ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Оқыту форматы

Қашықтықтан оқыту:

dis.kaznmu.kz (Moodle) платформасында

- контентті (оқу материалы және тапсырмалар) орналастыру

- оқу нәтижелерін бағалау

-кері байланыс жасау

- ZOOM, Microsoft Teams платформаларында студенттердің жұмыстарын қабылдау

-семинарлар, ауызша сұрау, дискуссия, т.б. жүргізу.

- ZOOM, Microsoft Teams платформаларында видеоконференциялар


Күндізгі оқу: off line режимде тәжірибелік сабақтар (аудиториялық, жүзбе-жүз), dis.kaznmu.kz (Moodle) платформасында БОӨЖ, БӨЖ.
«Клиникаға дейінгі зерттеулер негіздері». 2 Бөлім. «Қозғалыстар» модулінің мақсаты: Модулді оқып-білген соң студент тірек-қимыл жүйесінің морфофизиологиялық, ұлпаларындағы зат алмасу және реттелу ерекшеліктерін, тұқым қуалайтын ауруларының генетикалық механизмдері туралы білімдерін қолдана алуға қабілетті болады.

Модульдің қысқаша сипаттамасы: Модульдік пән сүйектердің қанменқамтамасыз етілуін және иннервациясын, кеуде және қол-аяқдың буындары мен бұлшықеттерінің анатомиялық құрылысын жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, бұлшықет жиырылуының механизмі мен реттелуін, даму заңдылықтарын, жасушалардың және жасушааралық заттың тіршілік әрекетінің құрылымы, әсіресе дәнекер, сүйек, бұлшықет тіндерінің, тері және тірек-қимыл аппаратының тұқым қуалайтын ауруларының клиникалық белгілерінің көрінуінің генетикалық механизмдерінің, оларды диагностикалау және алдын алу әдістерін оқытады.

Модулді оқып-білген соң бітіруші биомедициналық ғылымдар (әр түрлі жастағы тірек-қимыл аппаратының анатомиялық, гистологиялық құрылысы, қозғалыстың биохимиялық процестері мен физиологиялық механизмдері, тұқым қуалайтын патологиялар) бойынша алған білімдерін қолданып, сапалы емдеуді қамтамасыз ету үшін медициналық қызметпен айналысуға; анағұрлым кең тараған ауруларды диагностикалау кезеңдерінде зертханалық, функционалдық және генетикалық зерттеу әдістерінің нәтижелерін интерпретациялауға қабілетті болады.
Білім беру нәтижелері:

ON1 Науқастарға бағытталған сапалы емдеуді қамтамасыз етуде клиникалық және биомедициналық ғылымдардың білімдерін қолдана отырып, медициналық қызметпен айналыса алады.

ON2 Жалпы ауруларды диагностикалау және емдеу сатыларындағы клиникалық, зертханалық және функционалды зерттеу әдістерінің нәтижелерін түсіндіре алады.

Пәнді оқу аяқталғаннан кейін сіз құзіретті боласыз:

1) сипаттауда:

- тірек-қимыл жүйесі мүшелерінің микропрепараттарын микроскопиялық және ультрамикроскопиялық деңгейде;

- энергия алмасуының сатыларын, дәнекер, сүйек және бұлшық ет тіндерінің химиялық құрамы мен олардағы метаболизм ерекшеліктерін;

- дені сау адамның әр түрлі жас кезеңдеріндегі тірек-қимыл жүйесі органдарының физиологиялық функцияларының қалыптасуының негізгі механизмдерін;


- тірек-қимыл жүйесінің тұқым қуалайтын ауруларын, миопатияларды және ақыл-ой мен дене дамуының кемістігі синдромдарын диагностикалау әдістерін;

2) анықтауда және атауда:

-кеуденің, бастың және қол-аяқтың ірі буындарының анатомиялық структураларын;

-бастың, мойынның, кеуденің және қол-аяқтың бұлшық еттерін;

-науқастардағы тұқым қуалау типін, генотиптерін;

3) дағдыларды демонстрациялауда:

- ірі буындардың, бұлшық еттің ірі буындарының анатомиялық структуралары туралы белгілі мәліметтерді жинақтауды және клиникалық зерттеулердің кейбір элементтерін қолдана отырып, негізделген қорытындылар жасауды;

- тірек-қимыл жүйесі мүшелерінің құрамындағы әртүрлі тіндердің жасушалары мен жасуша аралық заттарын жарық микроскобының көмегімен анықтауды;

- физиологиялық құрылғылармен жұмысты;

- дәрігерлік практикада OMIM (Online Mendelian Inheritance in Man) тұқым қуалайтын аурулар базасымен жұмысты;

4) нәтижелерді (мәліметтерді) интерпретациялауда:

- тірек-қимыл жүйесі мүшелерінің құрылысын микроскопиялық, ультрамикроскопиялық деңгейдегі зерттеу нәтижелерін;

- индикаторлық ферменттердің активтілігі және дәнекер, сүйек, бұлшық ет тіндерінің метаболизміндегі басқа да биохимиялық көрсеткіштері туралы зертханалық мәліметтерді;

- жас ерекшеліктерін ескеріп, тірек-қимыл жүйесі органдарын физиологиялық зерттеу;

- тірек-қимыл жүйесінің тұқым қуалайтын ауруларының, миопатиялардың және ақыл-ой мен дене дамуының кемістігі синдромдарының шежіресін, науқас баланың туу қаупін есептеу, тұқым қуалау түрін анықтау нәтижелерін интерпретациялауға;

5)заманауи әдебиеттің мәліметтерін талдауда;

6)оқытылатын пәннің контексінде логикалық анализдің, аргументтелген тілдің, командада жұмыс істеудің, кәсіби терминологияны меңгеру, тиімді ауызша және жазбаша дағдыларды көрсете аласыз.
Аталған модулді игеру келесі пәндер бойынша білімге негізделеді: медициналық химия, цитология және молекулалық биология, анатомия негіздері, адам гистологиясы мен эмбриологиясы.

«Қозғалыс» модулі бойынша тақырыптық жоспар


Апта реті

Тақырып №

Тақырып

Байланыс сағаты*

Өзіндік жұмыс сағаты







1







Пр. саб.

Лаб.саб

БОӨЖ (кеңес)


Дәріс


БӨЖ

1

Анатомия

Тірек-қимыл жүйесінің биомеханикасы. Синовиальды буындар. Буын биомеханикасы.

2

-

2

-

2

1

Гистология

Көлденең жолақты қаңқа бұлшықет тіні. Қаңқа бұлшықеті мүше ретінде. Регенерациясы. Жасқа байланысты ерекшеліктері.

Тығыз қалыптасқан дәнекер тіні. Сіңір. Коллаген талшықтары. Коллагаен талшықтарының биосинтезі. Фибриллогенез

2

-

2

-

2

1

Генетика

Тұқым қуалаушылық. Тұқым қуалау түрлері. Аутасомды-доминантты тұқым қуалау түрі

3




2

1

3

2

2

Анатомия

Бұлшықеттер ағза ретінде. Бұлшықеттердің жіктелуі. Бұлшықеттің қосымша аппараты. Бұлшықет биомеханикасы: анатомиялық және физиологиялық бұлшықет ені. Сыртқы және ішкі күштердің бұлшықеттер мен буындарға әсер етуі. Адамның негізгі бұлшықет топтары.

2

-

2

-

2

2

Гистология

Қаңқа дәнекер тіні. Шеміршек мүше ретінде. Гиалинді және талшықты шеміршек. Сүйек тіндері. Өсуі. Регенерацияға мүмкіндігі. Қаңқа тіндерінің гистогенезі. Сүйек – мүше. Сүйектің қайта қалыптасуы.

2

-

2

-

2

2

Генетика

Аутосомды рецессивт тұқым қуалау типі

3




3

-

3

3

3

Анатомия

Бұлшықет жүйесінің функционалды анатомиясы.

Аралық бақылау №1

1




1

-

1

3

Гистология

Сүйектің байланыстары. Буынның құрылысы.

Проблемалық оқыту

1




1




1

3

Генетика

Х хромосомамен тіркес тұқым қуалау типі

3




3

-

3




1

Физиология

Тірек-қимыл жүйесінің физиологиясы. Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері. Бұлшықеттің жиырлу түрлері. Қозғалыс жүйесінің дамуының жас ерекшелігі. Тері және оның қызметтері.

5




5

-

5




4

4

Генетика

Х хромосомамен тіркес тұқым қуалау типі

1




1

-

1




11

1

Биохимия

Энергия алмасуы.

Энергия алмасуының сатылары. Электрондарды тасымалдау тізбегінің ингибиторлары. Тыныс алуды бақылау. Биологиялық мен тотығудан фосфорланудың ажырауы.

2




1

1

2




12

2

Биохимия

Дәнекер, сүйек және бұлшық ет тіндерінің биохимиясы.

2




2

-

2




13

3

Модуль бойынша аралық бақылау №2

1




1

2

1










Барлық сағат саны

30




28




30










Сараланған сынақ

























БАРЛЫҒЫ

90









БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

Пән бойынша қорытынды баға (ҚБ) екі бөлімнен тұрады ағымдағы бағадан (ЖРБ – жіберілу рейтингісінің бағасы, 60%) және қорытынды бақылау бағасынан (ҚББ, 40%).

Жіберілу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) қалыпты анатомиядан №1, 2, 3 практикалық сабақтардағы; гистологиядан №1, 2, 3 практикалық сабақтардағы; қалыпты физиологиядан №1 практикалық сабақтағы; биохимиядан №1, 2 практикалық сабақтардағы; генетикадан №1-4 практикалық сабақтардағы ағымдық бақылау бағаларының қосындысы ретінде қойылады және 60% құрайды, білім алушыны 30 пайыз тәжірибелік сабаққа қатыспаған болса, аралық бақылауға жіберілмейді.

Қорытынды бақылау (сараланған сынақ) 2 аралық бақылаудың бағасының жиынынан тұрады: №1 аралық бақылау – анатомия және гистология бойынша ауызша тәжірибелік дағдыны қабылдау және №2 аралық бақылау физиология, биохимия, генетика пәндерінен жазбаша интеграциялық аралық бақылау 40% құрайды.

Қорытынды баға (ҚБ) ЖРБ жиынтық мәні (60%) және қорытынды бақылау бағасы (ҚББ) – сараланған сынақ (40%) негізінде қойылады. Егер білім алушы сараланған сынақ нәтижесімен келіспесе, ол бағаны қайта қарауға апелляцияға беруге құқысы бар. Апелляция процедурасы Аппеляция туралы қабылданған Ережеге сәйкес жүргізіледі.


Бақылау түрі

Бағалаудың үлес салмағы

Оқыту нәтижелерін бағалау құрылымы



Өткізу түрі

Ағымдық бақылау (АғБ)

ЖРБ 40%

Бакалавриат үшін әр сабаққа баға қойылады!

Барлық ағымдағы бағаларының орташа арифметикалық шамасы

АғБ= n1+n2+n3+n4/4,

мұндағы n практикалық сабақ, СӨЖ, коммуникативті дағдылар, практикалық дағдылар және т.с.с. бағасы
Ағымдық бақылаудың жиынтық бағасын құрайды
Ағымдық бақылаудың барлық бағасы - 18

Оның ішінде:

Практикалық сабақ – 12

(Анатомия-2; Гистология-3; Генетика -4; Физиология-1; Биохимия -2)


Пән бойынша суммативті бағалау матрицасында көрсетілген мерзімдерде жүргізіледі.

Балды есептеу сәйкес бағалау парақтарын толтыру барысында жүргізіледі.

Анатомия –сабақтар шағын топтарда ауызша/жазбаша сауалнама түрінде, тест және жағдайлық тапсырмаларды шеше отырып, препарат бойынша тәжірибелік дағдылар түрінде өтеді.

Қашықтан оқыту кезінде Moodle dis.kaznmu, Zoom, Microsoft Teams платформаларында.

Гистология – ағымдағы баға теориялық білімді бағалаудың түрлері негізінде бағаланады, яғни сабақта жазбаша және ауызша сұрақтарға жауап беру, микропрепараттармен, микросуреттермен және электронограммалармен жұмыс жасау барысында тәжірибелік дағдыларды қабылдау, БӨЖ бойынша кейсті тексеру және БОӨЖ бойынша ситуациялық есепті талдау болып табылады.

Қашықтан оқыту кезінде Moodle dis.kaznmu, zoom.us (Webex), MS Teams платформалары қолданылады

Генетика – ағымдағы бақылау, теориялық білімдерін On-line тестілеу, глоссариймен жұмыс, ситуациялық есептерді шешу, кестені толтыру, ситуациялық есептерді ауызша талдау, OMIM база мәліметтерімен жұмыс, ауызша кейсті талдау-коммуникативті дағдыларын бағалау сияқты әдістермен жүзеге асырылады.

Қашықтан оқыту кезінде Moodle dis.kaznmu, Zoom, Microsoft Teams платформаларында.

Физиология – тапсырманы ауызша сұрау (әңгімелесу), тест сұрақтарына жауап беру, практикалық дағдыны тапсыру және қабылдау, жағдайлық есептерді шешу, хаттама толтыру түрінде жүргізіледі.

ҚО кезінде Moodle dis.kaznmu және zoom.us (Webex) немесе Google meet платформасында.

Биохимия – ағымдағы бақылау студенттің практикалық сабақтарда алған теориялық білімдерін бағалауды және жазбаша, ауызша сұрау, жазбаша тапсырмалардың, жаттығулар мен жағдайлық есептердің орындалғанын, шағын топтағы жұмысты тексеруді қарастырады /

Қашықтан оқыту кезінде Moodle dis.kaznmu, Zoom, Microsoft Teams платформаларында.

Барлық пәндер бойынша БӨЖ- тақырып сұрақтары бойынша өз бетімен әдебиеттермен дайындалу, ситуациялық есептерді шешу түрінде жүргізіледі.

Жіберілу рейтингісінің бағасы (ЖРБ)

Жіберілу рейтингінің бағасы модуль бойынша қорытынды бақылаудың бағасының 60%-н құрайды.

Жіберілу рейтингісінің бағасын есептеу үшін электронды журналда: ағымдағы бақылаудың (АғБ) орташа бағасы есептеледі де, сәйкес коэффициенттерге көбейтіледі және қосылады.

ЖРБ пән = (АғБ орт*0,6)

ЖРБ модуль=(1пән үлесі х 1пән ЖРБ)+ (2пән үлесі х 2пән ЖРБ)+…+ (n пән үлесі х n пән ЖРБ)

Пәннің үлесі модульдің кредитінің (сағатының) жалпы санынан пәннің кредитінің (сағатының) меншікті үлесімен анықталады.

ЖРБ ведомосын молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы №15 аптада жасайды.

Сараланған сынаққа жіберілудің ЖРБ минимальды балы = 50.
Бұл балдан төмен ЖРБ жинаған студент сараланған сынаққа жіберілмейді және жазғы қосымша семестрде ақылы түрде пәнді қайта оқиды.


Аралық бақылау

(АрБ)

ЖРБ 40%

Қорытынды бақылаудың жиынтық бағасын құрайды.

Аралық бақылаулар

№1 Аралық бақылау - препараттар бойынша ауызша 3-аптада анатомия кафедрасы кафедрасы қояды.

№ 2 Біріктірілген жазбаша аралық бақылау №13-аптада өтеді, бағасын биохимия кафедрасы қояды.

Аралық бақылау бағасының саны – 2

АБ бағасы пән бойынша кредит санын ескеріп формула бойынша есептеледі есептеледі.

АБ бағасы:

АБ1=(АБа*0,5+АБг*0,)/1;

АБ2=(АБф*0,5+АБб*0,5+Бген*1)/2

(мұнда: а-анатомия, г-гистология, ф-физиология, б-биохимия, ген-генетика; АБ-пән бойынша аралық бақылау бағасы).

Модуль бойынша 2 біріктірілген аралық бақылау жүргізіледі: 1) препараттар/муляждар бойынша ауызша сұрау түрінде (анатомия және гистология); 2) билет бойынша жазбаша ситуациалық есептерді шығару (генетика, физиология, биохимия).

АБ бағасы модуль пәндері бойынша кредиттер санын ескере отырып, формула бойынша қойылады.

Үштілділікті енгізу: билеттегі сұрақтардың біреуіне студент 1 терминді үш тілде жазып, оқыту тілінде түсіндіруі тиіс.

ҚО кезінде жазбаша аралық бақылау Moodle dis.kaznmu, платформасында жүргізіледі. Баллдарды есептеу тиісті бағалау парағы толтырылғаннан кейін жүргізіледі.

Қорытын-ды бақылау-дың бағасы (ҚББ, сараланған сынақ) Модуль - Клиникаға дейінгі зерттеулер негіздері және қозғалыстар

2 бөлім - Қозғалыстар

Қорытынды бақылаудың бағасы (ҚББ) пән бойынша қорытынды бақылаудың бағасының 40%-н құрайды.

Қорытынды бақылау – сараланған сынақ. (СС)

ҚБ (СС)= (АрБ1+АрБ2)/2


Сараланған сынақ №1 және №2 аралық бақылау бойынша алған бағаларының орташа арифметикалық шамасы түрінде қойылады.

Сараланған сынақтың нәтижесімен келіспеген студент, сараланған сынаққа баға қойылғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей апелляция беруге құқығы бар.

Егер студент сараланған сынаққа 25-49 балл (FX баға) аралығында алса, ол аралық аттестация кезінде қайта тапсыруға құқысы бар.

«Клиникаға дейінгі зерттеулер негіздері» пәнінің қорытын-ды бағасы (ҚБ)

Модуль бойынша қорытынды баға (ҚБ) жіберілу рейтингісінің бағасы (ЖРБ – 60%) мен қорытынды бақылаудың бағасының (ҚББ – 40 %) қосындысынан тұрады.

Модуль бойынша қорытынды бағаны (ҚБ) есептеуде жіберілу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) және қорытынды бақылаудың бағасы (ҚББ) сәйксе коэффициенттерге көбейтіледі және қосылады.
ҚБ=

(ЖРБ*0,6)+(ҚББ*0,4)


Модуль бойынша оң қорытынды бағаның минимальды балы= 50.



Формативті баға – электронды журналға қойылмайды. Бұл студенттердің өзіндік жұмыстарының қорытындылары бойынша конструктивті кері байланыс.

Суммативті (жиынтық) баға – электронды журналға қойылады. Жазбаша бақылау және ауызша сұрау, жазбаша тапсырмалардың, жаттығулар мен жағдайлық есептердің орындалғанын тексеру, зертханалық жұмыстардың орындалуы мен оның нәтижелерін рәсімделуін және т.с.с бақылау әдісі арқылы жүргізіледі.

Қалыпты анатомия пәні бойынша оқыту нәтижесін бағалау матрицасы

Тақырып №

Сабақ №


Оқытудың бағаланатын нәтижелері

Білім (әртүрлі танымдық деңгей)

Тәжірибелік дағды (нөмірін көрсету)


БОӨЖ


БӨЖ


Аралық бақылау

1.


1


Қосынды баға (сабаққа қойылған бағаның 50%-ы).

Ауызша сұрау,

тесттік және жағдайлық тапсырмаларды орындау. ҚО кезінде: Moodle dis.kaznmu, Zoom және Microsoft Teams платформаларында.

Қосынды баға (сабаққа қойылған бағаның 50%-ы).

Ылғалды препараттар мен муляждарда тәжірибелік дағдыларды қабылдау. Кестелермен жұмыс

ҚО кезінде: Moodle dis.kaznmu, Zoom және Microsoft Teams платформаларында.

Формативті баға (кері байланыс түрінде).

Жазбаша тапсырмаларды орындау: жағдайлық және тесттік тапсырмаларды орындау. ҚО кезінде: Moodle dis.kaznmu, Zoom және Microsoft Teams платформаларында.


Формативті баға

Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар (СӨЖ сұрақтары талқыланбайды, бірақ аралық бақылау мен емтихан сұрақтарына кіреді).

-

2.

2


Қосынды баға (сабаққа қойылған бағаның 50%-ы).

Ауызша сұрау,

тесттік және жағдайлық тапсырмаларды орындау. ҚО кезінде: Moodle dis.kaznmu, Zoom және Microsoft Teams платформаларында.

Қосынды баға (сабаққа қойылған бағаның 50%-ы).

Ылғалды препараттар мен муляждарда тәжірибелік дағдыларды қабылдау. Кестелермен жұмыс

ҚО кезінде: Moodle dis.kaznmu, Zoom және Microsoft Teams платформаларында.

Формативті баға (кері байланыс түрінде).

Жазбаша тапсырмаларды орындау: жағдайлық және тесттік тапсырмаларды орындау. ҚО кезінде: Moodle dis.kaznmu, Zoom және Microsoft Teams платформаларында.


Формативті баға

Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар.

-




3

Аралық бақылау. Препараттар мен муляждарда ауызша сұрау. ҚО кезінде: Moodle dis.kaznmu платформасында жазбаша билеттер бойынша.

Қосынды баға №15 аптада қойылады.

-

Баға формативті.

Проблемалық оқыту бойынша консультация. ҚО кезінде: Zoom және Microsoft Teams платформаларында.

Проблемалық оқыту (Moodle dis.kaznmu кейстерді шешу).

№ 12 аптада №1 аралық баұылау ретінде қосынды баға қойылады.


Бағалау суммативті:

препараттар бойынша ауызша сұрау түрінде жүргізіледі

(анатомия, гистологиядан интегрирленген аралық бақылау №1) (ҚО Moodle dis.kaznmu платформасында).

Барлық баға жиыны:

2

-

-

-

1