Файл: Жалпы медицина мектебіні 1 курс студенттеріне арналан ситуациялы есептер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 40

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дәнекер тіндері


  1. Гематоксилин – эозинмен боялған дәнекер тінінің екі препараты берілген. Біріншісінде бір-бірімен байланысқан өсінділі жасушалар, ал екіншісінде көлемі өте ірі, ядросы бір шетінде орналасқан, жіңішке сақина түріндегі цитоплазмамен қоршалған жасушалар анықталады. Арнайы дінекер тінінің түрлерін анықтаңыз.,,+1-аз маманданған фибробласттар 2-жетілген фибробласттар

  2. Электронды микросуретте борпылдақ дәнекер тінінің қорғаныс қызметін атқаратын 2 жасушалары көрінеді. Жасушаның бірінде түйіршікті эндоплазмалық торы жақсы дамыған болса, екіншісінде лизосомалары мен микробүрлері жақсы дамыған бар. Осы жасушаларды атаңыз және олардың қорғаныс қызметін атқарудағы ерекшеліктерін анықтаңыз.+1-плазмоциттер 2-фибробластылар

  3. Брпылдақ дәнекер тінінің кейбір жасушаларның цитоплазмасы қою базофильді, бірақ ядро маңындағы боялмаған аймақ (ашық «алаңы»)бар. Бұл жасушалардың атын және олардыі қызметін атаңыз.+плазмоцит

  4. Судан III-пен боялған екі микропрепараттың біріншісінде ірі май тамшылары жасуша цитоплазмасында өте көп болса, ал екіншісінде май тамшылары өте майда тек қана гемокапиллярдың сыртын қоршап орналасқаны байқалады. Екі жасушаларда да митохондриялар өте көп. Осындай жасушалары бар дәнекер тінінің түрлерін анықтап, қызметін атаңыз.+ 1-ақ май тіні 2-қоңыр май тіні




  1. Дәнекер тінінің бірінде талшықтары ретсіз, ал екіншісінде параллель, бір бағытта орналасқан. Дәнекер тінінің түрлерін анықтаңыз. +1-тығыз қалыптаспаған 2-тығыз қалыптасқан

  2. Берілген препаратта параллель орналасқан элластин талшықтары орналасқан. Бұл қай мүше?+құлақ қалқаны

  3. Терінің торлы қабаты дәнекер тінінің қай түріне жатады және қызметі қандай?+тығыз қалыптаспаған тін.Қызметі-қорғаныш,байланыс,тасымалдау

  4. Аз созылатын құрамында фиброзды мембрана және коллаген талшықтары бар бірнеше қабаттан тұратын, бұлардың арасында бірнеше қабат орналасқан фибробластары бар, осы құрылым дәнекер тінінің қай түріне жатады?+сіңір

  5. Берілген препарат гематоксиллин - эозинмен боялған. Құрамындағы коллаген талшықтарының шоғырлары ретпен орналасқан. Олаpдың арасын жұқа дәнекер тінді перделер бөліп тқрады (эндо – және перитенонии). Препаратта белгіленген құрылымдыанықтап, сипаттаңыз?+сіңір , тығыз қалыптасқан



Қаңқа тіндері


  1. Зерттеуге гематоксилин –эозинмен боялған гиалинді шеміршек тінінен дайындалған препараттар берілген. Препараттың шеткі аймағында анық көрінетін екі аймағы бар: а) өте тығыз сыртқы және ішкі бұл қабаттардың қайсында аз маманданған хондроциттер орналасқан? Хондроцттерді анықтау үшін қандай гистохимиялық реакция қолдануға болады?+ішкі қабатынан жас хондроциттерге

  2. Зерттеушіге шеміршек тінінен дайындалған үш препарат берілген, екеуі гематоксилин-эозинмен, біреуі орсеинмен боялған. Осы боялу әдістерімен анықталатын шеміршектердің түрлерін және талшықтарын анықтаңыз. Шеміршек тіндерінің қандай қасиеттеріне негізделген. Қызметтері қандай? +гематоксилин-эозинмен:гиалинді,талшықты шеміршек тіні Орсеинмен:эластинді гиалинді шеміршекке тән:коллаген талшықты Кызметі:беріктік

талшықты шеміршекке тән:коллаген талшық Қызметі:беріктік

Эластинді шеміршекке тән: эластинді талшық Қызметі эластикалық

  1. Сүйек тінінен екі препарат дайындалған. Бір препаратта концентрлі орналасқан сүйек пластинкалары көрінсе, ал екіншісінде сүйек пластинкасы болмайтыны анықталған. Осы сүйек тіндерінің түлерін және орналасқан жерлерін анықтаңыз.+ біріншісі - қабыршақты сүйек тіні 2- ретикулофиброзды Орналасуы: 1-ересек адам организмінде 2- сүйек ұлпаларында,бассүйек тігісінде

  2. Электронды микросуреттегі сүйек тінінің жасушасының цитоплазмасында түйіршікті эндоплазмалық тордың көп екені анықталған. Осы жасушаның түрін атқаратын қызметімен байланыстыра отырып анықтаңыз.+ остеобласттар Қызметі:регенерация

  3. Электронды микросуреттегі сүйек тінінің жасушасының цитоплазмасында көптеген лизосомалары байқалады. Бұл құрылыс ерекшелігі жасушаның қандай қызметімен байланысты? Жасушаны атаңыз? +остеокласттар

  4. Сүйек тінінің екі электрондық микросуреттерінде мына жасушалар кескінделген; Бірецінің айналасында коллаген талшықтары орналасқан, ал жасушанаң өзінде гранулярлық эндоплазмалық тор жақсы дамыған.Екінші жасушанаң гранулярлық эндоплазмалық торы нашар дамыған, ал жасуша аралық заты минералданған. Осы жасушаларды атаңыз.+1- остеобласттар 2-остеоциттер

  5. Қатпарлы сүйек тінінің физиологиялық регенерациясы остеогенді жасушаладың баяу көбеюінің есебінен жүреді. Оларды түтік тәрізді сүйек кесіндісінің қай бөлігінен анықтауға болады?+метаэпифизарлы шеміршек пластинкасы

  6. Суретте сүйек тінінің жасушасы көрінеді, бұл жасушасын цитоплазмасында лизосомалардың көптеген мөлшері байқалады, жасушаның бұл ерекшелігі сүйек тінінің қалпына келуіндегі қандай қызметпен байланысты? Жасушаның атын атаңыз?+остеокласстар



Бұлшықет тіндері


  1. Бұлшықет тінінің кесіндісі берілген. Микроскоптың көмегімен зерттегенде астында жіпше пішінді жасушалар көрінеді. Жасуша ортасында таяқша тәрізді, жасуша бойымен ұзынша созылыңқы келген ядросы бар. Бұл қандай бұлшықет тіні екенін анықтаңыз?+жазық бұлшықет тіні

  2. Жүрек бұлшық етінің препаратында цитоплазмасында анық көлденең жолақтылы байқалады, ал ядролары орталығында орналасады. Жасушалар бір-бірімен байланысқан жерлерінде қыстырма дискілкер түзеді. Жүрек бұлшық етінің типі мен қызметін атаңыз+жиырылғыш кардиомиоцит:қысқару барысында бүкіл жүрек бұлшықетінің жиырылу күшін қамтамасыз етеді.Олар бір-біріне реттеушілік сигналдардыөткізуге қабілетті

  3. Көлденең жолақты бұлшықет тінінің микросуретінде мыналар байқалады: жіңішке миофиламенттері А-дискісіне еніп орналасатыны сонша, саркомердің I-дискісі тіпті байқалмайды. Екінші микросуретте керісінше I-дискісі анық көрінеді. Осы ерекшеліктерге сүйене отырып, бұлшықет талшықтарының функционалды жағдайын анықтаңыз.+бірінші препаратта саркомер жиырылып тұр . себебі І дискіде актин филаменті бар , ал А дискіде миозин филаменттері бар, олар жиырылған кезде актин миозинге тартылады да, байқалмай қалады.Ал екінші препаратта саркомер жайылған , яғни босаңсыған күйде тұр.

  4. Ет тінінің регенерациясын көрсететін екі препарат берілген. Біреуінде түтікше тәрізді созылыңқы құрылымдар көрінеді. Олардық ортасында бірнеше ядро тізбектеліп орналасады, ал екіншісвінде фибробласттарға ұқсайтын жасушалардың жиынтығы анықталады. Қай препаратта көлденең жолақты ет тінінің регенерациясы көрсетілген.1-препаратта.Регенерация эмбриогенездегідей барлық сатылардан өтеді,бірақ жасушаның қалпына келуі миотомнан емес,миосателиоциттен басталады миосателиоциттер-миобласттар- бұлшықет түтіктері- миофибриллалардың жинақталуы -миосимпласт




  1. Көлденең кесілген бұлшықет талшықтарының электронды микросуреттерінде бір жуан миофиламенттің айналасында 6 жіңішке миофиламент орналасатыны көрінеді. Бұл миофибрилдардың кандай дискісінің деңгеиінде жасалған кесінді деп ойлайсыз?+А дискінің аймағында,где тонкие и толстые волокна взаимно перекрываются, образуя на срезе гексогональную структуру.

  2. Қаңқа бұлшық етінің «үштігі» деп, студент мынаны атады – Бір Т-түтігі және екі ашық және күңгірт түсті дискінің арасын шектеп тұратын сызықтар. Студенттің жауабы дұрыс па? Дұрыс болмаса Сіздікі қалай?+бір Т түтігі мен екі саркоплазмалық тордың қапшығынан тұрады

  3. Көлденең жолақты бұлшықет тінінің екі препараты берілген. Біреуінде-қаңқа, екіншісінде-жүректің көлденең жолақты бұлшықет тінінің кесіндісі. Берілген препараттардан жүректің көлденең жолақты бұлшықет тінін қандай белгілері бойынша ажыратуға болады?+жасушасы -кардиомиоцит:жасушасы жайпақ;ядросы ірі;цитоплазмасы -ашық түсті;рибосомалары мен митохондриялары аз;миофибриллалары болмайды

  4. Жүрек бұлшық етінің үлкен емес және көп бұрышты формалары жасушаларын атаңыз.Олар жиырылу және босаңсу қалпын автоматты түрде жүзеге асырады?+синустық (Пейсмекер) кардиомиоциттер

  5. Препаратта жүрек бұлшық етінің дөңгелек формалы жасушалары көрініп тұр, d=15мкм, цитплазмасы гликогенге байланысады. Бұл жасушалар жұмысшы кардиомиоциттердің арасында шоғырланып орналасады. Бұл қандай жасуша және оның қызметі?+өткізгіш кардиомиоцит Қызметі:тізбекті тұйықтайтын жасушалар сигналды өтпелі кардиомиоциттер арқылы жұмыскер кардиомиоциттерге береді ( Пейсмекер элементтерінен (РР-жасушаларынан) нерв импульсін қабылдап ,оны жиырылғыш кардиомиоцитке өткізеді)



Жүйке тіні


  1. Суретте мультиполярлы, биполярлы, псевдоуниполярлы нейроциттер көрінеді. Бұлардың әрқайсында қанша аксоны болатынын айтыңыз.+ Мультиполярлы- 1 аксон бірнеше дендриттері болады Биполярлы-1 аксон 1 дендрит Псевдоуниполярлы- нйрон денесінен 1 өсінді шығып кейін 2 ге бөлінеді оның бірі аксон екіншісі дендрит

  2. Метилен көгімен боялған препаратта нейроциттерді нейроциттің өсіндісінде қою көк түсті төмпешіктер көрінеді. Түйіршіктердің атын атап, нейроциттің қандай өсіндісі көрсетілгенін анықтаңыз? +бұл төмпешіктер базофильді заттар(хроматофильді субстанция,тигроидты заттар).Олар дендриттерде жіне сомада кездеседі,егер Ниссель бойынша бояса.Бірақ аксонда кездеспейді.Микроскопиялық зерттеулер бойынша базофильді заттар бұлар тығыз цистерналарда жинақталған түйіршікті ЭПТ.

  3. Суретте көп өсінділі нейрон мен нейроглия көрінеді. Нейроглия нейронның сыртын қоршайды. Сурет асты сипаттамада глиальді жасушалар болып нейролеммациттер мен мантийлі глиоциттер болады делінген. Нейрондар бөлігімен оны қоршаған глиоциттерді атаңыз?+Отделы нейроцита: тело (сома), аксон (+ аксонный холмик), многочисленные дендриты. Сопровождающие виды глиоцитов: глия периферической системы (разновидность олигодендроглии): мантийные клетки (клетки-сателлиты или глиоциты ганглиев) – сопровождают сому, нейролеммоциты (шванновские клетки) – сопровождают аксоны и дендриты, образуя с ними нервные волокна миелинового и безмиелинового типа.

  4. Нерв талшықтарын кесу барысында қаңқа бұлшық еттерінің құрамындағы қозғалтқыш нерв ұштары ыдырай бастағаны белгілі. Бұл қандай нейрондардың нерв ұштары болып табылады? +эффекторлы нерв ұштары

  5. Бірі – осмий қышқылымен, ал екіншісі – күміс нитратымен боялған препараттардан нерв талшықтарының көлденең кесінділері көрінеді. Бірінші препаратта біліктік цилиндр ашық түсті де, сырты күңгірт түске боялған қабықпен тысталған. Екінші препаратта біліктік цилиндр күңгірт түсті, сырты ашық түсті қабықпен тысталған. Препараттағы нерв талшықтарын анықтап, аттарын атаңыз. Олардың сыртын тыстайтын қабықтары қалай аталады?+1- миелинсіз талшық 2- миелинді талшықПервый препарат – миелиновое волокно, темная оболочка – миелиновый слой(внутренний,а внешний – неврилемма) шванновской клетки представляет собой многократно закрученные плазматические мембраны на 80% состоящие из липидов, которые выявляются при окраске осмиевой кислотой(в ЦНС волокно не покрыто БМ). Второй препарат – безмиелиновое волокно, в которой в центре располагается ядро олигодендроцита (леммоцита), а по окружности в плазмолемме леммоцита заключены 10-20 осевых цилиндров (+ наличие мезаксона (брыжейки осевого цилиндра) и базальной мембраны, окружающей все волокно).

  6. Суретте ұштары қозғалтқыш « моторлы» үш бөліктен тұратын рефлекторлы доға көрінеді. Бұл нейрондардың түрлері мен өсінділерінің пресинаптикалық бөліктерін табыңыз?

  7. Екі науқастың аяқтары шаншуға жауап бермейді. Бірақ бірінші науқас шаншу кезінде ауырсынуды сезеді, екінші науқас – ауырсыну сезімін де шаншудың өзін де сезбейді. Рефлекторлық доғаның қандай құрылымдарының (деңгейлерінің) зақымдалуы бірінші және екінші науқаста аталған жағдайдың себебі болуы мүмкін?1- қозғалтқыш нейронның аксон бөлігі 2- сезімтал және қозғалтқыш нейрон зақымдалған

  8. Микросуретте қабыршақты денешіктің ішкі колбасында нейроцит өсіндісі көрінеді. Функционалды жіктелуге сәйкес суретте қандай нейроцит және оның қай өсіндісі көрсетілген?



Сезім мұшелері.

  1. Науқас адам жақыннан жақсы көріп, ал алыстан нашар көреді. Бұл көз алмасының қай құрылымының қызметі нашарлағанының белгісі?+аккомодация аппаратына байланысты-цилиарлы денешіктің кірпікшлі белбеушесі

  2. Адамның күндізгі көруі өзгермеген, ымыртта (күн батқаннан кейін) нашар көреді, бұл торлы қабықтың қандай құрылымына байланысты? +торлы қабаттағы фоторецепторларға таяқша тәрізді нейрондарға байланысты.Родопсин пигментінің жетіспеушілігі

  3. Жануар көзінің торлы қабығынан алынған екі гистологиялық препарат берілген. Бірінде меланин түйіршіктері пигментоциттердің цитоплазмасында, ядро маңында орналасқан, ал екіншісінде пигмент түйіршіктері жасушалардың (меланин) өсіндісінде орналасқан. Бұл препараттар тәуліктің қай мезгілінде дайындалған? +қараңғыда-таяқша жарықта-сауытша немесе құтыша

  4. Иіс сезу эпителиінің рецепторларын иісі бар заттармен тітіркендіргенде иіс сезу анализатордың қызметі уақытша бұзылады. Құрылымы мен қызметінің өзгеруін анализатордың қай бөлігінен іздеу керек? +шеткі бөлігінен

  5. Көз алмасынан сәуленің өтуі үлгісінде көз бұршағы дөңес пішінді. Бұл құбылысты көз алмасының қандай құрылымдары қамтамасыз етеді?+көздің аккомодациялық аппараты көз бұршағының пішінің және сәуле сындыру күшінің өзгеруін, көзден түскен жарықтың қарқынына бейімделуін қамтамасыз етеді

  6. Көздің артқы қабырғасында үш пластинкадан тұратын қабық көрінеді, ортаңғы қабығы артериялар мен веналардың торынан құралған, олардың араларында пигментоциттер мен тегіс салалы миоциттердің жекелеген шоғырлары бар борпылдақ дәнекер тіні. Көздің қандай қабаты сипатталған?+тамырлы қабық,оның алды нұрлы қабықпен жалғасқан

  7. Нұрлы қабық ортасында тесігі – көз қарашығы бар диск тәрізді құрылым екені белгілі. Ол қасаң қабық пен көз бұршағының арасында орналасады диафрагманың қызметін атқарады. Нұрлы қабықтың өандай құрылымдары осы қызметті қамтамасыз етеді? +миоциттер . олар көз қарашығының диаметрін кішірейтіп және кеңейтіп тұрады

  8. Кірпікшелі дене қан тамырлы қабықтың туындысы. Кірпікшелі тәж бен сыртқы кірпікшелі сақинадан тұрады. Кірпікшелі дененің негізгі бөлігі кірпікшелі бқлшықеттен түзілген. Кірпікшелі дененің қызмет қандай?+көз бұршағының (жанарының)бағытын реттеп және өзгертушілік міндетін атқара отырып, осы арқылы аккомодация қызметін атқарады

  9. Есту аппаратының жұмысы жарғақты лабиринттегі эндолимфаның тербелісіне негізделген. а) есту нервісінің зақымдалуы; б) есту сүйектерінің жұмысы өзгеруі; в) дабыл жарғағының қабынуы (жарақаттануы); г) рецепторлы жасушалардың қызметінің бұзылуы мүмкін. Осылардың қайсысында есту аппаратын қолданудың тиімділігі зор?+б)дабыл жарғағының қабынуы

  10. Адам салмақсыздық кезінде кеңістікті анықтай ала ма? Егер анықтай алса, қандай сезу мүшесімен? +көру мүшесі арқылы

  11. Науқастың гравитациялық аймақтағы дене қатынасының тітіркенуді қабылдау қабілеті бұзылған. Бұл құбылыс қандай рецепторлы жасушалардың қызметіне байланысты?+Қапшықтық дақтардың сенсорлы жасушалары

  12. Электронды суретте апикальді бөлігінде жіңішке түктері және құрамында микротубулярлы құрылымдары бар бір кірпікшесі бар жасуша көрінеді. Студент осыны есту мүшесінің рецепторлы жасушасы дейді, дұрыс па? + дәм сезу

  13. Тілдің үстін ақ қақтың жабуы асқазан – ішек жолдарының жұмысының бұзылыстарының бірден – бір белгісі болып табылады. Мұның себебін анықтай отырып, дәм сезу қызметінің төмендеуін қалай түсіндіресіз?+нарушается отторжение роговых пластинок с поверхности языка и вкусовые почки становятся не доступны