Файл: 5 1 ртрлі апаратты мысалдарын келтіру жне апаратты ртрлі объектілерде сыну.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Құрметті әріптес!

Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңына сәйкес авторлық құқық заңмен қорғаланатынын ескертеміз. Сатып алған ҚМЖ – ны тарату туралы факт анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады.

«USTAZ tilegi» ғылыми әдістемелік орталығының әкімшілігі







472 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ келесі бетте

Бұл ҚМЖ ust.kz сайтында жасалынған. «USTAZ tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының ҚМЖ бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша ҚМЖ және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

https://ust.kz/qmg

Қысқа мерзімді жоспар

1-бөлім. Ақпаратты ұсыну

    1. Біздің айналамыздағы ақпарат

Мектеп:


Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.2.1.1 әртүрлі ақпараттың мысалдарын келтіру және ақпаратты әртүрлі объектілерде ұсыну.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • ақпарат ұғымы мен түрлерін анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • ақпарат түрлерін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • ақпарат түрлерін дұрыс қолданудың маңыздылығын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

хабар

cообщение

message

таңба

знак

sign




Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау.

  • «Ақпарат» сөзін қалай түсінесің?

  • Адам ақпаратты қайдан алады?

  • Ақпаратты қандай түрлерге бөлесің?

  • Адам қабылдаған ақпаратты қалай ұсынуы мүмкін? Ойлан!

  • Адамның ақпаратты қабылдауының қандай түрлерін айта аласың? Ойыңмен бөліс!

  • Адам, хайуанаттар және өсімдіктердің қоршаған ортадан ақпаратты қалай қабылдайтыны жайлы не айта аласың?

Жазу.

Қабылдау тәсілі бойынша ақпарат түрлерін жазу.

Ұсыну тәсілі бойынша ақпарат түрлерін жазу.

Алдыңғы алған білімі

Ақпарат іздеу, ақпарат алмасу (3- сынып).

Пәнаралық байланыс

Математика, Көркем еңбек.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгендеу.

Сыныпта көңілді ахуал орнату.


Оқушылар сурет бойынша: «Адам естиді, көреді, дәм сезеді, иіс сезеді, сипап сезеді»,– деп жауап берулері керек.

Балалар осы процестерді орындай отырып, адам өзіне ақпарат алады деп, сабақтың тақырыбын жазады.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың ортасы

35 мин

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • «Ақпарат» сөзін қалай түсінесің?

  • Адам ақпаратты қайдан алады?

  • Ақпаратты қандай түрлерге бөлесің?

  • Адам қабылдаған ақпаратты қалай ұсынуы мүмкін? Ойлан!

  • Адамның ақпаратты қабылдауының қандай түрлерін айта аласың? Ойыңмен бөліс!

Адам, хайуанаттар және өсімдіктердің қоршаған ортадан ақпаратты қалай қабылдайтыны жайлы не айта аласың?

Оқулықпен жұмыс: Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім балаларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).


Топтық жұмыс:

  1. Айналаларыңнан екі затты таңдап алыңдар. Қабылдаудың 5 түрі бойынша салыстырып, талдаңдар. Бұл заттар туралы ақпарат алу үшін қайсы сезім мүшелері көбірек қызмет етеді? Неліктен?

  2. 4-сурет қандай ақпарат түрлері арқылы ұсынылған? Түсінктеме беріңдер.


Жеке тапсырмалар орындау

1-тапсырма. Суреттегі кейіпкерлер қоршаған ортадан қандай ақпарат алады? Ол үшін ақпаратты қабылдаудың қандай түрлері көмектеседі?



Дескриптор:

  • қабылдау тәсілі бойынша ақпарат түрлерін анықтайды;

  • ұсыну тәсілі бойынша ақпарат түрлерін анықтайды.

2-тапсырма

5- суреттегі кез келген заттың атауын төмендегі кестеге жаз. Суреттегі кейіпкерлердің ол затты қабылдауына кестеде берілген сезім мүшелерінің қайсысы қатысады? Тиісті бағандарға (+) таңбасын қой.


Заттың

атауы

Көру

Есту

Дәм

сезу

Иіс сезу

Сипап сезу























































Дескриптор:

  • ақпарат көзін анықтайды;

  • ақпарат түрлерін анықтайды.

Жұптық жұмыс

Ақпараттың ұсыну түріне қарай бөлінуі бойынша күнделікті өмірден 2 мысалдан келтіріңдер. Маңыздылығын бағалаңдар.
Дескриптор:

  • ақпарат түрлеріне өмірден мысал келтіреді;

ақпарат түрлерінің маңыздылығын анықтайды.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың соңы

5 мин

Мәліметтерді сәйкестендіріңдер.

Қайсар өзенде шомылып жатыр. көру иіскеу

Лаура алма шырынын ішті. дәм сезу есту

Арман жаңа піскен тоқаш жеді. сипап сезу

Рефлексия:

- Сабақтағы көңіл күйім қандай болды?

- Бүгін қандай ақпарат алдым?

- Алған ақпаратты кімдермен бөлісемін?

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.




1-бөлім. Ақпаратты ұсыну.

1.2. Ақпарат беру

Мектеп:


Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.2.1.2 байланыс арналары, ақпарат көздері және қабылдағыштарға мысал келтіру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • байланыс арналары, ақпарат көздері мен ақпарат қабылдаушыларды анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • байланыс арналары, ақпарат көздері мен ақпарат қабылдаушыларды салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • байланыс арналары, ақпарат қабылдаушылар мен ақпарат көздері қызметінің маңыздылығын бағалайды, тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

ақпарат көзі

источник информации

information source

ақпарат қабылдаушы

приемник информации

information receiver




Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау.

  • Ертеде адамдар бір-біріне ақпаратты қалай жеткізген? Әңгімеле.

  • Бүгінгі таңда адамдар ақпарат алмасу үшін қандай құралдарды қолданады?

  • «Ақпарат көзі» деген ұғымды қалай түсінесің?

Жазу.

Байланыс арналарын жазыңдар.

Ақпарат беру сұлбасын сызыңдар.

Алдыңғы алған білімі

Біздің айналамыздағы ақпарат.

Пәнаралық байланыс

Тарих, Жаратылыстану.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар




Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың бас

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу.

Сыныпта көңілді ахуал орнату.

Үй тапсырмасын тексеру


Өткен сабақты пысықтау мақсатында суреттер мен кестені пайдаланған ыңғайлы. Суреттер мен кестелерді оқушылар сәйкесінше жапсырулары керек.

Қабылдау түріне қарай ақпарат түрлері

Ұсыну түріне қарай






Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың ортасы

35 мин


Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Ертеде адамдар бір-біріне ақпаратты қалай жеткізген? Әңгімелеңдер.

  • Бүгінгі таңда адамдар ақпарат алмасу үшін қандай құралдарды қолданады?

  • «Ақпарат көзі» дегенді қалай түсінесің?

Оқулықпен жұмыс:

Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстырып, оны бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).





1-бөлім. Ақпаратты ұсыну

1.4. Екілік ақпаратты ұсыну

Мектеп:


Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.2.1.4 компьютерге арналған барлық ақпарат екілік түрінде ұсынылғанын түсіндіру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • ақпаратты екілік кодта ұсыну кестесін анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • ASCII кодының бөліктерін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • ASCII кодын қолданудың ерекшеліктерін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

екілік кодтау

двоичное кодирование

binary coding

сандық

числовой

numerical




Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау.

  • Компьютер ақпаратты қалай таниды деп ойлайсың?

  • Біз математикада қандай санау жүйесін қолданамыз?

Жазу.

Ақпаратты кодтау түрлерін жазыңдар.

Алдыңғы алған білімі

Ақпаратты шифрлау.

Пәнаралық байланыс

Математика.


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу.

Сыныпта көңілді ахуал орнату.

Өткен сабақты пысықтау

«Дүкен» ойыны. Анықтамалар бірнеше бөлікке бөлініп, топтарға таратылады. Әр топ өткен тақырып бойынша бес сұрақтан дайындайды. Топтарға анықтамаларды құрастыру ұсынылады. Топтар өздеріне қажет сөзді алу үшін дүкендерге барады. Дүкен иелерінен қажет сөзді алу үшін сұрақтарына жауап берулері керек. Жауап берген соң алған қиындыларын өз топтарына алып келіп құрастырады.


1-топ: Шифрлау анықтамасын құрастыру.


Шифрлау – бұл ақпаратты құпия ақпаратты бөтен адамдардың оқуына болмайтын етіп өзгертуді айтамыз.


2-топ: Криптология ұғымының анықтамасын құрастыру.


Криптология ғылымының мақсаты – ашық мəтінді басқа бөгде адам оқи алмайтын түрге келтіретін математикалық əдістерін іздеу болып саналады.
3-топ: Морзе кодын құрастыру

Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың ортасы

35 мин

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Компьютер ақпаратты қалай таниды деп ойлайсыңдар?

  • Біз математикада қандай санау жүйесін қолданамыз?

Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).


Жеке тапсырмалар орындау

1-тапсырма: Тақырыпта кездесетін терминдердің ағылшын тіліндегі баламасы ASCІІ кестесінде (2-кесте) кодталған. Сол сөздерді декодтаңдар және қазақ және орыс тіліндегі аудармасын табыңдар.

1-сөз:

01000010

01111001

01110100

01100101

Жауабы: ASCII кодын қолданамыз.


Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.




ASCІІ кестесін пайдаланып оқушыларға сараланған тапсырмалар беріп, орындатады.



Byte

2-сөз:

01000010

01101001

01101110

01100001

01110010

01111001

Binаry

3-сөз:

01001110

01110101

01101101

01100010

01100101

01110010

Number

4-сөз:

01000011 01101111 01100100 01100101

Code

Дескриптор:

  • ақпаратты екілік кодтау әдісі анықтайды;

  • ақпаратты декодтайды.


2-тапсырма. Төменде латын әріптерінен тұратын сөздер берілген (мағынасы болмауы да мүмкін). abbas, algo, info, expo, demo, delta

а) ASCІІ кестесін пайдаланып, екілік кодпен кодтаңдар.

ә) Сөздердің неше байт және неше бит екенін табыңдар.
Жауабы:

abbas=> 01100001 01100010 01100010 01100001 01110011 =5 байт=40 бит

algo=>01100001 01101100 01100111 01101111=4 байт=32 бит

info=>01101000 01101110 01100110 01101111=4 байт=32 бит

expo=>01100101 01111000 01110000 0110111=4 байт=32 бит

demo=>01100100 01100101 01101101 01101111=4 байт=32 бит

delta=>01100100 01100101 01101100 01110100 01100001= 5 байт-40 бит

Дескриптор:

  • ақпаратты екілік кодта кодтайды;

  • ақпараттың өлшемін анықтайды.


3-тапсырма. Берілген графикалық суреттен «Информатика» пәніне қатысты терминнің ағылшын тіліндегі баламасы жасырылған. Жасырылған сөзді тап. Қазақ тілінде бұл сөз қалай айтылады?



Дескриптор:

  • графикалық ақпаратты анықтайды;

  • графикалық ақпаратты кодтайды;

ақпаратты басқа тілге аударады.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың соңы

5 мин

«Зымыран сұрақтар» ойыны.

Оқушылар қағазға тақырыпқа байланысты сұрақтар жазып, қағазды умаждап қар пішінін жасайды және келесі топқа лақтырады. Келесі топ сұрақтарға жауап береді.

Kahoot, plickers программаларында электронды тест жұмысын орындату.

Рефлексия:
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.

Оқушылар сабақ туралы жақсы түсінген екі және түсінбеген бір сұрақ қояды.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.



1-бөлім. Ақпаратты ұсыну

1.5. Графикалық ақпаратты екілік кодта

ұсыну

Мектеп:

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.2.1.4 Екілік кодатау арқылы компьютерде графикалық ақапаратты ұсыну.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • графикалық ақпаратты ұсыну түрлері мен әдістерін анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • графикалық ақпаратты ұсыну әдістерін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • графикалық ақпаратты екілік кодта қолданудың тиімділігін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

векторлық графика

векторная графика

vector graphics

растрлық графика

растровая графика

raster graphics




Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау.

  • Компьютерде суреттер қалай бейнеленеді деп ойлайсың?

  • Графикалық ақпараттарды қай мамандық иелері қолданады?

  • Сандарды координаталық осьте сипаттау жолдарын білесің бе?

Жазу.

Графикалық ақпаратты ұсыну түрлерін жазыңдар.

Пиксель дегеніміз – ...

Алдыңғы алған білімі

Ақпаратты екілік кодта ұсыну.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, Математика.


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақ кезеңдері
1   2   3   4


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы

5 мин

Сәлемдесу, түгендеу.

Сыныпта көңілді ахуал орнату.

Өткен сабақты пысықтау: «Кім жылдам?» ойыны.


Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға ағылшын әріптерімен жазылған мақалдар беріледі. Оқушылар сол мақалдарды ASCII кодын қолданып, екілік кодпен жазулары керек.


  1. Tilinmen jugirme, bilimmen jugir.

Okusiz bilim jok, bilimsiz kunin jok.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың ортасы

35 мин

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Компьютерде суреттер қалай бейнеленеді деп ойлайсың?

  • Графикалық ақпараттарды қай мамандық иелері қолданады?

  • Сандарды координаталық осьте сипаттау жолдарын білесің бе?

Оқулықпен жұмыс: Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).


Топтық жұмыс.

Суретте берілген екі суреттің қайсысы векторлық және қайсысы растрлық графика екенін табыңдар? Суреттің салынуына қарап, олардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар екеніне талдау жасаңдар.



Жеке тапсырмалар орындау

Берілген қайықтың торкөз параққа векторлық және растрлық бейнесін түсір. Векторлық бейнесін салуда декарттық координаталар жүйесін қолдан. Растрлық суретті екілік код бойынша бейнелеуде 2-суретті басшылыққа алыңдар.

Дескриптор:

  • векторлық графиканы екілік кодта бейнелейді;

  • растрлық графиканы екілік кодта бейнелейді.

2-тапсырма.

Ақ-қара түсті растрлық суреттің екілік коды берілген. Осы екілік кестедегі 1 саны жазылған торкөздерді параққа түсіргенде қандай кескін алынады?




Дескриптор:

  • растрлық графиканы екілік кодта кодтайды.

Жұптық жұмыс

Торкөз параққа өздерің ұнататын және күзде пісетін бір жемістің векторлық және растрлық суретін қолмен салыңдар. Екі суретті салуда қайсысы оңай болды? Не үшін?
Пікірталас! Компьютерде графикалық ақпаратты бейнелеуде растрлық әдісті, әлде векторлық әдісті қолдану керек пе? Қайсысы тиімді?


Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың соңы

5 мин

«Графика» сөзіне синквейн жасау.

Kahoot, plickers программаларында электронды тест жұмысын орындату.

Рефлексия:

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.

Оқушылар сабақ туралы жақсы түсінген екі және түсінбеген бір сұрақ қояды.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.