Файл: Химиялы ндірісте жмыс жасайтын ер адам дрігер абылдауында келесі шаымдармен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 76

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


*витаминотерапия, темір препараттарын тағайындау
#21

*! 24 жастағы ер адам тамақтан кейін немесе алкоголь қабылдағаннан кейін жарты сағаттан соң пайда болатын эпигастрий аймағындағы жаншып ауыру сезіміне, сода қабылдағаннан кейін басылатын қыжылдауға шағымданады. 2 жылдан бері ауырады, емделмеген. Объективті тексеруде: тілі ақ жабындымен жабылған. Іштің терең пальпациясы кезінде эпигастрий аймағындағы жайылған ауру сезімі. ЭФГДС: асқазанның шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, антральды бөлігінде – аздаған қан құйылулар көрінеді.

Бұл жағдайда қай препаратты тағайындаған ең мақсатты және не себепті?

*+Пантапразол, себебі ол тұз қышқылының синтезделуінің соңғы сатысы мен экскрециясына қатысатын ферментті тежейді

*Фамотидин, себебі ішкі(париетальді) жасушаларда орналасқан Н2 рецепторларын тежейді

*Метронидозол, себебі антигеликобактерлі әсерге ие

*Алмагель, себебі антацидты әсерге ие

*Метацин, себебі спазмолитикалық әсерге ие
#22

*!Өт-тас ауруымен ауыратын 79 жастағы ер адам, іштегі ауру сезіміне шағымданып емханаға келді. Іштің пальпациясы кезінде келсі симптомдар оң болды: Щеткина-Блюмберг, Воскресенского, Медель, Бернштейн. 

Қандай емдік тактика қабылдау керек?

* Науқастың егде жасына байланысты консервативті емдеу

* Консервативті емнің әсері болмаса, операциялық ем

* Тактикалық шешім қабылдау аурудың ұзақтығына байланысты

* Жоспарлы операция

*+Жедел госпитализация және операциялық ем
#23

*! Ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар 77 жастағы ер адам, иыққа, жауырынға, оң жақ бұғана үсті аймағына берілетін оң жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді ауырсынуға, сондай-ақ жүрек айну сезіміне және өтпен қайталап құсу ұстамаларына шағымданып келді. Дене температурасы 38С. Объективті тексеруде: тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іштің пальпациясы кезінде оң жақ қабырға асты аймағындағы ауру сезімі, осы аймақ бұлшықеттерінің рефлекторлы қорғаныс реакциясы байқалады.

Осы пациентті жүргізу тактикасы қандай?

*+ Стационарда үнемі қадағалаумен жедел госпитализация

*Жедел госпитализация және холецистэктомия операциясы

*Амбулаторлық жағдайда қадағалау

*Консервативті ем тағайындау

*Ауырсынулық симптоматиканы промедолмен басу
#24

*!Әйел 58 жаста, іштің ауырсынуына, іштің кебуіне, нәжістің болмауына, алдымен тамақ қалдықтарымен, кейін өтпен қайталама құсуға шағымданады.


10 жыл бұрын ирригоскопияда тоқ ішектің полипі анықталған. 1 жыл бұрын асқазан қатерлі ісігіне байланысты операция – субтотальді резекция жасалған.

Аускультативті – ішек перистальтикасының жоғарылауы. Құрсақ қуысының шолу рентгенограммасында Клойбер тостағаншалары.

Қай ауру туралы ойлауға болады және сіздің емдеу тактикаңыз?

*Тоқ ішек өтімсіздігі, жедел операция

*+Ішек өтімсіздігі, жедел операция

*Операциялық жіптердің ажырауы, перитонит, стационарда бақылау.

*Ішек тітіркену синдромы, медикаментозды ем

*Қуыс ағзаның пенетрациясы, операция
#25

*! 24 жастағы ер адам, ағаш ұстасы, арқаға берілетін эпигастрийдегі кесу сипатындағы қарқынды ауру сезіміне шағымданады. Ауырсыну таңғы 5-те пайда болады, таңғы астан кейін тынышталады, бірақ 2-2, 5 сағаттан кейін ауру сезімі қайтадан күшейеді. Аш қарынға сұйық асқазан құрамымен құсу жиі байқалады. ЖҚА және ЖЗА қалыпты. Копрограмма – нәжісте қан табылмады. Объективті тексеруде: іш эпигастрий аймағында семсертәрізді өсіндіден төмен қатайған, сол жерде дергілікті ауырсыну бар, Мендель симптомы «+». Тоқ ішек аймағы ауырсынусыз. Бауыр қабырға доғасынан 2 см шығып тұр. Шоффар аймағы ауырсынусыз.

Науқасты жүргізу тактикасы қандай?

*емханаға күндізгі стационарға жолдау

*амбулаторлы ем

*санаторлық ем

*науқасты гастроэнтеролог консультациясына жолдау

*+стационарға госпитализациялау
#26

*!Әйел 20 жаста. ЖТД-ға құрғақ жөтелге, дене температурасының 3 күн ішінде 37,5° - 37,8°С дейін көтерілуіне, мұрынның бітелуіне шағымданған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, аңқасы аздап гиперемияланған, тынысы екі жағынан да қатты, сырылдар жоқ, жүрек үні айқын, ЖСЖ – 90/мин, АҚ 120/70 мм.с.б.

Бәрілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

* Жедел пневмония

*+ Жедел бронхит

* Ларинготрахеит


* Бронхиальды астма

* Созылмалы бронхит
#27

*! Ер адам 56 жаста. Мен ЖПД дәрігеріне аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болатын инспираторлы ентігуге, құрғақ жөтелге, әлсіздікке шағымданып келді. 35 жыл бойы темекі шегеді. Соңғы 4 айда ол 7 кг жоғалтқан. Соңғы аптада кеуденің сол жартысындағы ауырсыну мазалай бастады. Объективті: тамақтануы төмен. Акроцианоз. Өкпеде әлсіреген тыныс, сырылдар жоқ. Спирограммада ОФВ1 55% құрады, бронхолитикалық сынамадан кейін өзгерген жоқ. Кеуде қуысының РГ – оң өкпенің ортаңғы бөлігінде күңгірттену.

Нақты диагноз қою үшін қандай зерттеу жүргізу керек?

* Кеуде қуысының УДЗ

* Өкпе сцинтиграфиясы

* + Биопсиямен бронхоскопия

* Ангиопульмонография

* Кеуде қуысының КТ
#28

*! 50 жастағы ер адам физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, тұтқыр қақырықпен шырышты жөтелге шағымданады. Анамнезінде: 30 жыл бойы темекі шегу. Науқасты қарау кезінде тері жабындыларының цианозы, кеңейген қабырғааралықтарымен бөшке тәрізді кеуде, қорап тәрізді перкуссиялық дыбыс, әлсіз везикулярлы тыныс байқалады. Спирография: ОФВ1 - 50% тиісті шамадан, ОФВ1\ФЖЕЛ-45% тиісті шамадан.

Ең ықтимал диагноз қандай?

* Жедел бронхит

* Бронх демікпесі

* + ӨСОА

* Плеврит

* Өкпе абсцессі
#29

*!50 жастағы ер адамды аз мөлшердегі шырышты қақырықпен тұрақты жөтел, жүктеме кезінде ентігу мазалайды. Анамнезде: 15 жылдан астам темекі шегеді. Объективті: кеуде қуысы бөшке тәрізді, бұғана үсті аймағы ісініп тұр. Дауыс дірілі екі жақта да әлсіреген. Перкуторлы: қораптық дыбыс. Аускультативті: ұзаққа созылған дем шығарумен қатты тыныс, бүйір бөліктерінде форсирленген тыныс шығару кезінде күшейетін сырылдар анықталады.

Төмендегі зерттеулердің қайсысы осы ауру үшін ең көп диагностикалық ақпаратқа ие?

* Кеуде қуысының рентгенографиясы

* Қақырықты жалпы талдау

* Өкпенің компьютерлік томографиясы

* Бронхоскопия

* + Спирография
#30

*!25 жастағы әйел жөтелуге, қалтырауға, кеуде және іштің ауырсынуына шағымданады. Объективті: дене температурасы 39,1°C, сол жақ бүйірімен жатыр, есі тежелген, ерні құрғақ. Кеуде қуысының сол жартысы тыныс алу актісінен артта қалады, ТЖ минутына 40. Қан талдауы: гемоглобин-110 г/л, эритроциттер - 4,0х1012/л, лейкоциттер - 19х109/л, таяқша ядролылар 10%, сегмент ядролылар - 55%, эозинофилдер - 5%, лимфоциттер - 28%, моноциттер - 2%, ЭТЖ 32мм / сағ. Кеуде қуысының рентгенінде: оң өкпенің сол жақ бөлігінің инфильтративті көлеңкеленуі.


Қандай диагноз ықтимал?

* Плеврит

* Өкпе абсцессі

* + Ауруханадан тыс пневмония

* Аппендицит

* Менингит
#31

*!67 жастағы ер адам, ентігу және кішкене физикалық жүктемені орындай алмауына шағымданады. Қарап тексергенде: бұғана үсті аймағы ісінген, кеудеқуысы бөшке тәрізді. Тыныс алуы – дем шығару кезінде аузын жауып, ұртын үрлеу арқылы("пыхтит"). Рентгенограмма жасалды: рентгенограммада өкпенің мөлдірлігі жоғарылаған, қабырғааралық кеңістіктердің кеңеюі, диафрагма күмбезінің тегістелуі.

Бұл клиникалық көрініс қандай жағдайға тән?

* Спонтанды пневмоторакс

* Өкпе қан кету

* Өкпенің кавернозды туберкулезі

* Ауруханадан тыс пневмония

* + Өкпе эмфиземалары
#32

*!40 жастағы ер адам, слесарь, сары-қоңыр түсті қақырықты жөтелге, тыныс алу кезінде кеуденің оң жартысындағы ауырсынуна, аздаған физикалық жүктеме кезінде тыныс алудың қиындауына, дене температурасының 39,4 °C дейін көтерілуіне, жалпы әлсіздікке, басының ауыруына, бұлшықеттердегі "сыну" сезіміне, жүрек соғуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Жоғарыда аталған шағымдар пайда болған күні жедел ауырып қалды. Аурудың дамуын суық тиюмен байланыстырады.

Қандай диагноз ең ықтимал?

* + Ауруханадан тыс пневмония

* Туберкулезі

* Қатерлі ісігі өкпенің

* Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

* Өкпенің инфарктісі
#33

*!30 жастағы ер адам, сол жақ кеуде бөлігінің ауырсынуна, температураның 39 градусқа дейін көтерілуіне, ентігу, жалпы әлсіздікке шағымданып емханаға ЖТД-ге келді. 3 күн бұрын, тауға барғаннан кейін жедел ауырды. Обьективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Сол жақтан дауыс дірілі әлсіреген, өкпе дыбысының қысқаруы. Аускультативті: сол жақ жауырынасты аймағында тыныс алудың әлсіреуі фонында ылғалды майда көпіршікті сырылдар естіледі. ТЖ 21 мин. ЖСЖ 102/мин.

Төмендегі әдістердің қайсысы диагноз қоюда ең шешуші болып табылады?

* + Кеуде қуысының рентгенографиясы

* ЭКГ

* Қанның жалпы талдауы

* Спирография

* Қақырықты жалпы талдау
#34

*! 47 жастағы ер адам үйге ЖТД шақырды. Автобус жүргізушісі болып жұмыс істейді. Ер адам жөтелге, дене температурасының 38°C-қа дейін көтерілуіне, тыныс алу кезінде күшейетін кеудедегі ауыру сезіміне шағымданады. 3 күн бұрын суық тиюден кейін ауырып қалды.

Обьективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Аускультация кезінде сол жақ төменгі бөлікте майда көпіршікті ылғалды сырылдар, перкуссия кезінде сол жерде перкуссиялық дыбыстың тұйықтануы байқалады. Қосымша аурулары жоқ.


Бұл жағдайда емдеуді ұйымдастырудың қандай тактикасы ең қолайлы?

* + Үйдегі стационар ұйымдастыру

* Күндізгі стационарға жіберу

* Стационарға жіберу

* Емшара кабинетіне жіберу

* Физиоемдеуге жіберу
#35

*!Көптеген жылдар бойы ӨСОА-мен ауыратын 56 жастағы ер адам дене температурасының жоғарылауына, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, ентігу, әлсіздікке, суықтаудан кейін пайда болған терлегіштікке шағымданады. Рентгенде: оң жақ өкпеның төменгі бөлігіндегі өкпе тінінің инфильтрациясы анықталды. Линкомицинмен емдеу тағайындалады. 3 – ші күні қақырықта пневмококктар табылды.

Сіздің әрі қарайғы емдеу тактикаңыз.

* Тетрациклин, метрогил, лазолван

* Амоксиклав, гентамицин, бромгексин

* Цефазолин, преднизолон, бромгексин

* Пенициллин, амброксол, сальбутамол

* + Кларитромицин, амброксол, ипратропий бромиді
#36

*!20 жастағы ер адам дәрігерді үйге шақырып, дене қызуының 4 күн ішінде 38С-ге дейін көтерілуіне, сары-жасыл түсті қақырықпен жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданды. Анамнезден: ауру суықтанумен байланыстырады. Объективті: тері жабындылары бозарған, ТЖ 20 мин., жауырын бұрышынан төмен оң жақта перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, аускультативті түрде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар.

Бұл науқасты ең оңтайлы емдеу

* гентамицин 80мг х 2 р/к б/е 5 күннен

* эритромицин 2 таблеткадан 0,25 мг. х 4 р/к 7 күн

* + азитромицин 0,5 х1 р/к ішке 5 күн

* левофлоксацин 0,5 х 1 р/к ішке 10 күн

* цефазолин 1,0 х 3р/к б/е 10 күн
#37

*!50 жастағы әйел ЖПД қабылдауында қиын бөлінетін тұтқыр қақырығы бар ұстамалы жөтелге, тұншығу ұстамаларына, жүктеме кезінде ентігуге, мұрынның бітелуіне шағымданды. ЖРА-дан кейінгі жағдайы нашарлаған. Күндізгі уақытта тұншығу ұстамаларының жиілігі күрт өсті, айына 1-2 рет болатын түнгі ұстамалар пайда болды. Обьективті: жағдайы салыстырмалы түрде ауыр. Өкпенің перкуссиясында – қораптық дыбыс, аускультативті-өкпенің барлық алаңында құрғақ ысқырықты сырылдардың көп мөлшері, ТЖ минутына 30, ЖСЖ 138/мин, аритмиялық. АҚ 110/60 мм рт.ст.

Бұл жағдайда қай топ препараттары көрсетілген?

* Бета2-адреномиметиктер (сальбутамол, фенотерол)

* М-холиноблокаторлар (ипратропия бромиді)

* Метилксантиндер (теофиллин, аминофиллин)

* + ИГКС (флутиказон, будесонид)

* Лейкотриенді рецепторлардың антагонистері (зафирлукаст, монтелукаст).
#38

*!50 жастағы ер адам 30 жыл бойы ӨСОА-мен ауырады. Суықтанудан кейінгі соңғы 3 күнде температураның 38ºС дейін жоғарылауы, жөтелдің күшеюі және іріңді қақырықтың пайда болуы байқалады.