Файл: Химиялы ндірісте жмыс жасайтын ер адам дрігер абылдауында келесі шаымдармен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 75

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ВБ ПМСП

#1

*!Химиялық өндірісте жұмыс жасайтын ер адам дәрігер қабылдауында келесі шағымдармен: асқазан қыжылы, еңкейгенде күшейетін лоқсу. Тексеру кезінде терісі және шырышты қабаттары қалыпты түсте, тері асты майлы тіні орташа, лимфа бездері үлкеймеген, тілі ылғалды, ақ қабатпен жабылған. Іші жұмсақ, пальпация кезінде ауырсыну жоқ. Бауыры қабырға доғасы жанында. Физиологиялық қажеттіліктер қалыпты жағдайда. Клиникалық көріністің себебі немен байланысты?

*Созылмалы гастрит 

*+ГЭРБ 

*Асқазан жарасы

*Он екі елі ішек жарасы 

*Созылмалы холецистит 
#2

*!Ер адам 60 жаста кеуде артындағы қысу, жану сезімдерімен ауырсынуларға шағымданады. Аталған шағымдар 2 ай бұрын пайда болған, нитрат препараттарын қабылдау жағдайын жеңілдетпеді. Стенокардиямен 5 жыл ауырады, тұрақты түрде нитраттар мен кальций антагонистерін қабылдайды. ЭКГы көрсеткіштерінің нашарлауы байқалмаған. ФГДСта өңештің астыңғы үшінші бөлігінде орташа қызару мен ісіну мен сызықтық эрозиялар байқалады. Өңеш рентгенографиясында барий сульфатының асқазаннан өңешке қайта өтуі анықталды. Бернштейн сынамасы оң нәтижелі. Ең ықтималды диагноз?

*+ГЭРБ эзофагитпен 

*ГЭРБ эзофагитсіз

*Созылмалы атрофиялық гастрит 

*Өңеш стриктурасы ГЭРБ 

*Өңеш дивертикулы
#3

*!28 жастағы ер адам тамақтанудан 1,5-2 сағаттан кейін туындайтын асқазан тұсындағы қатты ауырсынуларға, қыжылға шағымданады. Сүт ішкеннен кейін ауырсынулардың азаятынын байқаған. 4 жылдан бері ауыратынын айтады. Аурудың асқынуы жылына 1-2 рет көктемде және күзде. Эндоскопиялық зерттеу нәтижесінде он екі елі ішектің алдыңғы қабырғасында көлемі 0,4 х 0,8 см болатын шырышты қабаттың дефектісі анықталған. Он екі елі ішектің шырышты қабаты ісінген және қызарған. Ең ықтималды диагноз?

*Созылмалы гастрит

*Функционалды диспепсия

*Асқазан ойық жарасы

*+Он екі елі ішектің ойық жарасы

*Созылмалы дуоденит
#4

*!Артық салмағы бар, көп балалы (5 бала) 48 жастағы әйел майлы тамақтан кейін пайда болатын оң жақ бауыр асты тұсындағы ауырсынуларға шағымданады. Аталған ауырсынулар оң жақ жауырын мен бұғанаға таралады. Сонымен қатар, жүрек айну, құсу, қарайған несепке, түссіз нәжіске және терісінің сарғаюына шағымданады. Оң жақ бауыр асты тұсында пальпация кезінде ауырсынатын жұмсақ өт анықталды. Іштің тітіркену симптомдары жоқ. Бауыр пальпацияланбайды. Болжамды диагнозды қойыңыз?


*Жедел гепатит

*Созылмалы холециститтің асқынуы

*+Өт тас ауруы сарғаю

*Гемолитикалық сарғаю (Минковский-Шоффар ауруы)

*Бауыр циррозы, қалпына келтірілген кезеңде
#5

*!22 жастағы әйел оң жақ бауыр асты тұсында жедел түрде пайда болатын және аз уақытқа созылатын ұстама тәрізді ауырсынулар себебімен соңғы 3 жыл ішінде емханада тұрақты түрде қаралады. Ұстама тәрізді ауырсынулардың арты жүрек айну, терлеуге ұласады. Ауырсынулардың пайда болуын психоэмоционалды жағдайлармен байланыстырады. Ауырсынулар спазмолитиктерді қабылдау арқылы басылады Көпіршік симптомдары аурудың асқыну кезінде әлсіз оң нәтижелі. Қанның және несептің жалпы талдаулары, бауыр сынамалары асқыну кезінде қалыпты көрсеткіштерде. Болжамды диагнозды қойыңыз?

*созылмалы холецистит

*өттің тас ауруы

*тітіркенген ішек синдром

*+өт жолдарының гипертоникалық типі бойынша функционалды бұзылыстары

* өт жолдарының гипотоникалық типі бойынша функционалды бұзылыстары
#6

*! 52 жастағы әйел майлы тамақтан кейін күшейетін оң жақ бауыр асты тұсындағы қайталанатын ауырсынуларға, іштің желденуіне, каша тәрізді нәжістің болып тұратындығына шағымданып емхана келді. Анамнезінен – 9 жыл өттің тас ауруымен ауырған, лапароскопиялық холецистэктомия 1 жыл бұрын. Науқастың артық салмағы бар, пальпация кезінде іші жұмсақ, эпигастрий және оң жақ бауыр асты тұсында орташа ауырсынады. Болжамды диагнозды қойыңыз?

*Екіншілік панкреатит

*Бауырдың диффуздық өзгерісі

*+Постхолецистэктомиялық синдром

*Бауыр циррозы

*Өт жолдарының дискинезиясы
#7

*!25 жаcтағы әйел тамақтан кейін түнгі уақытта пайда болатын эпигастрий тұсындағы ауырсынуларға кекірікке іштің қатуына шағымданады. Шағымдар біраз уақыттан бері пайда болған, созылмалы гастрит бойынша амбулаторлы ем алған. Объективті тексеру кезінде: тілі ылғалды, тілінің түбі ақ қабықпен қапталған. Іші жұмсақ, эпигастрий тұсында ауырсынады. Жалпы қан талдауы, қан биохимиясы – қалыпты көрсеткіштерде. Ішкі қуыс ағзаларының УДЗ – патология жоқ. Созылмалы гастриттің асқынуын нақтылау және хеликобактер инфекциясын анықтау үшін өткізілу керек:

*24-сағаттық асқазан рН-метриясы

*+ФЭГДС мақсатты биопсиясымен

*асқазан контрастық рентгенографиясы

*нәжісті жасырын қанға зерртеу


*дуоденалды зондпен зерттеу
#8

*!21 жастағы қыз толықтай тыныс ала алмайтынына, іштің бүріп ауырсынуы іштің өтуімен бітетініне шағымданып келді. Іштің өтуі 1-2 аптаға созылып, аяқ асты өзі тоқтайды. Жағдайының нашарлауын психоэмоционалды факторларға байланысты. Бір жылдан бері ауыратынын айтады. Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағы ауырсынады, жиырылып қалған сигма тәрізді ішек пальпацияланады. Болжамды диагнозды қойыңыз?

*Крон ауруы

*Созылмалы энтероколит

*+Тоқ ішектің тітіркену синдромы

*неспецификалық жаралы колит

* Конн ауруы
#9

*!45 жастағы ер адам қызба ауруына байланысты қабылданған антибактериалды терапиядан 10 күннен кейін сулы іш өту, толғақ тәрізді іштің ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі, қан талдауында – лейкоцитоз. Ректоманоскопия және сигмоскопия өткізу кезінде ақшыл-сары қабықпен жабылған қабынған шырышты қабаттың зақымдану ошақтары анықталды. Ең ықтималды диагноз

*жаралы колит

*+псевдомембранозды колит

*вирусты колит

*коллагенді колит

*ишемиялық колит
#10

*!34 жастағы әйел тәбетінің нашарлауына, іштің желденуіне, іштің қатуына, нәжістің біркелкі түсті емес екеніне шағымданады. Анамнезде созылмалы панкреатит, холецистит. Холецистит бойынша антибиотиктармен емделген. Ішек таяқшаларының саны ( E. coli lac (-))> 10 мың КОЕ/мл. Дәрігер дисбактериоз II деңгейін анықтап, кеңестерін берді Дисбактериоз II деңгейі диагнозы қай көрсеткішке сай қойылды?

*асқазан және ішек белгілері

* ішек белгілері

* ішек таяқшаларының саны

*+ асқазан және ішек белгілері және ішек таяқшаларының саны

*анамнезде антибиотик қабылдауы
#11

*! 28 жастағы әйел соңғы 2 ай бойы тұрақсыз нәжіске, іштің желденуіне, іштің кебуіне, орташа жалпы әлсіздігіне, тез ашуланшақтығына, ерте тұру мен ұйқысының қанбауына, кейде нәжіске сілекей араласып шығатынына шағымданады. Аталған симптомдардың пайда болуын созылмалы аднекситтің асқынуына байланысты гинекологтың бірнеше антибиотик курстарын тағайындауымен байланыстырады. Бала кезінен кейбір тағамдардың, оның ішінде майлы сүттің, саңырауқұлақтың, қиярдың жақпайтынын айтады. Ең алдымен қандай тексерістерді жасау керек?

*қан талдауы

*ФГДС

*ректороманоскопия

*асқазан секрециясын зерттеу

*+нәжіс флорасын дисбактериозға зерттеу
#12

*!25 жастағы ер адам, вегетариан, іштің қорылдауына, оның ішінде артқы тесіктің тұсында қорылдауына шағымданады. Ішектерінің толып тұру сезімі, іш қату мен іштің өтуі өзара ауысып тұруы, содан кейін пайда болатын іштегі ауырсыну сезімі, нәжіс тұрақсыз, көбінесе сарғыш қоңыр түсті. Тілінде сары жабынды. Копрологияда көп мөлшерде өсімдік клетчаткалары қорытылмаған. 1,5 жыл бойы ауыратынын айтады. Ең алдымен қандай тексерістерді жасау керек?


*ФГДС

*іш қуысы ағзаларының УДЗ

*ирригоскопия

*+колоноскопия

*уреазды тест
#13

*!45 жастағы әйел соңғы бір жыл бойы мазалап жүрген қыжылға шағымданып келді Анамнезден қайталанып тұратын кеуде артындағы ауырсынулар ұйқы кезінде пайда болады кейде жүрек айну құсумен бітеді Іші дем алу актісіне қосылады эпигастрий тұсында орташа ауырсынады ЭФГДСта өңештің абдоминалды бөлігінде толық қызару мен ошақтық фибринозды қабынды, асқазан клапандары жетіспеушілігі белгілері бар. Ең алдымен қай препарат тағайындалады?

*Фестал

*Урсодезоксихолий қышқылы

*Фамотидин

*+Омепразол

*Дротаверин
#14

*!25 жастағы ер адам эпигастрий тұсындағы ауырсынуларға, жалпы әлсіздікке, шаршауға шағымданады. Анамнезде – он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы. Жалпы қан талдауында – Нв – 69 г/л, ТК – 0,77, лейкоциттер – 5,1 мың, тромбоциттер – 195 мың, СОЭ – 12 мм/с. Жалпы билирубин – 12 мкМоль/л, сарысу темірі – 4,5 мкМоль/л. Нәжістің жасырын қанға талдауы оң нәтижелі. Науқасты емдеу тактикасы?

*эрадикационды терапия амбулаторлық жағдайда

*гастроэнтерологтың консультациясы

*+стационарға госпитализациялау

*күндізгі стационарда темір препараттарымен емдеу 

*санаторлық емдеу
#15

*!23 жастағы әйелге шағымдары, анамнез, объективті белгілерге (ұстама тәрізді оң жақ бауыр асты тұсында ауырынсынулар, психоэмоционалды факторлармен қозатын және но-шпа қабылдауымен тоқтатылатын ауырсынулар, қан және несеп талдаулары өзгеріссіз) байланысты болжамды диагноз қойылды: Өт жолдарының гипертониялық тип бойынша функционалды бұзылыстары. Инструменталды зерттеулер диагнозды растады. Қай ем шарасы дұрыс бұл жағдайда?

*спазмолитиктер, пробиотиктер

*прокинетикалық заттар, транквилизаторлар

*антибиотиктар, спазмолитиктер

*+спазмолитиктер, транквилизаторлар

*прокинетиктер, холекинетиктер
#16

*!60 жастағы ер адам толғақ тәрізді іштің ауруына, іштің ісінуіне, іш қатуына, кебуіне, құсуға шағымданады. Анамнезде: холецистэктомия 25 жыл бұрын. Жағдайының нашарлауы 4 сағат бұрын. Жалпы жағдайы орташа деңгейде. Тілі құрғақ. Іші дұрыс емес формада, жоғарғы бөліктерінде ісінген. Пальпация кезінде іштің ауырсынуы жоқ, ішек перистальтикасы күшейген. Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз?

*тазарту клизмалары

*спазмолитиктер

*газ шығару трубкасы

*+хирургиялық бөлімшеге госпитализациялау


*бақылау
#17

*!40 жастағы ер адам, біраз уақыттан бері асқазанның ойық жарасы ауруымен ауыратын, бірақ соңғы екі күн бойы ауырсынулардың азайғанын айтады, сонымен қатар әлсіздік пен бас айналу қосылғанын байқаған. Бүгін таңертең төсектен тұрып бірнеше секундқа есінен танып қалды. Науқас бозарған, эпигастрий тұсында пальпация кезінде аздаған ауырсынулар бар. Іштің тітіркену симптомдары жоқ. Ең ықтимал емдеу тәсілі?

*+Жедел госпитализация

*Амбулаторияда емдеу

*Ем- дом жазып үйде қалдыру

*Терапиялық бөлімде емдеу

*Гастроэнтеролог консультациясы
#18

*!35 жастағы әйел тамақтан кейінгі ауырлық сезіміне, тәбетінің нашарлауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Соңғы 2 жыл бойы асқазан ауруына байланысты ем алған. Соңғы 2 аптада жағдайының нашарларғанын байқаған. Объективті тексеруде: қалыпты салмақта. Жүрек және өкпе жақтан патология жоқ. Тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған, түтікшелері тегістелген. Іш формасы өзгермеген, асқазан тұсында ауырсынады . Бауыр қабырға доғасы жанында. Уреазды тыныс алу тесті оң нәтижелі. Ең ықтимал емдеу тәсілі?

*санаторлы-курортық емдеу

*пантопразол, тетрациклин, метронидазол – 14 күн

*висмут субцитраты монотерапияда -2 апта

*+омепразол, кларитромицин, амоксициллин –14 күн

*омепразол, левофлоксацин, метронидазол –7 күн
#19

*!Студент 25 жаста, шағымдары: созылмалы іш қату, тәбеттің нашарлауы, қыжыл, жүрек айну, іштің ауыруы, метеоризм, шаршау, жалпы әлсіздік, тез ашушаңдық, ұйқының бұзылуы, бас ауруы. Соңғы 6 айда шағымдар күшейген, дәрігерге қаралмаған. Басқа аурулармен ауырмағанын айтады. Ең дұрыс тактика?

*көп мөлшерде клетчаткасы бар диета тағайындау

*+іш жүргізетін препараттар тағайындау

*невропатологтың консультациясына жіберу

*өт жүргізу препараттарын тағайындау

*госпитализацияға жіберу
#20

*!24 жастағы ер адам іштің қатуы, метеоризм, дәретке шақырудың болмауына, іштің ауырсынуына шағымданады. Анамнезде гастроэнтерологта бала кезден іш қату бойынша тіркеуде тұр. Тексеру нәтижесінде «бақаның іші» анықталды. Жалпы қан талдауы: гемоглобин -122 г/л. Ең ықтимал емдеу тәсілі?

*диета: жемістер, көкөністер, сүт қышқыл өнімдері

* массаж арқылы, емдік гимнастика және физиотерапевтикалық әдістермен перистальтика стимуляциясы

*+тазарту клизмаларын, іш жүргізетін препараттарды қолдану

*күндізгі стационарда спазмолитиктердің көктамырға инфузиясы