Файл: аза дебиеті пнінен за мерзімді жоспар (8сынып) Оулы авторы С. Дрібаев, Г. Орда, А. Сатылова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.04.2024
Просмотров: 48
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім: “Дананың сөзі – ақылдың көзі ”
1-бөлім
1. «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» төмендегі жырлардың қайсысымен мазмұндас екенін белгіле.
А) «Манас» жыры
В) «Ер Тарғын» жыры
С) «Алпамыс батыр» жыры
D) «Қобыланды батыр» жыры
[1]
2. Ахмет Йассауидың «Даналық кітабындағы» тарихаттың мәнін анықта.
А) Мұсылмандық жолы
В) Құдайға құлшылық ету
С) Ғылым-білім
D) Сопылық ілімнің негізі
[1]
3. А.Йассауи сақтандырған 5 нәрсенің бірі –
А) Тәкаппар болма
В) Мал табуға асықпа
С) Ұмытшақ болма
D) Дүние-мүлікті сатпа
[1]
4. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген нақылға Ақтамберді жыраудың «Балаларға өсиетіндегі» қай жолдары сәйкес келеді?
А) Талпынып салдым егінді,
Ішсін деп әркім тегінді.
В) Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке.
С) Әркім өзі талпынбақ, Басына бітер бағы үшін.
D) Араз болсаң алты ауыз,
Еліңе кірген әреке.
[1]
5. Шалкиіз ақын мықты батырларға ғана лайық сөзді қай жолдарда қолданды?
А) Жазылы, алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің!
В) Сен - алтынсың, мен - пұлмын,
Сен - жібексің, мен - жүнмін,
С) Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа.
D) Алп, алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің.
[1]
2-бөлім (3-4 сөйлеммен ойын білдіреді)
6. А. Йассауидың «Даналық кітабындағы» мына жолдардың мағынасына талдау жаса, қорытынды шығар.
«Ишанмын деп түрлі асты теріп жейді, Жақсыларды көзге ілмей «мен, мен» дейді. Дүние-мүлік алып барса сүйсініп алады. Оллаһи-биллаһи менмендіктен өткен күнә жоқ».
[3]
7. Шалкиіз жыраудың «Би Темірге бірінші толғауындағы» мына жолдарды қолдана отырып, автор туралы пікіріңді білдір.
Сен - алтынсың, мен - пұлмын,
Сен - жібексің, мен - жүнмін,
Сен - сұлтансың, мен - құлмын,
Сен - сұңқарсың, мен - қумын,
Жемсауыңа келгенде,
Сұлтан ием, сом жүрегім аяман!
Саған дұспан - маған жау,
Керекті күні алдында
Ғазизленген сұлтан жаным аяман!!
[3]
8. Ор қояндай жүгінтіп, Аш күзендей бүгілтіп, Жолбарыстай шұбарды Таңдап мінер ме екеміз?! Сол шұбарға мінген соң, Қоңыраулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып, Қол төңкерер ме екеміз?! Жалаулы найза жанға алып, Жау қашырар ма екеміз?! – деген жолдардағы Ақтамберді жыраудың бейнесін талда.
4]
3-бөлім
9. «Қорқыт ата нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні неде?»
тақырыбында Қорқыт нақылдарының көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жаз. Көлемі: 90-100 сөз.
[5]
Барлығы: 20 балл
Қазақ әдебиеті пәнінен балл қою кестесі
№ | Жауап | Балл | |
1 | С | 1 | 5 |
2 | В | 1 | |
3 | А | 1 | |
4 | D | 1 | |
5 | А | 1 | |
6 | Үзіндінің мағынасын түсінеді; | 1 | 10 |
Өз ойымен байланыстырып талдайды; | 1 | ||
Өзіндік тұжырым жасайды; | 1 | ||
7 | Автор бейнесін анықтап, талдайды; | 1 | |
Кейіпкермен қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды; | 1 | ||
Өз пікірін білдіреді; | 1 | ||
8 | Берілген өлең жолдары арқылы автор бейнесін анықтайды; | 1 | |
Автор бейнесін талдайды; | 2 | ||
Өз пікірін жеткізеді. | 1 | ||
9 | Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды; | 1 | 5 |
Әдеби эссе жазады; | 1 | ||
Өзіндік көзқарасын, ой-пікірін танытады; | 1 | ||
Логикалық қорытынды жасайды; | 1 | ||
Эссе құрылымын сақтайды. | 1 | ||
Барлығы | 20 | |
Қосымша 4.
8-сынып; “ Қазақ әдебиеті ” пәні
20
20-2021 оқу жылы
2-тоқсан
Бөлім бойынша жиынтық бағалау №3
Бөлім: «Көркем әдебиет және эпикалық сарын»
Шығармалар | Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауы |
Оқу мақсаты | 8.1.2.1 Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; 8.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау |
Бағалау критерийі | Білім алушы • Шығарманың идеясы мен пафосының ұлттық ерекшелігін көрсетеді. • Көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдап, автор стилін анықтайды. |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Орындау уақыты | 25 минут |
Тапсырмалар
1. Берілген үзінді идеясын анықтап, қазаққа тән ұлттық ерекшелігін талдап, 5-6 сөйлеммен жазыңыз.
Жеті жұрт көшіп кеткен соң,
Атамыз қазақ баласы
Конып, мекен еткен жер.
Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,
Жүзден-жүзден нар байлап,
Дәулеті қалың біткен жер...
...Ақ борықтай иілген,
Кейінгі туған баланың
Ұстай ма деп білегін,
Шая ма деп жүрегін,
Шашын, мұртын қойдырып,
Ащы суға тойдырып,
Бұза ма деп реңін.
Адыра қалғыр заманның
Мен жаратпаймын сүреңін!..
2. Жоғарыдағы үзіндіден көркемдегіш құралдарды тауып, қолданысын талдаңыз.
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Шығарманың идеясы мен пафосының ұлттық ерекшелігін көрсетеді. | 1 | толғау идеясын ашады; | 1 |
ұлттық ерекшелігін табады; | 1 | ||
ойын жүйелеп жазады; | 1 | ||
көлемін сақтайды; | 1 | ||
Көркемдегіш құралдардың қолданысын талдап, автор стилін анықтайды. | 2 | үзіндіде кездесетін көркемдегіш құралдарды табады; | 1 |
қолданысына талдау жасайды; | 1 | ||
автор стилін анықтайды; | 1 | ||
ойын жүйелі жеткізеді; | 1 | ||
сөйлемдерді стильдік жағынан дұрыс құрайды. | 1 | ||
сауатты жазады; | 1 | ||
Барлығы | | 10 |
Қосымша 5.
8-сынып; “ Қазақ әдебиеті ” пәні
2020-2021 оқу жылы
2-тоқсан
Бөлім бойынша жиынтық бағалау №4
Бөлім: «Көркем әдебиет және эпикалық сарын»
Шығармалар | Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Еңлік-Кебек» дастаны, «Жастарға» өлеңі |
Оқу мақсаты | 8.1.4.1-көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану; 8.2.1.1-композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау |
Бағалау критерийі | Білім алушы • Үзінділерді қолдана отырып, өз көзқарасын дәлелдейді. • Шығарма композициясын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды. |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 25 минут |
Тапсырмалар
1. Төмендегі үзіндіні оқып, қазіргі жастарға «Қой, жастар, күн болды ойланарлық» тақырыбында ой салатын, 70-80 сөзден тұратын монолог жазыңыз. Өз ойыңызды дәлелдеу үшін үзінділерді қолданыңыз.
Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,
Білім, әдет, ақылды ойға аларлық.
Надандықтан еліріп босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық!
Өзің біліп біреуге қылсаң жарлық,
Асыл сол – ақыл, білім бойда барлық.
Айла, өтірік, арсыздық өнер емес,
Мен де анаудай болсам деп таласарлық.
2. «Еңлік-Кебек» дастанының мазмұнына сай композициялық талдау жасаңыз.
Оқиғаның басы: | |
Оқиғаның байланысы: | |
Оқиғаның дамуы: | |
Шиеленіс: | |
Шарықтау шегі: | |
Оқиғаның шешімі: | |
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Үзінділерді қолдана отырып, өз көзқарасын дәлелдейді. | 1 | шығарма мазмұнын түсінеді; | 1 |
өз көзқарасынбілдіреді; | 1 | ||
үзінділерді орынды қолданады; | 1 | ||
ойын жүйелі жеткізеді; | 1 | ||
көлемін сақтайды; | 1 | ||
Шығарма композициясын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды. | 2 | мазмұндық біртұтастықты сақтайды; | 1 |
композициялық талдау жасайды; | 1 | ||
ойын жүйелі жеткізеді; | 1 | ||
сөйлемдерді стильдік жағынан дұрыс құрайды. | 1 | ||
сауаттылықты сақтайды. | 1 | ||
Барлығы | | 10 |