Файл: 5 1 ртрлі апаратты мысалдарын келтіру жне апаратты ртрлі объектілерде сыну.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



1-бөлім. Ақпаратты ұсыну

1.6 -1.7. Шығармашылық-практикалық

тапсырмалар

Мектеп:


Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.2.1.1 әртүрлі ақпараттың мысалдарын келтіру және ақпаратты әртүрлі нысандарда ұсыну;

5.2.1.2 байланыс арналары, ақпарат көздері және қабылдағыштарының мысалын келтіру.

5.2.1.3 мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау.

5.2.1.4 компьютерге арналған барлық ақпарат екілік түрінде ұсынылғанын түсіндіру.

5.2.1.4 Екілік кодтау арқылы компьютерде графикалық ақпаратты ұсыну.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • ақпаратты әртүрлі тәсілдермен ұсынуды анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • ақпаратты ұсыну тәсілдерін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • ақпаратты ұсыну тәсілдерінің маңыздылығын сипаттайды, тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология.

байланыс арнасы

канал связи

communication channel

мәтіндік

текстовой

textual

графикалық ақпарат

графическая информация

graphical information



Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау.

  • Ақпаратты әртүрлі нысандарда қалай ұсынады?

  • Ақпарат көздері мен қабылдағыштарды қалай ажыратуға болады?

  • Мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау қалай орындалады?

  • Екілік кодтау арқылы компьютерде графикалық ақпаратты қалай ұсынуға болады?

Жазу.

Ақпаратты қабылдау түрлерін жазыңдар.

Ақпаратты кодтау түрлерін жазыңдар.

Алдыңғы алған білімі

Графикалық ақпаратты екілік кодта ұсыну.

Пәнаралық байланыс

  • Ағылшын тілі, Математика.




Құндылықтарға баулу

  • «Мәңгілік ел» ұлттық идеологиясының құндылықтарын іске асыру

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу.

Сыныпта көңілді ахуал орнату.


Өткен сабақты тексеру.

Өткен сабақты пысықтау: «Венн диаграммасы» бойынша векторлық және растрлық графика түрлерін салыстырады.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың ортасы

35 мин

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Ақпаратты әртүрлі нысандарда қалай ұсынады?

  • Ақпарат көздері мен қабылдағыштарды қалай ажыратуға болады?

  • Мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтауды қалай орындалады?

  • Екілік кодатау арқылы компьютерде графикалық ақпаратты қалай ұсынуға болады?


«Желілік маркетинг» ойыны.

Оқушылар бірінші тапсырманы жұптасып орындайды, екінші тапсырманы үшеуден орындайды, төртінші тапсырманы бес адам болып орындайды, бесінші тапсырманы алтау болып, алтыншы тапсырманы жетеу болып, жетінші тапсырманы барлығы бірге орындайды.


1-тапсырма. Кестеде адамның ақпаратты қабылдау түрлеріне қарай көру, есту , дәм сезу, иіс сезу және тері арқылы сезу (тактильді) күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып, сәйкесінше толтырыңдар.

Ақпаратты қабылдау түрлері

Күнделікті өмірден келтірген мысалдар

Көру

Табиғат, кітап, теледидар.

Есту

Музыка, дыбыс, сөйлеу.

Дәм сезу

Тамақ ішу.

Иіс сезу




Сипап сезу

Ұстау


Дескриптор:

- қабылдау тәсілі бойынша ақпарат түрлерін анықтайды;

- ақпарат түрлеріне мысал келтіреді.

2-тапсырма.

Төменде берілген суреттердегі бейнеленген заттардан бір уақытта қандай ақпарат түрлерін қабылдайтынымызды анықта. Кестедегі тиісті бағандарға (+, –) таңбасын қой. Себебін түсіндір.





Дескриптор:

  • қабылдау бойынша ақпарат түрлерін анықтайды;

  • ақпарат түрлерін салыстырады


3-тапсырма. Берілген суреттер бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңдар:

  1. Табиғи және жасанды ақпарат көздері болатын суреттерді нөмірлеріне қарай екі бағанға бөліп жаз.

  2. Бір жақты және екі жақты ақпарат алмасу бойынша суреттерді нөмірлеріне қарай екіге бөліп жаз.

  3. Биологиялық және техникалық байланыс арналарын көрсетіп тұрған суреттердің нөмірін жаз.



Дескриптор:

  • табиғи ақпарат көздерін анықтайды;

  • жасанды ақпарат көздерін анықтайды;

  • біржақты ақпарат алмасуды анықтайды;

  • екіжақты ақпарат алмасуды анықтайды;

  • биологиялық байланыс арнасын анықтайды;

  • техникалық байланыс арнасын анықтайды


4-тапсырма. Морзе кодын пайдаланып, сыныптағы ең жақын досыңның есімі мен жасын латын әріптерімен, цифрлармен құпия түрде кодта. Оны декодтауға ұсын.



Дескриптор:

  • Морзе кодын анықтайды;

  • Морзе кодымен ақпараттарды кодтайды;

  • кодталған ақпаратты декодтайды.

5-тапсырма. Суреттегі қазақ алфавиті әріптерінің тұрған қатар және баған нөмірлеріне қарай төмендегі терминдер шифрланған. Мысалы, И әрпі 25 санымен шифрланған. Себебі, И әрпі 2-қатар 5-бағанда орналасқан.





  1. 11 32 15 36 42 25 44 33

  2. 17 21 27 36 17 44 11 45

  3. 11 42 34 11

  4. 15 42 11 51 25 27 11

  5. 11 31 41 11 42 11 44




  1. Алгоритм

  2. Декодтау

  3. Арна

  4. Графика

  5. Ақпарат

Дескриптор:

  • қазақ алфавитіндегі әріптердің орналасу санын анықтайды;

  • сандық кодта берілген ақпаратты декодтайды.


6-тапсырма. Жайлаудың суретінен төменде берілген сұрақтардың жауаптарын ақпаратты кодтаудың мәтіндік, сандық және графикалық түрлері бойынша екілік кодта кодтаңдар. Ақпаратты мәтіндік және сандық кодтауда ASCІІ кестесін (4-тақырып, 1-кесте) пайдалан.

  1. Суретте неше адам бейнеленген? (Сандық код.)

  2. Суретте бейнеленген адамдар қалай аталады? (Мәтіндік код.)

  3. Суреттен неше үй жануарын көріп тұрсындар? (Сандық код.)

  4. Киіз үйдің растрлық бейнесін торкөз параққа түсіріп, екілік кодта ұсыныз . (Графикалық кодтау.)



Дескриптор:

  • сандық кодты анықтайды;

  • мәтіндік кодты анықтайды;

  • графикалық кодты анықтайды.

7-тапсырма. Берілген екілік кодтағы сөзді ASCІІ кестесін (4-тақырып, 1-кесте) пайдаланып, декодтаңдар. Табылған сөздің мағынасы сен үшін қаншалықты маңызды деп ойлайсың? Ойларымен бөлісу.



Жауап: Отан.

Дескриптор:

  • екілік кодты анықтайды;

  • екілік кодтағы ақпаратты декодтайды.

Барлық тапсырмаларды орындаған оқушы миллионер атанады.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

«Еркін микрофон» әдісі бойынша жүргізіледі.

Оқушылар өз ойын білдіреді.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.