Файл: мейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.04.2024
Просмотров: 105
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескерту:
-
аэрозольмен дем алғанда клапанның шашырататын басын 1 реттен артық басуға болмайды; -
аэрозольдің дозасын дәрігер анықтайды.
Сеппе (ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: баздануда, тершеңдікте теріні құрғату.
Дайындаңыз: сеппені, сүлгіні немесе сүрткіні, суды, қолғапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз. -
Дәрігердің тағайындауына сәйкес, сепппенің жарамдылығын тексеріңіз. (атын, сақталу мерзімін оқыңыз). -
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Науқасқа ұнтақ дәрі туралы мәліметті айтыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. -
Науқастың ұнтақ себетін терісі аймағын жылы сумен жуып, сүлгімен (сүрткімен) сүртіп құрғатыңыз. -
Сеппесі бар ыдыстың түбін жоғары қаратып төңкеріп, сілкіген қозғалыспен бір қалыпта терінің қажетті бетіне ұнтақты себіңіз (теріге «опа» жаққандай). -
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
жабысқақ дәрілік Пластырьді салу
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: құяң, невралгия, миозит, бұлшық еттің қабынуы, тері мүйізгегі.
Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, аллергиялық дерматит.
Дайындаңыз: дәрілік пластырьді, қайшыны, мақта немесе дәке шариктерін, лотокті, шымшуырды (пинцетті), антисептикалық ерітіндіні.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз. -
Дәрігердің тағайындауына сәйкес, пластырьдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз, оның сыртқы түрін бағалаңыз). -
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Науқасқа пластырь туралы қажетті мәліметті беріңіз. -
Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз. Қолғапты киіңіз. -
Науқастың терісін антисептикалық ерітіндінің бірімен немесе сабынды сумен тазартыңыз оны құрғатып сүртіңіз, шашы болса – қырыңыз. -
Пластырьды қажетті көлемін қайшымен қиыңыз. Пластырьдегі қорғаныш жұқа қабықты ашыңыз. -
Науқастың терісінің үстіне пластырьді салып, аздап қана басыңыз. -
Пластырьді алар алдында шетін спиртпен сүртіңіз, оны шаштың өсу жолы бойымен ақырындап алып тастаңыз.
Ескерту:
-
пластырьді 2 тәулік бойы алуға болмайды, егерде қатты тітіркендіруі сезілмесе; -
пластырь қатты күйдірсе, оны алып, сол жердегі теріге вазелин жағыңыз.
Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: анус сызаты, тік ішек айлануы (геморрой).
Дайындаңыз: тік ішектік суппозиторийді, қайшыны, мақта шариктерін, залалсыздандырылған қолғапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз. -
Дәрігердің тағайындауына сәйкес, суппозиторийдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз). -
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз. -
Науқасты сол жақ қырына қаратып жатқызып, тізе буыннан аяғын бүгіп ішіне келтіріңіз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. -
Суппозиторийді енгізер алдында, оның орауының жіңішке шеті жағын қайшымен қиыңыз. -
Сол қолмен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен суппозиторийдің жіңішке шетін анал тесігіне енгізіп, оны ораудан сығыңыз, ол толық тік ішектің сыртқы қысқышына (сфинктеріне) енуі керек (балауыздың қабығы қолда қалады). -
Мақта шаригін бөксе арасына қаттастырып салыңыз. -
Бірнеше минуттай науқастың төсектен тұрмауын сұраңыз. -
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту:
-
суппозиторий мұздатқышта немесе салқын жерде сақталуы қажет; -
суппозиторийді ұзақ ұстауға болмайды, неге десеңіз ол жылдам ериді.
Дәрілік ерітіндіні теріге майлау
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.
Даярлаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, залалсыздандырылған дәке тампондарын, пинцетті, лотокты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз. -
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрілік ерітіндіні науқасқа таңдаңыз. -
Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз). -
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті наукасқа түсіндіріңіз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз. -
Дәке тампонын қажетті ерітіндіге сулаңыз. -
Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні ұзын бойлық жеңіл қозғалыспен (шаштың өсу бағыты бойынша) жағыңыз. -
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. -
Пайдаланған тампондарды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Ескерту: терінің іріңді ауруларында, зақымдалған ошақтың айналасына шетінен орталыққа қарай бағытпен дәріні майлайды.
Майлы таңғышты орындау
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шпательді, салфетканы, мақтаны, бинтті, қайшыны, дәрігер тағайындаған майды, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз. -
Дәрігердің тағайындауына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз). -
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз. -
Науқасқа емшара жүргізу үшін ыңғайлы жағдайды көмектесіңіз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз. -
Шпательді қолдана отырып, залалсыздандырылған салфеткаға қажетті мөлшердегі майды жағыңыз. -
Май жағылған салфетканы науқастың терісіне салып, салфетканың үстінен кішкене қабатты мақта қойыңыз. -
Салфетканы маймен, дәкемен немесе түтікті бинтпен ораңыз. -
Шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. -
Қолыңызды жуып кептіріңіз. -
Таңғышты қанша уақыт ұстау қажет екенін науқасқа ескертіңіз.
Теріге майды жағу
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.
Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілік майын, залалсыздандырылған қалақты немесе шпательді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз. -
Дәрілік препараттын жарамдылығын тексеріңіз (майдын атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз). -
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз. -
Емшараны жүргізу үшін науқасқа қолайлы жағдай жасауға көмектесіңіз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз. -
Науқасқа қажет мөлшердегі майды тюбиктен шыны қалаққа сығып шығарыңыз. -
Шыны қалақты қолдана отырып, теріге жіңішке қабатпен майды жағыңыз ( оны қолмен жасамаңыз, кейбір майлар зақымдалмаған тері арқылыда сорылады). -
Науқастан май жаққан тері бетін 10-15 минуттай ашық ұстауын сұраңыз. -
Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз. -
Теріні қарап, майдың сіңгеніне көзіңізді жеткізіңіз. -
Қолыңызды жуып , кептіріңіз.
Теріге майды сылап жағу
Мақсаты: емдік.
Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.
Дайындаңыз: майды, сабынды, суды, сүлгіні, дәке шариктерін немесе мақта тампондарын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз. -
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа майды таңдаңыз. -
Майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз. -
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы қажетті мәліметті беріңіз. -
Науқасқа емшараны жүргізу үшін ыңғайлы жағдай жасауына көмектесіңіз. -
Май ды сылайтын терінің аймағын қараңыз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. -
Науқастың терісін сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатып сүртіңіз. -
Арнайы құралдарға майды қажет мөлшерде салып, жағыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары және т.б.). -
Тері бетіне майды жеңіл айналмалы қозғалыспен, терісі құрғақ болғанша сылаңыз. -
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. -
Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Ескерту:
-
дененің шашты бөлігіне және тері зақымданғанда майды сылап жағуға болмайды. Қажет жағдайда шашты қырып тастайды; -
егерде май теріні қатты тітіркендірмесе, онда науқас өз еркімен майды сылап жағады (саусақтарының ұшымен). Саусақтардың қозғалысы жеңіл айналмалы болуы керек; -
науқасты қолын майды сылап жаққанға дейін және жаққаннан кейін жуу қажет екені туралы алдын-ала ескертіңіз.
Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу
Мақсаты: емдік.
Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.
Дайындаңыз: дәрілік ерітіндіні, сабынды, суды, сүлгіні, дәке шариктерін немесе мақта тампондарын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз. -
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа дәрілік ерітіндіні таңдап алыңыз. -
Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз. -
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз. -
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз. -
Науқастың терісін ұқыптап сумен сабынмен жуыңыз, сүлгімен құрғатып сүртіңіз. -
Теріге қажет мөлшеріндегі дәрілік ерітіндіні арнайы құралдармен жағыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары және т.б.). -
Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні жеңіл айналмалы қозғалыспен, науқастың терісі құрғақ болғанша сылап жағыңыз. -
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. -
Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Бір рет қолданылатын шприцті құрастыру
Бір рет қолданылатын шприц құрастырылған түрінде шығарылады, оны пайдалану төмендегідей даярланады.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта (шариктерін) түйіршектерін, қолғапты, бір рет қолданылатын шприцті, 70% спиртті, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, спиртке ылғалдатылған мақта түйіршіктерімен тазартыңыз. -
Қолынызға ораудағы бір рет қолданылатын шприцті алып, оның жасалған күнін және саңылаусыздығын тексеріңіз. -
Сол қолыңызға ораудағы шприцті поршені мен жоғары қаратып алыңыз. -
Поршень жағынан орауды ашыңыз. -
Ораудағы шприцті шығарып, иненің канюлясын шприцтің ине астындағы конусына жалғастырыңыз. -
Ине астындағы конус кеңістігіне (ине қалпақтың ішінде) ине канюлясын саусақпен үйкенкіреп бекітіңіз. -
Инеден қорғаныс қалпағын алмай тұрып, поршенді өзіңізге қарай тартып шприцке ауаны сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз, иненің өткізгіштігін тексеріңіз. -
Құрастырылған шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.
Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу
Максаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктерін, қолғапты, дәрілік ерітіндісі бар ампуланы, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, лотокті, 70% спиртті, егеуішті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырыңыз. -
Дәрілік препараттын атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыңыз, ерітіндінің сақталу мерзімін және мөлдірлігін сыртқы түрі бойынша тексеріңіз. -
Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазартуды жүргізіңіз, спирттелген мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз. -
Бір рет қолданылатын шприцті ораудан құрастырыңыз (стандартты қара). -
Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз, ампуланың мойнындағы дәрілік ерітіндіні кең бөлігіне түсіріңіз. -
Ампуланың мойнын спирттелген мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен тазартыңыз. Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен азырақ кесіңіз. -
Мақта шаригін алып, ампуланың мойнын онымен орап алып, кескен жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз, оны жылдам қозғалыспен өзінен сындырыңыз. Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта шариктерін кауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз. -
Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV – цилиндрді, V – поршенді ұстаңыз. -
Инені абайлап ампулаға 0,5 мм ұзындыққа оның шетіне тигізбей енгізіңіз, сол қолдың IV саусағы канюляда, ал I және V саусақтарғы цилиндрде. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз, кадағалаңыз, ине үнемі ерітіндіде батырулы болуы керек. -
Шамамен сұйықтың азаюы бойынша ампуланың түбін жоғары көтеріп дәрілік ерітіндіні ақырын сорып алыңыз. -
Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз. Бір рет қолданылатын инемен жұмыс істегенде, ораудағы басқа залалсыздандырылған инені пайдалаңыз. -
Шприцті қатаң тіке қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстап, ауасын шығарыңыз. Шприцтен 1-2 тамшы ерітінді бөлінеді (V саусақ – поршенде, ІІ – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар – цилиндрде). -
Оң колдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстаңыз, ауаны және аз дәріні ығыстырып шығарыңыз. Шприцте ауа жоқтығын тексеріп. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз. -
Шприцті дәрлік ерітіндісімен ораудың ішкі бетіне салыңыз. -
Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.