Файл: Реферат таырыбы Кіші Азиядаы Селжтар(Салжтар)мемлекеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Исламға дейін селжұқтардың жаулап алу согыстары территорияны кеңейту ұранымен өтсе, исламды ресми мемлекеттік дін ретінде қабылдаған соң барлық соғыстарын «қасиетті жихатпен» байланыстыратын болды..

Селжұқтардың тарихы өте ерте кезден бастап ак жылнамашылар (әр тілдегі) мен тарихшылардың назарын аударғанын жоғарыда айттық. Енді олар туралы қандай деректер мен күжаттардың сақталғаны, олар туралы кдндай авторлар еңбектер жазғаны мәселесін қарастырайық.

Орта ғасыр авторларының ішінен Байхаки Абул Фазлды, Низам ал-Мулькті ал-Хусайни Садр-ад-дин Алиді, Абул Фазл Мухаммед ибн Хусайн Байхакиді, Захр-ад-дин Нишапуриді және т.б. айтуға болады. Негізгі тарихи деректер араб, парсы, түркі тілдерінде жазылған. Ұлы Селжұқтар мемлекетінің ресми қрштарын жинастырып, жарыққа шығаруда ірі еңбек сіңірген шығыстанушы- Г.М.Курпалидистің еңбегін ерекше атап көрсету керек. Бүл жинақта автор Селжұқ мемлекетінің ресми зандарын, елшілік күжаттар мен хаттарды, салық және қаржы документтерін, қазына күжаттарын, жер нормативтеріне арналған актілерді, әскери уставты, ақша-монета жүйесін ыждахаттылыкден талдап шыкқан. Жалпы селжұқ дәуірінің құжаттарын зеррттеу - үшін Г.М.Курпалидистің аталған еңбегі үлкен қолғабыс болары сөзсіз.

I ТАРАУ. Селжұқтар мемлекетінің құрылуы (Х-ХІ ғасырдың алғашқы жартысы)

1.1. Х ғ. соңы мен ХІ ғ. бірінші жартысындағы Селжұқтар мемлекетінің нығаюы.

Селжұқ мемлекетінің тарихы Сырдария оғыздарының тарихынан басталады. Сырдария оғыздарының мемлекеттік бірлестігі шамамен X ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасқан болатын. Оғыздардың алғашқы астанасы Жаңакент қаласы болған деген жорамал бар. Ондай пікірді тарихнамада алғаш рет академик В.В.Бартольд айтқан болатын. Бірақ бұл әлі күнге дейін дәлелденбеген жәйт.

Таза селжұқ тарихының қалай басталғаны туралы тарихи мағлұматтардың ішінен ең құндысы «Маликнаме» мен «Сельджук-наме» (авторы Захир ад-дин Нишапури) болып табылады. «Маликнаменің кейбір нүсқаларында селжұқтарды хазарлардан шыққан деген мағлұмат бар, бірақ негізгі деректердің көпшілігі селжұқтардың оғыздардың ортасынан шыққандығын дәлелдейді. Қазіргі таңца селжұқтардың оғыздардың қының тайпасынан шыққаны толық дәлелденген.

Селжұқтардың аты оғыздардың жергілікті топтарын біріктірген бектердің бірі-Селжұқ Туғақұлының атымен байланысты шықканы толық анықталды.Селжұқ Туғақұлының нақты өмір сүрген жылдары анық емес, шамамен X ғ. үшінші ширегі мен XI ғ. басында өмір сүрген болуы тиіс. Қасындағы серіісгерін ертіп X ғ. екінші жартысында Селжұқ Мауреннахрға, одан Сырдарияның төменгі ағысына кетіп, өз. ұлысын құрады. Олар бірте-бірте үлкен адамдардың санына, мол мал-дүниеге ие болып, жауынгер бөлімшелер құрады. Әскери күшке ие болған Селжұқ Туғақұлы бірте-бірте Али ханмен соғыс қимылдарына көшеді, өйткені Селжұқтың оған салық төлегісі келмейді. Селжұқ өз жақтастарымен алдымен Жент қаласын бағындырады. Сосын Зеравтан өзенінің аңғары мен Нүраты тауларына қоныс аударады. Бүл кезде Жетісу мен Қашкар аймағынан ығысқан түрік қараханидтер Мауреннахр мен Ферғана аймағына баса көктеп кірген болатын. Қараханидтер тозығы жеткен Саманилер мемлекетін қиратады.Селжұқ әскерлері Саманилерге әскери көмек бергеніне қарамастан, түптің-түбівде бәрібір талқандалады. Соңғы Саманилер Әбу Ибрахим Мунтасир Самарқанд түбінде 1003 жылы селжұқтармен бірігіп қараханидтерге тойтарыс беруге тырысқанымен де, ештене шығара алмайды.


Бұдан әрі селжұқтар қараханидтердің әскери күштерімен жекпе-жек шығуға мәжбүр болады. Селжұқтар біраз уақыт караханидтерге бағынады. 999 ж. шамасында селжұқтар негізінен екі топтан түрды. Олардың алғашқы тобын — Мұса Байғы, Дәуіт Шшры бек және Мүхаммет Тоғрыл бек басқарады. Соңғылары Селжұқтың баласы Микаиленің ұлдары болатын және Исраил Селжұқұлына немере інілері болып келетін.

XI ғ. басында Бұқара қаласы қараханид Алыптегінің билігінде болды. Исраил Селжұқұлы Алыптегінмен тіл табысса, ал оның немере інілері онымен жауласады, бірақ ағаларының ақылымен артынан Алыптегінмен достасады. Осы кезеңде газневид династиясы Бұқарадағы саяси оқиғаларға жіті араласа бастаған еді. Газневидтердің өзі көзінде саманилердің армиясында қызмет атқарған түрік гулямдарынан шыққан әулет еді. Бұқараның қараханидтердің қолына түскенін кешіре алмаған газневидтер Алыптегіннен оны тартып алмақ болады да, құалаға шабуыл жасайды. Газневидтер Алыптегіннің досы Исраил Селжұқты 1027 жылы тұтқынға түсіріп, алыстағы Үндістанға айдайды. Газневид армиялары қараханидтерге көмектескені үшін Бұқарадағы, Мауреннахрдегі, Қорасандағы селжұқ ұлыстарына қатты соққы береді. Махмуд Газневид оғыз селжұқтарының Исраил селжұққа қараған тайпаларын Амудариядан асырып, қазіргі Түрікменстанның территориясына қоныс аудартады. Селжұқтардың бүл тобында 4 мың отбасы бар еді, олардың жетекшілері иағмүр, бұқа, қызыл және Көктас бектер болады. Осы селжұқтар 1027 ж. газневидтерге карсы көтеріліс ашып, салық төлеуден бас тартады. Махмуд Газневи көтерілісшілерге қарсы Арыстан Жазиб бастаған жазалаушы бөлімше жібереді. Газневилерден қашкдн селжұқтар Кермен мен Исфахан аймағына келеді, ал біразы басқа аймақтарға қашады.

Жоғарыда айтқан оқиғалардың нәтижесінде селжұқтардың бастапқы тайпа одағы бірнеше жекеленген топтарға бөлініп кетеді. Бүл XI ғ. алғашқы ширегінде болған оқиғалар еді. Селжұқтардың бір бөлігі Мұсаның, Дәуіттің, Мұхаметтің басқаруымен Мауреннахрда қалса, екіншілері Қорасан аймағына орналасады. Үшінші топ Зурган мен Исфахан аймағына, Иранның солтүстік-батыс аймақтарына қоныс тебеді. Осы соңғы топ кейінгі уақыттарда «ирак түркімендері» деген ортақ аталады.

1.2. XI ғасырдың ортасы мен екінші жартысындағы Селжұқтар империясы.

Ал, Ұлы Селжұқтар мемлекетінің құрылуы жоғарыдағыларға мүлдем ұқсамайды, бұл қағанатты Оңтүстік Түркістан территориясынан Қорасан аймағына қоныс аударып келген оғыз-селжұқ тайпалары құрды, яғни селжұқтар мемлекеті халықтың қоныс аудару процесі негізінде құрылды. Газневид империясына қарсы бағытталған селжұқтардың азаттық қозғалысының нәтижесінде орта ғасырлық зор мемлекет, артынан зор империя құрылады.



Көптеген тарихшылар Селжұқ мемлекетінің құрылуының алғашіды кезендерін ақтай сөйлеп, кейінгі империялық кезеңдерін даттай сөйлейді.94 Ислам тарихшылары селжұқ империясының құрылуы мен оның батыс бағыттағы әскери жорықтарын барынша марапаттай сөйлейді. Олардың пікірінше, көш басы Византия империясы болған бүкіл Европалық христиан әлемінің мұсылмандарға жасаған қиянатын тыю үшін Алланың өзі селжұқ армиясын жіберді дегенге саяды. Әрине, орта ғасыр және жаңа заман тарихшылары селжұқтар туралы қандай бағалар берсе де, Ұлы Селжұқ империялы мемлекетінің дүниеге келуі толып жатқан саяси, этникалық, экономикалық, миграциялық процестердің занды қорытындысы болғаны белгілі.

Батыс Европалық шығыстанушылар болса, бұрынғы керітартпа көзқарастарынан әлі де арылмай келе жатыр. Олардың ойынша, мал жайлауларын, өрісін кеңейту мақсатында, көшпелі тағылар, варварлар үнемі мәдениетті Таяу Шығыс, Күнгей Кавказ елдеріне шапқыншылық жасауларын бір сәтте қоймаған көрінеді! Селжұқтардың тарихы да, олардың пікірінше, тек «варварлық шапқыншылық» болып шығады. Батыс тарихшылары Европа армияларының Еділ қаған ғұндарынан, мажар қьшшақтарынан, көк түріктерден, Шыңғыс маңғолдарынан, түрік-мамлюктерден, селжұқтардан масқара жеңілістерін әлі күнге дейін ұмыта алмай, мүмкін болған жерде көшпелілерді, түркілерді кемсіте сөйлеуге құмар-ақ! Олар дала өркениетін, түркі өркениетін ешқашанда мойындаған емес, оларды тек «тағы», «варвар» әлемі деп қарастырады. Сол «тағы» әлемінің армиялары «мәдениетті» Европа армияларын ненің күшімен талқандағанына ой жібергісі келмейді?! «Тағылардың» шапқыншылығынан соң неге «мәдениетті», «өркениетті» отырықшы елдер жер бетінен құрып кетпеген деген сұрақтан бас ала кдшады! Европа мәдениетінің Латын Америка, Солтүстік Америка, Африка ішінара Азияның жергілікті халықтарына не жақсылық әкелгенін біз жақсы білеміз!

Селжұқ тарихы туралы осындай көзқарас алалығы тарихи әдебиетте бірде-бір рет тиылған емес, соған қарамай-ақ соңғы кезде байсалды пікір айтатын тарихшылар мен мәдениеттанушылардың катары көбейіп келе жатыр. Селжұқ тарихы жеке дара дамыған этностың тарихы емес, «әлемдік тарихи процеспен» етене тоғысқан тарих болды.

Алғашқы мемлекеттің базасы, ядросы құрылып, ел есін жиған соң селжұқтар өз қағанаттарының ірге тасын бекітіп, оның аумағын өсіруге тырысады. Осылайша, өз заманының тарихи процестерінің әсерімен селжұқтар Иранға, парсы Ирагына, Сирияға, Күнгей Кавказ бен Кіші Азияға ұлы әскери жорықтар ұйымдастырады.


Данданакандағы 1040 ж. ұлы жеңіс селжұқтарға қанат бітіреді. Тоғрылбек газневидтерге қарсы күресе жүріп, мықты армия құрады, селжұқтардың ру-тайпалары біртұтас этнос ретінде қалыптаса бастайды. Барлық оғыз тайпалары көзінде ұлы сардар болған Микаил ибн Селжұқтың балалары мен немерелерінің маңына топтасады.

Селжұқ мемлекетінде орталықтанған басқару аппараты, әскери командование, армия құрылады. Мұхаммед Тоғрылбек «әмір», «сұлтан» деп атала бастайды. Иран бағындырылған соң оны «шаханшах» деп атау да орын алады. Мемлекеттегі екінші адам оның інісі Әбу Сүлеймен Дәуіт Шағрыбек болды. Ол Мерв облысының «шаханшахы» немесе арабша «малик ал-мулюк» атағын алады.Тоғрылбек ағасы Шоғрылбекті бүкіл селжұқ армиясының бас қолбасшысы етіп тағайындайды.

Мемлекеттің құрылуына байланысты бұрынғы рулық- тайпалық билік жүйесі ыдырады, оның орнына бүкіл оғыздар секлжұқ әулеттерін төре әулеті деп мойындайды. Хандар мен мемлекет басшылары, ұлыс басылары енді тек хан руы аталған селжұқ әулеттерінің ортасынан шығатын болды. Бүл өзгеріске бұрынғы ру-тайпа әкімдері мен бекзадалары еш қарсылық етпейді. Осылайша, селжұқтар дала демократиясына сәйкес атам заманнан бері келе жатқан Ұлы Түркістан дәстүрін жалғасытарды. Өйткені басы қосылмай, бытырап жүрген оғыз тайпаларын біріктірген, оларды ұлы жеңістерге бастаған, қоныс беріп орналастырған, ұлы мемлекект құрған нақ селжұқ әулеттері болатын. Олардың ел басқарудағы көрегендігі мен әулеттілігі, әскери таланты мен дарыны барлық оғыздар тарапынан мойындалған еді.

Бастапқы оғыз-селжұқ, әулеттері

Селжұқ Тұғақұлы

1. Исраил 2. Микаил 3. Мұса

  1. Исраидді 1029 ж. Махмүд Газневи тұтқындап, Мұлтан қорғанының зынданында өлтіреді.

  2. Исраил өлген соң билік аз уақытқа Мұсаға өтеді, бірақ кейін Микаилдың балалары — Мүхаммед Тоғрыл бек пен оның інісі Әбу Сұлеймен Дәуіт Шоғры бек негізгі билікті иеленеді.

  3. Мұса берекесіздеу адам болған соң селжұқтардың бастапқы тарихында ғана аты аталады. Мұсаның баласы Жүсіп қараханидтердің қолынан өледі.

Селжұқ уәзірлері ішкі саясатпен қатар, сыртқы саясатқа да араласа алатын еді. Әр уақыттарда селжұқ сұлтандарының жанында ақылды да талантты уәзірлер, мысалы, Абу Али Хасан ибн Али ат-Туси және т.б. болды. Али ат-Туси тіпті тамаша еңбегі үшін құрметті атақ - Низам ал-Мульк атағын алады (яғни, мемелекеттің бүтасы деген сөз).

Селжұқтардың ескі ру тайпа жасақтарының орнына өскери қызметі үшін мемлекеттік жерлерден жер үлесін - икта, ал, мемлекеттік қазынадан жалақы-маваджиб алатын түрақты армияның керектігін дәлелдеген, әрі іске асыру үшін көп еңбектенген де осы уәзір болды. Ат-Туси көшпелі империяны отырықшы империяға айналдыруды іске асырды.


Селжұқтар мемлекет нығайғанға дейін барлық көршілерімен ынтымақта өмір сүруге тырысады. Олар бүл кезде түркі гулямдарының Буй династиясының қолында қуыршақ болып отырған, тек имамат орталығы деген атағы бар Бағдаттағы аббас халифтарымен де сыйласуды ұмытпайды.

Селжұқ империясы өзіне дейін бүл өлкелерде өмір сүрген мемелекеттердің жақсы жақтарын алып, жаман жақтарынан бас тартты. Мысалы, почта-байланыс қазметін ұйымдастырған кезде олар жаман істермен әйгілі болған газневидтердің ескі почта жүиесш емес, өздері оилап тапқан жаңа жүиені паидаланды.

Селжұқ сұлтандары исламды қабылдаған соң ислам-мұсылман кановдарына сүйене құрылған мемлекеттік құрылысқа қызыға бастайды. Сондықтан да, сұлтандардың жанында ислам духовенствосының өісілдері өте көп болды.

Отырықшы өмірге бейімделген мемлекеттік аппаратты құрғандарына қарамай-ақ, селжұқтар көшпелі өлемнің, дала салтының, түркі дәстүрлерінің көптеген элементтерін әсте де ұмытқан жоқ. Жас селжұқ ханзадаларын тәрбиелеу ісі тек оғыз атабектеріне ғана тапсырылды. Абу Али Хасан ибн Али ат-Тусидің өзі де Ұлы атабек атағын иеленеді, яғни Низам ал-Мульк Алып Арыстанның да, оның ұлы Мәлікшахтың да жастай атабектері болған еді.

Империяда сұлтан сайлау дәстүрі тек таза түркілік салт бойынша, кең далада, киіз үйдің алдында, ақ киіз үстінде тойланды. Ақ боз ат мінгізу, хан талау дәстүрлері нақпа-нақ қайталанады. Селжұқ сұлтандары парсылардың, арабтардың, христиандардын салттарының бірін де қабылдаған жоқ.

Селжұқ империясында сұлтан өз малы есебінен жыл сайы эгыз бектері мен қолбасшыларына мал сойып, тамақ, ет асаі дестүрін еш бұзған жоқ. Исламға өте тұрып, ислам діндарларыны (дрсылығына қарамастан-ақ, сұлтандар жыл сайын мамыр айыны юңғы күні аруақтарға арнап Ұлы Ас беріп отырды. Асқа келуі Іүмкіндігі барлардың барлығы да келуге міндетті еді. Рулык жпалық деңгейде түркілердің дала салттары негізінен толы ақталынып қалды.

II тарау. Селжұқ империясының әлеуметтік-экономикалық жүйесі және сепаратистік қозғалыстардың басталуы.

2.1. Селжұқ империясының даму ерекшеліктері және саяси дағдарыстың басталуы.

Селжұқ империясының әлеуметтік-экономикалық жүйесі де оның саяси-мемлекеттік құрылысы сынды өте күрделі болды. Мемлекеттің алғашқы экономикасы әр түрлі дәрежедегі, әр түрлі сипаттағы экономикалық аймақтардың жиынтығы іспетті еді. Сондықтан да, олардың барлығын бір экономикалық организмге біріктіру селжұқ әулеттері үшін өте көп күш-жігер жүмсауға тура келген іске айналады. Бұрын әртүрлі мемлекеттердің экономикалық жүйесінде, аграрлық жүйесінде, салық жүйесінде дамып келген аймақтардың экономикасын біртұтас империялық экономикалық жүйеге қосу аса қиынға түсті.