Файл: Орта таырып Блімше.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.04.2024

Просмотров: 54

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

    1. сабақ



Ортақ тақырып: Бөлімше:

Менің отбасым және достарым

1.1. Мен және менің отбасым

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Отбасындағы қамқорлық

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.1.3 – отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • отбасы мүшелері арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіреді;

  • отбасы мүшелері арасындағы қамқор қарым-қатынасқа мысалдар келтіреді;

Көптеген оқушылар:

  • отбасының кішкентай мүшелері үлкендерге қалай қамқорлық көрсететінін түсіндіреді.

Кейбір оқушылар:

  • болған жағдайға баға беріп, қамқорлық көрсетудің түрлерін ұсына алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

ФТ. Мұғалім сабақты бастайды. Сабақта бұл салмақты,

Зейінді әрі жан-жақты. Қалып қоймай жазып ал, Сөзді бөлме, құлақ сал. Анық сөйле сөзіңді, Ұқсын десең өзіңді.
Мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды.

– Сабақта не туралы айтатын боламыз.

Сәлемдесіп, өлең жолдарын тыңдап, түсінгендерімен

бөліседі.

Сабақтың тақырыбы туралы ойларымен бөліседі.




Өлең жолдары







  • Бүгінгі сабақта үлкен әрі қызықты жұмыс күтіп тұр.

  • Біз отбасы, отбасы мүшелері, ата- аналары мен балаларының

арасындағы қарым-қатынас, отбасылық қамқорлық туралы айтатын боламыз.










Ортасы

ФТ. Мұғалім әңгіме ұйымдастырады.

  • Балалар, сендер үшін «отбасы» сөзі нені білдіреді? Отбасы құрамына

кімдер кіреді?

  • Әр отбасының өмірі әртүрлі қамқорлықтарға толы. Отбасында бәрі бір-біріне қамқор болуға

тырысады. Тату-тәтті отбасындағы қамқорлық отбасы мүшелерінің арасында бөлінеді, үй тірлігін отбасы мүшелері бірігіп атқарады.

  • Отбасындағы сендердің міндеттерің қандай?

  • Оларды кіммен бірге атқарғанды ұнатасыңдар?

  • Отбасында әркімнің өз міндеттері болуының маңыздылығы неде?

  • Өзіңді қандай қасиеттерге тәрбиелеген жөн?


ФТ.Ж. Мұғалім оқулықтағы мәтін мен сұрақтар бойынша жұмыс ұйымдастырады.

  • Отбасындағы ата-аналарың қандай қамқорлықтарды мойнына алған?

  • Атаң мен әжеңнің немен айналысатынын айтып бер.

Сұраққа жауап бере отырып, әңгімелеседі.

Оқулықтағы мәтін мен сұрақтар бойынша жұмыс орындайды.

ҚБ
Тапсырма. Критерий

А. Отбасы мүшелері мен олардың істерін

бағыттаушы сызықпен қосады. Бұл үй

жұмыстарын тағы кім орындай алатынын айтады.

Дескриптор

  1. Бағыттаушы

сызықтармен отбасы мүшелері мен олардың атқаратын істерін қосады.

  1. Бұл үй шаруаларын тағы кімдер істей алатынын айтады. Тапсырма. Критерий В. Карточкалардағы сөздерді оқиды. Бұл

үй шаруасын отбасында кім атқаратынын

жазады.


Оқулық

Оқулық








  • Ата-анаңды, әжең мен атаңды қалай қуантуға болады?

  • Жақындарыңа қамқорлық

жасайсың ба? Өз жақындарыңа қандай істеріңмен қуаныш

сыйлайсың?
ФТ. Мұғалім сергіту сәтін ұйымдастырады.

Үйде нешеу екенбіз? Кел, санайық екеуміз. Бас бармағым – папам. Балаң үйрек – мамам. Ортан терек – ағам.

Шылдыр шүмек – мен. Кішкене бөбек – сен. Бір үйде біз нешеуміз, Бір үйде біз бесеуміз.
Ж. Мұғалім оқушы дәптерінде тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады.
Ж. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалардың орындалуын тексеруді ұйымдастырады.
ФТ. Мұғалім оқушылардан сабақтың қорытындысын оқуды сұрайды.

Отбасы – адамның ең құнды дүниесі. Отбасыларыңды өз жетістіктеріңмен жиірек қуантуға тырысыңдар.

  • Сонымен, сабақты қорытындылай келе, тағы бір рет әңгімелесейік.



Сергіту жаттығуын орындайды.

Оқушы дәптеріндегі

тапсырмаларды орындайды.
Оқи алатын оқушы сабақтың қорытындысын оқиды.

Дескриптор

  1. Карточкалардағы сөздерді оқиды.

  2. Бұл үй шаруасын отбасында кім атқаратынын жазады.


Тапсырма. Критерий С.1. Суреттері салынған қойылымдарды ойнайды. Өзі қалай істеп, қандай сөздер айтатындығын көрсетеді.

Дескриптор

  1. Салынған

қойылымдарды ойнайды.

  1. Өзі не істеп, қандай сөздер айтады, соны әңгімелейді.

  2. Үй шаруасының қандай бөлігін өз бетінше атқара алатынын айтады.


Оқушы дәптері







Туысқан және жақын адамдардың өмірін қалай жайлы, жеңіл етуге болады?

  • Отбасының жылуын сақтау үшін не істеу керек?

  • Қандай отбасылық шаруаларды отбасының басқа мүшелерімен бөлісе аласыз?

Әкеңе, анаңа өз сүйіспеншілігіңді қалай жеткізесің? Отбасының басқа мүшелеріне ше?

Мұғалім – оқушы, оқушы – оқушы диалогі арқылы орындалады.







Соңы

ФТ. Рефлексия.

  • Біз сабақта не үйрендік?

  • Бүгін қандай сұрақтарға жауап бердік?

  • Жаңадан не білдік?

  • Ол үшін біз не істедік?

  • Сабақта не ұнады?

  • Сабақтағы өз жұмысыңа баға бер.


«Оқушы дәптеріндегі» С.2. тапсырманы орында.

Сабақтың соңында өз жетістіктеріне баға береді. Сөйлемдерді жалғастыр: Мен ... біліп алдым. Мен есте

сақтадым. Мен істей алдым.
ҚБ. Мұғалім: – Жарайсыңдар,

балалар! Барлықтарыңа сабақтағы

жұмыстарың үшін алғыс білдіремін!

Білгендерімен бөліседі.

«Оқушы дәптеріндегі» С.2. тапсырманы орындайды.


ҚБ

Оқушы дәптері


    1. сабақ



Ортақ тақырып: Бөлімше:

Бізді қоршаған әлем

2.1. Жергілікті жерді бағдарлау.

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бағдарлау дегеніміз не?

Оқу бағдарламасына сәйкес

оқыту мақсаттары

1.2.1.1 – жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • жергілікті жерде бағдарлай білудің маңызын түсінеді;

  • жергілікті белгілері бойынша көкжиек тұстарын бағдарлай алады.

Көптеген оқушылар:

  • негізгі көкжиек тұстарын атайды;

  • көкжиек дегеннің не екенін біледі.

Кейбір оқушылар:

  • бағдарлай білу қажетті болатын мамандықтарды атай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

ФТ. Мұғалім сабақтың басын ұйымдастырады.

– Сәлеметсіңдер ме, қымбатты балалар!

Қоңырау сыңғырлап, сабаққа шақырды,

Сабақта болыңдар зейінді, ақылды!

Табиғатпен дос болып, құпиясын білуге,

Үйреніңдер бақылап, жұмбақтарын шешуге.

Сәлемдеседі, сабақтың тақырыбымен танысады.













Мұғалім сабақтың тақырыбын

хабарлайды: – Бүгінгі сабақта үлкен әрі қызықты жұмыс күтіп тұр. Біз

бағдарлауды үйренеміз.










Ортасы

ФТ.Ұ Мұғалім әңгіме ұйымдастырады:

– Мектеп ауласы мен мектепте жақсы бағдарлай аламыз ба, соны қайталайық. Мен сендерге жұмбақтар жасырамын, сендер оларды шешіп, қайда орналасқанын айтып, оларға

жол сілтейсіңдер.

Әңгімелеседі.





Жұмбақтар




Мектеп маңын қоршаған

Балаларды қорғаған. (Мектеп дуалы)

Жұмбақтарды шешеді.







Ауласында мектептің Әдемі боп өседі.

Өсіп қана қоймайды, Күзде жеміс береді.

(Жеміс ағаштары)










Заттарыңды қалдырып, Сабағыңа барасың.

Үйге қайтар кезіңде

Қиындықсыз аласың. (Гардероб)










Ойшылдар мен білімпаздар мекені, Онда байлық ғасырларға жетеді. (Кітапхана)










Секіріп, жүгіріп, Жаттығу жасайтын,














Мектепте жайлы орын, Денсаулықты шыңдайтын.

(Спортзал)
Сахнасында ән салып, Мереке өтетін Арнаулы орын бар,

Атын оның табыңдар. (Акт залы)
Үзілісте барамыз,

Ас мәзірін қараймыз.

Тамақтанып болған соң,

Сыныптарға тараймыз. (Асхана)
Денсаулықты тексеріп, Медбике апай жүреді. Арнаулы бір бөлме бар,

Балалар оны біледі. (Медкабинет)
– Жарайсыңдар, балалар! Сендер мектепте жақсы бағдар жасай аласыңдар. Бірақ көшеде, бейтаныс жерде қалай бағдарлауға болады?

ФТ. Мұғалім оқулық бойынша жұмыс ұйымдастырады.

Балалар мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді.


Оқушы дәптерімен

жұмыс. А. тапсырмасын орындау.


Оқулық бойынша жұмыс орындайды.


Тапсырма. Критерий А. Венгр сөзжұмбағын шешеді.

Дескриптор

  1. Венгр сөзжұмбағынан сабақ тақырыбына

қатысы бар сөздерді табады.

  1. Бір сөздің торларын бір түспен бояйды.


Тапсырма. Критерий

В. Сұрақтарға жауап береді. Бағыттаушы сызықтарға көкжиек


Оқушы дәптері

Оқулық







  • Айналаңды бағдарлау не үшін қажет?

  • Көкжиек дегеніміз не?

  • Көкжиектің қанша тұсы бар?

  • Көкжиек тұстарын білу не үшін қажет?

  • Қандай мамандық иелеріне көкжиек тұстарын білу қажет?

  • Көкжиек тұстарын қалай анықтайды?

  • Әр оқушы кез келген жерде, кез келген ауа райында тез әрі дұрыс бағдарлай білуі қажет. Оған

жергілікті жердегі белгілер (ерекше айқын белгілер) көмектеседі.

Жергілікті белгілерге ағаштар, құрылыстар және т.б. жатады.
Ж. Оқулықтағы суреттерді қарастырып, жергілікті белгілер бойынша бағдарлау туралы

қорытынды жасаңдар (оқушыларға экран арқылы көрсетуге болатын кесте ұсынуға болады).
ФТ. Мұғалім сергіту сәтін ұйымдастырады.

Бір, екі, үш

Жинап алдық күш,


Суреттерге қарап, жергілікті белгілер бойынша бағдарлау туралы қорытынды

жасайды (оқушыларға экран арқылы көрсетуге болатын кесте ұсынуға болады).


Сергіту жаттығуын орындайды.

тұстарын жазады.

Дескриптор

  1. Сұрақтарды оқып, суреттерді қарастырады.

  2. Жергілікті белгілері бойынша көкжиек тұстарын қалай

анықтауға болатынын айтады.

  1. Жергілікті белгілерге қарап, бағдарлай білудің қажеттілігін айтады.

  2. Бағыттаушы

сызықтарға С.О. деп жазады.

  1. Өз жауаптарын негіздейді.


Тапсырма. Критерий С. тұсбағдардың суретін салып, оның не үшін қажет екендігін айтады. Дескриптор

  1. Әртүрлі дереккөздерден тұсбағдардың не

екендігін біледі.

  1. Тұсбағдар дегеннің не екендігін айтады.

  2. Тұсбағдардың суретін салады.


Суреттер








Қарлығаш боп ұш. Төрт, бес, алты,

Қарлығаш боп қалқы. Жеті, сегіз, тоғыз, он, Қарлығаш боп қон.

Соз қолыңды оң жаққа, Соз қолыңды сол жаққа,

Қолды айналдыр бұлданбай, Шеңбер жасап тұрғандай.










Енді сабаққа ораламыз (балалар парталарына отырады).

Ж. Мұғалім оқушы дәптеріндегі тапсырмаларды тексеруді

ұйымдастырады.

Оқушы дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.



Оқушы дәптері

Соңы

ФТ. Рефлексия

  • Сабақта біз нені үйрендік?

  • Бүгін қандай сұрақтарға жауап бердік?

  • Жаңадан нені білдік?

  • Ол үшін біз не істедік?

  • Сабақта не ұнады?

  • Сабақтағы жұмыстарыңа баға беріңдер.

Үйренгендерімен бөліседі.

ҚБ







«Оқушы дәптеріндегі» тапсырманы орындау.

Аталғандардың ішінен таңдайды.

ҚБ. – Жарайсыңдар, балалар!

Барлықтарыңа сабақтағы

жұмыстарың үшін алғыс айтамын!

«Оқушы дәптеріндегі» тапсырманы орындайды. Сабақтағы өз жұмысына баға береді. Белсенді

жұмыс істедім. Жақсы жұмыс істедім. Бұдан да жақсы жұмыс істеуге

болушы еді.




Оқушы дәптері

    1. сабақ



Ортақ тақырып: Бөлімше:

Бізді қоршаған әлем

1.3. Менің атамекенім

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің туған өлкем

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

        1. – өз мекенжайын атау және елді мекеніңнің географиялық орналасқан жерін сипаттау;

        2. – өзің тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • Қазақстанның картасынан өз елді мекеніңнің орналасқан жерін тауып;

  • өз елді мекеніңнің әсем жерлерін атап;

  • «Біздің Отанымыз – Қазақстан» және «Менің туған өлкем» түсініктерінің айырмашылығын айтып, түсіндіре алады.

Көптеген оқушылар:

  • өз қаласы немесе ауылын сипаттап, олардың көрікті жерлері туралы айтып береді;

  • өз жауаптарын өмірден алған мысалдармен бекітеді; оқулық мәтінінен алған ақпараттарды пайдаланады.

Кейбір оқушылар:

  • туған өлке туралы сурет көрсетілімдерін даярлайды;

  • өзі тұратын көшенің тарихы бойынша шағын зерттеу жүргізетін болады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Жұмысқа оң психологиялық көңіл күй қалыптастыру.

Сәлемдесу:

  • Қайырлы таң, Күн! (Барлығы қолдарын көтеріп,түсіреді).

  • Қайырлы таң, аспан! (ұқсасқимыл)

  • Қайырлы таң, бәрімізге! (барлығы қолдарын жайып, сосынтүсіреді)

Оң психологиялық көңіл күй қалыптастырады.

Сәлемдеседі:

  • Қайырлы таң, Күн! (Барлығы қолдарын көтеріп,түсіреді).

  • Қайырлы таң, аспан!

(ұқсас қимыл)