Файл: Реферат таырыбы Кіші Азиядаы Селжтар(Салжтар)мемлекеті.docx
Добавлен: 11.04.2024
Просмотров: 23
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының Білім Және Ғылым Министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих және экономика,құқық факультеті
ҚР тарихы кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы«Кіші Азиядағы Селжұқтар(Салжұқтар)мемлекеті»
Орындаған:Қарақұлұлы.О
Тексерген:Мырзабаева Б.М
ОРАЛ ҚАЛАСЫ- 2021 ЖЫЛ
Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................................3
I ТАРАУ. Селжұқтар мемлекетінің құрылуы (Х-ХІ ғасырдың алғашқы жартысы) ........................................................................................8
1.1. Х ғ. соңы мен ХІ ғ. бірінші жартысындағы Селжұқтар мемлекетінің нығаюы. .......................................................................................................................8
1.2. XI ғ. ортасы мен екінші жартысындағы Селжұқтар империясы......................................................................................................................10
II ТАРАУ. Селжұқ империясының әлеуметтік-экономикалық жүйесі және сепаратистік қозғалыстардың басталуы.............................................................................................................13
2.1. Селжұқ империясының даму ерекшеліктері және саяси дағдарыстың басталуы......................................................................................................................13
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕРДІҢ СІЛТЕМЕСІ...................................................................................................... 22
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:Xiғ.орта бетінде құрылылып,XIIғ.зор державаға айналған Селжұқтар мемлекеті әлем тарихында өзіндік орыны бар.Оғыз тайпаларының көсемі Селжұқ Тұғақұлы негізінде құрылған Селжұқ мемлекеті Оңтүстік және Батыс Азия аймағында өмір сүрген.Селжұқтар өзінің нағыз шарықтау уақытында,кемеліне келіп толықсыған кезінде ұлан-ғайыр территорияларды өздеріне бағындырады.Оңтүстік Түркістан,Иран,Ауғанстанның батыс аймақтары,Закавказья,Алдыңғы және Кіші Азия селжұқтарға бағынды.
Тарихшылар мен шығыстанушылардың көп күш салуының арқасында <<селжұқтар мәселесі>>,Ұлы Селжұқ мемлекетнің тарихы XX ғасырда жақсы зерттелінді,бірақ бұл мәселенің барлық қыры толығымен ашылып,сараланды десек тарихи ақиқаттан алыс кетеріміз хақ.Селжұқ мәселесінің тарихнамасы өте бай,бұл мәселенің тарихи деректеріде аз емес.
Оңтүстік Азияда ірі селжұқтар империясының құрылуы,сол жерде билік жүргізуі-Шығыстың көптеген елдерінде этномәдени процестерге үлкен әсер етеді.Этникалық құрамына қарай көшпелі түркілер отырықшы өмір салтына көшіп,бірте-бірте ассимиляцияланды.Селжұқтар түрікмен,әзербайжан,түрік-осман халықтарының қалыптасуына зор ықпал етті.Тарихтағы түріктердің ұлы империясы Осман мемлекетінің құрылуында селжұқ тайпасы негізгі рөл атқарды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:Тақырыптың зерттелу деңгейіне тоқталар болсам,Ұлы Селжұқ мемлекетінің құрылуы,саясаты,жаулаушылық соғыстары негізінде орта ғасырлық тарихшылардың орны ерекше.Олар:Байхаки Абул Фазыл,Низам ал-Мульк,ал-Хусайни,Садр-ад-дин Али,Захр-ад-дин Нишапури.Негізгі тарихи деректер араб,парсы,т.рік тілдерінде жазылған.Тарихнамалық еңбектер аса бай болуына мына авторлардың еңбектері зор.Олар:К.Брокельман.М.А.Кейман,К.А.Сторин,К.Каэн,Х.Гибб,Ф.Розенталл,К.Босворт,Б.Шпуллер,С.Г.Агаджанов,И.Ю.Крачевский,В.И.Беляев,Г.М.Курпалидис.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:Аталмыш тақырыпқа арналған бұл курстық жұмысты жазудағы басты мақсатымыз-Оңтүстік және Батыс Азия аймағында өмір сүрген Селжұқ мемлекетінің құрылу тарихында көз жүгірте отырып,мемлекет басшыларының кемел саясатын көрсету.Мақсат қоя отырып,мынадай міндеттер туындайды.
-
Ұлы Селжұқ мемлекетінің құрылу тарихына түсініктеме беру; -
Ұлы билеушілердің билігі кезіндегі Селжұқ мемлекетінің даму үдерісіне сипаттама беру;
Зерттеудің хронологиялық және аймақтық шеңбері:Xiғ.Орта белінде құрылып,XIIғ.зор державаға айналған Селжұқтар мемлекеті әлем тарихында өзіндік орны бар.Оғыз тайпаларының көсемі Селжұқ Тұғақұлы негізінде құрылған Селжұқ мемлекеті Оңтүстік және Батыс Азия аймағында өмір сүрген.
Ұлы дүрбелең тарихи оқиғалардан соң XI ғ. ортан белінде құрылып, XII ғ. зор әскери державаға айналған Селжұқтар мемлекеті әлем тарихында, әсіресе, Оңтүстік және Батыс Азия тарихында үлкен із тастап кеткен мемлекет болды. Ұлы мемлекеттің аты оны билеген династияның атына байланысты шыққан, яғни, «селжұқтар» дегеніміз белгілі бір әулеттің аты болып табылады. «Селжұқ» термині бірте-бірте этнонимге, этнос атына қатысты айтыла бастайды.Селжұқ есімімен ең алғаш шыққан адам Сырдың орта ағысы мен Қаратау қойнауларында шоғырланған оғыз тайпаларының көсемі Селжұқ Тұғақұлы болды.Кейінірек оның есімі өз тайпасына қатысты айтылса, ал тіпті кейінірек бүкіл империяның атына қатысты айтылатын болды.
Селжұқтар өзінің нағыз шарықтау уақытында, кемеліне келіп толықсыған көзінде ұлан-ғасыр территорияларды өздеріне бағындырады: Оңтүстік Түркістан, Иран, Ауғанстанның батыс аймақтары, Закавказья, Алдыңғы және Кіші Азия селжұқтарға бағынды. Селжұқтар әу баста Оңтүстік Түркістан жеріндегі аса қайшылықты этникалық процестердің, негізінен оғыздар мен түркімендердің ортасында пайда болған еді. Олардың мемлекет болып қалыптасқан аймағы Солтүстік Қорасан аймағы болды.Ол кездегі Қорасан аймағына - қазіргі Түркіменстанның Оңтүстігі, Солтүстік Батыс Иран, Солтүстік Ауғанстан территориялары кірген болатын. X ғасыр араб географтары «Қорасан» аймағы деп бұдан әлдеқайда үлкен аймақты, атап айтқанда, Шығыста Үндістанға дейінгі, Батыста Туранға дейінгі, ал Солтүстікте Амударияға дейінгі жерлерді түсінген. Қорасан аймағында құрылған Селжұқтар мемлекеті тек шығыстағы аса жауынгер түркі мемлекеті - қазналықтарды, немес газневидтерді жеңген соң ғана өз мемлекеттігін баянды еткені белгілі.
Тарихшылар мен шығыстанушылардың көп күш салуының арқасында «селжұқтар мәселесі», Ұлы Селжұқ мемлекетінің тарихы XX ғасырда жақсы зерттелінді, бірақ бұл проблеманың барлық қыры толығымен ашылып, сараланды десек тарихи ақақаттан алыс кетеріміз хақ. Селжұқ мәселесінің тарихнамасы өте бай, бұл мәселенің тарихи деректері де аз емес.
Селжұқ тарихы туралы ең алғаш қалам тартқандар әр түрлі едерде өмір сүрген орта ғасыр жылнамашылары болды. Селжұқтардың Ирандағы саяси процестерге тартылуынан соң, олардың мұндағы іс қимылдары туралы көптеген парсы авторлары мәліметтер қалдырады. Ал, селжұқ армиялары Бағдаттағы Аббасид халифтарын айтқанымен жүргізген уақытта бұл туралы араб тілді авторлар толып жатқан мағлұматтар жинайды. Селжұқ армияларының күнгей Кавказдағы жеңістерінен соң жергілікті халықтардың тілінде (армян, грузин) мол деректер жазылды. Фатимидтер династиясы билеген Египетпен әскери жанжалдан соң, әсіресе 1071 жылы селжұқ сұлтаны Алып Арыстан Кіші Азиядағы Манцикері шайқасында ұлы империя саналатын Византия армиясын тас-талқан етіп жеңген соң грек және латын авторлары селжұқ мәселесімен тыңғылықты түрде айналыса бастайды. XII ғасырда Византия жылнамашылары мен тарихшылары үшін ең өзекті проблема - селжұқ проблемасы болды. Ұлы селжұқтар дәуірі Азияның Оңтүстік және Оңтүстік Батыс аймақтары үшін үлкен дүрбелең дәуірі болғаны белгілі. Мұнда бұл кезде бір империя құлап, енді бірі қайта күшейе түскен болатын. 962-1186 жылдары астанасы Газня қаласы болған, газналық түрік гулямдары құрған атақты Газневилер мемлекеті, 945-1056 жылдары өмір сүрген түрік гулямдары құрған екінші бір мемлекет Буйлар державасы кезінде құдіретті болған Аббасидтер халифатының (750-1258) әлсіреуі, аса салтанатты Византия империясының дағдарыс дәуіріне аяқ басуы, Азербайжанда Атабектер мемлекеті (1136-1225), сондай-ақ Иранда исмаилиттер мемлекеті сынды мемлекеттік бірлестіктердің қатар өмір сүруі соның айғағы. Памир мен Бадахшанда бұрынғы Саманилер мемлекетінің территориясы да аса тынышсыз еді.Селжұқтар соңғы уақыттарында өздерінің солтүстік шекараларында күшейе бастаған хорезмшахтар-ануштегіндер мемлекетімен (1097-1231) үлкен шайқастар жүргізуге мәжбүр болады/.
Селжұқтар саяси аренаға шыққан уақытта Таяу Шығыс аймағы мен Европа аренасы да тынышсыз еді. Алғашында, Византияның шақыртуымен, сосын Рим папасының (Ватикан шіркеуі) ұйымдастыруымен бүкіл феодалдық Европадан жиналған рыцарлар армиялары Таяу шығыста үлкен қанды оқиғаларға себепші болды. Бүкіл христиаңцық Батыс пен мұсылман Шығысы Таяу Шьныстағы саяси процестерді жіті бақылап отырған еді. Крестшілердің қанды жорықтары Византия империясына да аз шығын әкелген жоқ. Мұсылман елдері арасынан Европа крестшілеріне қарсы азаттық күресін жүргізіп жатқан жалғыз ел-фатимидтер династиясы билеп отырған Египет еді. Аббасидтердің Бағдаттағы саяси әскери жағдайы нашарлап, олар мұсылман әлемінің саяси-діни орталығы болудан қалған соң бүл рольді Египеттің фатимид династиясы өз қолына алуға тырысады. Ұлы Селжұқтар Бағдатты өздеріне бағындырған соң селжұқтар мен фатимидтердің арасындағы саяси ахуал күрт нашарлап, екі держава да бір бірінен үстем болуға тырысады. Қанша нашарлады дегенімен де, латын агрессиясынан соң қайта есін жиған Византия да өздерінің Шығыс колониялары үшін селжұқтармен көптеген ұрыстар жүргізеді.
Этногенез жағынан алғанда бұлардың барлығынан да жас болған ұлы селжұқтар өз көршілерін жеке-жеке талқандайды. Селжұқтардың 1038-1062 ж.ж. қағаны, ұлы сардар Тоғрыл бек 1055 жылы аббасидтерден Иранды тартып алған соң, халифаттың астанасы Бағдатқа қысым жасайды. Бағдат халифалары бүл кезде түрік гулямдарынан шыққан бұлардың саяси ықпалында болатын. Селжұқтар бұларды қуып, аббасидтердің соңғы халифаларын өз бақылауларына алады. Селжұқтар көшпелі оғүз-селжұқ аламандарының әскери күшіне сүйене отырып, негізінен батыс бағыттарда жаңа территорияларды бағындыру үшін жорықтар ұйымдастырады. Фатимидтердің аддыңғы отрядтарын талқандап, олардан Сирияның көп жерін, Палестинаның шығыс аймақтарын тартып алған еді. Селжұқ территориялары әлсірей бастаған Византияның шығыс жерлері есебінен де өсіп отырды. 1062-1073 ж.ж. арасында селжұқтардың қағаны болған Алып Арыстан сұлтан 1071 жылы Кіші Азиядағы Макцикері шайқасында император Роман IV Диогеннің армиясын жеңеді де, Византиядан көп жерлер тартып алады. Византиядан тартып алынған жерлерде артынан селжұқтардың батыс топтары Рум сұлтанатын құрады. Өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Византия императоры батыс христиандарынан әскери көмек сұрайды да, жауап ретіңде крест жорықтары басталып кетеді. Селжұқтар Азиядағы істері бас көтертпей жатқанына қарамай-ақ, Сирия мен Палестинада, Шығыс Византияда крестшілер армияларын бірнеше рет талқандайды. Фатимидтер крестшілерден көп жеңіле бастаған соң Египетте әскери төңкеріс жасаған Салах-ад-дин билік басына айубидтер династиясын (1171-1250) әкеледі. Аййубидтер крестшілердің жорықтарына тоскауыл қойғанымен де, діндес селжұқтармен тіл табыса алмайды.
Оңтүстік Азияда зор селжұқтар империясының құрылуы Шығыстың көптеген елдерінде этномәдени процестерге үлкен әсер етеді. Ұлы селжұқтардың мемлекетін құрған, барлық шайқастардың ауыртпалығын көтерген көшпелі түркілер соғыстар барысында, жаңа жерлерді игеру барысында Азияның көптеген елдеріне тарала орналасады. Олар Иран, Солтүстік Ауғанстан, Араб Ирагы, Сирия, Палестина, Күнгей Кавказ, Кіші Азия жерлеріне қоныстанады. Ұзақ уақыт бойына Ұлы Түркістанның ішкі аймақтарынан толассыз келіп жатқан түрік тайпаларының әскери күштері ұлы селжұқтардың соғыс қабілетін өсіріп отырды, бұл түркілердің дені - оңтүстік түркілері, немесе оғыз тектес түркілер болатын.
Келіп орналаскдн территорияларының этникалық құрамына қарай көшпелі түркілер отырықшы өмір салтына көшіп бірте-бірте ассимиляцияна бастайды. Жергіліьсгі халықтар да түркілердің зор этникалық мәдени ықпалына түседі. Көптеген территорияларда тұтас түркі аймақтары қалыптасады. Селжұқтар түркімен, азербайжан, түрік-осман халықтарының қалыптасуына шешуші ықпал етті. Селжұқ проблемасын қарастырған кезде «оғыз» атауына тоқталмай өту мүмкін емес. «Оғыз» этнонимі алғашында Сырдария мен Арал маңындағы түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы ретінде калыптаскдны белгілі. «Оғыздардың» өзі көзінде Ұлы Көк Түрік қағанатын құрған тайпалардың бірі- тоғыз - оғыздардың ұрпақтары болган еді. ІХ-Х ғасырларда «оғыз» этникалық үғымға ие болады. Сырдария оғыздарының арасынан атақты дала абызы- Ұлы Қорқыт атаның шыққаны мәлім.
IX ғасырда Оғыз бірлестігі бірте-бірте Оңтүстік Түркістан территориясына ығысып, ол жерлерде этногенездік процестерге қатынасады. Бүл дәуідегі оғыздарды «жабғы» билегені белгілі. XI ғасырдың ортасында Қазақстан жерінде күшейген қыпшақ бірлестігі оғыздарды талқандаған соң, оғыздар бірнеше топқа бөлдінеді де, олардың бір бөлігі Оңтүстік Украина, Балқан жарты аралына кетсе, ал екінші бөлігі Хорезм, Мауреннахр, Қорасан аймағына ығысады. Енді бір бөлігі Арал маңында қалып, қыпшақ конференциясына қосылады. Осы уақыттан бастап саяси-этникалық термин ретінде «оғыз» сөзі аз қолданыла бастайды. Оның орнына кейде «түркімен» сөзі қолданыла бастайды.
Оңтүстік Түркістан мен Қорасандағы оғыз-түркімеңдердің ортасынан X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың басында қынық тайпасы бел алып, күшейе бастайды. Қынық тайпасының билеуші әулеттері қалған оғыздарға билік жүргізуге тырысады. Осындай әулеттің бірінің көсем бегі- Селжұқ Тұғақұл барлығына өз құзырын орнатады да, селжұқтар династиясының іргетасын қалайды. Селжұқтардың көсемдері кейде «жабғы» кейде «қаған», кейде «бек» атағын иеленіп жүреді де, кейін бірте бірте «сұлтан» атағын түпкілікті иеленеді. Сондықтан да, тарихи әдебиеттерде олардың мемлекетін әр түрлі атау қалыптасқан- «селжұқ державасы», «селжұқ империясы», «селжұқ мемлекеті», «селжұқ қағанаты», «селжұқ сұлтанаты» және т.б. Бұл атаулардың қай қайсысы болсын Ұлы Селжұқтар мемлкетінің балама атаулары болып табылады, әрі қай атты пайдаланса да кате болмайды.