Файл: Реферат Пні Философия Таырыбы Жаа дуір философиясы Тексерген Анламасова Ы. Ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Монадалар туралы ілім келесі жағдайларға сүйеніп негізделеді:

  • Монада – ол субстанция – барлық тіршіліктің бастауы және бөлінбейтін қасиеттерімен ерекшеленеді;

  • Ол әрекетшілдік, дербестік, тәуелсіздік қабілеттеріне ие болған;

  • Монада – адамның жаны тәрізді дербес рухани күштің орталығы;

  • Ол мәңгі, жаратылыстық табиғи жолмен пайда болмайды, жоғалмайды да;

  • Монада табиғаты – Құдайдың нұр шашуы, ол сыртқы күштің әсерінен өзгермейді.

Лейбниц монадалардан барлық заттарды құрайтын элементтерді көреді. Монадалардан әр түрлі тас, өсімдік, жануар, адам пайда болды. Кез келген күрделі субстанцияның өзіндік денесін құрайтын орталық келелі монадасы және көптегеншеткі, шалғайлық монадалары бар. Орталық монада күрделі субстанцияның мәніболып көрінеді және оған қабылдаудың айқындық деңгейі, елестету немесе ұғымның бар болуы мен жоқтығы тәуелді.

Монадалар даму дәрежелеріне байланысты:

  • қарапайым монадалар тек бұлдыр, бұлыңғыр елестерге;

  • монада – жан, түйсік, елестету (жануарларға да тиесілі);

  • монада – рухтар парасатқа (адамға тиесілі) тән ерекшеліктерімен ажыратылады.

Монадалар – өздеріне тиесілі денедегі жігерлі жандар. Дененің иесі ретінде өмір сүретін монадалар жетілмеген, сондықтан шектеулі. Тек Құдай жоғарғы монада ретінде абсолютті жетілген және еркін, таза әрекет сапасында көрінісін табады. Лейбниц диалектиканың белгілі бір элементтерін тауып, өзінен-өзі дамитын тұрақты өзгерістерге ұшырайтын монадалар идеясын алға тартады. Шексіз кішінің (монада) шексіз үлкенмен (Ғалам) байланысын көрсетіп, жеке мен жалпының байланысы идеясын ұсынады.

Лейбниц – таным теориясында рационалист, Декарттың бағытын ұстанушы. Лейбниц мәнді өзгерістер мен элементтерді Декарттың туа біткен идеялар теориясына қосты. Оның ойынша, туа біткен идеялар ақылдағы дайын ұғымдар (түсініктер) емес, интеллектінің түпкі бастама, қалыптасу шағы, олар әлі белгісіз, жете түсінілмеген, тек толық белгілі болғанға, ұғынылғанға дейін баяу, бірізді дамиды.

Сонымен, Лейбницше, білімнің екі бастауы бар: сезімдік мәліметтер мен парасат мәліметтері. Білім бастауларына байланысты ол ақиқаттың екі түрін ажыратады: қажетті ақиқаттар (немесе парасат ақиқаттары) және кездейсоқ ақиқаттар (фактіге негізделген ақиқаттар). Парасат ақиқаттары – мәңгілік ақиқаттар, Бұл ақиқаттың бастауы – парасат, адамның абстрактілі ойы.


Ал сезімдік тәжірибенің парасат мазмұны үшін маңызы болмайды. Адамның сезім мүшелері мәліметтерінің абстрактілі ой арқылы қол жеткізілетін ақиқаттың мазмұнына тигізетін әсері жоққа шығарылады. Парасат ақиқатын түсіну үшін, себепші, ынталандырушы ретінде көрінетін тәжірибенің, әсіресе оның факт ақиқаты танымындағы маңызы мойындалады. Лейбництің ойынша, егер адамдар еш нәрсе көрмесе, естімесе және т.с.с. онда олар өз парасатынан еш нәрсені таба алмайды, қажетті жалпы ақиқатты өмірге енгізбейді.

Факт ақиқаты мазмұнының парасат ақиқаты мазмұнынан айырмашылығы ақиқатқа адамның сезім мүшелерінің көрсеткіштері көмегі нәтижесінде қол жеткізуінде. Егер сезімдік мәліметтер парасаттың қажетті ақиқат мазмұнын аңғаруына ынталандырушы ретінде себеп болса, онда факт ақиқатын тануда олар білім мазмұнының негізгі бастауы болып көрінеді. Парасатқа ақиқатты мойындау үшін, оған қайшы келетін қандай да бір мүмкіндіктің жоқтығын түсіну жеткілікті. Факт ақиқаттары, керісінше, логикалық қорытындыларға сүйене алмайды, олар тәжірибе дәлелдеулерін керек етеді.

Жеткілікті дәлелдер заңы – факт ақиқатының ең жоғарғы заңы. Лейбниц пікірінше, кездейсоқ, факт ақиқаты үшін қосымша заң, жеткілікті дәлелдер заңы қажет. Алғаш рет жеткілікті дәлелдер заңын, логика заңы есебінде дәлелдеу, тұжырымдау – Лейбництің еңбегі.

Факт ақиқаты туралы ілім табиғат құбылыстарыньң себепті байланысы заңының танымына өтуге мүмкіндік береді. Табиғат заңдарының ой тұжырымы жолымен сырын ашуға болмайды, оларға логика қажетсіз. Ойша алғанда, олар кездейсоқ, сондықтан айрықша дәлелдеуді қажет етеді.

Томас Гоббстың (1588-1679 жж.) философиялық ілімі – Бэкон философиясынан бастау алатын дәйекті материализм, ағылшын философы, саяси ойшылы. Негізгі еңбектері: «Азамат жөнінде», «Левиафан, материя, шіркеу мен азаматтық мемлекеттің билігі мен бітімі». Ол «Левиафан» еңбегінде философия ғылымының зерттеу тақырыбы табиғат пен адам деп есептейді. Философияның бастауы – парасат, ал діннің бастауы – шіркеу беделі.

Гоббстың ойынша, әлем – материалдық дара субстанция, барлық тіршілік иесі осы субстанцияның көптеген түрін құрайды. Материя мәңгі, ол пайда болатын және жоғалатын жеке денелерден тұрады. Кез келген дененің ұзындық, ендік және биіктік өлшемдері бар. Әлем материалдық денелерден, әрбір дене жазықтықтан, жазықтық сызықтардан, ал сызық материалдық нүктелердің жиынтығынан құралады. Сонымен, материя – сапалық қасиеттерінен айрылған, тек мөлшерлік қатынастарда ғана айырмашылығы көрінетін біртектілер.



Материя қозғалысын механикалық түрде түсінген Гоббстың таным теориясы оның материалистік көзқарасын білдіреді. Әлемнің танымдылығын мойындаған түсінігінде объективтік дүние – адам білімінің бастауы, танымның негізі – «идея».

Объективтік дүниені сезімдік қабылдаулар, идеялардың бастауы деп санаған Гоббс туа біткен идеялар туралы білімге қарсы шығып: «Кез келген идея туа біткен бола алмайды, өйткені тек идеялардың емес, барлық танымның бастауы сезімдік қабылдаулар туындысы болады. ...қоршаған әлем денелерінің адамға әсерінен ең алғашқы идеялар өмірге келеді. Таным түйсіктен басталып, парасатпен аяқталады. Алғаш пайда болған идеялар алдағы уақытта парасаттың белсенді қызметінің үш түрлі тәсілдерімен қайта өңделеді, олар: салыстыру, үйлестіру, идея бөлінісі», – дейді.

Гоббс ойынша адамның табиғатынан туындайтын моральдық қасиеттері өзімшілдікке негізделген. «Адам табиғаты қомағай, тойымсыз, қорқақ, долы...хайуандыққа толы. Қоғамдық пенде ретінде пайда мен мансап іздейді, тек өзін ғана сүйеді», – дейді. «Жақсылық пен жамандық, игілік пен залымдық деген не?» деген сұраққа: «Жақсылық, игілік» деген сөздер бізге ұнайтын, пайдасы барды, ал «залымдық» деп оған қарама-қарсы нәрселерді көрсетеміз», – дейді. Мұндай мораль саласындағы көзқарас утилитаризм деп аталады.

Адамның еркі мәселесіне де үлкен көңіл бөлінеді. Бір жағынан, адам ерікті болса,екінші жағынан, қоғамдық қажеттіліктен аттап кете алмайды. «Өзендегі судың ағысы ерікті де қажетті, дегенмен ол арнасынан шығып кете алмайды. Адам да сол сияқты», – деп қорытады ойшыл.

Гоббстің мемлекеті – ол «Левиафан» немесе «жасанды дене», ол адамдар жасаған келісім – шарт негізінде пайда болады. Алғашқы табиғи сатыда мемлекет те, жекеменшік те, мораль да жоқ, тек адамдардың табиғи құқығы ғана бар. Ол өзінің өмірін сақтау үшін қандай әрекет жасаса да, шектеу қойылмайды. Осындай жағдайда «бәрінің бәріне қарсы соғысы» (“война всех против всех”) басталады.

Адамдар бір – біріне қасқыр тәрізді өмір сүреді. Адамдардың өз – өздерін құрту қаупі туып, табиғи жағдайдан азаматтық, мемлекеттік деңгейге көшу қажеттілігі туындайды. Сондықтан олар өздерінің құқығының белгілі бір бөлігінен ерікті түрде бас тартып, оны бір орталыққа бағынған билікке береді. Мемлекеттің пайда болуымен адамдар табиғи қалыпта пайдаланған құқықтарынан өз еркімен бас тартып, «жаратылыстық қалпынан» шығып, келісім бойынша, өздерінің қауіпсіздігіне кепілдік алады. Осындай қоғамдық келісім – шарттың негізінде мемлекет дүниеге келеді.


Джордж Беркли (1685-1753) – ағылшындық субъективист философ, ерекше тәсілмен жазған ойшыл. Негізгі еңбектерін ол 28 жасына дейін жазып бітіргенін де атап өткен жөн. Беркли Локктың сезімдік білім алғашқы және екінші сапаға ие, бірінші немесе алғашқы сапалар заттардың бойында реалды түрде бар, ал екінші сапалар – түс, иіс, дәм субьектіге ғана тән деген көзқарасын сынады. Оның ойынша, біз дүниені сезім мүшелері арқылы ғана қабылдаймыз сондықтан сапалардың объективтілігін, біздің санамыздан тыс тұратынын біле алмаймыз. Беркли заттар біздің сезім мүшелерімізге әсер етеді, бірақ біз заттардың нағыз мәнін көре алмаймыз, ал сапа – қасиеттердің өзі салыстырмалы ғана дейді. Мысалы, адамның бір қолы салқын, екіншісі – жылы болса, қолдарын жылы суға салған адамның суды сезінуі де екі түрлі болады. Яғни, Берклидің пікірінше, қабылдау субъектінің жағдай – күйіне тікелей байланысты. Бірақ ол бұл түсінікті абсолюттік дәрежеге дейін жеткізеді, материяның болмысы қабылдануға тәуелді деген пікірді дәлелдемек болады. Мысалы, бір затты адам қабылдамаса, ол зат өмір сүруін тоқтатқаны ма? Оған Беркли басқа адамдар немесе басқа тірі нәрселер қабылдайды, ең ақырында, мәңгілік қабылдаушы субъект Құдай қабылдайды деп жауап береді. Беркли осылайша заттың өзіне тән объективті сапасын жоққа шығарып, өмір сүретін субъективтік Мен’*, одан басқа нәрсе жоқ деп пайымдайды.

Давид Юм (1711-1776) – ағылшын философы, Локк пен Берклидің философиясын дамытушы. Адам өзін қоршаған дүниені сезім мүшелерінің көмегімен, түйсіктерінің жиынтығы арқылы таниды деп мойындағанымен, материалдық дүниенің реалды өмір сүретіндігіне күмән келтіреді. Оның пікірінше, адамның ақылы сезім мүшелері беретін білімнен басқа білім бере алмайды, өзінің рухани тәжірибесінен басқаны қорыта алмайды. Юм ойынша, тәжірибе дегеніміз әсерлер ағыны, оның себептері түсініксіз және тәжірибені логикалық жолмен дәлелдеу мүмкін емес, сондықтан тәжірибелік білім дұрыс бола алмайды. Юм осылайша себеп – салдарлық байланысқа қарсы шығады, себептіліктің объективтік сипатын тану мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Бірақ, оның ойынша, субъективтік себептілік бар, ол сезімдік әсерлердің идеяларды туғызуы. Мысалы, адамдар Күннің күн сайын шығатынына сенімді. Бұл сенімнің негізі – осы құбылыстың күнделікті қайталанатыны. Яғни, адамдардың практикалық сенімінің бастауы теориялық білім емес, қалыптасқан дағды – сенім. Осылайша Юм біржакты эмпиризмі, оны рационализмнен бөліп қарауы дүниені танып – білуге болмайды деген агностицизмге әкеліп соқты.


III. Қорытынды

Жаңа Дәуір философиясы туралы ойымызды қорытсақ, бұл кезеңдегі философия эксперименталдық ғылымдармен тығыз байланысты дамып, таным мәселелеріне басты назар аударған, әлеуметтік дамудың жаңа жолдарын іздеуге талпынған, қоғамдық келісім үлгілерін ұсынған, рухани маңызды күшті философия болды.

Р.Декарттың философиясының болашақ дүниеге деген көзқарастардың дамуына зор әсерін тигізгенін атап өтеміз. Сонымен қатар философияда әртүрлі қайшылықтар етек алып, әртүрлі бағыттардың арасындағы күрестер күшейе түседі. Солардың   ішінде   Ф.Бэконның  философиясын  әрі   қарай  дамытып, сонымен қатар Р.Декарттың философиясын сынға алған ойшылдардың ішінде әсіресе Т.Гоббсты атап өтуге болады.