Файл: Реферат таырыбы Кіші Азиядаы Селжтар(Салжтар)мемлекеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Экономикалық саясаттағы тағы бір үлкен қиыншылық мынада жатты: бұрынғы мемлекеттік жүйелердің құлауы мен үзаққа созылған ішкі соғыстардың, жаулап алу жорықтарының көзінде шаруашылық құрылымдары үлкен зардап шеккен болатын. Аграрлық жүйе, ирригациялық жүйелер, егін алқаптары, бау-бақша, жайылымдықтар, кдлалардағы сауда мен қолөнер, ішкі жолдар мен көпірлер қатты қираған болатын.

Селжұқ империясы әскери күштің есебінен саяси жағынан негізделді, ал экономиканы армия күшімен ретке келтіру мүмкін емес еді. Күннен күнге шиеленісе бастаған әлеуметтік мәселелерді шешу кезек күттірмейтін жайтқа айналды. Барлық жерлерде шаруасы күйзеліп, аштыққа ұшыраған шаруалар мен қала халқы көтерілістер ұйымдастырып жатты.

Қалыптасқан жағдайдан шығу, экономикалық жағдайды сауықтыру үшін селжұқ сұлтандары ең дұрыс тәсілді қолданды. 30-жылдардың өзінде Қорасанның қираған шаруашлығын қалпына келтіру үшін Тоғрыл бек барлық халыкты бір жыл салықтар босатқан болатын. Исфахан қаласын алган кезде сұлтан бүкіл кдла халқынан үш жылға дейін салық алуға тиым салады. Тура осындай тәсілмен қимылдаған селжұқ билеушілері басып алынған жерлердің халықтарын салықтан ұзақ мерзімдерге босатып, оларға өз шаруашылықтарын қалпына келтіруге кең мүмкіндіктер берді

Қазіргі әлем тарихшылары селжұқтардың экономикалық саясаты сол дәуірдегі ең әділетті саясат болғандығын атап көрсетеді. Халыкрың жер салыгынан уақытша босатылып, артынан бүл салықтың барынша кемітілуі селжұқтарға деген олардың ынтасын арттырады. Кейінгі жылдарда халық аз мөлшердегі салықтарын тез төлеп тастауға тырысатын. Салықтар дер кезінде, әрі ешқандай да зорлықсыз төленетін болады.

Селжұқ империясында бұрынғы аграрлық жүйе көп өзгерістерге түсті./123/. Жер қоры қайта бөліске салынады. Отырықшылардың қолындағы көп жер үлестері қоныс аударып келген көшпелі оғыздардың және басқа түркі тайпаларының иелігіне өтеді. Орасан зор күнарлы аймақтар селжұқ сұлтандары мен оның әулеттерінің, мемлекет иеленушілерінің, дін басыларының , әскер басыларының иелігіне беріледі. Селжұқтар көп жерді жергілікті халықтардың бекзадаларына кдйта бөліп береді. Селжұқ әулеттері бір жерлерді жеке өз меншіктеріне (милькдар) алса, енді бір жерлерді икта есебінен алып отырды./124/. Селжұқтар отырықшы халықтың шаруаларының жеке меншік жерлерше көп тиіскен жоқ, шаруалар мильк және дииа үлестерш сақтауға мүмкшдік алады.

XI ғ. 70-80 жылдары Селжұқ империясының шекаралары ұлан-ғайыр территорияларды, атап айтқанда Қашқардан- Жерорта теңізіне дейін, Қара теңізден Парсы шығанағына дейін, Кавказдан -Палестинаға дейін, Арал теңізінен Гератқа дейінгі жерлерді кдмтыды. Осыншама территорияны бірыңғай саяси, экономикалық саясатпен басқару мүмкін емес еді. Сондықтан да, әр аймақтың өзіндік экономикалық, климаттық, этникалық ерекшеліктері қатаң ескеріліп отырылды.


Империялық мөні бар негізгі ірі қалаларда, жол тораптарында, әскери орталықтарда, әкімшілік орталықтарында, діни орталықтарда ірі мемлекеттік жүмыстары барынша қарқынды жүргізілді. Негізгі ислам жәдігерлері-мешіттер, минереттер, медреселер қалпына келтірілді, не мүлдем жаңадан салынды. Ірі қалалардың көпшілігі тас қабырғалармен, орлармен қоршалынып, алынбайтын қамалдарға айналдырылды.

Мемлекеттің тірегі болып отырған армияны жер үлесімен (икта), жалақымен, сыйлықтармен, азық-түлікпен, қару-жарақпен, киім-кешекпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін сұлтан үкіметі кандай шығындарға болса да барды. Икта системасының армияда кең таралуы халық жасақтарының орнына маманданған тұрақты жалдамалы армия құруға мүмкіндік берді.

Икта жүйесі бойынша мемлекеттен жер үлесін алған адам оны өмір бойы жеке пайдалануға, тіпті мұраға қалдыруға құқық алады. Икта жүйесі негізінен мемлекетте түрақты армияның құрылуымен кең көлемде дамып отырды. Мемлекет ірі әскер басыларын күнарлы жерлердегі икта меншігі арқылы қызықтырып, байлап-матап ұстады.

Селжұқтардың икта системасы да халифат дәуіріңде өмір сүрген икта формаларына негізделіп құрылды: - икта ал-истиклал (бұл иктаға ие болған адам тек өз иелігіне берілген жер үлесінен түскен пайдамен ғана күн көруге қақысы болды), -икта ал-иджара (бұл иктаның иесі өзіне берілген жер үлесін екінші біреуге арендаға беріп, ол үшін мемлекетке салық төлей алатын еді), -икта ат-тамлик (бүл иктаның иесі сол жердің меншік иесі деп санадды, яғни жеке меншіктегі жер ретінде мүрагерлік құқын пайдаланды), -икта ал-ирфак (өз иктасындағы жерді уақытша кепілге қойып, қарыз ақша алу құқын иеленді немесе жер үлесін уақытша ғана пайдалануға алды), -икта аш-шари (қала қарамақтарындағы жерді пайдалану құқы).

Мәлікшах сұлтан тұсында селжұқ армиясы негізінен мынандай екі топқа жіктелді: 1. «Лашкар-и иджара хор» және 2. «Джарида-йи икта-ат». Әскерлердің алғашқы категориясы мемлекет кдзынасынан жалақы алып қазмет етсе, екінші категориясы икта системасы бойынша жер үлесін алып қызмет етті. Сұлтанның жеке гвардиясында (мамлюк корпусында) - 15 мың атты аламан, сондай-ақ, сарай күзетінде - 2 мың атты гулям қызмет етті. Селжүкүгардың армиясы - түркілерден, парсылардан, арабтардан, күрдтерден, кавказдықтардан жасақталды. Армия тек түріктердің соғыс киімдерін киюге міндетті бодды. Ерекше көзге түскен сардарларға Мәлікшах сұлтан ірі икта жерлерін меншікке беріп отырды, мысалы, Ақсүңқарға-Алеппо (Халеб), Бозан батырға-Ар-Рухи, Шақырмас батырға -Мосул, Ұранқұс батырға-Йеменді береді.



Селжұқ империясы құрылған кезде салық жинаудың принципі туралы біршама толқыныс болғаны рас. Отырықшы елден салықты калай жинау, көшпелілерден салықты қалай алу керек деген мәселені дұрыс шешу үшін үкімет бүл мәселені кең түрғыда зерттейді. Империяның негізгі халқы отырыкдіылар болған соң, көп нәрсені өзгертпей, мұсылман тұрғьщцары үшін бұрыннан түсінікті салық түрлерін қалдырып, ал көшпелілер үшін ондық салық системасына біраз өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданады. Мұсылман тұрғындардан салықтың атаулары да сол қалпында қалдырылады. Негізгі салықтың түрі-харадж және ушр салығы бодцы. Мемлекеттік салық оның түрі мен жиналуын кдмтамасыз ету, есеп-қисап мәселесі арнайы мемлекеттік орган -диван-и истифаның қузырында бодды. Бүл органның басшысы -мустауфи деп аталды. Салықтар дер көзінде төленбесе мустауфи оның иесінің мүлкі мен жерін тартып алып, басқаға беруге қақылы болды. Салықтарды тікелей жинау ісімен салықшылар - амильдер айналысты.

Негізгі салық - харадж бен ушр феодалдардан да, шаруалардан да алынды. Салық - раийат деп аталды, оны төлеуші адамды мемлекет азаматы деп санады, әрі оны үры қарыдан қорғау мемлекеттің міндеті деп есептелінді. Раийатты дер көзінде төлеп түрған адам салықшыға - амильге келіп, өзін басбүзарлардан қорғауын талап ете алатын. Бұл туралы барлық жарияланған сұлтан жарлықтары мен заң ережелерінде арнайы аитылды.

Мұсылман духовенствосы-сейіттер, имамдар, шейхтер, құран көшірушілер ешқандай салңқ төлеген жоқ. Селжұқтар сондай-ақ, бүкіл аббас әулеттерін салықтан мүлдем босатады, соңцай-ақ, көңілдерін аулау үшін жергілікті ірі әулеттің екілдері де салықтан мүлдем босатылды немесе тек ішінара төледі.

Селжұқтар мемлекетінде харадж салығынаң негізгі үш түрі салынды: мисаха-харадж (яғни, тіркеуге алынып өлшенген жер көлемінен төленетін салық), мукасама-харадж (өнімнің санынан алынатын салық), сондай-ақ, муката-а-харадж (жер үлесін иелену құқы үшін төленетін салық).

Селжұқ үкіметі қалаларда сауданы, қоленерді дамытуға мүдделі болды. Бұл дәуірде Орта Азияда, Батыс Иранда, Солтүстік Ауғанстанда қалалар мен қала халқының саны күрт есіп, үлкен урбанизация процесі жүріп жатты. Қалалардың саны да, сапасы да өсті. Қала салу мәдениеті, жаңа құрылыс үлгісі, сәулет өнері дамыды. Қала мәдениеттің, өркениеттің, сауда мен қолөнердің орталығы болды. Қала халқының этникалық құрамы да жыл өске сайын ала-құла бола түсті. Шығыс қалаларына тән сипат селжұ қалаларында да сақталды, қалаларда өздік ерекшеліктер әрдайыі байқалып тұрды.


Қала қолөнер мен сауданың дамыған орталғы ғана емес сондай-ақ, отырықшы әлем мен көшпелі өлемді байланыстытруші орталық болды. Қалада отырықшы экономика мен көшпел экономиканың товар алмасуы іске асырылды. Мемлекеттіі экономикалық жағдайының дәрежесі тек қалады ғана айқыі көрініп тұрды.

Селжұқ дәуірінде әсіресе күнделікті шаруашылыққа қажеті еңбек құралдарын, транспорт түрлерін дамыту ерекше қолға алынды. Шам лампасы, соқа, күрек, кетпен, балта, шынжыр, арба шот, ине, тырма жасаушылардың өз мектептері бодды. Селжұі шеберлері жасаған форфор бұйымдар әлі күнге дейіі мәдениеттанушылар тарапынан жоғары бағасына алып жатқаны рас. Бұл дәуірдің тамаша туындылары мен жөдігерлері қазіргі таңда әлем мұражайларында сақталуда.

XI ғ. 70-80 жылдары Селжұқ империясының шекаралары ұлан-ғайыр территорияларды, атап айтқанда Қашқардан- Жерорта теңізіне дейін, Қара теңізден Парсы шығанағына дейін, Кавказдан -Палестинаға дейін, Арал теңізінен Гератқа дейінгі жерлерді кдмтыды. Осыншама территорияны бірыңғай саяси, экономикалық саясатпен басқару мүмкін емес еді. Сондықтан да, әр аймақтың өзіндік экономикалық, климаттық, этникалық ерекшеліктері қатаң ескеріліп отырылды.

Селжұқ билеушілері барлық отырыкдіы облыстарға ірі каналдар, тоғандар, суландыру жүйелерін жасауға қазынадан қомақты қаржы бөліп отырды. Негізгі транспорт жолдары мен көпірлер қайта салынды. Негізгі сауда жолдары қатаң бақылауға алынып, керуендердің қауіпсідігі қамтамасыз етілді, әрі олардың жүріп-тұруын жеңілдету мақсатында ірі жолдардың барлығында мыңцаған керуен сарайлар тұрғызылды. Жетісудан-Румға, Мауреннахрдан-Иеменге, Сириядан-Гераткд, Керменнен-Фарсқа, Румнан-Сузаға баратын керуен жоддары үзіліссіз жұмыс істеп тұрды. Керуен жолдарын пайдаланғаны үшін салынатын салықтың түрлері мен мөлшері селжұқ дәуірінде ең аз мөлшерге дейін төмендетілді. Қашықтықты, уақытты өлшеп, белгілеп отыратын арнайы комиссиалар жұмыс істеді. Ұзындық, қашықтық өлшемі -фарсах жүйесі ретке келтірідді./127/.

Империялық мөні бар негізгі ірі қалаларда, жол тораптарында, әскери орталықтарда, әкімшілік орталықтарында, діни орталықтарда ірі мемлекеттік жүмыстары барынша қарқынды жүргізілді. Негізгі ислам жәдігерлері-мешіттер, минереттер, медреселер қалпына келтірілді, не мүлдем жаңадан салынды. Ірі қалалардың көпшілігі тас қабырғалармен, орлармен қоршалынып, алынбайтын қамалдарға айналдырылды.

Селжұқтар Бағдат, Масул, Басра, Дамаск,Нишапур, Исфахан, Рей, Герат, Мерв, Амул, Балх және т.б. қалаларда ірі мұсылман діни оқу орындарын - медреселер ашты. Тоғрыл бек дәуірінен бері селжұқ династиялары исламның сунниттік ағымының ханафит бағытын жақтап отырды, бірақ өз империяларындағы шиитерді еш куғын-сүргінге түсірген жоқ. Елде мұсылмандармен қатар иудаистер, христиандар, буддистер мен интуистер, сондай-ақ, исламды қабыддаудан бас тартқан көшпелі түркілер - азаттар еш қуғын көрмей, еркін жүріп, түрды.


Селжұқ дәуірінде әсіресе күнделікті шаруашылыққа қажеті еңбек құралдарын, транспорт түрлерін дамыту ерекше қолға алынды. Шам лампасы, соқа, күрек, кетпен, балта, шынжыр, арба шот, ине, тырма жасаушылардың өз мектептері бодды. Селжұі шеберлері жасаған форфор бұйымдар әлі күнге дейіі мәдениеттанушылар тарапынан жоғары бағасына алып жатқаны рас. Бұл дәуірдің тамаша туындылары мен жөдігерлері қазіргі таңда әлем мұражайларында сақталуда.

Селжұқ империясында жүздеген ірі қалалар, мыңцаған орта кіші қалалар бар еді. Ірі қалалардың катарына -Мерв, Бағдат, Герат Исфахан, Нишапур, Термез, Хульбук, Турган, Шаш, Елек, Бұқара Самарқанд, Рей, Пайкент, Гиждуван, Вабкент, Варахши, Кермен Суза және т.б. жататын. Сол дәуірдегі Мерв қаласында 150.000 адам тұратын/134/ ірі калалардың барлығында қолөнер ісі үлкеі карқынмен дамыды, олардың барлығында көптеген атақты базарлар жұмыс істеді. Ағаш шеберлерінің өнімдері, түрлі үй жихаздары ыдыс- аяқ, киім-кешек, кілем тоқу, мата току, арба жасау, зергерлік бұйымдар, әшекей заттар, кдғаз өндіру, темір балқыту, қару-жарақ жасау, ақша соғу жоғары сапаларға жетеді. Селжұқ мемлекетініі товарлары сол дәуірдегі бүкіл әлемге жақсы таныс болды Керуендер алыс елдің товарларын селжұққа жеткізсе, ал селжұқ товарларын құрлық, су жолдары арқылы алыс елдерге жеткізетін.

Селжұқ территорияс,ындағы саудада сол кездегі барлық ақша түрлері - валюталар айналып жүрді. Бірақ ақшаларды тек арнайы орындарда ғана айырбастауға мүмкіндік берілетін еді (саррафтар). Мысалы, XI ғ. ортасындағы Исфаханның ортылық базарында ресми рұқсаты бар 200 ақша ауыстырушылар - саррафтар жұмыс істеді. Базарларды басқаратын адамдарды ресми өкімет орындары тағайындап отырды, оларды - зуама-йи асвак деп атайтын. Селжұқ мемлекетінің экнонмикасында, әлеуметтік-этникалық жүйесінде көшпелілердің, көшпелілер шаруашылықтарының алатын орны ерекше болды. Мемелекетті құрған тек ретінде түрік оғыздары басқаларға қарағанда жеңідціктерді пайдаланды. Отырықшы өмір салтына өткен оғыз көшпелілері дәстүрлі шаруашылықтарын тастап, егіншілікпен, саудамен, құрылыспен, қолөнерімен табысты түрде шұғылдана бастады. Егінші оғыздар көбіне арпа, бвдай, күріш, бау-бақша өсірумен айналысты.Оғыз көшпелілерінің дені жаңа қоныстарында әртүрлі ата кәсіптерімен-малшаруашылығымен шұғылданды. Төрт түлік малдан жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі өсірді. Олар мал өнімдерін қалаларға молынан шығарып отырды. Саудада өнімдер айырбас немесе нақты ақшаға сату дәстүрі енеді. Бірақ, оғыз тайпаларының қару асынуға жарамды ер-азаматтарының дені селжұқ армиясында қызмет етуді ратты. Қарапайым көшпелі азаматтар армияда аламан міндетін атқарса, көшпелілердің бекзадалары армияда әскери қолбасшылық етті, түрліше мемлекеттік қызметтерге тартылды. Селжұқ мемлекетінің өмсір сүруінің өзі оғыз көшпелілерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының түрақты болуымен тығыз байланысты екенін сұлтан үкіметі ешқашанда естерінен шығарған жоқ./136/. Кез-келген империя сынды Селжұқ империясы да мәңгі біртұтас мемлекет болып қала алмайтын еді. Түрлі этностардан, мәдениеттерден, өмір салттарынан, экономикалық аймақтардан тұратын Селжұқ империясында да ішкі қайшылықтар өсе келе XI ғ. соңында сепаратистік қозғалыстар үдей түседі.