Файл: мейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 102

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сүлікті қою
Мақсаты: емдік, жергілікті жерден қан алу, қанның ұюын төмендету.

Қолдану көрсетілімдері: гипертониялық криз, жүрек аймағының ауруы (стенокардия, миокард инфаркті), қан тамырларының түйінделуі (тромбофлебит), тамырда қанның ұюы (тромбоз вен), тік ішектің айналуы (геморрой), бауыр көк тамырларының іркілуі (венозный застой в печени), глаукома.

Қарсы көрсетілімдері: қан қысымының төмендеуінде (гипотензия), қан аздықта (анемия), қанның ұйюының төмендеуінде (снижение свертываемости крови), аллергиялық жағдайда, антикоагулянтармен емдеу кезеңінде, тері сезімталдығының жоғарлығында.

Қоятын жерлері: емізік тәрізді өсіндінің аймағы (область сосцевидного отростка), оң жақ қабырға асты, кеуде тұсының сол жағы, көк тамырлардың зақымданған жолдары (шахмат тәрізді), құйымшақ айналасы, самай аймағы.

Асқынулар: терінің қышуы, қан ағу, пиодермия, сыздауық, тері асты тіндеріне қан кету.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: таңғыш бинтті, науаны, шымшуырды (пинцеттерді), тампондарды, сүрткілерді, пробиркаларды, 40% глюкоза ерітіндісін, натрий хлорид ерітіндісін, ҚЖК, тұздалған суды, ыдыстағы ыстық суды, 6-8 белсенді сүліктерді, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шараға рұқсатын алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз.

  4. Дененің қажетті жерін босатып, ашып, теріні қараңыз, қоятын орнында түкті шаш болса қырып алып тастаңыз.

  5. Залалсыздандырылған мақта шариктерін жылы қайнатылған суда сулап терідегі белгіленген жерді жуыңыз және оны қызарғанша ысқылаңыз.

  6. Теріні құрғатыңыз.

  7. Сүлік коятын жерге 40% глюкоза ерітіндісін жағыңыз.

  8. Банкада суда тұрған сүлікті пинцетпен алып, құйрық жағын пробирканың түбіне қаратып салыңыз.

  9. Пробирканы дененің қажетті орнына тақап, сілкілей қозғалыс жасап, сүлікті теріге бағыттаңыз.

  10. Сүлік теріні тістеп жабысқанда және оның алдыңғы бөлігінде толқынды қозғалыс пайда болғанда пробирканы алыңыз.

  11. Артқы сорғыш ауыз (емізік) астына залалсыздандырылған салфетканы салыңыз.

  12. Сондай әдіспен барлық сүлікті қойып шығыңыз (бір сәтте 4-тен 12-ге дейін сүлік қояды).

  13. Сүліктің қозғалысын қамтамасыз ету үшін, оның дене бойын жылы суға суланған мақтамен сұлап шығыңыз.

  14. Науаны сүліктің қойылған жеріне жақын қойыңыз.

  15. 30-60 минуттай күтіңіз. Дені сау сүлік қанды сорып болған соң, қойған науаға өздігінен түседі.

  16. Егер сүлік түспесе немесе оны ерте алу қажет болса, алдыңғы сорғыш ауыз (емізік) аймағын тұзды сумен сулаңыз.

  17. Қолданған сүліктерді зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, сосын ҚЖК салыңыз.

  18. Сүліктің сорған жеріне құрғақ залалсыздандырылған таңғышты үстіне қойып үлкен мақта көлемімен бір тәулікке таңып тастаңыз (сүлік сорған жер 6 сағаттан 24 сағатқа дейін қанайды).

  19. Пайдаланған күтім құралдарын зарарсыздандырыңыз: сүрткілерді, мақта шариктерді, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  20. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  21. Бір тәуліктен кейін таңғышты ауыстырыңыз, егер қан ағу тоқтамаса, жараның үстіне залалсыздандырылған қысатын таңғыш салыңыз.



Ескерту:

  • сүлік науқастың қанына өзінің сілекей құрамындағы ұйытқыштыққа қарсы әсер ететін антикогулянт – гирудин затын жібереді;

  • сүлік салған жарақат орны біраз уақытқа дейін (3 сағатқа дейін) қанайды, бұл табиғи жағдай;

  • асептика ережесі бұзылғанда жарақат орны іріңдейді немесе сол жарақат орны қышитын болады;

  • сүлікті бір рет қана қолданады.


ЫлғалдаТЫЛған оттегін мұрын катетері арқылы беру
Мақсаты: жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, ұлпалардағы гипоксияны азайту, жедел және созылмалы тыныс жетіспеушілігінде, ауыр операциядан кейін, қанды оттегімен қаматамасыз етуді жақсарту,.

Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу жүйелері ауруларында, ауыр жағдайларда дірігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

Дайындаңыз: Бобров аппаратын, дистилденген суды немесе 70% спиртті, залалсыздандырылған: науаны, мұрын катетерін, пинцетті, шпательді, дәке, қолғапты, вазелин майын немесеглицеринді, жабысқыш пластырды.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Егер мүмкіншілік болса, науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

  2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

  3. Науқасқа Фаулер қалпына келтіріңіз.

  4. Бобров аппаратын жұмыс істеуге дайындаңыз:

  • таза шыны ыдыстың 2/3 көлеміне температурасы 30-400С дистилденген суды, өкпе ісігінде 70% спиртті құйыңыз;

  • жалғанған жерлердің саңылаусыздығын тығындыдағы бұранда көмегімен қамтамасыз етіңіз;

  • ұзындығы 60 см артық емес резеңке түтікті Бобров аппаратының шыны түтіктеріне кигізіңіз.

  1. Катетерді енгізер алдында жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.

  2. Катетерді енгізетін бөлігінің ұзындығын (құлақтың кеуілжір қалқаны түбіндегі бүртіктен (томпақтан) мұрын ұшына дейін шамамен 15 см) анықтап, белгі (ұзынша сопақ жабысқақ пластырмен) қойыңыз.

  3. Катетердің енгізетін бөлігіне залалсыздандырылған вазелин майын немесе глицерин құйыңыз немесе натрий хлорид изотониялық ерітіндісімен немесе дистилденген сумен ылғалдаңыз.

  4. Катетердің енгізелетін ұшын 3-4 см қашықтықта жазатын қаламұштай ұстаңыз.

  5. Катетерді төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін (белгіленген белгіге дейін) еңгізіңіз.

  6. Тілдің түбірін шпательмен басып, жұтқыншақты қараңыз. Катетердің ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасында көрініп тұрғанына көзіңізді жеткізіңіз.

  7. Катетердің сыртқы бөлігін жабысқыш пластырмен науқастың жағына, самайына немесе маңдайына жапсырыңыз.

  8. Енгізілген мұрын катетерінің резеңке түтік арқылы Бобров аппаратының қысқа шыны түтігіне жалғастырыңыз.

  9. Бобров аппаратының ұзын шыны түтігін резеңке түтік арқылы орталық жүйеден берілетін оттегі шүмегімен немесе оттегі баллонына жалғастырыңыз.

  10. Оттегі шығатын шүмекті ашыңыз (Бобров аппаратында оттегі көпіршігі суда пайда болады). Оттегін беру жылдамдығын реттеңіз (2-3 л/мин).

  11. Науқастың мұрынның шырышты қабығын қараңыз. Науқастың қал-жағдайын бағалаңыз.

  12. Мұрынның шырышты қабығында тітіркену белгілері айқындалса, мұрынға майлы ерітінді тамызыңыз.

  13. Катетерді алап тастаңыз.

  14. Катетерді, шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  15. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.




Ескерту:

  • катетерді енгізу алдында иімділігінің сақталғанын және оның жарығының болмауын қадағалау қажет;

  • қауіпсіздік техникасын сақтау (оттегі шырышты қабықты күйдіреді);

  • ойылудың және мұрын қуысының шырышты қабығының құрғауын алдын алу ескерту мақсатында әрбір 30-60 минут сайын катетердің қалпын ауыстырады.



Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру
Мақсаты: ұлпалардағы оттегін жоғарлату.

Қолдану көрсетілімдері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпе-ісігі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.

Дайындаңыз:оттегі жастықшасын, мундштукті, 4 қабаттан жиналған дәке салфеткасын, 70% спирт ерітіндісін, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, суды, оттегі бар баллонды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

  2. Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз.

Ол үшін:

  • оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз;

  • жастықшаның түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз;

  • оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз. Әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллонның редукторынан резеңке түтікті бөліңіз.

  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  2. Оттегі жастықшаның резеңке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз.

  3. Ылғалды дәке салфеткасымен мундштукті ораңыз.

  4. Мундштукті науқастың ауызына жақындатып ұстап, жастықшадағы вентильді ашыңыз (ауызға тығыз қоюға болмайды). Оны науқастың ауызынан 1-1,5 см қашықтықта ұстаңыз.

  5. Дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінің науқасқа түсіндіріңіз.

  6. Оттегін беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5 л).

  7. Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз.

  8. Науқастан жастықшаны алып, мундштукті бөліңіз.

  9. Пайдаланған салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  10. Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ерітіндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз.

  11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту: оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет.


VІІІ. Дәрі дәрімектерді қолдану әдістері
Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімі: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған таблеткаларды (түймедақтарды) капсулаларды, дражені, пилюланы (дәрінің домалақ түрін) қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдап алыңыз.

  2. Дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

  3. Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (дәрінің атын, мөлшерін (дозасын) сақталу мерзімін оқыңыз).

  4. Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  6. Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оны қабынан (конвалютадан) қайшымен кесіп босатып алыңыз.

  7. Науқастан ауызын ашуын сұраңыз.

  8. Таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюланы науқастың тілінің түбіріне салыңыз.

  9. Науқастан дәрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін сұраңыз.


Ескерту:

  • қабығы бар таблетканы науқастын жұтынуы қиын болса, онда оны сумен ылғалдатуға болады;

  • науқас таблетканы жұта алмай қиналса, онда мейірбике оларды ұнтақтап беруі қажет;

  • дражелер, капсулалар, пилюлалар өзгермеген түрде қолданылады.



Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны

(қоспалы сұйық дәріні) қолдану
Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: дәрі- дәрмектерді, бөлшек белгісін салған мензурканы немесе шайлы, десертті, асханалық қасықтарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Емшараның мақсаты мен барысын науқасқа түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ертіндінің жарамдылығын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  4. Дәрігердің тағайындаған дозасындағы дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз:

  • 1 шай қасықта – 5 мл

  • 1 десерт қасығында – 7,5- 10 мл

  • 1 ас қасықта – 15 мл

  1. Науқастың дәрілік ерітіндіні ішуін сұрап, сумен ішкізіңіз.

  2. Қолданылған мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.