Файл: аза дебиеті пнінен за мерзімді жоспар (8сынып) Оулы авторы С. Дрібаев, Г. Орда, А. Сатылова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.04.2024
Просмотров: 49
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қосымша 6.
2020-2021 оқу жылы
8-сынып; ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
2-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы
| Тақырып | Оқу мақсаттары | *Тапсырма түрлері | Балл | |||||
Түсіну және жауап беру | Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауы, «Сарыарқа» толғауы. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны, «Жастарға» өлеңі. | 8.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау; 8.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану | Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар | 5 | |||||
Анализ және интерпретация | 8.2.1.1 Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау; 8.2.2.1 Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау; 8.2.4.1 Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу | Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар | 10 | ||||||
Бағалау және салыстыру | 8.3.4.1 Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу | Толық жауапты қажет ететін сұрақтар | 5 |
Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут
Анализ және интерпретация - 15 минут
Бағалау және салыстыру - 20 минут
Балл саны: 20
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен, 11 тапсырмадан тұрады: Бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екіншісі - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыру дағдыларын тексеруге арналған.
2020-2021 оқу жылы
8-сыныптың «Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Бөлім: «Көркем әдебиет және эпикалық сарын»
1-БӨЛІМ
1. «Үш қиян» шығармасындағы идеяны анықтаңыз. [1]
А) Шұрайлы қоныстарды тартып алған отарлау саясатының халық тұрмысына әсерін жырлау
В) Білімді игермеген елдің өркендемейтінін, қазақ жерін көркейтпейтінін ашып айту
С) Халыққа жайлы жер, шұрайлы қоныс, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман іздеу
D) Өмір мен өлімді, жастық пен кәрілікті жырлау, туған жердің сұлулығын паш ету
2. Берілген өлең жолдары Мұрат ақынның қай өлеңінен алынған? [1]
Бұл қоныс – жеті жұрттан қалған қоныс,
Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс.
Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ, Мамай,
Біз түгілі осыларды да алған қоныс.
А) Үш қиян
В) Сарыарқа
С) Әттең, қапы дүние-ай
D) Қазтуған
3. Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанында оқиға неден басталды? [1]
А) Кебектің аңда жүріп Еңлікпен кездесуі
В) Кебектің Нысан абызға бал аштыруы
С) Еңліктің Кебекке бар сырын ақтаруы
D) Матай аулында Кебектің өзін таныстыруы
4. «Еңлік-Кебек» шығармасындағы оқиға немен аяқталды? [1]
А) Екі жастың елден қашуымен
В) Жастарды өлтіру шешімімен
С) Еңлік пен Кебектің өлімімен
D) Ақынның түйінді ойымен
5. Шәкәрім «Жастарға» өлеңіндегі «Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық» деген жолдарда кімді меңзеді? [1]
А) ел жақсыларын
В) орыс ақындарын
С) ағартушы Ыбырайды
D) кемеңгер Абайды
2-БӨЛІМ 6-8 тапсырмаларды орындау барысында 5-6 сөйлеммен өз ойыңызды білдіріңіз. 6. М.Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауында «Мен қауіп еткеннен айтамын» дейді. Неден қауіптеніп еді? [3] 7. «Үш қияннан» алынған мына үзінді идеясын қолдана отырып, қайта өңдеп жазыңыз. Креативті жұмыс ұсыныңыз. [3] Еділді тартып алғаны — Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны – Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны – Ойдағысы болғаны. Маңғыстаудың үш түбек Оны-дағы алғаны. Үргеніш пен Бұхарға Арбасын сүйреп барғаны, Қоныстың бар ма қалғаны?! Мал менен басты есептеп, Баланың санын алғаны — Аңғарсаңыз, жігіттер, Замананы тағы да Бір қырсықтың шалғаны! | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
8. «Еңлік-Кебек» дастанынан берілген мына үзіндіні негізге ала отырып, автор бейнесін талдаңыз. [4] Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мәнім, Емес қой жастықпенен салған әнім. Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы? Аларсың көп ғибрат, байқағаның. А, Құдай, күнәмді өшір, сауапқа жаз, Таусылмайды рахматың, не болмайды аз. Жан кетіп, ағайын, мал қалған кезде, Өлмес, өшпес дәулетім - осы қағаз. 3-БӨЛІМ 9. Берілген әдеби сын-пікірге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазыңыз. [5] «Бұл жыр бізден кейін де жырлана береді. Әркездің жаңа ақыны өзінше өрнектейді, бірақ осы Еңлік-Кебек махаббатының алғашқы жыршысы боп Шәкәрім тұрады, келер ұрпақтың жадында...» Т.Молдағалиев Барлығы: 20 балл Қазақ әдебиеті пәнінен балл қою кестесі
|
Қосымша 7.
8-сынып; “ Қазақ әдебиеті ” пәні
2020-2021 оқу жылы
3-тоқсан
Бөлім бойынша жиынтық бағалау №5
Бөлім: «Махаббат пен абырой»
Тақырып | Міржақып Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы, Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесі |
Оқу мақсаты | 8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу 8.3.2.1 Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану, жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 25 минут |
Тапсырмалар
1. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романында қандай ұлттық мәселе көтеріледі? Ұлт мүддесін ойлаған жазушы қандай идеяны негізгі етіп алады? Ойыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.
2. «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы шығарма туралы өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
1. Пікір. РомандағыЖамалдыңаянышты тағдыры туралы өз пікіріңізді жазыңыз. (1 сөйлем)
2. Дәлел. Өз ойыңызды аргументпен дәлелдеңіз. (1 сөйлем)
3. Мысал. Пікірді өмірмен байланыстырыңыз, мысал келтіріңіз. (1 сөйлем)
4. Қорытынды. Өзіндік қорытынды шығарыңыз. (1 сөйлем)
3. Шығарма үзінділеріндегі көріністерді талдаңыз. Материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, баға беріңіз.Көлемі: 4-5 сөйлем.
Шығарма үзіндісі | Салыстырмалы талдау, баға беру |
Біздің апаларымыз алма, алқоры алғаннан гөрі, сол құрғыр айна, тарақ, ине-жіп алғанды пайда көреді. Тек әкем Момыш қана бала құмарлығын түсінетін еді. Әке-шешесі ақша бермей, бұртиып тұрған балалардың бәрін қаз-қатар тізіп қояды да бақалшыға: - Әй, сарт, өрігіңнен бір қадақ, мейізіңнен бір қадақ, мәмпәсиіңнен бір қадақ тарт, - дейді. Соның бәрін тепе-тең бәрімізге бөліп береді. | |
Менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні әлі құлағымда. | |
Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді. - Кімнің баласысың? – деп сұрайтын ол. - Мен Момыштың ұлымын. - Момыш кімнің баласы? - Момыш – Имаштың баласы. Осылай жеті атаға дейін жетелеп отырып санататын. Сонан соң менің жеті атаға дейінгі білімімді тексеретін. Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген. | |
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл | |
Білім алушы | ||||
Шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады. | 1 | көтерілген ұлттық мәселені анықтайды; | 1 | |
шығарманың идеясын ашады; | 1 | |||
өзіндік көзқарасын білдіреді; | 1 | |||
сөз көлемін сақтайды; | 1 | |||
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады. Шығарманың жаңашылдығына баға береді. | 2 | шығарма үзінділеріндегі көріністерді талдайды; | 1 | |
заманауи тұрғыда салыстыру жасайды; | 1 | |||
материалдық, рухани құндылықтарға баға береді; | 1 | |||
ойын жүйелі жеткізеді; | 1 | |||
сауатты жазады; | 1 | |||
сөйлемдерді стильдік жағынан дұрыс құрайды. | 1 | |||
Барлығы | | 10 |
Қосымша 8.
8-сынып; Қазақ әдебиеті
2020-2021 оқу жылы; 3-тоқсан
Бөлім бойынша жиынтық бағалау №6
Бөлім: «Махаббат пен абырой»
Тақырып | Дулат Исабеков «Әпке» драмасы, Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы |
Оқу мақсаты | 8.2.3.1-шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау; 8.3.4.1-шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 25 минут |
1-тапсырма
Кестені толтырып, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдаңыз.
Мысал | Қолданылған көркемдегіш құралдар | Қолданысын талдау | |
| | |