
Сабақтың барысы: | ||||||
Сабақтың кезеңі | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қазақстанның астанасы болып ресми түрде жарияланды. Ал 1998 жылы 6 мамырда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда ресми түрде жаңа астананың тұсаукесер тойы болып өтті. Парламент Сенаты мен Мәжілісінің, Үкіметінің ғимараттары, Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы- Ақорда т.б ғимараттар салынды. Сұрақтар: 1. Астана қаласының тарихы көне замандардан басталатынын К Ақышев бастаған Қазақстан ғалымдары зерттеді. 2. Бозоқ қалашығы X-XII ғ ірі саяси және қолөнер орталығы болған. 3. Астана өзінің сұлулығы көріктілігімен еліміздің мақтанышына айналды. Ханшатыр тобы 1. 2014ж 11 қарашада Н Назарбаев Қазақстан халқына өзінің Нұрлы жол –болашаққа бастар жол атты жолдауын жариялады . 2.Нұрлы жол жолдауында Қазақстанның алдағы дамуының жаңа экономикалық стратегиясынақты көрсетілді . 3.Астана қаласын өркендетіп гүлдендіру мақсатында арнайы Жаңа астана қоры құрылды . | Дәптермен жұмыс | Астана – Қазақстанның бас қаласы - история, уроки (kopilkaurokov.ru) | |||
Сабақтың соңы | Эссе жазу «Астана қаласының тәуелсіз Қазақстан Республикасы мемлекетін орнықтырудағы алатын орны». | | |
Білім беру ұйымы | «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ | |||||
Пәні | Туған өлкем | |||||
Педагогтің аты жөні: | Балтабекова Ә.Ә | |||||
Күні: | 26.12.2022ж | |||||
Сынып: | 5 а | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | Алматы – мәдени қала | |||||
Сабақтың мақсаты: | 1. Қазақстанның мәдени орталығы – Алматы қаласы туралы мәлімет беру. Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары және басқа мәдени, білім орталықтарымен таныстыру. 2. Оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін, танымдық ойлау қабілеттерін, білуге деген құштарлықтарын арттыу. Топта жұмыс жасата отырып, бірінің пікірін бірі тыңдай білуге үрету. 3. Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру. | |||||
Сабақтың барысы: | ||||||
Сабақтың кезеңі | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Алматы – Қазақстанның ең үлкен, әрі әдемі қаласы. Ол Іле Алатауының Баурайында орналасқан. Қала шетінде Медеу мұз айдыны бар. Кең көшелер мен даңғылдар, биік ғимараттар қаланы көріктендіріп тұр. Көшелерді бойлай ағаштар отырғызылған және гүлдер өте көп. Алматы – Қазақстанның мәдени орталығы. Алматы қаласын бойлай Көктөбе тайы да орналасқан, оның биіктігі 1130 метр, ал Көктөбе тауының баурайында Көктөбе телемұнарасы бар, оның биіктігі – 372 метр. Сонымен қатар, көптеген жоғары және арнай орты білім беру орындары бар. Мысалы: Әл-Фараби атындағы ҚҰУ, ҚБТУ және т.б.. 1-тапсырма. -Алматы қандай қала? -Алматыда қандай ірі мәдени орталықтар бар? -Алматы Қазақстанның қай жерінде орналасқан? -Сонымен, кім айтады, біздің бүгінгі тақырыбымыз не болмақ? 2-тапсырма. «Алматы – әсем қала» тақырыбына 1 шумақ өлең құрастыру | Дәптермен жұмыс | (kopilkaurokov.ru) | |||
Сабақтың соңы | Менің арманымдағы-Алматы» тақырыбына сурет салу. Сурет бойынша әңгімелеу. | | |