ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.04.2024
Просмотров: 42
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жұтқыншақ қабырғасының құрылымы. Жұтқыншақтың қуысы жағынан бастап, сыртқа қарай қарастырғанда: біріншісі - шырышты қабық, tunica mucosa; екіншісі – шырышасты негізі, tela submucosa; үшіншісі -бұлшықетті қабық, tunica muscularis; төртіншісі - дәнекертінді қабық , tunica adventicia,- деп,аталады. Жұтқыншақтың мұрындық бөлігінің шырышты қабығы кірпікті, ал ауыздық және көмейлік бөліктері көпқабатты жалпақ эпителиимен жабылған. Шырышты қабық пен шырышасты негізінде көп мөлшерде жұтқыншақ бездері, glandulae pharуngeae, жекеленген лимфойдты түйіншелер, noduli lymphoidei solitarii, қан, лимфа тамырлары және нервтер орналасады.
Шырышасты негізі жұтқыншақтың төменгі бөлігінде, құрылымы бойынша кәдімгі шырышасты негізі болса, ал жоғарғы бөлігінде тығыздалып талшықты құрылым түзеді де, жұтқыншақ - базилярлық шандыр, fascia pharyngobasilaris, - деп аталады.
Жұтқыншақтың бұлшықетті қабығында көлденең жолақты бес бұлшықет бар.Олардың үшеуі жұтқыншақты қысатын бұлшықеттер,екеуі жұтқыншақты көтеретін бұлшықеттер ( 223 – сурет ).
223 – сурет. Жұтқыншақ бұлшықеттері, артқы көрінісі.
1 – жұтқыншақ-базилярлық шандыр; 2 – жұтқыншақтың жоғарғы қысатын бұлшықеті; 3 – біз - жұтқыншақ бұлшықеті; 4 –біз – тіласты бұлшықеті; 5 – жұтқыншақтың ортаңғы қысатын бұлшықеті; 6 – тіласты сүйегі; 7 – өңеш; 8 –жұтқыншақтың төменгі қысатын бұлшықеті; 9 – медиалды қанаттәрізді бұлшықет.
Жұтқыншақтың жоғарғы қысатын бұлшықеті, m.constrictor pharyngis superior, сынатәрізді сүйектен, төменгі жақсүйектен және тілден басталып, артқа жүреді де, жұтқыншақтың артындағы ортаңғы сызық бойында - қарсы жақтың бұлшықетімен қиылысып, жұтқыншақ жігін, raphe pharyngis, түзуге қатынасады.
Жұтқыншақтың ортаңғы қысатын бұлшықеті, m.constrictor pharyngis medius, тіласты сүйегінің үлкен және кіші мүйіздерінен басталады. Оның талшықтары жоғары, горизонталды және төмен жүріп жұтқыншақтың артындағы ортаңғы сызық бойында - қарсы жақтың бұлшықетімен қиылысып, жұтқыншақ жігін, raphe pharyngis, түзуге қатынасады.. Жоғарғы талшықтарыжоғарғы қысатын бұлшықеттің төменгі бөлігін жауып жатады.
Жұтқыншақтың төменгі қысатын бұлшықеті, m.constrictor pharyngeus inferior, қалқаншатәрізді және жүзіктәрізді шеміршектердің латералды беттерінен басталады. Оның талшықтары жоғары, горизонталды және төменгі бағыттарда жүріп жұтқыншақтың артындағы ортаңғы сызық бойында - қарсы жақтың бұлшықетімен қиылысып,
жұтқыншақ жігін, raphe pharyngis, түзуге қатынасады. Жоғарғы талшықтарыортаңғы қысатын бұлшықеттің төменгі бөлігін жауып жатады.
Жұтқыншақты көтеретіндер:
Біз - жұтқыншақ бұлшықеті, m.stylopharyngeus, самай сүйектің бізтәрізді өсіндісінен басталып, жұтқыншаққа енеді. Жұтқыншақты көтереді және кеңейтеді.
Таңдай - жұтқыншақ бұлшықеті, m.palatopharyngeus, аттас доғаның ішінде орналасады, жұтқыншақтың артқы қабырғасына бекиді. Жұтқыншақты көтереді.
Жұтқыншақтың тамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы: сыртқы ұйқы артериясынан кететін жұтқыншақтық жоғарылаған артерия, бет артериясынан кететін таңдайлық жоғарылаған артерия, және бұғанаасты артериясынан кететін қалқанша – мойындық сабау тармақтары. Веналық қан: жұтқыншақ веналары арқылы, ішкі мойындырық венаға құяды. Лимфа тамырлары: жұтқыншақ артындағы және ішкі мойындырықтық лимфа түйіндеріне құйылады. Н е р в т е н у і: сезімтал және парасимпатикалық нервтенуі – тіл-жұтқыншақ, кезбе нервтері. Симпатикалық нервтенуі – симпатикалық діңнен кететін көмей-жұтқыншақтық тармақтар.
ӨҢЕШ
Өңеш, оesophagus, жұтқыншақ пен асқазанның аралығында орналасатын, алдыңғы қабырғасы артқысымен қабысып тұратын түтікті (ұзындығы 30 см-ге дейін) ағза. Ересек адамдарда жұтқыншақ өңешке VІ - VІІ мойын омыртқалары деңгейінде өтсе, ал өңеш асқазанға Х – ХІ кеуде омыртқалары деңгейінде ашылады. Өңеш кеуде қуысынан іш қуысына көкеттің өңештік тесігі арқылы өтеді ( 224 – сурет ).
224 – сурет. Өңеш пен асқазанның сызбасы.
1 – жұтқыншақтыңкөмейлік бөлігі; 2 – өңеш; 3 – өңештің іштік бөлігі; 4 –асқазан түбі; 5 – асқазанның денесі; 6 – асқазанның үлкен иіні; 7 – он екі елі ішек; 8 – асқазанның қақпалық бөлігі; 9 – көкет; 10 – қолқаның кеуделік бөлігі; 11 – қолқа доғасы.
Өңештің үш бөлігін ажыратады:
Мойындық бөлігі, pars cervicalis, VІ - VІІ мойын омыртқалары деңгейінде басталып ІІ - кеуде омыртқасы тұсында аяқталады. Ол кеңірдек пен омыртқа бағанасы арасында орналасқан. Екі жағынан жалпы ұйқы артериялары өтеді.
Кеуделік бөлігі, pars thoracica, өңештің ең ұзын бөлігі. Өңештің мойындық бөлігі кеуделік бөлігіне өтерде аздап сол жаққа ауытқиды. Өңештің кеуделік бөлігі жоғарғы көкірекаралықта, төменгі жағында - артқы көкірекаралықта орналасады. Жоғарғы көкірекаралықта өңештің алдында - кеңірдек, артқы көкірекаралықта өңештің алдында – жүрекқап орналасады. ІV- кеуде омыртқасы деңгейінде өңеш алдыңғы - сол жағында қолқа доғасымен жанасады, ал, V-кеуде омыртқасы деңгейінде, кеңірдек айырығы және сол жақтағы басты бронхпен қиылысады. Бұл жерден төмен қарай өңештің сол жағында кеуделік қолқа орналасып,төмен жүреді де, кеуде қуысының төменгі бөлігінде өңештің артқы жағына өтеді. Ал,өңештің алдында – жүрекқап орналасады. Оң жақтағы кезбе нерв өңештің кеуделік бөлігінің төменгі жағында - өңештің артқы бетіне, ал, сол жақтағы кезбе нерв алдыңғы бетінде өтеді.
Іштік бөлігі, pars abdominalis, – ең қысқа бөлігі, бауырдың сол үлесіне жанасып жатады.
Өңештің үш анатомиялық тарылулары бар: біріншісі – жұтқыншақтық тарылуы - жұтқыншақтың өңешке өтетін жерінде орналасады. Екіншісі – бронхттық тарылуы - сол басты бронхпен қиылысатын жерінде орналасады. Үшіншісі – көкеттік тарылуы - өңештің көкет арқылы өтетін жерінде орналасады. Тірі адамдарда рентгендік зерттеу кезінде екі физиологиялық: қолқалық және жүректік (кардиалық) тарылулар кездеседі. Қолқалық тарылу - өңештің қолқа доғасымен жанасатын жерінде орналасады. Жүректік тарылу – өңештің асқазанға өтетін жерінде орналасады.
Өңеш қабырғасы төрт қабықтан: шырышты қабық, tunica mucosa, шырышасты негізі, tela submucosa, бұлшықеттік қабық, tunica muscularis, дәнекертінді қабық, tunica adventicia, құралған.
Шырышты қабық және шырышасты негізі қалың және жақсы жетілген. Олар бойлық қатпарлар түзеді. Ас өңеш арқылы өткенде бұл қатпарлар едәуір жазылып, өңештің қуысы кеңейеді. Шырышты қабық пен шырышасты негізінде көп мөлшерде өңеш бездері, glandulae esophageae, жекеленген лимфойдты түйіншелер, noduli lymphoidei solitarii, қан, лимфа тамырлары және нервтер орналасады.
Бұлшықеттік қабық ішкі дөңгелек және сыртқы бойлық қабаттардан тұрады. Өңештің жоғарғы бөлігі көлденең-жолақты бұлшықеттерден тұрады, ал, ортаңғы бөлігінде біріңғай салалы бұлшықеттермен алмаса бастайды. Төменгі бөлігінде біріңғай салалы бұлшықеттер орын алады. Бұлшықеттік қабық сыртынан дәнекертіндік қабықпен жабылған.
. Өңештің тамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы: өңештің мойындық бөлігіне бұғанаасты артериясының қалқанша – мойындық діңінен (сабауынан) кететін төменгі қалқанша артериясы, өңештің кеуделік бөлігіне қолқаның кеуделік бөлігінің өңештік тармақтары, өңештің іштік бөлігіне сол асқазандық артерия барады. Веналары: өңештің мойындық бөлігінен төменгі қалқанша венасы арқылы шығады. Өңештің кеуделік бөлігінен сыңар және жартылай сыңар веналарға құяды. Өңештің іштік бөлігінен сол асқазандық венаға құяды. Лимфа тамырлары: өңештің мойындық бөлігінен ішкі мойындырықтық лимфа түйіндеріне құйылады. Кеуделік бөлігінен омыртқаалдындағы лимфа түйіндеріне, іштік бөлігінен сол асқазандық лимфа түйіндеріне құяды. Өңештің лимфа тамырларының бір бөлігі лимфа түйіндеріне соқпай, тікелей кеуде түтігіне құяды. Н е р в т е н у і: парасимпатикалық нервтенуі – кезбе нервтері, симпатикалық нервтенуі – симпатикалық діңнін кеуделік бөлігінен кететін тармақтар.
АСҚАЗАН
Асқазан,ventriculus, өңеш пен он екі елі ішектің аралығында орналасқан ас қорыту жүйесінің қаптәрізді кеңейген бөлігі. Асқазанның жүректік (кардиалық) бөлігі, pars cardiaca, түбі ( күмбезі ), fundus( fornix) ventriculi, денесі, corpus ventriculi, және қақпалық бөлігі, pars pуlorica, болады ( 227 – сурет ).
227 – сурет. Асқазан, алдыңғы көрінісі.
1 – асқазанның жүректік (кардиалық) бөлігі; 2 – түбі ( күмбезі ); 3 – денесі; 4 –асқазанның үлкен иіні; 5 – асқазанның қақпалық бөлігі; 6 – он екі елі ішектің төмендеген бөлігі; 7 – он екі елі ішектің жоғарғы бөлігі; 8 – асқазанның кіші иіні; 9 – өңеш.
Сонымен қатар,оның алдыңғы қабырғасы, paries anterior, және артқы қабырғасы, paries posterior, үлкен иіні, curvatura ventriculi major, және кіші иіні, curvatura ventriculi minor, ажыратылады. Өңеш асқазанға жүректік тесік, ostium cardiacum, арқылы ашылады. Асқазанның осы тесікті қоршап жатқан аймағы жүректік (кардиалық) бөлігі деп, аталады. Осы бөліктің сол жағында, асқазанның жоғары қарай дөңестеніп шығып тұрған түбі, (күмбезі),орналасады. Асқазанның кіші иінінде бұрыштық тілік, incisura angularis,ажыратылады. Асқазанның ортаңғы бөлігі - денесі, деп аталады. Асқазан денесінің астыңда және оңға қарай қақпалық бөлігі жатады.Бұл бөліктің жоғарғы жағы - қақпалық үңгір, antrum pyloricum, және төменгі он екі елі ішекке жалғасатын жіңішке бөлігі - қақпалық өзек, canalis pyloricum, деп аталады.Асқазан мен он екі елі ішектің шекарасы қақпа, pylorus, сыртқы жағынан жіңішке жүлге түрінде білініп тұрады. Бұл жер қақпаны қысатын бұлшықетке, m. sphincter pylori, жәнеқақпа тесігіне, ostium pyloricum, сәйкес келеді.
Асқазанның көп бөлігі іш қуысының жоғарғы сол жақ бөлігінде - сол қабырғаастылық аймақта, regio hypochondriaca sinistra, аз бөлігі іш қуысының жоғарғы - құрсақүстілік аймағында, regio epigastrica, орналасады. Асқазанның алдыңғы беті сол жағында - көкетпен, оң жағында - бауырдың сол үлесімен, ортасындағы кішкене бөлігі - тікелей іш қуысының алдыңғы қабырғасымен жанасады ( 228 – сурет ).
228 – сурет. Асқазанның алдыңғы бетінің көрші ағзалармен жанасу бөліктері.
1 – адам денесінің ортаңғы сызығы; 2 – бауырмен жанасатын бөлігі; 3 –көкетпен жанасатын бөлігі; 4 – іштің алдыңғы қабырғасымен жанасатын бөлігі.
Асқазанның жүректік (кардиалық) тесігі Х- ХІ кеуде омыртқаларының сол жағында, ал қақпа тесігі ХІІ-кеуде немесе І-бел омыртқалары денесінің оң жағында орналасады. Асқазанның артында ұйқы безі, сол бүйрек және бүйрекүсті безі, көкбауыр, төменгі жағында көлденең жиек ішек жатады.
Асқазанды ұстап тұратын байламдар: кіші иініне бауыр-асқазан байламы, lig.hepatogastricum, бекісе, үлкен иінінен асқазан-көкбауыр, lig.gastrolienale, және асқазан-жиек ішек байламы, lig. gastrocolicum, кетеді.
Асқазан қабырғасының құрылымы. Асқазанның қабырғасы мына қабықтардан: шырышты қабық, tunica mucosa, шырышасты негізі, tela submucosa, бұлшықеттік қабық, tunica muscularis, сірліасты негізінен, tela subserosa, сірлі қабық, tunica serosa, құралған.
Асқазанның шырышты қабығы өңештің шырышты қабығынан ақшылдау келетін тісті сызық, ora serrata, арқылы бөлініп тұрады. Шырышты қабық пен шырышасты негізінде көп мөлшерде асқазан бездері, glandulaegastricae, аздаған жекеленген лимфойдты түйіншелер, noduli lymphoidei solitarii, қан, лимфа тамырлары және нервтер орналасады. Жақсы жетілген шырышасты негізі мен бұлшықеттік табақшасыныңың болуы арқасында шырышты қабық әр түрлі бағытта бір – бірімен қиылысып жатқан көп қатпарлар, plicae gastricae, түзеді. Қатпарлар қиғаш, көлденең және бойлық бағыттарда орналасады ( 229 – сурет ).
229 – сурет. Асқазанның шырышты қабығы.
1 – асқазанның қатпарлары; 2 – асқазан қақпасының тесігі; 3 – қақпаны қысатын бұлшықет; 4 –он екі елі ішектің шырышты қабығы; 5 – өңештің шырышты қабығы.
Асқазанның кіші иіні аймағында қатпарлар тек бойлық бағытта орналасып, асқазан өзегін,canalis ventriculi,құрайды. Бұл өзек арқылы ас бірден қақпалық бөлікке түседі. Асқазанның шырышты қабығыны, ені 1 – 5мм болатын дөңестеніп келген асқазан алаңшаларынан, area gastricae, тұрады. Алаңшалардың бетінде шұңқыршалар, foveolae gastricae, орналасады. Шұңқыршаларға асқазан сөлін бөліп шығаратын бездер (35 – 40 миллион шамасында) ашылады. Асқазанның шырышты қабығы, қақпа тесігін дөңгелек бағытта қоршап жатқан, асқазанды он екі елі ішектен бөлетін қақпа қақпашығын,valvula pylorica,түзеді.
Бұлшықеттік қабық, tunica muscularis, бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады.Үш қабаттан құралған: сыртқысы бойлық қабат, stratum longitudinale, өңештің бойлық бұлшықетінің жалғасы болып табылады. Негізінен асқазанның кіші және үлкен иіндерін бойлай орналасады. Ортаңғысы,