Файл: мейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.04.2024
Просмотров: 104
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тұрындыны, экстракты (шырсөлДІ) қолдану
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Даярлаңыз: дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілерді, тамызғышты, мензурканы, қайнатылған суды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. -
Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз. -
Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін байқаңыз). -
Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз. -
Мензуркаға қажет мөлшерде тамшыны дәрілік ерітіндіні алыңыз. -
Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз. -
Даярланған ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз. -
Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Науқасқа ұнтақты қолдану
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілік ұнтақты, қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес ұнтақ дәріні таңдап алыңыз. -
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз. -
Дәрілік ұнтақтың жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын сақталу мерзімін, оқыңыз). -
Науқасқа дәрілік ұнтақ туралы қажет мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазатыңыз. -
Дәрілік ұнтақты ораған қағазды бүктеуінен жазып, оған ойық түр беріңіз. -
Науқасты басын көтеріуін ауызын ашуын, тілін шығаруын сұраңыз. -
Науқастан тілінің түбіріне абайлап ұнтақты себіңіз. -
Ұнтақты ішуге суы бар стаканды беріңіз.
Ескерту: ұнтақты алдын ала суға ерітіп, сосын науқасқа ішкізуге болады.
МҰРЫНҒА ДӘРІЛІК ТАМШЫНЫ ТАМЫЗУ
Мақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, көз тамызғышын, мақта шариктерін, мақта турундаларын, дәрі-дәрмектерді (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, вазелин майын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. -
Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ертіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дәрілік ерітіндіні су моншасында t-36-370С дейін жылытыңыз. -
Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз. -
Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз, қолғапты киіңіз. -
Мұрын жолдарын қараңыз, егерде бөлініс немесе қабыршақ болса, онда вазелин майына суландырған мақта турундасымен тазартыңыз. -
Науқастың сәл басын артқа қарай шалқайтып, қырына қарай бұрып немесе тамшы тамызатын немесе екінші мұрын жолына қарама-қарсы жастықсыз арқасымен жатқызыңыз. -
Оң қолға мақта шаригін алып, оны V саусақпен алақанға қысыңыз. -
Пластикалық флакондағы мұрынға арналған залалсыздандырылған тамшыны қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз (аударыңыз) және тамызғанда оның қабырғасын қысыңыз. -
Оң қолға тамызғышты алып, мұрынның екі жағына есептей отырып, дәрілік ертіндіні сорып алыңыз. -
Сол қолдың ІV саусақтарын науқастың маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мұрынның ұшын жоғары көтеріңіз. -
Мұрын жолына 1-1,5 см тереңдікке тамызғышты енгізіңіз, оның қабырғасына тигізбеуге тырысыңыз. -
Мұрынның шырышты қалқасына 4-5 тамшы дәрілік ертіндіні тамызыңыз. -
Мұрынның қанатын сүйек қалқасына мақта шаригімен қысып, жеңіл қозғалмалы айналысты жасаңыз. -
Дәрілік ертіндіні енгізген жағына қарай науқастың басын еңкейтіңіз. -
1-2 минуттан кейін екінші мұрын жолында дәрілік ертіндіні сол реттілікпен тамызыңыз. Науқастан қал жағдайын сұраңыз. -
Қолыңызды жуып кептіріңіз қолғапты шешіңіз. -
Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған мақта шариктерін, мақта турундаларын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Ескерту: майлы ертіндіні мұрынға тамызғанда науқас тамшының дәмін сезуі қажет және бірнеше минут жатуы қажет, тамшы жұтқыншақтың артқы қабырғасына түсуі керек (мұрын қанатын сүйек қалқанына баспаңыз).
Көзге тамшы тамызу
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, тамызғышты, дәке тампондарын, дәрілік ерітіндіні (дәрігердің тағайындауы бойынша), колғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. -
Дәрігердің тағайындауына сәйкес, дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлық дәрежесін, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрінің сыртқы түрін бағалаңыз). «Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз. -
Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз. -
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз. -
Науқасты бетін жарыққа қаратып, басын аздап қана артқа қарай шалқайтып отырғызыңыз немесе шалкасынан көпшіксіз жатқызыңыз. -
Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған көз тамшыларын қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз және тамызғанда оның қабырғасын басыңыз. -
Оң қолыңызбен тамызғышты ұстап, дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз, екі көзге тамызатын ерітіндінің мөлшері есебінен. -
Сол қолыңызға дәке тампонын ұстап, көздің төменгі қабағын төменге қарай тартыңыз және науқасқа жоғары қарауын сұраңыз. -
Дәрілік ерітіндінің бір тамшысын көздің астыңғы қабына, кірпікке және қабаққа тамызғышты тигізбей, көздің ішкі бұрышына жақынырақ, тамызғышты көзден 1,5см қашықтықта ұстап тамызыңыз. -
Науқас көзін ақырын ғана жауып, көз алмасын айналдыруын сұраңыз (дәрілік ерітінді ақпауы тиіс) бірнеше секундтан кейін манипуляцияны қайталаңыз, екінші тамшыны осы көзге тамызыңыз. -
Көздің ішкі бұрышында қалған тамшыны тампонмен сүртіңіз. -
Екінші көзінде тамшыны сол реттілікпен тамызыңыз. -
Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа пайдаланған дәке тампондарын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту:
-
екі тамшыны бір көзге бір мезгілде тамызғанда әдетте 1 тамшы ағады; -
бір науқасқа тамызғыштың саны дәрілік ерітіндінің санымен байланысты: әрбір дәрі үшін жеке тамызғыштар болуы керек; -
егерде көзде іріңді бөліністер бөлінсе, әуелі көзді жуыңыз, сосын дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.
КӨЗ МАЙЫН ҚАТТАСТЫРЫП САЛУ
Мақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көз майын (дәрігердің тағайындауы бойынша), шыны көз қалақшаларын, дәке тампондары, мақта шариктерін, қолғапты, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. -
Дәрігердің тағайындауына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, тюбиктің бүтіндігін анықтаңыз). -
Шыны таяқшаның бүтіндігін тексеріңіз. -
Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз, қолғапты киіңіз. -
Науқасты ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, басын артына қарай шалқайтып, науқастың көз қарасы жоғарыға қарай бағытталған болу керек. -
Оң қолға шыны қалақшаны алып, оның жалпақ шетіне майды жағып алыңыз. Ол бүтін қалақшаны жабу керек. -
Шыны таяқшаны самай бетінен көздің тесігіне қарай жақындатыңыз (оң көзді сол қолмен, сол көзді оң қолмен). -
Қалақшаны көзге көлденең орналастырыңыз, жалпақ шетімен кеңсірікке. -
Сол қолға дәке тампонын алып, төменгі қабақты төмен тартыңыз және оған қалақшадағы майды көз алмасына қаттастырып салыңыз, ал бос беті қабаққа қарай бағытталуы керек. -
Төменгі қабақты жіберіңіз, науқастан сәл қабақтарын сығылыстыруын сұраңыз. -
Сығылыстарылған қабақтан самай бағыты бойынша қалақшаны алыңыз. Сәл қабақтарды уқалаңыз, май көздің шырышты қабығына бір қалыпты таратылуға тиіс. -
Екінші көзіне де майды осы реттілікпен салыңыз. -
Көз майын тікелей тюбиктен де салуға болады. -
Сол қолыңызға дәке тампонын алып, төменгі қабақты тартыңыз. -
Тюбикті көздің ішкі бұрышына ұстап, онан майды төменгі көздің сілемейлі қабығының іркістеріне сығып шығарыңыз, майдың цилиндрі ұзын бойына барлық қабаққа орналастырылады. -
Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, дәке тампондарын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша құлақтағы ауру сезімі және қабыну процессі.
Дайындаңыз:
залалсыздандырылған: лотокты, тамызғышты, мақта шариктерін және турундаларын, дәрілік ерітінділерді (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысын мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз; дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). -
«Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз. -
Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз. -
Науқасты отырғызыңыз немесе қырына қаратып жатқызыңыз. -
Науқастың басын сау қырына қарай бұрыңыз. -
Құлақтан бөлініс болса, құлақ жолын мақта турундасымен тазалаңыз. -
Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған құлақ тамшысын қолданғанда, оны төңкеріп аударып, тамызғанда оны қабырғасынан қысыңыз. -
Оң қолға тамызғышты ұстап, дәрілік ерітіндіні оған сорып алыңыз. -
Сол қолмен науқастың құлақ сырғалығынан артқа қарай және жоғары қарай тартып, ал оң қолмен тамызғышты ұстап құлаққа 2-3 тамшы дәрілік ерітіндіні тамызыңыз. -
Сыртқы құлақ ішіне тамызғышты немесе флаконның тамызғышын енгізбеңіз. -
Науқастың сыртқы құлағына мақта шаригін енгізіп, 10-15 минуттай басын еңкейген қалыпта ұстап тұруын сұраңыз, кейін осы құлақты залалсыздандырылған мақтамен сүртіңіз. -
Құлақ пердесіне тамшының жанасуын күшейту үшін құлақ қалқанын бірнеше рет саусағыңызбен басыңыз. -
Науқастың басын ауыратын құлақ жағына енкейтіңіз, құлақ жолын мақта шаригімен құрғатыңыз. -
Қолғапты шешіңіз. -
Пайдаланған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, ал тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа салыңыз. -
Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.
Жеке ингаляторды қолдану
Мақсаты: емдік, науқасқа өз-өзіне қолдануын үйрету.
Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу органдары ауруларында дәрігердің тағайындауымен.
Дайындаңыз: аэрозольді ингаляторды, оның сақталу мерзімін тексеріңіз.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйрету. -
Науқасқа отыру немесе тұру қалпын жасаңыз. -
Баллоншаның мундштугінен қорғаныш қалпағын алыңыз. -
Баллоншаны аэрозольмен жоғарғы жағын төмен қаратып бұрып, бірнеше рет жігерлі сілкілеңіз. -
Науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сұраңыз. -
Баллоншаны аэрозольмен қолыңызға алып, ауызға жақындатып, балоншаның мундштугін еріндерімен қамтып ұстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз. -
Науқастан терең дем алуын сұрап және бір мезетте баллоншаның түбін тығыз басыңыз – осы мезгілде ауыз қуысына дәрінің дозасы аэрозольді түрінде түседі. -
Науқасқа аэрозольді ішке тартып, 10-12 секунд демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан мундштукті шығарып, сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады. -
Баллоншаның мундштугіне қорғаныш қалпағын кигізіңіз.