Файл: Программалау тіліні млімет типтерін біледі. Тип анытамасын ынады. Кптеген оушылар.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Python тілінде программалау

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып 6

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Арифметикалық амалдардың жазылу ережелері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


6.3.3.1 мәліметтер түрлерін жіктеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Программалау тілінің мәлімет типтерін біледі. Тип анықтамасын ұғынады.

Көптеген оқушылар:

Мәлімет типтеріне мысалдар келтіріп, оларды қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

Программада мәлімет типтерінің атауын жаза алады.

Бағалау критерийлері

Деректер жайлы біліп жіктей алады және қарапайым программа құруда тип түрлерін анықтап, жаза алады

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

Мәлімет типтері – Тип данных – Data type

Тақырыпқа қатысты тіркестер мен сөйлемдерді пайдалану

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бойында зерттеушілік, инновациялық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті ету

Пәнаралық байланыстар

Математика, ағылшын тілі

Акт қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу

Алдыңғы білім

⸹16 Тіл әліппесі. Синтаксис



Сабақтың барысы:


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру бөлімі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Өткен сабақты тексеру.
ҚБ: / 3 балл/


1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4.Өткен сабаққа қатысты сұрақтарға жауап береді.

Kundelik.kz Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты тұсіндіру.

Дерек- өңделмеген әртүрлі фактілер, цифрлар. Өңдеудің нәтижесінде белгілі бір мағынаға ие болған дерек ақпаратқа жатады. Программалау тілдерінің көмегімен деректерді өңдеу үшін оларды типтерге жіктейді. Сандық ақпарат сандық деректерден құрылады. Мәтіндік ақпарат- символдық және жолдық деректерден құралады. Деректердің жіктелуі оларды компьютерде өңдеу кезінде маңызды рөл атқарады.

Тұрақты, айнымалы және өрнектер қабылдай алатын мәндерді, олармен орындауға болатын амалдардың жиынтығын деректер типі деп атайды.

Кез келген тұрақты, айнымалы функция немесе өрнек өзіне тән бір ғана типпен сипатталады. Деректердің типін білу осы типтегі айнымалылардың қолдану ауқымы (шегі) мен оған қолданылатын амалдарды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар деректер типі ақпаратты қалай түсіну керектігін көрсетеді.

Деректер типі.

Python-да қолданылатын деректер бүтін сан, нақты сан, жолдық және логикалық типтердің біріне жатады.

Оқулық § 3.3, 91-бет, 1-кесте.

1-тапсырма. Жеке жұмыс

Оқулық § 3.3, 95-бет, «Сұрақтарға жауап берейік» тапсырмасы
Дескриптор:

- Мәліметтер типтері дегеніміз не анықтайды;

- Мәліметтер типтерінің түрлерін жазады;

- Нақты сан сандық типтегі атауын жазады .
Қб: / 3балл/
2-тапсырма. Жеке жұмыс.
Дескриптор:

-Сандық мәлімет типтеріне мысалдар келтіреді;
ҚБ: жұлдыз /4 балл/

Мұғалімді тыңдайды

Анықтамасын дәптерге жазады


1-тапсырманы орындайды

2- тапсырманы орындайды

Презентация

Жұмыс дәптері

Жұмыс дәптері



Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс:

барлығын түсіндім

менде сұрақтар қалды

Өзін-өзі бағалау.




Оқу тапсырмасы

§ 3.3, 96-бет, Үй тапсырмасы