Файл: Реферат Пні Философия Таырыбы Жаа дуір философиясы Тексерген Анламасова Ы. Ж.docx
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 19
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Дүниені танудағы ақыл – ойдың рөлін негіздеді; -
Субстанция, оның атрибутары мен модустары туралы ілімді ұсынды; -
Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіруге тырысып, дуализм теориясын негіздеді; -
Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясын ұсынды.
Онтологиялық (болмыс) мәселелер. Болмыс жөніндегі көзқарасында Р.Декарт дуалистік көзқараста болды. Оның ойынша, жалпы дүние жөнінде екі субстанцияны мойындауға тура келеді. Олардың біреуі — материалдық, заттық, денелік субстанция. Оның негізгі атрибуты — созылу, кеңістікте белгілі бір орын алу. Екінші субстанция — pyx. Оның негізгі атрибуты — ойлау. Жан – дүние бір сәт те тоқтамай, тұрақты ойлайды.
Бұл екі бір – бірінен тәуелсіз жатқан субстанция адам мәселесіне келген кезде үлкен қиындықтарды тудырады. Қалайша адамның денесі оның рухына, жан дүниесіне, ал соңғы оның денесіне сондай үйлесімді өз әсерін тигізе алады? Оны өз кезіндегі жаратылыстану тұрғысынан түсіндіре алмай, Р.Декарт Құдай идеясына келуге мәжбүр болады. Оның ойынша, тек Құдай ғана дене мен ойдың үйлесімді қарым – қатынасын тудыра алады.
Бірақ Р.Декарт өзінің космогониялық болжамында Құдайдың рөлін тек қана материяны жаратып, оны алғаш рет қозғап жіберуімен шектейді. Әрі қарай Дүние өзінің табиғи заңдылықтарының негізінде қалыптаса бастайды. Құйын сияқты қозғалған материалдық бөлшектер қыза келе жұлдыздарға, күнге айналады. Екінші ұсақ дөңгелек қозғалғыш элементтерден аспан пайда болса, ең соңында үлкен аз қозғалатын бөлшектер бір – бірімен қосылып, жер және басқа планеталардың денесін құрайды.
Ал жер бетіндегі өмір сүріп жатқан тіршілікке келгенде, Р.Декарт бұрынғы философиядағы гилозоистік көзқарастардан бас тартады. Өз заманында Аристотельдің болжаған өсімдік пен сезімдік жандарын Р.Декарт жоққа шығарады. Оған себеп болған 1628 ж. Гарвейдің ашқан қан айналысы болса керек. Соған сәйкес, Р.Декарт жануардың өмірлік мүшесі — ол оның жүрегі деген пікірге келеді. Ол ғылымда алғашқы болып, жануарлардың сыртқы әсерге жасайтын ішкі реакциясының механизмін ашты. Оның ойынша, сыртқы әсерді миға жеткізетін — артериялар ішінде қозғалатын ең ұсақ қан бөлшектері. Әрине, бүгінгі физиология ғылымының тұрғысынан мұндай пікірді тұрпайы деп бағалауға болар еді. Бірақ шартсыз рефлекстің алғашқы болжамын жасаған Р.Декарт екені сөзсіз. Сонымен егер жануарлардың жан дүниесі болмаса, онда олар өте күрделі машиналар.
Адам дене ретінде жануар әлеміне жақын, сонда ол да машина ма? деген сұрақ заңды түрде ойға келеді. Оған Р.Декарт үзілді – кесілді теріс жауап береді. Біріншіден, адам мақсатқа лайықты іс-әрекет жасай алады. Ол қандай да болсын сырттағы қалыптасқан ахуалға үйлесімді жауап бере алады, өйткені ол ақыл-ой елегінен барлығын өткізіп, шешімін табады. «Адамның ақыл-ойы, зердесі — жан-жақты кұрал», — дейді Р.Декарт. Адамның екінші ерекшелігі — ол сөйлей алатын пенде. Олай болса, адамның басқа тіршіліктен негізгі айырмашылығы — оның рухында.
Күмәндану принципі. Өзінің философиясының мықты негіздерін жасау үшін Р.Декарт «бәріне де күмәндану керек» деген шешімге келеді.
Рационалдық әдіс. Егер Ф.Бэкон сезімдік, тәжірибелік білімді арқа тұтып, ғылымдағы негізгі әдістемені индукциядан көрсе, Р.Декарт керісінше, сезімдік білімнің құндылығын теріске шығарып дедуктивті әдісті негізгі тану жолына айналдырды. Дедуктивті әдістің негізгі талаптары — ол, біріншіден, туа біткен интуиция арқылы ақиқатқа тек өте анық шынайы ой елегінен көрініп тұрғанды ғана алу; зерттелетін мәселені ой өрісі арқылы барынша ұсақ, тұрпайы бөлшектерге бөлу, содан кейін ғана жоғарыға қарай күрделілікке өрлеу; Негізінен алғанда, Р.Декарттың әдістемесі — ол интеллектуалдық интуицияарқылы алынған негізгі ұғымдарға сүйене отырып, басқа ұғымдарды, тұжырымдарды тудыру Егер интуицияда ақиқат тікелей ашық берілсе, онда дедукцияның дәнекерлігі арқылы ақиқатқа күрделі жол арқылы жетуге болады. Осы күрделі жолда бір ұғым байқалмай түсіп қалса, онда нәтижеге жету мүмкін болмай қалады. Сондықтан бүкіл дедукция жолын ұқыпты есептеп бақылап отыру қажет. Дедуктивті әдістеме арқылы әртүрлі нәтижелерге жетуге болады. Сондықтан Р.Декарт оны жасанды тәжірибе қойып, тексеріп отыру қажет деген пікір айтады.
Барух Спиноза (1632-1677ж.ж.) Амстердам қаласында еврей жанұясында дуниеге келедi. Ең алдымен ол дiни училищеде оқиды, бiрақ оны әкесi саудаға тартып, ол оқу орнын бiтiре алмай қалады. Сондықтан, ол өз бiлiмiн дербес өзiндiк дайындық арқылы толтырады. 1656 ж. Библияны сынағаны үшiн оны жергiлiктi еврей қауымы өз қатарынын шығарып, оған лағнет атады. Сондықтан, ол жеке басын асырау үшiн өмiр бойы көзiлдiрiк шыныларын өңдеп өте ауыр жағдайда өмiр сүредi. 45 жасқа келгенде өкпе ауруына шалдығып өмiрден ерте кетедi. Негiзгi еңбектерi: “Ақыл-ойды жетiлдiру жөнiндегi трактат, Этика, “Саяси трактат т.с.с. Өзінің басты шығармасы – «Этикада» ол Декарттың дуализмін сынға алып, әлемнің материалдылығы туралы монистік ілімді жарыққа шығарды.
Спиноза ойына қарағанда, заттар табиғатында екі субстанцияның болуы мүмкін емес екенін, бір субстанция екіншісінің себебі бола алмайтынын түсінеміз. Субстанция – Спиноза философиясының бастапқы түйінді ойы. Ол табиғаттың «өмір сүру қабілетінің абсолюттік шексіз» болатынын және оны өз болмысында сыртқы себептерді қажетсінбейтін субстанция ретінде қарастырады. Тек қана табиғат немесе субстанция қажетті түрде өмір сүреді, ол өзіне-өзінің себебі болады. Табиғаттан тыс, ешқандай бөлек себеп өмір сүрмейді.
«Жасампаз, жаратушы табиғатты» Құдай деп атап, табиғат пен Құдайды теңестіріп, бір – біріне сіңіріп, өзінің атеистік көзқарастарын пантеизм (Құдай мен табиғатты теңестіруші ілім) түрінде көрсетеді. Оның пікірінше, табиғат дегеніміз – себеп пен салдар, мән мен өмір сүру, ол мәңгі және шексіз. Табиғат – өзіне-өзі себеп болатын субстанция, өз мәнінен туындайтын мәңгі болмыс деп анықталады. Табиғат субстанция ретінде негізгі, бөлінбейтін қасиеттері – атрибуттарымен көрініс табады. Субстанция шексіз, сондықтан оның атрибуттары да сансыз көп. Бірақ, адам осы көптің ішінен екеуін: созылып жатқан ұзындықты және ойды таниды. Субстанцияны оның атрибуттарынан тыс елестетуге, ойлауға болмайды. Спиноза субстанция атрибуттарын өзгермейтін мәңгі қасиеттер деп анықтайды.
Субстанцияда шекті, әр кез қалыпты өзгерістерде болатын жеке заттарды ажырату керек. Жеке, шектеулі заттардың барлық жиынтығын Спиноза модус деп атайды. Егер субстанция өзімен – өзі дара өмір сүрсе, шексіз көп модус басқаларға тәуелді, оның өмір сүруіне өзгелер себепші болады. Табиғат, субстанция толық тыныштықта өмір сүрсе, модустар әлемі шектеулі, өзгерістерге ұшырап, үздіксіз қозғалыста болады. Субстанция мәңгі және өзгермейді, сондықтан қозғалыс субстанциясының атрибуты болмайды. Мәңгі қозғалмайтындықтан, уақытқа ешқандай қатысы жоқ, бастауы да, соңы да жоқ. Спинозаның ойынша, қозғалыс, сонымен бірге, тыныштық – мәңгі шексіз модус ретінде жылжымайтын субстанция мен өзгергіш дара заттар арасын байланыстырушы. Субстанциялар мен жеке заттардың арасындағы байланыстың осындай түсінігі имманенттік (имманентті – заттың өзіне іштей теңдігі) және сыртқы себептіліктерді қарама-қарсы қоюдан өз көрінісін табады.
«Имманенттік себептілік, – дейді Спиноза, – субстанция табиғатына тән, өйткені ол – өз – өзінің және модустардың барлық жиынтығының себебі. Сыртқы себептілік жеке модустарға тән, өйткені ол (сыртқы себеп) оның (модус) мәнінің қажеттілігінен туындамайды, тек басқа шектеулі модустың себебімен анықталады».
Спиноза әлемдегі қажеттіліктің абсолюттік үстемдігін қолдап, кез келген объективтік түрде кездесетін кездейсоқтықты теріске шығарады. Оның ойынша, адамдар бір нәрсенің пайда болуы мен өмір сүруінің себептерін білмей, оны кездейсоқ деп атайды.
Шектеулі заттар әлемінің дара субстанциядан айырмашылығы – оның себебі, мәні өзінде емес, басқа шектеулі заттарға тәуелді, сондықтан олардың әрқайсысы кездейсоқ бола алады. Осыдан Спиноза жеке заттарға қатысты абсолюттік қажеттілікті кездейсоқтықпен толықтарады.
Таным туралы ілімінде Спиноза рационализмді дамытып, танымды үшке бөледі.
-
Сезімдік танымды жеткіліксіз, бұлыңғыр, шынайылығы жоқ деп көрсетеді. Жеке заттардың қасиеттері туралы үстірт түсінік беруге қабілеттілік – сезімдік танымның басты белгісі. Демек, сезімдік таным – білімнің ең төменгі сатысы. -
Ақиқат таным парасатқа негізделуі керек, өйткені парасаттағы идея байланысы әлемдегі заттар байланысына және тәртібіне сәйкес келеді. -
Білімнің ең жоғарғы түрі – интуициямен ашылатын білім, яғни ақылдың тікелей пайымдауы. Адам сезімдік және ес танымынан тәуелсіз интуицияның көмегімен субстанция түсінігін ұғынады.
Тұтас алғанда, Спиноза барлық танымды сезімдік және парасаттық деп екі түрге бөліп, оларды қарама – қарсы қойды.
Ағылшын философы Джон Локк (1632-1704 жж.) философияның кең көлемді сұрақтарын зерттеп, білімнің сезімнен пайда болатынын дәлелдеуге талпынып,сенсуалистік (сезімдік қабылдауды таным үдерісінің негізгі формасы деп санайтынфилософиялық бағыт) таным теориясын жете зерттейді. Негізгі еңбектері: «Адамның зердесі жөніндегі тәжірибелер», «Мемлекетті басқару жөніндегі екі трактат», «Тәрбие жөніндегі кейбір ойлар». Адам парасатының тәжірибесі туралы еңбегі Декарттың туа біткен идеялар ілімін сынаудан басталады. «Егер біз қандай да болмасын білімнің пайда болған жолын көрсетсек, онда біз оның туа бітпегенін дәлелдейміз», – дейді Дж. Локк.
Декарт ілімін теріске шығарған ол: «Идеялар мұраға қалмайды, парасатта туа біткен ешқандай идея жоқ, білімнің жалғыз бастауы болатын тек тәжірибе», – дейді. Егер адамның жан дүниесінде ешқандай туа біткен идея болмаса, оны «таза тақта» ретінде қарауға болады. Адам өмірге келіп, тәжірибе жинап, сол «таза тақтаға» жазады. Мұндай сырттан алынатын тәжірибені Дж. Локк «сезімдік тәжірибе» деп атады.
Адамның барлық идеясы мен түсінігі сезім мүшелерінен тәуелсіз, одан тысқары өмір сүретін заттардың әсерінен пайда болады. Осыған байланысты Локк сезімде жоқ нәрсенің ақылда да болуы мүмкін еместігін ескертеді. Ол таным түрлерін зерттеп, идея, түсініктердің пайда болу бастауларын анықтайды.
Тәжірибені барлық идеялардың жалғыз бастауы деп көрсеткен Локк оны ішкі және сыртқы деп екіге бөледі. Сыртқы тәжірибенің объектісі сыртқы әлем болса, ішкінікі – жанның өзіндік қызметі. Біріншісі сезімдік танымның негізі болып, сезу түрінде, екіншісі рефлексия (сананың өз-өзіне назарын аударып, өзінің психикалықкүйіне ой жүгіртуі) түрінде көзге түседі.Сыртқы тәжірибе, сезім идеялары объективтік әлем туралы білім берсе, ішкі тәжірибе, рефлексия идеялары біздің жанымыздың қызметін және ішкі жағдайынашады.
Әлеуметтік, саяси идеяларында ойшыл адамды бақытты өмірге ұмтылатын пенде деп көрсетеді. Ізгілік, жақсылық дегеннің бәрі адамды рақат, қуанышты сезімге бөлейтін игіліктер. Жамандық пен зұлымдық – адамға зардап, қайғы, өкініш әкелетіндер. Бақытты болуы үшін, адамның материалдық сұраныстары қанағаттандырылуы керек.
Табиғи жағдайда адамдар ерікті, тең, бір-бірінен тәуелсіз өмір сүреді, өзін–өзі сақтау жолында еңбек етіп, белгілі бір материалдық игіліктерді жасайды. Осылай меншік мәселесі қоғамның мәңгілік проблемасы ретінде қаралады. Адам бүкіл өлі және тірі табиғат иесі болғанымен, олар ең пайдалыны жеке меншікке айналғанда ғана көреді. Ал меншіктің өзі пайда болмайды, оған тек еңбек нәтижесіндеқол жеткізіледі. Еңбек пен меншік қоғамның, бүкіл мәдениеттің негізін құрайды.
Мемлекеттің пайда болуы қоғамдық шартпен байланысты. Онымен бірге азаматтық ахуал өмірге келеді. Табиғи жағдайдан азаматтыққа өткенде, адамдардың еріктігі мен қолындағы меншігі сақталуы, азаматтардың меншігінің қорғалуы қажет.
Дж. Локк алғашқылардың бірі болып, өкімет билігінің бөлінуі қажеттілігін көрсетті.Заң билігі парламентте, атқару билігі сот пен армияда, федеративтік билік (басқа мемлекетгермен қарым-қатынас орнату) король мен үкіметтің қолында болуы қажет. Діннің мемлекеттен бөлінуін, бір – бірінің ісіне өзара қол сұқпау керектігін баса айтты.
Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716 жж.) – ғылым дамуына үлкен үлес қосқан неміс ғалымы. Негізгі еңбектері: «Адам зердесі жөніндегі жаңа тәжірибелер», «Теодицея», «Монадология». Философиялық көзқарастары «Монадалогия» еңбегінде баяндалған. Ол бар Ғаламның сансыз көп рухани субстанциялар – монадалардан тұратынын көрсетеді.
Монада – бүтін құрамның жеке бөлігі, қарапайым мән. Кез келген субстанция, күш, монада – болмыстың «бөлігі» болады. Өз табиғатында рухани монадалардан Лейбниц барлық заттардың құрылымын, құрамдас элементтерін көреді.