Файл: Оу дістемелік кешеніне тсіндірме жазба Курсты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 48

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Аннотация

            Ұсынылып отырған оқу – әдістемелік кешенінде құқықтың, банк құқығы және Қазақстан Республикасының Конституциясы, әкімшілік, азаматтық, қаржы, салық сияқты құқықтың негізгі санаттары мен ұғымдарын қамтиды.

            Оқу – әдістемелік кешенінде банк құқығының ұғымы, банк қатынастары, банк құқығы тараптарының құқықтары мен міндеттері, банктік шарты, банктік операциялар түрлері, ҚР Ұлттық банкі мен орталық банктер туралы толық әрі жан – жақты қарастырылған. Бұл әдістемелік кешенінде банктік операцияларды жүзеге асыру, шарт бойынша құқықтары мен міндеттері бұзылған жағдайда құқықтарын қайта қалпына келтіруге қатысты анықтамалар қамтылған. Сонымен қатар банктік құпия мәліметтер мен банктік ақпарат туралы, ҚР банк заңнамасын бұзған жағдайда қолданылатын тәртіптік шараларға біршама назар аударылған. Банк туралы, лицензия туралы нормативтик құқықтық актілерге сүйене отырып толық сипаттама ұсынылған.

Оқу – әдістемелік кешенінде «ҚР банк құқығы» пәні бойынша дәрістер, терминдер, өзін – өзі бақылау сұрақтары, практикалық сабаққа дайындалуға арналған әдістемелік нұсқаулықтар, тест тапсырмалары берілген. Сонымен қатар оқу – жұмыс бағдарламалары да қамтылған. «Құқықтану» мамандығының күндізгі және сырттай бөлімдері студенттеріне арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу – әдістемелік кешеніне түсіндірме жазба

Курстың мақсаты  студенттерді банк құқығының түсінігі мен жалпы сипаттамасымен, банк шарты ұғымы, банк қатынастарының реттелуі, несиемен қамту қатынастары, банктік шоттар мен депозиттер, банктік ақпарат пен банктік құпия мәліметтермен таныстыру.

 Курстың міндеті:

-          Студенттерге курстың өзекті мәселелерін оқыту;

-          Құқық бұзу мен заңдық жауапкершіліктер туралы түсініктерді оқыту;

-          Бұл білімдерді тәжірибелік жұмыстарда және күнделікті өмірде қолдана білу және нормативтик құқықтық актілерді дұрыс қолдана алу.

Осы пәнді оқу үшін жасалған бұл оқу құралы дәрістерден, термин сөздерден, практикалық сабақтардан, нұсқаулықтардан, тесттік тапсырмалардан тұрады.

Оқу сабақтарының құрылымы:

Жұмыс бағдарламасына сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ПС (практикалық сабақтар). Лекция студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеруі үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі керек.


Семинар сабақтарында студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын, белсенді ой әрекет талап ететін тәсілдер мен әдістерді меңгеруі керек.

Студентке берілген өзіндік жұмыс арқылы үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.

Практикалық сабақтарына студент теориялық қорытындыларын, яғни теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал – жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады. Тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестендіріп дәлелдеуді үйренеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу жұмыс жоспарынан үзінді

Курсы

Барлық сағат саны

Теориясы

Практикасы

Бақылау түрі

3

66

16

50

1 бақылау жұмысы

1 сынақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Оқу жұмыс бағдарламасына түсіндірме жазба

«Банктік құқық» пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасы 0201000 «Құқықтану» мамандығының 0201023 «Кеңесші - заңгер» біліктілігі бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығына ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.01.2016 ж өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №72 бұйрығының 7-8 қосымшасына сәйкес жалпы орта білім базасына жасалды.

Пәнді оқытудың мақсаты – банктік құқықты құқық саласы ретінде, субьектілері мен обьектілерін, қайнар көздерін, құқықтық қатынастарын, ҚР Ұлттық банкінің құқықтық мәртебесі мен қызметін, ҚР коммерциялық банктерін, мемлекеттің ақша – несие саясатының құқықтық негіздерін оқыту.

«Банктік құқық» пәнін жүзеге асыру барысында оқытудың келесі түрлері ұсынылады: дәрістер, семинарлар, саяхаттар, практикалық сабақтар. Оқу материалдарының мазмұнының қиындығы мен ерекшелігін ескере отырып, келесі оқыту әдістері ұсынылады: әңгімелесу, пікірсайыс, жағдаяттық есептер шешу, өндірістік жағдаяттарды талдау, рөлдік және іскерлік ойындар, саяхат, материалдарды таныстыру, шағын топтармен жұмыс істеу.


Оқу жұмыс бағдарламасында оқытылатын курс мына көрсетілген пәндерге негізделеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, құқықтық ақпаратты автоматты өңдеу, мемлекеттік тілде іс жүргізу.

Курста алынған білімді, келесі пәндерде қолданылады: кәсіпкерлік құқық, азаматтық құқық, нотариат.

Осы оқу жұмыс бағдарламасы оқу материалдарын меңгеру мақсатында, банктік қызмет көрсетудегі практикалық мәселелерді шешуде дағдыны игеруге ықпал ететін практикалық сабақтарды жүзеге асыруды көздейді.

«Банктік құқық» пәніне барлығы 66 сағат берілген, 1 бақылау, 1 сынақ қамтылған. Оның ішінде:

-          Теориялық оқыту 16 сағат;

-          Практикалық оқыту 50 сағат

 

 

 

 

 

 

 

Пәнді оқытуда жоспарланатын нәтижелер

Білім алушылар төмендегідей құзіреттерді меңгеруі қажет:

Базалық:

БҚ 2.2 Кәсіпорынның құқықтық қызметінде нормативтік құқықтық құжаттарды қолдану;

 

 

 

 

 

БҚ 2.6 Еңбек ету барысында білім мен дағдыларды жаңартып отыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіби:

КҚ 2.1 Құрылымдық бөлімшелер мен қоғамдық ұйымдарға әртүрлі құқықтық құжаттарын ресімдеуге құқықтық көмек көрсету;

 

 

 

 

 

Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар:

Біледі:_-Қазақстан_Республикасының_Конституциясын_және_банктік_қызметтегі_қолданыс_заңдарын;Меңгереді'>Біледі:

-Қазақстан Республикасының Конституциясын және банктік қызметтегі қолданыс заңдарын;

Меңгереді :

-нормативтік құқықтық актілерді заңдар мен заңға тәуелді актілерге топтастыруды жіктеуді;

Құзыретті:_-қолданыстағы_құқықтық_заңдарды_қолдануға.Біледі'>Дағдысын қалыптастырады:

-нормативтік құқықтық заңдармен жұмыс

Құзыретті:

-қолданыстағы құқықтық заңдарды қолдануға.

Біледі:

-Қазақстан Республикасының Конституциясындағы және қолданыс заңдарындағы өзгерістерді;

Меңгереді:_-«Банктік_қызмет_туралы»_ҚР_Заңының_негізгі_баптарын_айқындауды;Дағдысын_қалыптастырады'>Меңгереді:

-«Банктік қызмет туралы» ҚР Заңының негізгі баптарын айқындауды;

Дағдысын қалыптастырады:

-нормативтік құқықтық актілермен дербес жұмыс;

Құзыретті:

-банк заңдылығы саласында білімді жаңартуға.

Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар:

Біледі:

-өндіріс қызметіндегі банктік құқықтың ролін;

-банктердің есеп және есеп беру элементтерін;

-банктік қызметтегі салық салудың құқықтық реттелуін;

Меңгереді:

-банктік құқықтық қатынастар түрлерін талдауды және сипаттауды;

Дағдысын қалыптастырады:

-құрылымдық бөлімшелер және қоғамдық ұйымдармен жұмыс;

Құзыретті:

-банктік құқықтық қатынастарды анықтауға

КҚ 2.6 Пайдалы кеңес беру және құқықтық сипаттағы құжаттарды рәсімдеуге көмектесу

 

 

 

 

 

 

 

 

КҚ 2.7 Тұрғындарға әлеуметтік – қызмет көрсету

Біледі:

-ҚР қолданыс қатынастарды анықтауға

Меңгереді:

-құқықтық сипаттағы құжаттарды ресімдеуге практикалық кеңестер беруді;

-банктік заңдарды жүйелеуді;

Дағдысын қалыптастырады:

-банктік құжаттармен жұмыс;

Құзыретті:

-әртүрлі шарттар құрастыруға.

Біледі:

-банктік заңдылықтарды;

-банктік шарттардың құрылымын;

-банктік шарттардың ұғымын, мазмұнын, мерзімдерін;

Меңгереді:

-банктік шот шарттарының түрлерін ажыратуды;

-банктермен төленетін салықтарды есептеуді;

-несиені қамтамасыз ететін әдістерді;

Дағдысын қалыптастырады:

-банктік заңдарды түсіндіру;

Құзыретті:

-банктік заңдар бойынша кеңестер беруге;

-банктік құжаттарды дайындауға.

Арнайы:

АҚ 2.4 Көрсетілетін қызмет түрлерінің орындалу әдіс тәсілдерін жетілдіру

Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар

Біледі:

-шарт құрастыру құрылымын

-шарттың негізгі элементтерін

-шарт жасасу ережелерін

-шарт жасасу тәртібін

Меңгереді:

-банктік шарттар түрлерін анықтауды

-банктік шот, несиелік, депозиттік шарттарды негізгі элементтерін сипаттауды

Дағдысын қалыптастырады:

- банктік шот, несиелік, депозиттік шарттарды белгілеу, өзгерту, тоқтату тәртібі

Құзыретті:

-банктік шарттар құрастыруға.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
Пәннің тақырыптық жоспары және мазмұны

Тақырыптық жоспар



р/с

Тақырыптар мен бөлімдер атауы

 

Барлығы

Теория

Практика

1.

1 бөлім Банк және банктік қызметі

 

 

 

2.

1.1  тақырып Банк және банктік қызмет ұғымы

2

2

 

3.

1.2  тақырып Банктік қызметті реттейтін құқықтық актілер

2

 

2

4.

2 бөлім Банктік құқық ұлттық құқық саласы ретінде

 

 

 

5.

2.1 тақырып Банктік құқық пәні, жүйесі және қайнар көздері

2

2

 

6.

2.2 тақырып Банктік құқықтық қатынастар, олардың субъектілері

2

 

2

7.

2.3 тақырып Коммерциялық банктер қызметінің қағидалары

2

2

 

8.

2.4 тақырып Коммерциялық банктің ұғымы мен құқықтық жағдайы

2

 

2

9.

2.5 тақырып Банктік ұйымдастыру қағидалары

2

 

2

10.

2.6 тақырып Банктік жүйе

2

2

 

11.

2.7 тақырып ҚР екінші деңгейдегі банктердің жалпы сипаты

2

 

2

12.

2.8 тақырып ҚР банк қызметінің заңдылық негіздері

2

 

2

13.

2.9 тақырып Банктік құқықтық мақсаты мен мүмкіндіктері

2

 

2

14.

2.10 тақырып Банк қорының қалыптастырылуы және жұмсалынуы

2

 

2

15.

2.11 тақырып ҚР Ұлттық банктің құқықтық мәртебесі және қызметі

2

2

 

16.

2.12 тақырып ҚР Ұлттық банкі актілерінің жүйесі мен қолданысы

2

 

2

17.

2.13 тақырып Ақша несие саясатының мазмұны, нысаны және негізгі бағыттары

2

2

 

18.

2.14 тақырып Әлемдік қаржылық дағдарыс және ҚР банктерінің дамуы

2

 

2

19.

2.15 тақырып Банктік шарттардың ұғымы

2

 

2

20.

2.16 тақырып Банктік шарттардың түрлері

2

 

2

21.

2.17 тақырып Банктік ақпарат және банк құпиясын құқықтық қорғау

2

2

 

22.

3 бөлім Банктік операцияларды құқықтық реттеу

 

 

2

23.

3.1 тақырып Қазіргі заманғы банктік құқықтағы банктік шот институты

2

 

2

24.

3.2 тақырып Банктік есеп айырысудың құқықтық түп негізі мен нысаны

2

2

 

25.

3.3 тақырып Несиелік қатынастар ұғымы және құқықтық нысандары

2

 

2

26.

3.4 тақырып Несиелік міндеттерді қамтамасыз ету институтының ұғымы мен тағайындалуы

2

 

2

27.

3.5 тақырып Несиелік қатынастарды құқықтық реттеу

2

 

2

28.

3.6 тақырып Валюта ұғымы және валюталық заңнамалар

2

 

2

29.

3.7 тақырып Валюталық курстар және валюталық нарық

2

 

2

30.

3.8 тақырып Валюталық операциялар режимі

2

 

2

31.

3.9 тақырып Дебиторлық берешекті несиелеудің құқықтық нысаны

2

 

2

32.

3.10 тақырып Банктік есеп айырысу құқықтық қатынастары

2

 

2

33.

3.11 тақырып Валюталық нарық және валюталық операциялар

2

 

2

34.

3.12 тақырып Банктің бағалы қағаздармен жұмысын құқықтық реттеу

2

 

2

35.

3.13 тақырып Банктердің есепке алу мен есептілігін құқықтық реттеу

2

 

2

36.

3.14 тақырып Банктік қызметте салық салуды құқықтық реттеу

2

 

2

37

Бақылау жұмысы

1

 

 

38

Барлығы

66

16

50


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДӘРІСТЕР

1 – Дәріс. Банк және банктік қызмет ұғымы

Жоспары : 1. Банк, оның мәртебесі

                     2. Банктік қызмет

Банк – ҚР Банк және банк қызметі туралы  Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны тіркеуші органдарда (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі лицензиясының болуымен айқындалады. Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады. Банк ашуға рұқсат беру тәртiбi мен оған рұқсат беруден бас тарту негiздерi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленедi. Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке лицензия беру туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдағанға дейiн заңды күшi болады. Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган керi қайтарып ала алады. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия берiлген жағдайда немесе банктiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда, банк ашуға берiлген рұқсатты банк уәкiлеттi органға қайтаруға тиiс. Банк өзiне банк ашуға берiлген рұқсатты ерiктi түрде қайтаруға және заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге құқылы. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып құрылады. Банк құру жөнiндегi құрылтай шартында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерiн қоса құрылтайшылар туралы мәлiметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi жөнiндегi деректер (заңды тұлғалар үшiн), аты-жөнi, азаматтығы, тұрғылықты жерi мен жеке өзiн (жеке адамдар үшiн) куәландыратын құжат деректерi;акциялардың саны, санаттары мен орналастыру бағалары туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.Банк жарғысында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:банкiнiң толық және қысқартылған атауы; банк қорларын пайдалану түрлерi мен тәртiбi туралы мәлiметтер;банк органдарының шешiм қабылдау тәртiбi қамтылуға тиіс. Банктер