Файл: Жалпы медицина мектебіні 1 курс студенттеріне арналан ситуациялы есептер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 39

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Жалпы медицина» мектебінің 1 курс студенттеріне арналған

ситуациялық есептер
Гистотехника


  1. Зерттеушіге жасушадан май қосындысын зерттеу қажет болды. Бұл мақсатты жүзеге асыру фиксатордың қай түрін және өандай бояуды қолданған дұрыс?+парафин және судан ІІІ

  2. Электронды микроскоптан жасушадан мөлшері 0,2 мкм-ден кіші құрылымын анықтап зерттеу қажет. Оған қандай зерттеу әдісін үсынар едіңіз?+ультракүлгін микроскопия, флюоросценттик микроскопия

  3. Студент сабақта микроскоптың обьективі 40 рет, ал окуляры 15 рет үлкейтетін көрсеткішімен микропрепаратты қараса, оның құрылысының анықтығы қаншалықты ұлғайтылады?+600

  4. Хирургиялық операция жасау барысында гистологиялық анализдің қажеттігі керек екендігі анықталды. Бұл гистологиялық зерттеуге керекті қандай әдіс?

  5. Микропрепаратты микроскоптан зерттеу барысында кесінді жұмыс үстелінің оң жақ шетінде екені байқалды. Кесінді жұмысшы үстелінің ортасында болу үшін препаратты қалай жылжыту қажет?+сол жаққа


Цитология


  1. Жас, әрі тез өсетін жасушалардың цитоплазмасы базофильді боялатыны белгілі. Осының себебін анықтаңыз. Жасуша цитоплазмасының негіздік бояулармен бояйлуы қандай органеллалардың көбірек болуына байланысты.+рибосома

  2. Улы заттардың әсерінен бүйрек түтікшелерінде ферменттердің тотығу-тотықсыздану процестерінің белсенділігі мен иондардың белсенді тасымалдануы төмендеді. Бұл қандай жасуша ішілік құрылымдардың бұзылуына байланысты. +пероксисома

  3. Зерттеушінің алдына жасушадағы митохондрий мен лизосоманы анықтау міндеті қойылған. Бұларды қандай ерекшеліктеріне байланысты анықтауға болады және қандай тәсілмен?+Электронды микроскопия арқылы.Митохондрияларды Альтман бойынша(сары препаратта ашық-қызғыт моншақ тәріздес) және Нахлас бойынша СДГ реакциясымен(қою көк түске) боялады.Ал лизосомаларды қанға енгізу және бауырдағы макрофагтарға енгізу арқылы гематоксилин-эозин бояуы анықтауға болады.Лизосома сырты 1 қабатты мембранамен митохондрия 2 қабатты мембранамен қапталған.

  4. Жасушада пластинкалық кешен жақсы жетілген. Түйіршікті эндоплазмалық тор өте көп, митохондрий мен жасуша орталығы да бар. Ал екінші бір жасушада көптеген митохондриялар мен лизосомалар, аздаған эндоплазмалық торлардың түрлері болады. Осы жасушалардың қызметін анықтаңыз. Қайсысында нәруыз синтезі басым?+ біріншісінде нәруыз синтезі басым,себебі онда эпт көп,жасуша орталығы мен митохондриялардың бар болуы жасушаның бөлінуін қамтамасыз етеді.Ал екіншісінде энергия көзі көп жұмсалады,себебі митохондрия саны көп.Лизосомалар арқасында лизис процесі жүреді,ал ЭПТ болуы белок синтезі жүрмей жатқаның көрсетеді.

  5. Антиденелер түзілетін лимфа түйінінде бос рибосомалары көп жасушалар, лизосомалары көп жасушалар, түйіршікті эндоплазмалық торы жақсы дамыған жасушалар анықталды. Қандай жасушалардың саны қанда иммундақ белоктар – антиденелер көбейгенде жоғарылайды?+түйіршікті ЭПТы жақсы дамыған жасушалар саны көбейеді,себебі рибосомадағы Түйіршікті ЭПТ-да синтез жүреді.Ал түйіршікті ЭПТ өзінде “экспортталатын”нәруыздар болады. 71стр

  6. Жасушаның сыртқы бетінде электронды микроскопиялық зерттеу арқылы көрінетін 9 жұп шеткі және 2 жұп орталық микротүтікшелер көрінеді. Бұл құрылым қалай аталады және маңызы қандай?+Сперматозоид /Кірпікшелер/Маңызы: құрамындағы динеин белогының әсерінен сперматозидты қозғалысқа келтіреді.

  7. Жасушада екі жас жұлдыз фигуралары көрінеді. Бұл митоздың қай фазасы?+профаза

  8. Жасуша митоз кезінде. Бұл кезде онда «экспортқа» белок синтезі жүреді ме?+жүреді

  9. Препаратта ірі ашық түсті ядроы мен ядрошығы бар жүйке жасушалары көрінеді. Бұл жасушалардағы синтездік үрдістердің белсенділігін анықтаңыздар.+жасушада белок синтезі белсенді түрде жүріп жатыр,себебі ядродағы хроматин эухроматин түрінде берілген.Ал ядрошықтың болуы пре-мРНҚ синтезінің активті болуын сипаттайды

  10. Тіндік культурада жасушаларды колхицинмен өңдеген соң, зерттеушілер жасушалардың бөлінуін анықтай алмады. Колхицин тубулин филаментін бұзатынын біле тұра мұны қалай түсіндіруге болады?+колхицин тубулин филаменттерін бұзады,себебі олар бөліну ұршығын қалыптастырады,олар хроматидтердің полюсіне қарай жылжуын қамтамасыз етеді.Сол себепті бөліну жүрмейді

  11. Күнге күйген кезде теріде пигмент түйіршіктері пайда болады. Бұл түйіршіктер жасушаның қандай құрылымдық элементтеріне жатады?+арнайы

  12. Электронды микроскоппен қарағанда плазмолеммада ашық және күңгірт түсті көпіршіктер түрінде көрінетін көптеген майда ойыстар анықтылды. Бұл құбылыстар қандай үрдістің көрсеткіші болып табылады. +пиноцитоз үрдісі(плазмолемманың үстіне жұтылатын заттардың сорбциясы)

  13. Сандық анықтау әдісі көлемі қалыпты интерфазалық жасушаның ядросында ДНК саны екі есе көп екенін көрсетті. Жасуша - жасушаның тіршілік циклының қай кезеңінде екенін анықтаңыз. +интерфазаның S синтез кезеңі




Эмбриология


  1. Сперматозоидтың көлденең кесіндісінің электронды микросуреті берілген. Біреуінде митохондриялармен қоршалған біліктік жіпшелер, екіншісінде тек центриоль көрінеді. Сперматозоидтің қандай бөлігінен кесінді жасалған? + сперматозоидтың құйрық бөлімінің 1-аралық бөлігі2 орталық,9 жұп шеткі микротүтікшелері 2-байланыстырушы бөлігі

  2. Препаратта цитоплазмасының перифериялық бөлігінде протеолитикалық ферменттері бар түйіршіктері бар овоцит көрінеді. Түйіршіктердің ұрықтану процесіндегі маңызы.+кортикальды түйіршіктер.Олар аналық жыныс жасушасын полиспермиядан қорғайтын кортикальды реакцияға қатысады

  3. Әйелдің репродуктивтік жолын жуып тазарту кезінде, көпіршік тәрізді, қабырғасы жалпақ жасушалардан құралған ұрық қоса шайылып түскен. Оның полюстерінің бірінде түйіншекке ұқсаған дөңгелек жасушалар тобы бекінген және ол ұрықтың орталықтан ауытқып (эксцентрично) орналасқан қуысымен шекаралас жатыр. Ұрықтың даму сатысы мен жүктілік мерзімін анықтаңыздар.+5-6тәулік бөлшектену сатысы(764 страница)

  4. Адам ұрығының дамуының ерте - бластоциста кезеңінде эмриобласт екі жинақы топқа бөлінді. Ұрықтың ары қарай дамуы неге алып келеді?+имплантация

  5. Адам ұрығының имплантациясы басталғаны белгілі болды. Ұрық дамудың қандай сатысында және жүктіліктің қалыпты жағдайында ұрықтың даму мерзімі қанша?+ұрықтанудан кейінгі 5-6 тәулік,ұзындығы 0,1-0,2миллиметр

  6. Босану үйінде екі егіз балалардың туылуы тіркелген. Бір жағдайда екі ұл бала, екінші жағдайда екі қыз бала туылды. Бірінші және екінші жағдайда егіздердің пайда болу мүмкіндіктерін талдаңыздар. Екі бала да бір жұмыртқалы екіздер.Бірінші жағдайда бір жұмыртқалы егіз ұл бала ,екінші жағдайда бір жұмыртқалы егіз қаз балалар туылды. ХХ және ХҮ

  7. Жатырдың кілегейлі қабығынан кесінді алған кезде ұрықтың бар екені анықталды. Ұрықтың пішіні екі қабатты дискі тәрізді оның үстіңгі және астыңғы жағына бекінген көпіршіктері көрінеді, көпіршіктердің қабырғасы жасушалардан құралған. Дайындалған препараттан ұрықтың даму сатысын және жүктіліктің мерзімін анықтап, алғашқы ұрықтан тыс мүшелердің бастамасын атап көрсетіңіз.+бөлшектену,2 қабаты “ашық”түсті және “күңгірт” түсті бластомерлер. “ашық” түсті бластомер майда,олар ұрыстың ортасында орналасқан “күңгірт” бластомерлерді Бір қабат қоршайды.Сыртқы “ашық” бластомерді трофобласт дейді,бұлар ана мен ұрықты байланыстырып,қоректендіреді.Ал ішкі “күңгірт ” бластомерден,эмбриобласттан ұрықтың денесімен ұрықтан тыс мүшелер(амнион,сарыуыз,аллантоис) дамиды.2 тәулікте

  8. Адам үрығының дамуының екінші аптасының басында эпибласт жасушаларының арасында саңылау тәрізді кеңістіктер қалыптасады, олар кейіннен бір-бірімен қосылып тұтас қуысқа айналады. Ұрықтың дамуының осы кезеңінда қалыптасатын ұрықтан тыс мүшенің бастамасы қалай аталады?+сарыуыз қапшығы.

  9. Эмбриональдік дамуының 15-ші тәулігінде ұрықтың каудальді бөлігіндегі ұрықтан тыс энтодермадан өсінді шығып амнион аяқшасына енеді. Бұл қай ұрықтан тыс мүшенің бастамасы болып табылады?+аллантоис

  10. Ұрықтың 2-ші аптадағы даму кезеңінде ұрықтан тыс мезодерма бластоцита ішін толтырып, трофобластқа қарай бағытталады. Ал трофобласт: цитотрофобласт және симпластотрофобласт деген екі қабаттан құралған. Бұл бастама қай ұрықтан тыс мүшенің қалыптасатын бастамасы болып саналады?+хорион

  11. Препаратта ұрықтан тыс мүше көрінеді. Плацентамен ұрықты байланыстыратын, құрамында 2 артериясы, 1 венасы, сары уыз қабы мен аллантоистың қалдығы мен вартонов кілегейлі тіні бар. Бұл қай ұрықтан тыс мүше?індік бау

  12. Плацентадан дайындалған 2 препараттан мыналарды көруге болады: біріншісінде хориальді бүрлер жатыр бездерінің эпителийімен байланысқан, ал екіншісінде хорион бүрлері жатыр бездерінің астындағы дәнекер тінімен жанасқаны байқалады. Осы препараттардағы плацентаның түрлерін анықтаңыз. +1-плацентаның нәресте бөлігі 2- аналық бөлігі

  13. Аналық жыныс безінің препаратында дөңгелек пішінді, жылтыр қабықпен және сәулелі тәж қабығымен қапталған жасуша көрінеді. Аналық жыныс жасушасының типін анықтаңыз. Аталған құрылымдарды түзуге қандай жасушалар қатысады? сүтқоректілердің аналық жыныс жасушасы

  14. Зиготаның да, моруланың да, бластоцистаның да өздігінен қозғалу қабілеті болмайды. Оған қарамастан бластоциста, қалыпты жағдайда жатыр қуысына жетеді, бірақ ол жатыр түтігінде қалып, сол жерде имплантацияға ұшырауы мүмкін (жатырдан тыс жүктілік). Ұрықтың жатыр түтігінің бойымен жылжуын қамтамасыз ететін механизмдерге және жатырдан тыс (түтіктік) жүктіліктің пайда болу себептеріне түсініктеме беріңіз.

  15. Эксперименталды жолмен ұрықта нефрогонадотом зақымдалған. Бұл болашақта қандай мүшелердің дамуының бұзылуына алып келеді? бүйрек ауруына



Эпителий тіндері


  1. Ішекті тыстайтын эпителийдің қызметі сору. Бұл қызметті атқаратын эпителий қандай? +Жабынды эпителий

  2. Саусақ, алақан және бас терісінің эпителийі көп қабатты мүйізделген. Бұл эпителийдің құрылысының ерекшеліктері мен қасиеті қандай? +бұлардың базальді,тікенекті,дәнді,жылтыр,мүйізді қабаттары болады.Құрамында кератиноциттерден бөлек,мелоноциттер,макрофагтар(Лангерганс жасушалары),лимфоциттер және Меркель жасушалары болады.Қызметі регенерация,қорғаныштық

  3. Тін дақылында бірінші флаконда – көп қабатты мүйізделетін эпителидің базалды қабатының жасушалары; екінші флаконда – көп қабатты мүйізделетін эпителидің жылтыр қабатының жасушалары өскен. Қай флаконда жасушалардың пролиферациясы байқалады?+жасушалардың пролиферациясы бірінші флаконда-көп қабаты мүйізделетін эпителидің базальды қабатының жасушаларында байқалады,себебі бұл қабатта бағаналы жасушалар бар.ол дифферонды жасушалардың келесі формаларын қалыптастырады.Ал жылтыр қабатында дифференциацияланған жасушалар орналасқанОларда кератолинин белогынан тұратын тығыз қабат орналасқан және ядросы мен органеллары болмайды. 136стр

  4. Базальді мембранаға бекінген эпителиальді жасушалардың ядролары әртүрлі деңгейде орналасқаны белгілі, бірақ қабат түзетін жасушалардың бәрі де базальді мембранаға бекінеді. Бұл эпителийдің қай түріне тән?+бір қабатты көп қатарлы эпителий

  5. Без жасушаларын зерттеу барысында олардың цитоплазмасының көп бөлігі секреторлы көпіршіктерге толы екені және Гольджи комплексінің құрылымдарының жақсы дамығаны байқалады. Препараттағы бұл құбылыс без жасушаларының секреторлы циклінің қай кезеңіне тән? секреторлық эпителиоциттер

  6. Препараттағы бездің құрылысында секреторлы өзектері тармақталған екені көрінеді. Әрбір тармақтары қапшық түріндегі бездің соңғы бөлігімен байланысады. Бұл без құрылысына байланысты бездердің қай түріне жатады?секрецияның апокринді түрі

  7. Бездің препаратында оның секреторлы бөлімі жасушалардың бірнеше қабатынан тұратыны көрінеді. Жасушалар базалды мембранадан алыстаған сайын цитоплазмасында секрет жиналып, ядролары бүрісіп бұзылатыны көрінеді. Бұл безге секрецияның қай типі тән? +голокринді секреция түрі(мысалы терінің май бездерінің жасушалары)141 стр

  8. Бездің препаратында шығару өзегі тармақталмаған, оған түтікше тәрізді бір соңғы бөлімі ашылатын без көрінеді. Морфологиялық типі бойынша бұл қандай без? энтодермалды эпителийден дамыған қарапайым түтікшелі бездер

  9. Безден дайындалған препарат Шифф-Йод қышқылымен өңделгенде жасушаларының құрамында қызыл түске боялған секреттің бар екені анықталған. Осы секреттің құрамында бывало химиялық компонентті анықтаңыз.+ШИК реакциясы бокалтәрізді жасушалардан полисахаридтерді(шырышты секретте гликопротеиндері бар) анықтау үшін арналған



Қан мен лимфа


  1. Қан формалық элементтерінің ішінде ең майда, ядросыз, азурмен жақсы боялғаны, олар эритроциттердің арасында топталып орналасады. Қанның формалық элементін атаңыз. +тромбоцит(қан пластинкасы)

  2. Қан жағындысында эритроциттердің арасында орналасатын, цитоплазмасындағы органеллаларының қалдықтары ретикулофиламенттер түрінде көрінетін қан жасушалары көрінеді. Бұл жасушалар қалай аталады?.

  3. Ересек адамның қан жағындысынан қан жасушаларын санаған кезде лейкоциттердің базофильді боялған дөңгелек ядросы бар, цитоплазмасы ашық көк түске боялып, ядроның сыртын жіңішке сақинашық түрінде қоршайтын түрлері анықталған. Бұлар жағындыда 40%. Бұл қандағы қай жасушалар? Саны қалыпты жағдайға тән ба?лимфоциттер/түйіршіксіз лейкоцит/ қалыпты жағдайы 20%-30%

  4. Ересек адамның қан жағындысында бар болғаны 5%, ядросы бұршақ тәріздес, цитоплазмасы ашық түсті, құрамында нашар байқалатын оксифильді түйіршіктерінің бар екені анықталған. Бұлар лейкоциттерге ұқсас, бірақ таяқша ядролары бары 10% , сегментті ядролары болатыны 45%. Бұл қай лейкоциттерге жатады? Патология ма, жоқ па? Клиникада бұлар кездесетін болса, бұл құбылыс (қатынасы) қалай деп аталады? +5% лейкоцит-жас нейтрофил,10% таяқша ядролы нейтрофилдер,45% сегментті ядролы нейтрофилдер.Қалыпты жағдайда бұлардың

  5. қатынасы 0-0,5%:3-5%:65-70%.Бұл патологиялық жағдай.Бұл кезде жас формалар жетілген формаларды басып тастайды,демек организмде нейтрофилдердің мөлшерінің көбеюі,сүйек майында гемопоэздың артып,жас жасушалардың қанға шығуымен қосарланып,қансырау немесе қабыну үдерісінің белгісі болып табылады.

  6. Бала қанының жағындысынан 60% лимфоциттер мен 30%түйіршікті нейтрофильдердің бар екені анықталды. Бұл көрсеткіштерге сипаттама беріңіз. +бір,екі жасқа дейін балада лимфоциттер 65%,ал түйіршікті нейтрофилдер 25% дейін жетеді.(это после 1ого физиологического перекреста на 4е сутки и перед 2м физиологическим перекрестом в возрасте 4х лет, когда показатели этих видов лейкоцитов уравниваются, причем в первом случае лимфоциты растут, нейтрофилы падают(до уравнивания), а во втором наоборот. Устанавливается соотношение, характерное для взрослого организма, к моменту полового созревания)

  7. Қан анализін зерттеу барысында мыналар 63% нейтрофильдер, 9% эозинофильдер, 22% лимфоциттер, 6% моноциттер бар екені анықталды. Бұл көрсеткіштер лейкоцитарлы формуланың қалыпты кезімен патологиясына сәйкес келе ме?+эозинофил көбейіп кеткен (норма 2-4%).Эозинофилдің қанда көбеюі қабыну,аллергиялық реакциялар, паразиттік аурулар кезінде болады.Тіндік базофилдердің бөлетін гистаминіне эозинофилдероң хемотаксис танытады.



Қан түзу.


  1. Ересек адамның қан жасайтын мүшесінде мегакариоциттер анықталды. Бұл қандай қан жасайтын мүше? Мегакариоциттер қандай қызмет атқарады.қан табақшаларын түзейтін жетілген белсендірілген жасушалар.Қандағы тромбоциттердің санының қалыпты көрсеткіштерге жеткізу

  2. Сүйектің қызыл кемігінде жасушалар аралшықтар түрінде орналасқаны белгілі. Кейбір аралшықтар макрофагтармен байланысқан, кейбіреулерінде макрофагтар болмайды. Бұл аралшықтарда қандай жасушалар дамиды? Макрофагтар қандай роль атқарады?макрофаг иммунитет жасайды.Вирустарға қарссы тұратын иммунитет жасушалары

  3. Центрифугалық әдіспен қанның формалық элементтері плазмадан бөлініп қоректік ортаға салынды. Бұлардың қайсысы колониялар түзе алады?

  4. Жаңа туылған тышқандардың туыла сала тимустарын алып тастады. Осыған байланысты иммундың үрдістерде қандай өзгерістер байқалады? Бұл өзгерістер қанның қандай формалық элементтерінің бұзылуымен байланысты?гуморальдық иммунитетті реттейтін Т лимфоциттер түзелуі болмайды,қан құрамынан кіші көлемді лимфоциттер жоғалады,лейкоциттер мөлшері тез азаяды,мүшелердің атрофиясы,қан құйылу

  5. Сәулемен зақымдану кезінде сүйектің қызыл кемігінің қызметі елеуліөзгерістерге қшырайтыны белгілі. Қандай гемопоэтикалық жасушалар осыған көбірек сезімтал болады?