Файл: аза дебиеті пнінен за мерзімді жоспар (8сынып) Оулы авторы С. Дрібаев, Г. Орда, А. Сатылова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.04.2024
Просмотров: 47
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2. Шығармалардың жаңашылдығына баға беріңіз. Көлемі: 4-5 сөйлем.
Шығармалар | Көтерілген мәселе | Қазіргі өзектілігі |
«Күй аңызы» | | |
«Мәңгілік бала бейне» | | |
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады, жаңашылдығына баға береді | 1 | шығармалардың материалдық құндылығын салыстырады: 1-шығарма; 2-шығарма; шығармалардың рухани құндылығын салыстырады: 1-шығарма; 2-шығарма; | 1 1 1 1 |
шығармалардың жаңашылдығына баға береді: 1-шығармада көтерілген мәселе; 2-шығармада көтерілген мәселе; 1-шығарманың қазіргі өзектілігі; 2-шығарманың қазіргі өзектілігі; | 1 1 1 1 | ||
ойын жүйелі жеткізеді; | 1 | ||
сөйлемдерді стильдік жағынан дұрыс құрайды. | 1 | ||
Барлығы | | 10 |
Қосымша 12.
2020-2021 оқу жылы
8-сынып; ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
4-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы
| Тақырып | Оқу мақсаттары | *Тапсырма түрлері | Балл | |||||
Түсіну және жауап беру | Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі. Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ», «Дабыл» әңгімелері. Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі. | 8.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау; 8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; 8.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу | Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар | 5 | |||||
Анализ және интерпретация | 8.2.1.1 Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау; 8.2.2.1 Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау | Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар | 10 | ||||||
Бағалау және салыстыру | 8.3.3.1 Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу | Толық жауапты қажет ететін сұрақтар | 5 |
Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут
Анализ және интерпретация - 15 минут
Бағалау және салыстыру - 20 минут
Балл саны: 20
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен, 11 тапсырмадан тұрады: Бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екіншісі - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыру дағдыларын тексеруге арналған.
2020-2021 оқу жылы
8-сыныптың «Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Бөлім: «Қиял мен шындық»
1-БӨЛІМ
1. Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі оқиғаның шиеленісін анықтаңыз.
А) Жапанда жалғыз нардың кезігуі
В) «Нар идірген» күйінің дүниеге келуі
С) Күйшілердің жолдағы әңгімесі
Д) Қыздың әкесіне қолқа салуы [1]
2.Оның қасындағы күрең атты – жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған, қағылез кісі. Бұл осы өңірге аты кең жайылған Естемес күйші еді.Үзіндіге қатысты дұрыс жауапты белгілеңіз.
А) Пролог, жанама мінездеу
В) Эпилог, тура мінездеу
С) Эпилог, жанама мінездеу
Д) Пролог, тура мінездеу [1]
3. Ж.Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» шығармасының идеясы не?
А) Айдағы жасырынбақ
В) Жер тазалығын сақтау
С) Ай табиғатын зерттеу
Д) Көлеңке қоюлығын анықтау [1]
4. «Мәңгілік бала бейне» шығармасындағы Ләйлә қыздың бейнесін анықтаңыз.
А) Ел басына қатер тұнған күннің, қасіреттің белгісі
Ә) Жақсылықтың емес, тек қана жамандықтың бейнесі
Б) Адамдардың тәубесіне келіп, шүкірлік ету белгісі
В) Атом сынағынан зардап шеккен кінәсіз жанның бейнесі [1]
5.«О, жарық Ай, мүсіркеме сен мені! Мен күнәсіз қыз баламын. Сезімім бүтін, ақылым дұрыс, бірақ мынау тіршілік дүниесінен безінген жұдырықтай жүрегім ....................................... толы.»Көп нүктенің орнына тиістісін қойыңыз.
А) кек пен қасіретке
В) мұң мен шерге
С) қиял мен шындыққа
Д) ыза мен жек көрушілікке [1]
2-БӨЛІМ
6-8-тапсырмаларды орындау барысында 5-6 сөйлеммен өз ойыңызды білдіріңіз.
6. Т.Ахтановтың «Күй аңызындағы» ботасыз нарды идірген кім еді? Оның бойындағы қасиетіне өз көзқарасыңызды шығармадан үзінді келтіре отырып дәлелдеңіз. [3]
7. Ж.Сахиевтің фантастикалық әңгімесі неліктен «Айдағы жасырынбақ» деп аталады? Шығармадан мысалдар келтіре отырып талдаңыз. [3]
8. Шығармадағы ай сәулесі, аймен сырласу, жым-жырт түн, жапан түз, жаралы жер ұғымдарының қолданылуы туралы не айтар едіңіз? Автор бейнесін талдаңыз. [4]
3-БӨЛІМ
9. «Өнер – өмір өрнегі» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдаңыз. Көлемі: 120-130 сөз [5]
Барлығы: 20 балл
Қазақ әдебиеті пәнінен балл қою кестесі
№ | Жауап | Балл | | ||
1 | Д | 1 | 5 | ||
2 | Д | 1 | |||
3 | В | 1 | |||
4 | В | 1 | |||
5 | А | 1 | |||
6 | Шығарма сюжетін талдайды; | 1 | 105 | ||
Шығармадан үзінді келтіре отырып дәлелдейді; | 1 | ||||
Өз көзқарасын білдіреді; | 1 | ||||
7 | Шығарманың атауына тоқталады; | 1 | |||
Шығармадан мысалдар келтіреді; | 1 | ||||
Идеясына талдайды; | 1 | ||||
8 | Сөздердің қолданысын талдайды; | 1 | |||
Автор бейнесіне талдайды; | 2 | ||||
Өз ойын дәлелдейді; | 1 | ||||
9 | Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын талдайды; | 1 | 5 | ||
Өзіндік гуманистік ой-пікірін танытады; | 1 | ||||
Әдеби эссе жазады; | 1 | ||||
Логикалық қорытынды жасайды; | 1 | ||||
Жазба жұмысының құрылымын сақтайды. | 1 | ||||
Барлығы | 20 | |