Файл: Реферат таырыбы Кіші Азиядаы Селжтар(Салжтар)мемлекеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Қорытынды

Ұлы селжұқтар империясының адамзат тарихындағы өте күрделі де қызық баяңдарының бірі: Азияның көптеген елдерінің тарихыңца өшпес із қалдырған селжұқтардың тарихын зерттеу үнемі жалғасып келе жатыр және де болашақта бүл тоқталмақ емес. Қазіргі Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінің, Ауғанстан, Иран, Ирак, Сирия, Араб елдерінің, Күнгей Кавакздың, Таяу Шығыс пен Кіші Азияның орта ғасырлық тарихында із қалдырған ұлы селжұқ мемлекетінің пайда болуы, дамуы, ыдырауы басқа да империялы мемлекеттер сынды классикалық жолмен өтті.

Селжұқтардың бастапқы тарихы Ұлы Дала өркениетімен, Түркістанмен тығыз байланысты болды. Ұлы көк түрік қағанаты ыдыраған соң оның құрамында болған көптеген түркі тілдес тайпалардың қатарында гоғыз-оғыздар да Шығыс Түркістан территориясын тастап, Сырдария алқабына қоныс аударады. Онда оғыздардың көшпелі мемлекеті ұзақ уақыт өмір сүріп, артынан ыдырайды да, тағы қоныс аудару дәуірі басталады. Мауреннахр алқабын көктей өткен оғыз тайпалары Мерв, Қорасан аймақтарынан жаңа мекен табуға ұмтылады. XI ғ. алғашқы жартысында негізгі оғы? тайпалары бүл аймақтарға түпкілікті орналасады.

Көшпелі оғыздарды мұндағы мұсылман отырықшы халықтар ешбір күтіп отырған жоқ еді, сондықтан да, көшпелі оғыз түркілері мен отырыкдіы парсы-араб түрғындарының арасында қайшылық басталады.

Олардың жаңа көршілері- жауынгер Газневид мемлекеті мен бұларға бағынуға мәжбүр болып отырған, әлсірей бастаған Аббас (Бағдат) халифаты (750-1258) болды. Мерв пен Қорасан оғыздары ең алдымен газневидтердлің қаупін сейілтуге тырысады. Газневи сұлтандары селжұқ қозғалысын ең басында -ақ тұншықтырып тастауға тырысып, өскери жорықтар жасайды. Газневид сұлтаны Махмүт тұсында оғыздар қатты зардап шегеді, олардың аман қалған бөліісгері бекзада Селжұқ Тұғақұлының басқаруымен Сырдарияның төменгі ағысында оғыз ұлысын құрады. Осы Селжұқтың ұрпақтары селжукидтер көзінде оғыз-селжұқ мемлекеті дүниеге келеді. Селжұқтардың алғашқы сұлтаны Тоғрыл бек (1038-1062) оғыздарды кдйтадан Қорасандағы жақсы жайылымдарға орналастырып, өздеріне қауіп төндірген Масуд Газневи армиясын 1040 жылы Данданакан шайқасында қырғынға ұшыратып, жас Селжұқ мемлекетінің тәуелсіздігін баянды етеді. Тоғрыл бек пен бауыры Шоғры бектің басшылығымен селжұқ әулеті өте қысқа тарихи уақыттың өзінде өздерінің Қорасандағы шағын мемлекеттерін Ұлы Селжұқ империясына айналдырады. Буй мемлекетін талқандап, аббас халифаларын ислам әлемінің діни басылары ретінде өздеріне бағындырады. Бүкіл Иран, Ирак, Батыс Ауғанстан, Сирия, Иемен, Аравия, Палестина, Әзербайжан, Армения, Грузия, Шығыс Кіші Азия Ұлы Селжұқ империясының құрамына кіреді.



Ұлы Селжұқ сұлтаны Алып Арыстан (1063-1072) бұл империяның тұңғыш императоры болды. Ал, оның ұлы сұлтан Мәлікшах (1072-1092) , көзінде Селжұқ мемлекеті өзінің классикалық кезеңін, гүлдену дәуірін басынан кешірді.

Селжұқ империясы барлық белгілері жағынан алғанда орта ғасырлық феодалдық-әскери мұсылман мемлекеті болған еді. Түрік-оғыз аламандарының әскери күшіне, парсы-араб шенеуніктеріне, ислам духовенствоның діни құрылымына сүйенген бүл мемлекеттің саяси, қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік жүйесі көбіне көп өзіне дейін, өзімен кдтарлас, өзінен кейін өмір сүрген мұсылман мемлекеттерінің саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери, діни жүйелерімен мазмұндас болды. Империядағы негізгі үш этнос - отырықшы парсы және араб этностары мен көшпелі түркі этносының арасындағы қарым-қатынас мемлекеттің бүкіл болмысын айқындайтын шарттар еді. Этноаралық қайшылықтарды селжұқ әулеті түрісі көшпелілерін отырықшы өмір салтына көшіру, исламды ресми мемлекеттік идеология деп жариялау арқылы, сондай-ақ, отырықшы халық бекзадаларын селжұқ мемлекетінің басқару жүйесі мен армиясына тарту арқылы жүргізуге тырысады.

Империяда өте күрделі ішкі-сыртқы саясат жүргізілді. Салық, аграрлық кдтынастар мәселесі, әскери мәселе, духовенство, экономикалық зандар жүйесін реттеу мәселесі біршама дұрыс шешідці. Үкімет соғыстар көзінде бүлінген шаруашылықтарды өте тез қалпына келтіріп, одан әрі дамыта алды.

Тарихи даму өз зандылықтарын ғана мойындайды. Сондықтан, тек әскери күштің арқасында ғана өте тез уақыт ішіңде өрлей көтерілген Ұлы Селжұқ мемлекеті дәл солай тез өшуі де тиіс еді, әрі кім оны көтерген болса, дәл сол әулет оны құртуы да тиіс болатын. Бүл бұлжымас заң селжұқтар тарихы арқылы тез дәлелденді.

Ұлы император Мәлікшах сұлтан өлісімен-ақ оның мүрагерлері арасында тақ таласы басталады. Жігерсіз сұлтан Беркеарық (1094-1105) тұсында ұлы Селжұқ империясы бір-біріне тәуелсіз үш мемлекетке бөлініп кетеді. Олар: Шығыс Селжұқ сұлтанаты (Қорасан сұлтанаты), Батыс Селжұқ сұлтанаты (Ирак сұлтанаты), Кіші Азиялық Рум Селжұқ сұлтанаты.

Рум сұлтанаты Византиямен, крестшілермен- соғыса жүріп, монғол шапқыншылығына дейін (XIII ғ. ортасы) өмір сүрсе, әу бастан-ақ берекесі болмаған Ирак сұлтанаты тек XII ғ. соңына дейін «біртұтас» мемлекет атын сақтай алды. Олардың ішіндегі мықтысы Шығыс Селжұқ сұлтанаты болды.

Кррасан сұлтанаты оның жігерлі сұлтаны Санжар тұсында (1118-1153) барлық селжұқ иеліктерін қайта біріктіруге тырысқанымен де, ештеңе шығара алмайды. 1143 ж. шығыстан келген жаңа жау - қарақытайлардан жеңілген соң бұл мемлекеттің де бағы таяды. Санжардың бүкіл өмірі не газневидтермен, не қараханидтермен, не қарақытайлармен, не өздерінен бөлініп кеткен Хорезммен соғыстар жағдайында өтеді.


Ұлы Селжұқ империясын да, оның орнына құрылған Селжұқ мелекеттерін де іштей ірітуге Бағдаттағы аббас халифтарының саяси екі жүзділігі үлкен роль атқарды. Шығыс Селжұқ сұлтанаты баскадан емес, дәл өз оғыздарының қолынан өлді. Оны қиратуда Балх оғыздары шешуші роль атқарған еді. Санжардың қайғылы қазасынан соң бүл сұлтанат тұтас мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатып, бір-бірімен өштескен ұсақ селжұқ ұлыстарына ыдырайды да, аддымен хорезмшах-ануштегіндерге, артынан монғоддар мен илхандарға бағынуға мәжбүр болады.

Ұлы Селжұқ империясының тарихы- ұлы түркі жүрты құрған көптеген қағанаттардың бірі ретінде біз үшін аса қызықты да аса қастерлі тарих болып қала берері хақ!

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректердің сілтемесі

Бартольд В.В. Очерк историй туркменского народа. Сочинения. Том II, часть 1., Москва, 1963, с. 547-623; Якубовский А.Ю. Сельджукское движение и туркмены в ҮІІІ-Х в.в. «Советская этнография», 1947, N4, с.48-49; Толстов С.П. Пережитки тотемизма и дуальной организации у туркмений // Проблемы истории докапиталистических обществ. Москва, 1930, N9-10, с.З- 41; Толстов С.П. Огузы, печенеги, море Даукара // «Советская этнография», 1950, N4, с. 49-51; Росляков А.А.Туркмены и огузы. // Уч. Зап. Туркменского гос. Унив. Вып-3. Ашхабад, 1956, с. 73-105; Агаджанов С.Г. Новые материалы о происхождении туркмен. Ашхабад, 1963, Агаджанов С.Г. Огузская проблема и задачи ее изучения. // Тюркологический сборник, 1973, Москва, 1975, с. 6-26; Лившиц В.А. Согдийские документы с горы Муч. чтение. Перевод. Комментарий. Вып. II. М., 1962, с. 179.

История Востока. Том 2 М., Издательская фирма «Восточная литература» РАН, 1999, с, 268.

Агаджанов С.Г. Государство Сельджукидов и Средняя Азия в ХІ-ХІІ в.в. М., 1991, с. 3.

Босворт К.Э. Мусульманские династии. М., 1971.

Хатиби С. Персидские документальные источники по социально-экономической историй Хорасана XIII-XIV в.в. Ашхабад, 1985.

Гибб Х.А. Арабская литература. М., 1960.

Маркарян С.А. Некоторые сведения армянских историков XI —XII в.в. о тюрках-сельджуках //-Вестник общественных наук АН АрмССР, 19816 N12; Шенгелия Н. Н. Грузинские историки ХІ-ХІІ в.в. о сельджуках //- Тюркологический сборник, 1973 г. М., 1975.

Латын-грек тілінде жазылған автордың еңбектері өте көп болуына байланысты оларды тексте жеке-жеке қарастырамыз.

Якубовский А.Ю. Махмуд Газневи. К вопросу о происхождении и характере Газневидского государства. Фердовсй, СГ.ст. Л. І934.

История Востока. Т. 2. (Восток в средние века). М., 1999, с. 222-225.


Беляев Е.А. Арабы, ислам и арабский халифат в ранее средневекове. М., 1965.

История Византии. В 3-томах. Том 3, М., Наука, 1967.

Буниятов З.М. Государство атабеков зербайджана (1136-1225). Баку, 1978, с.271.

Строева Л.В. Государство исмаилитов в Иране в ХІ-ХІІІ в.в. М., Наука, 1978, с.274.

Негматов Н.Н. Государстов Саманидов (Мавреннахр и Хорасан в ІХ-Х в.в.) Душанбе, 1977.