Файл: Химиялы ндірісте жмыс жасайтын ер адам дрігер абылдауында келесі шаымдармен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 148

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


* Мейо бойынша;

* Лекснер бойынша;

* Сапежко бойынша;

* Кина бойынша;

* Терье – Черин бойынша
#437

*! Ер адам 26 хирургиялық бөлімшеге жаста кеуде торының оң жақ бөлігіндегі ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып келді.тосы шағымдар физикалық жүктемеден кейін пайда болған. Жалпы жағдайы ауыр.Қарап тексергенде: Ортопное, тері жамылғыларының цианозы. Перкуссия кезінде кеуде торының оң жақ бөлігінде қорап тәрізді дыбыс анықталады, аускультация кезінде оң өкпе үстінде тыныс естілмейді. ТАЖ 28 - 30 рет минутына

Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі анағұрлым бірінші кезекте жасалуы тиіс?

* Кеуде торының Ультрадыбыстық зерттеуі;

* Кеуде торының шолу рентгенографиясы;

* Кеуде торының компьютерлі томографиясы;

* Жедел бронхоскопия;

* Жедел торокоскопия

#438

*! Ер адам 29 жаста хирургиялық бөлімшеге іштегі ауру сезіміне, әлсіздікк шағымданып түсті. Түсер алдында 3 сағат бұрын жарақат: іш аймағына соққы алған. Ауру сезімі динамикада күшейген. Науқас зерттелген: диафрагманың сол күмбезінің астында бос ауаның жіңішке сызығы анықталады. Кезекші хирург қуыс мүшенің зақымына күмәнданып тұр.

Осы жағдайда сіздің әрі қарайғы қандай іс әрекетіңіз?

* Лапароцентез жасау;

* Құрсақ қуысының УДЗ;

* Бақылау үшін жатқызу;

* Жедел лапаротомия жасау;

* Бариймен рентген зерттеуін жасау
#439

*! 65 жасар әйел адам хирургиялық бөлімшеге кіндік аймағындағы қатты ауру сезіміне және ауру сезімдң ісік тәрізді түзіліске шағымданып келді. Ауырғанына 3 сағат болған, ауыр зат көттергеннен кейін осы түзіліс пайда болған. Өзі қайта салуға тырысқан, бірақ нәтиже жоқ. Жергілікті: кіндік аймағында жарық шығып тұр, консистенциясы тығыз, қатты ауру сезімді, жөтел түрткісі симптомы теріс. Науқас жедел түрде қысылған кіндік жарығы себебінен шұғыл операцияға алынған.

Осы жағдайда қандай пластика түрі көрсетілген?

* Греков бойынша;

* Бассини бойынша;

* Сапежко бойынша;

* Мартынов бойынша;

* Напалков бойынша
#440

*! 47 жасар ер адам қабылдау бөлмесіне хирургқа құрсақ қуысының жаншылып-кесілген жарақатымен түсті. ПХО тексерген кезде жарақаттын құрсақ қуысына өткені байқалды. Науқасқа лапаротомия жасалды. Операция кезінде диафрагманың 2,0×1,5 см өлшемінде ақауы анықталды.


Осы жағдайда қандай іс – әрекет анағұрлым орынды?

* Үздіксіз айналмалы тігіс;

* Шетін шетіне түйістірген түйінді тігіс;

* П-тәрізді тігіс;

* Z-тәрізді тігіс;

* Шмиден тігісі
#441

*!Ер адам 29 жаста қысылған тік шап жарығы себебінен операция жасалуда.Хирург шап өзегінің артқы қабырғасын қатайтуды шешті.

Төменде көрсетілген қай әдісті қолданылуы тиіс?

* Жирар;

* Бобров;

* Напалков;

* Бассини;

* Спасокукоцкий
#442

*!Ер адам 30 жаста, хирургиялық бөлімшеге жедел панкреатит белгілерімен ауруханаға 7 күннен кейін ғана түсті. Үнемі аздаған ауру сезімдері мазасыздандырады, дене температурасы 37,5-37,8,00С. Қарау кезінде: эпигастральды аймақта шегі айқын емес тығыз түзілістің бар екендігі анықталды. Науқасты тексергеннен кейін парапанкреатты инфильтрат анықталды.

Осы жағдайда сіздің емдеу тәсіліңіз қандай?

* Операцияға дайындағаннан кейін лапаротомияға алу;

* УДЗ жасай отырып, консервативті терпия тағайындау;

* Инфильтратқа пункция жасау керек, антибиотик енгізу қажет;

* Ультрадыбыстық бақылау арқылы инфильтратты дренаждау;

* Инфильтратты лапароскопиялық дренаждау;
#443

*!Ер адам 36 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа асқазан ішек жолынан қан кету белгісімен түсті. Анамнезінде бауыр циррозы 5 жыл бойы болған. Эндоскопиялық зерттеу кезінде өңештің төменгі жағының үштен бір бөлігінде қан кету анықталды. Науқасқа Сенстакен-Блейкмор зонды қойылды, қан кету тоқталды, бірақ қауіптілік әлі төніп тұрды.

Төменде аталғандардың қайсысын қан кету рецидивінің алдын алу үшін науқасқа тағайындау қажет?

* Өңеш тамырын эндоскопиялық түрде тығындау;

* Гемостатикалық және алмастырылатын терапияны күшейту;

* Торакотомия жасау өңеш тамырын тігу;

* Сенстакен-Блейкмор зондын тез арада алып тастау қажет;

* Портокавальды анастомозды тез арада қою қажет;
#444

*!Ер адам 67 жаста, қабылдау бөлімшесіне хирургқа оң жақ шат аумағында ауру сезімінің бар екендігіне, әлсіздікке, және дене температурасының жоғары екендігіне шағымданып түсті. 3 тәулік бойына ауырған. Анамнезінен: жарық 12 жыл бойына бар. Қарау барысында оң жақ шат аймағында жарықтың сыртқа шығып тұрған жері бар, ауырады, кернелген, айналасы ісініп қызарған. Мынадай диагноз қойылды: жарық мүшегінің флегмонасы бар шат жарығының қысылуы. Науқасқа жедел түрде операцция тағайындалды.



Осы жағдайда жасалынатын операция түрін атаңыз:

* Ішектің көп бөлігін кесіп алып тастау;

* Операцияны таза және лас кезеңдеріне бөлу қажет;

* Ілмектік энтеростома салу қажет;

* Ішектік анастомозды тек бүйірден ғана қалыптастыру қажет;

* Бастапқыда жарық мүшегінің флегмонасын тілу қажет;
#445

*! 76 жастағы әйел адам хирургиялық бөлімшеге ауру басталғаннан 6 тәуліктен кейін обтурациялық ішек өтімсіздігі көрінісімен науқас түсті.

Науқасқа қандай емдік шаралар жасалуы тиіс?

* Пpомедол енгізу және новокаинді блокада;

* Ақуыз препараттары мен спазмолитиктер енгізу;

* Аналгетиктер енгізу және сифонды клизма жасау;

* Су-электролит бұзылыстарын коppекциялау;

* Ішек моторикасын күшейтетін препараттар енгізу
#446

*!Науқасқа жайылған перитонит себебінен операция жасалған.

науқасқа энтеральді тамақтандыруды қашан бастау керек?

* Ішек қызметі қалпына келгенде;

* Науқасқа белсенді тәртіп рұқсат етілгенде;

* Дене температурасы қалпына келгенде;

* Қан көрсеткіштері қалпына келгенде;

* Температурасы қалпына келгенде;
#447

*! Еркек адам 73 жаста қысылған шап жарығы себебінен жасалған операция барысында жарық қабының ішінде некроз белгілері бар жіңішке ішек ілмегі анықталды. Қысылу орнынан қандай қашықтықта келетін ішек бөлігін резекциялау қажет?

* 10 см қашықтықта

* 20см қашықтықта

* 30 см қашықтықта

* 40 см қашықтықта

* 60 см қашықтықта

#448

*!Ер адам 45 жаста хирургиялық бөлімшеге іштің қатты ұстамалы ауру сезіміне, құсқандығына, іштен жіл мен нәжістің жүрмегендігіне шағымданып түсті. Спортпен айналысып жатқанда аяқ астынан ауырған. Анамнезінде аппендэктомия жасалынған. Қарау кезінде: науқас мазасызданған, өңі бозғылттанған, суық тер шығады. АҚҚ 90/60 тамыр соғысы минутына 100 рет. Іші қатты. Ауырады.

Осы жағдайда бірінші қандай зерттеу түрін жүргізген дұрыс?

* Тік ішекті саусақ арқылы тексеру;

* Бариймен асқазан ішек жолына рентгеноскопия жасау керек;

* Іш қуысына ультрадыбыстық зерттеу жасау;

* Іш қуысына шолулық рентгенография жасау;

* Жедел диагностикалық лапароскопияны жасау;
#449

*! 45 жастағы И., науқас хирургиялық бөлімшеге асқазан бөлшегінің созылмалы гигантты ойық арасынан қанкетудің себебінен геморрагиялық шок белгілерімен ауыр жағдайда түсті Бірақ жүргізілген консервативті шаралар сенімді гемозтазға қол жеткізген жоқ. Бұл жағдайдағы әрі қарайғы қандай емдік тактика анағұрлым орынды?


* Гастростомияны жасап, ойық жараны тігу;

* Бағаналы ваготомия жасау;

* Лапаротомия және асқазан резекциясы;

* консервативті терапияны жалғастыру;

* Айналмалы гастроэнтероанастомоз салу;
#450

*!Ер адам И., 24 жаста хирургиялық бөлімшеге 5 сағат бұрын іштің жабық жарақатымен госпитализацияланған. Жедел түрде диагностикалық лапароскопия жасалды. Бауырдың диафрагмальді бетінде висцеральді бетіне өтетін кернелген субкапсулярлы гематома 12х10 см анықталды. Құрсақ қуысында қан жоқ. Тиянақты зерттеу нәтижесінде басқа зақымданылар жоқ.

Осы жағдайда қандай әрі қарайғы тактика анағұрлым орынды?

* Гемостатикалық тігіс салув;

* Гематоманы пункциялап босату;

* Капсуланы ашып гематоманы босату;

* Бауыр асты кеңістікті босату;

* Диатермокоагуляциялау және тахокомб салу
#451

*! 42 жастағы ер адам диагностикалық лапароскопия кезінде іштің оң бөлігінде серозды перитонит және 12 елі ішек буылтығының алдыңғы қабырғасында 0,2 см тесік анықталды. Науқас 42 жаста, ойық жара анамнезі жоқ.

Осы жағдайда қандай әрі қарайғы тактика анағұрлым орынды?

* Жоғарғы ортаңғы лапаротомия және асқазанның 2/3 резекцисы;

* Лапаротомия және тесікті екі қатар тігіспен тігу;

* Жоғарғы ортаңғы лапаротомия, ваготомия пилоропластикамен бірге;

* Лапароскопиялық бағаналы ваготомия және тесікті тігу;

* Лапароскопиялық тігу, құрсақ қуысының санациясы және дренаждау
#452

*!Ер адам 46 жаста хирургиялық бөлімшеге ойық жара этиологиялы асқазан-ішек жолынан қан кетудің жеңіл дәрежесімен жатқызылды. 3-тәулікте бөлімшеде: қайталамалы қан аралас құсу, сұйық қара нәжіс, гемоглобин 80 г/л, эритроциттер 2,0х1012, гематокрит 22%, пульс 110 рет мин., АҚ 100/60 мм с.б.б. Жедел ЭФГДС кезінде 12 елі ішектің созылмалы ойық жарасы борпылдақ тромбпен жабылған, қуысында кқп мөлшерде «кофе тұнбасы» анықталды.

Осы жағдайда қандай әрі қарайғы тактика анағұрлым орынды?

* Жедел операция жасау;

* Консервативті терапия жасау;

* Асқазан тамырларын эмболизациясын жасау;

* Ұзартылған тәртіпте операция;

* Зонд қойып, жергілікті гемостаз жасау;

#453

*!Ер адам 56 жаста диагностикалық лапароскопия кезінде аралас панкреонекроз белгілері: асқазан-тоқ ішек бойламында, ұйқы безінде және шарбымайда стеатонекроздар және геморрагиялық дақтар анықталды. Құрсақ қуысында серозды-геморрагиялық сұйықтық 500-700 мл дейін.

Осы жағдайда қандай әрі қарайғы тактика анағұрлым орынды?

* Бағдарламаланған лапаростома салу;

* Құрсақ қуысын эксудатын ғана алып тастау ;

* Лапаротомия, шарбымай қалтасын ашу;

* Лапаростомия, шарбымай қалтасын және құрсақ қуысын дренаждау;

* Шарбымай қалтасын және құрсақ қуысын лапароскопиялық дренаждау;
#454

*! 38 жастағы ер адам құрсақ қуысына енген жарақаты бар ревизия кезінде жіңішке ішектің бірнеше жерден зақымданғаны (20 см қашықтықта 4 жара бар, өлшемдері 2х1, 1х1, 0,9х0,6 см) анықталды.

Осы жағдайда операцияның қандай көлемі анағұрлым орынды?

* Ішек жарақаттарын сына тәрізді кесіп алу;

* Ішек жараларын бөлек-бөлек тігу;

* Жараларды тігіп жіңішке ішек интубациясын жасау;

* Зақымданған ішек бөлігін құрсақ қабырғасына шығару;

* Ішек сегменті резекциялау және ұшпа-ұш анастомоз жасау;
#455

*! 70 жастағы ер адамда перитонит себебінен жасалған операция барысында төменгі шажырқай артериясының тpомбоэмболиясының фонында тоқ ішектің төмендеген бөлігінің некрозы анықталды.

Осы жағдайда операцияның қандай көлемі анағұрлым көрсетілген?

* Сол жақты гемиколэктомия анастомозбен бірге;

* Сол жақты гемиколэктомия колостомиямен бірге;

* Эмболэктомия және бағдарламаланған лапаростомия;

* Ішектің некрозданған бөліктерін тампонмен шектеу;

* Ішектің некрозданған бөлігін алдыңғы құрсақ қабырғасына шығару;
#456

*! Әйел адам 26 жаста, хирургиялық бөлімшеге аппендикулярлы инфильтрат көрінісімен жатты. Шыққаннан кейін денсаулықтың нашарлауы байқалды, дене температурасы 390С дейін көтерілді, іште ауырсыну сезімі және әлсіздік байқалды, 3 тәулікте инфильтраттың абсцесстенуі белгілерімен түсті.

Осы жағдайда Сіздің емдік тактикасы қандай?

* Қор (резерв антибиотиктерін көктамыр ішілік тағайындау;

* Дезинтоксикациялық терапия жүргізу;

* Плазмаферез және физиоем тағайындау;

* Хирургиялыө араласуды жасау;

* Диагностикалық лапароскопия жасау;
#457

*!Жедел түрде 53 жастағы ер адам хирургиялық бөлімшеге түсті. Диагнозы ауырған күннен бастап 3 апта бойы жұқпалы панкреонекроз ауруы іріңді-некроздық асқыну кезеңінде Дәрігер науқасқа операция жасауды ұйғарды.