Файл: Ішкі азалар туралы ілім спланхнология ескерту.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 32

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
дөңгелек қабат, stratum circulare, өңештің сәйкес қабатының жалғасы, қақпаны қысатын бұлшықетті, m. sphincter pylori,түзеді. Бұлшықеттік қабықтың үшінші қабаты, қиғаш талшықтар, fibrae obliquae, жүректік тесікті айналып өтіп, асқазанның алдыңғы және артқы қабырғаларында орналасады.

Сыртқы сірлі қабық, tunica seposa, барлық жағынан жауып жатыр, яғни асқазан – интраперитонеалды орналасады. Сірлі қабықтың астында дәнекер тінді жұқа қабат сірлі асты негізі, tela subserosa,орналасады.

Асқазанның рентгенанатомиясы. Рентгендік зерттеу бойынша: мүйізтәрізді( дене бітімі брахиморфты адамдарда болады), ілмектәрізді ( дене бітімі мезоморфты адамдарда кездеседі) және шұлықтәрізді ( дене бітімі долихоморфты адамдарда болады), асқазанның үш түрін ажыратады.

Асқазанның тамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы: Асқазанның кіші иінінде асқазандық сол артерия ( құрсақ сабауынан келеді ) және асқазандық оң артерия (бауырдың меншікті артериясынан) орналасады. Асқазанның үлкен иінінде асқазан – шарбылық оң артерия (асқазан – он екі елі ішек артериясынан ) және асқазан - шарбылық сол артерия (көкбауыр артериясынан) орналасады. Асқазанның түбіне асқазандық қысқа артериялар (көкбауыр артериясының тармақтары) келеді. Аталған артериялар өзара анастомоздар құрайды. Веналары: артериялармен аттас веналар асқазаннан шығып, қақпа венасы мен оның құйылыстарына құяды. Лимфа тамырлары: асқазанның лимфа тамырлары асқазандық сол лимфа түйіндеріне, асқазандық оң лимфа түйіндеріне, асқазан – шарбылық оң лимфа түйіндеріне, асқазан – шарбылық сол лимфа түйіндеріне құйылады. Н е р в т е н у і: парасимпатикалық нервтенуі – кезбе нервтер, симпатикалық нервтенуі – құрсақ өрімінен кететін тармақтар асқазанға артериялардың бойымен келеді. Олар асқазан өрімін, plexus gastricus, құрайды. Асқазанның алдыңғы қабырғасында кезбе нервтің алдыңғы діңі, артқы қабырғасында артқы діңі тармақталады.

АШ (ЖІҢІШКЕ) ІШЕК

Аш (жіңішке) ішек, intestinum tenuе, асқазан мен тоқ (жуан) ішектің аралығында орналасқан , асқорыту жүйесінің ең ұзын бөлігі. Ол үш бөліктен : он екі елі ішек, ащы ішек және мықын ішектен тұрады ( 234 – сурет ).



234 – сурет. Аш ішек пен ас қорыту жүйесінің басқа ағзалары.

1 – бауыр; 2 – өт қап; 3 – жалпы өт түтігі; 4 –асқазанның жүректік (кардиалық) бөлігі; 5 –асқазанның түбі; 6 – асқазанның кіші иіні; 7 – асқазанның денесі; 8 – көкбауыр; 9 – асқазанның үлкен иіні; 10 – көлденең жиек ішек; 11 – ащы ішек; 12 – төмендеген жиек ішек; 13 – сигматәрізді жиек ішек; 14 – тік ішек; 15 – құрттәрізді өсінді; 16 – соқыр ішек; 17 – мықын ішек; 18 -жоғарылаған жиек ішек; 19 – он екі елі ішек; 20 - асқазанның қақпалық бөлігі.


. Ащы ішек пен мықын ішек ішастармен барлық жағынан жабылған (интраперитонеалды орналасқан) және олардың шажырқайы бар, сондықтан олар аш ішектің шажырқайлы бөлігі (шажырқайлы аш ішек), intestinum tenue mesenteriale, деп аталады.

Аш ішектің ұзындығы ересек адамдарда 5 – 6 метр, диаметрі бастапқы бөлігінде 4 – 5 см., соңғы бөлігінде 2.5 – 3.0 см. болады. Аш ішекте ас ( нәруыздар, майлар, көмірсулар) ішек бездері мен ұйқы безінің сөлдері, және өттің әсерінен ыдырап, өңделеді де, ішек бүрлері арқылы сіңіріледі.

Аш ішектің қабырғасы: шырышты қабық, tunica mucosa, шырышасты негізі, tela submucosa, бұлшықеттік қабық, tunica muscularis, сірліасты негізінен, tela subserosa, жәнесірлі қабықтардан, tunica serosa, құралған. Шырышты қабықтың ерекшелігі,оның дөңгелек қатпарлары, plicae circulares, мен өңделген астысіңіретінішек бүрлері, (5 млн. шамасында) villi intestinales, болады ( 235 – сурет ).




235 – сурет. Аш ішектің шырышты қабығы.

Аш ішектің шырышты қабығының (1) дөңгелек қатпарлары.
Дөңгелек қатпарларды түзуге шырышасты негізі де қатысады. Ішек бүрінің ортасында лимфа капилляры орналасқан, ал бүрдегі қан капиллярлары тор түзеді. Қан капиллярларына нәруыздар, көмірсулар, ал, орталық лимфа капиллярына майлар сіңіріледі.

Шырышты қабық пен шырышасты негізінде көп мөлшерде ішек бездері, glandulae intestinales, жекеленген лимфойдты түйіншелер, noduli lymphoidei solitarii, (5 – 10мың) қан, лимфа тамырлары және нервтер орналасады. Бұлшықетті қабық, tunica muscularis, екі : сыртқы – бойлық қабат, stratum longitudinale, және ішкі – дөңгелек қабаттан, stratum circulare, тұрады.

Он екі елі ішек, duodenum, асқазанның қақпасынан басталатын, ұзындығы 20 см. шамасындағы аш ішектің алғашқы бөлігі. Он екі елі ішектің: жоғарғы, төмендеген, горизонталды және жоғарылаған төрт бөлігі ұйқы безінің басын қоршай орналасады.

Жоғарғы бөлігі, pars superior, ХІІ-кеуде немесе І-бел омыртқасы деңгейінде, горизоталды бағытта оңға қарай жүреді де, төмен бұрылып жоғарғы иінді, flexura duodeni superior, түзіп, төмендеген бөлігіне өтеді.

Төмендеген бөлігі, pars descendens, І-бел омыртқасы деңгейінде басталып, омыртқа бағанасының оң жағымен төмен түсіп, ІІІ-бел омыртқасы деңгейінде солға бұрылады да төменгі иінді, flexura duodeni inferior, түзеді.

Горизонтальды бөлігі, pars horizontalis, ІІІ-бел омыртқасы деңгейінде он екі елі ішектің төменгі иінінен басталып горизонталды орналасады.

Горизонталды бөлік, жоғарылаған бөлікке, pars ascendens, жалғасып, ІІ бел омыртқасының сол жағына өтеді. Бұл жерде он екі елі ішек пен ащы ішектің шекарасы болып табылатын, он екі елі – ащы ішек иілісі, flexura duodenojejunalis, арқылы ащы ішекке жалғасады. Осы иіліс аймағында он екі елі ішекті іліп тұратын бұлшықет, m.suspensoris duodeni,орналасады. Ол иілісті көкетке бекітіп тұрады.

Он екі елі ішектің жоғарғы бөлігі жоғарғы жағында бауырдың шаршы үлесімен, артқы жағында қақпа венасы және жалпы өт түтігімен жанасады.Төмендеген бөліктің артқы жағында оң бүйрек, сол жағында - ұйқы безінің басы - екеуінің аралығында жалпы өт түтігі өтеді, алдында бауыр орналасқан. Горизонталды бөліктің артқы беті төменгі қуыс венаға, ал, жоғарғы беті шажырқайлық жоғарғы артерия мен венаға жанасады.

Жоғарылаған бөліктің артында іш қолқасы орналасқан және оң жағында аш ішектің шажырқайына кіретін жоғарыда аталған, шажырқайлық жоғарғы артерия мен вена өтеді.


Он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінің асқазан қақпасынан кейінгі кеңейген бастапқы бөлігі ампуласы (буылтығы), ampulla duodeni (bulbus duodeni), деп аталады, оның ұзындығы 3-5 см. болады да, интраперитонеалды жатады. Он екі елі ішектің басқа бөліктері ішастар артында экстраперитонеалды орналасқан.

Он екі елі ішектің ампуласының шырышты қабығында бойлық қатпарлар, басқа бөліктерінде жалпы аш ішекке тән дөңгелек қатпарлар, plica circulares, орналасады.

Он екі елі ішектің төмендеген бөлігінің медиалды қабырғасындаон екі елі ішектің бойлық қатпары, plica longitudinalis duodeni,жатады. Бұл қатпар жалпы өт түтігінің ізі болып табылады. Бойлық қатпар төменгі жағында үлкен бүртікпен ( Фатер бүртігі ), papilla duodeni major, аяқталады. Жалпы өт түтігі, ductus choledochus, пен ұйқы безінің түтігі, ductus pancreaticus, бір – бірімен қосылып, осы бүртіктегі тесіккеашылады. Үлкен бүртікті аталған екі түтіктің бір – бірімен қосылуынан пайда болған бауыр – ұйқы без ампуласы, ampulla hepatopancreatica, түзеді. Оның қабырғасында бауыр – ұйқы без ампуласының қысқышы (Одди қысқышы), m.sphincter ampullae hepatopancreaticae,орналасады.

Үлкен бүртіктің үстіңгі жағында ұйқы безінің қосымша түтігі ашылатын кіші бүртік, papilla duodeni minor, орналасқан.

Он екі елі ішектіңтамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы: жоғарғы ұйқы без - он екі елі ішек артериялары (асқазан – он екі елі ішек артериясынан келеді ) және төменгі ұйқы без - он екі елі ішек артериялары (шажырқайлық жоғарғы артерияның тармақтары) қандандырады.. Веналары: аттас веналар, қақпа венасы мен оның құйылыстарына құяды. Лимфа тамырлары: он екі елі ішектің лимфа тамырлары ұйқы без - он екі елі ішектік лимфа түйіндеріне, шажырқайлық жоғарғы лимфа түйіндеріне, құрсақтық және бел лимфа түйіндеріне құйылады. Н е р в т е н у і: парасимпатикалық нервтенуі – кезбе нервтер, симпатикалық нервтенуі – асқазан және шажырқайлық жоғарғы өрім тармақтары.

Аш ішектің шажырқайлы бөлігі. Жоғарыда аталғандай – ащы ішек пен мықын ішек - аш ішектің шажырқайлы бөлігін құрайды да, ұзын болғандықтаніш қуысында ирелене орналасады, сондықтан ішек ілмектері деп аталып кеткен. Оның бестенекі бөлігін ащы ішек, бестен үш бөлігін мықын ішек түзеді. Аш ішектің ілмектері алдынан үлкен шарбымен жабылған. Аш ішектің шажырқайлық бөлігінің: бос және шажырқайлық екі жиегін ажыратады

Ащы ішек, jejunum,- он екі елі ішектің жалғасы, оның ілмектері іш қуысының ортаңғы және жоғарғы сол бөлігінде орналасқан.


Мықын ішек, ileum – ащы ішектің жалғасы, оның ілмектері негізінен іш қуысының оң төменгі бөлігінде орналасады, кейбір бөліктері кіші жамбас қуысына өтеді. Ащы ішек оң жақтағы мықындық шұңқырда мықын-соқыр ішек тесігі, ostium ileocaecale, арқылы соқыр ішекке өтеді.

Ащы ішектің бастапқы бөлігінде дөңгелек қатпарлар өте көп және биік болады .Төмендеген сайын, олар біртіндеп кішірейе береді де, мықын ішектің соңғы бөлігінде өте аласа болып келеді.

Мықын ішектің шажырқайға қарама-қарсы жиегінде, ұзындығы 0,2 - 10 см, ені 0,2 – 2 см – ге дейін болатын, шоғырланған лимфойдты түйіншелер noduli lymphoidei aggregati, орналасады ( 239 – сурет ). .






239 – сурет. Мықын ішектің шырышты қабығы.

1 –жекеленген лимфойдты түйіншелер; 2 – шоғырланған лимфойдты түйіншелер.



Сырт жағынан қарағанда, ащы ішек пен мықын ішектің аралығында анатомиялық шекара жоқ. Ішкі жағынан қарағанда, шоғырланған лимфойдты түйіншелердің басталатын жері мықын ішектің шекарасы болып табылады.

Аш ішектің шажырқайлы бөлігінің тамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы: шажырқайлық жоғарғы артериядан кететін ащы ішек және мықын ішек артериялары.

. Веналары: аттас веналар, қақпа венасы мен оның құйылыстарына құяды. Лимфа тамырлары: шажырқайлық жоғарғы және мықын – жиек ішектік лимфа түйіндеріне құйылады. Н е р в т е н у і: парасимпатикалық нервтенуі – кезбе нервтер, симпатикалық нервтенуі – асқазан және шажырқайлық жоғарғы өрім тармақтары.

ТОҚ (ЖУАН) ІШЕК.

Тоқ ішек, intestinum crаssum ( грекше – colon ), – аш ішектің жалғасы, асқорыту жолының соңғы бөлігі. Ол мықын-соқыр ішек қақпағынан басталып артқы өтіс тесігімен аяқталады. Бұнда су қалдықтары сіңіріліп, тік ішек арқылы шығарылатын нәжіс қалыптасады. Орташа ұзындығы 1,5 м., диаметрі бастапқы бөлігінде 5 – 8 см., соңғы бөлігінде 4.0 см. шамасында болады.

Тоқ ішектің алты бөлігі: соқыр ішек, жоғарылаған жиек ішек, көлденең жиек ішек, төмендеген жиек ішек, сигматәрізді жиек ішек және тік ішек ажыратылады( 240 – сурет ).


240 – сурет. Тоқ ішек. ( Аш ішек пен мықын ішек алынып тасталған ).

1 –соқыр ішек; 2 –жоғарылаған жиек ішек; 3 – жиек ішектің оң иіні; 4 – жиек ішектің қампаймалары; 5 – көлденең жиек ішек; 6 – жиек ішектің сол иіні; 7 – төмендеген жиек ішек; 8 – шарбылық өсінділер; 9 – сигматәрізді жиек ішек; 10 – бос таспа.
Тоқ ішек іш және жамбас қуыстарында орналасқан. Тоқ ішектің ерекшеліктері:

1. Жиек ішек таспалары, taeniae coli, олар бұлшықеттік қабықтың сыртқы бойлық қабатының тұтас болмай, бойлық бағытта үш шоғыр түрінде орналасуынан түзіледі. Осыған орай үш түрлі таспа ажыратылады.Шажырқайлық таспа, taenia mesocolica, шажырқай бекитін жиекке сәйкес келеді. Бос таспа, taenia libera, жоғарылаған және төмендеген жиек ішектің алдыңғы бетінде орналасады. Шарбылық таспа, taenia omentalis, – үлкен шарбының көлденең жиек ішектің алдыңғы бетіне бекитін сызығына сәйкес келеді.

Барлық таспалар соқыр ішектің құрттәрізді өсіндісінің түбінде бір - бірімен түйіседі. Таспалардың ені 1 см. шамасында болады.

2. Жиек ішек қампаймалары, haustra coli, олардың түзілу себебі: бұлшықеттік қабықтың сыртқы бойлық қабатының ұындығы тоқ ішекке қарағанда қысқа болады. Сондықтан, ол тоқ ішекті тартып жиылдырып, қампаймалар түзеді.

3. Тоқ ішектің шарбылық және бос таспаларының бойында - ішінде майлы тіні бар - шарбылық өсінділер, appendices epiploicae, орналасқан. Олар сірлі қабықтың өсінділері болып табылады.

Тоқ ішектің қабырғасы: шырышты қабық, tunica mucosa, шырышасты негізі, tela submucosa, бұлшықеттік қабық, tunica muscularis, сірліасты негізі, tela subserosa, жәнесірлі қабықтардан, tunica serosa, құралған. Шырышты қабықта жиек ішектің жартыайтәрізді қатпарлары, plicae cemilunares coli, орналасады. Олар қампаймаларды бөліп тұрады және таспалардың арасында орналасқандықтан, үш қатар түзеді.

Шырышты қабық пен шырышасты негізінде ішек бездері, glandulae intestinales, (шырышты қабықтың эпителиінде шырыш бөлетін бокалтәрізді жасушалар орналасады) жатады. Сонымен қатар, жекеленген лимфойдты түйіншелер, noduli lymphoidei solitarii, қан, лимфа тамырлары мен нервтер орналасады. Бүрлер мен шоғырланған лимфойдты түйіншелер (құрттәрізді өсіндіде ғана болады). тоқ ішекте болмайды. Бұлшықетті қабық, tunica muscularis, екі қабаттан : сыртқы, таспалар түзетін – бойлық қабат, stratum longitudinale, және ішкі – дөңгелек қабаттан, stratum circulare, тұрады

Соқыр ішек, caecum, (грекше – typlon), мықын ішектің тоқ ішекке ашылатын тесігінен төмен, оң мықын шұңқырында орналасқан - тоқ ішектің бастапқы бөлігі ( 241 – сурет ).