Файл: Химиялы ндірісте жмыс жасайтын ер адам дрігер абылдауында келесі шаымдармен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 110

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


* Жабысқан жерін кесіп тастап, ішекті жылыту қажет;

* Жабысқан жерді тіліп, шальков зондын ішекке өткізу керек;
#418

*! Ер адам 53 жаста, қабылдау бөлімінің хирургына ауырғанына 3 сағат өткеннен кейін ауруханаға эпигастрия аймағында қатты ауру сезімі бар екендігіне, есі қысқа уақытқа жоғалып кетендігіне, суық тер, бір рет құсқандығына шағынып түсті. Анамнезінде: жара ауруы бар, ЖИА, 2 жыл бұрын аппендэктомия болған. Қарау кезінде тері жабындысының бозғылттанғандығы байқалады, тамыр соғысының жиілігіминутына 100 рет соғады. АҚҚ 100/70 ммс.б. бұлшық еттерінің кернелгендігі байқалады. Шолулық рентгенографияда оң жақ диафрагма үстінде ауаның аздаған жолағы табылды.

Осы жағдайда сіздің тәсіліңіз?

* Антибиотик тағайындап ішіне суық басу керек;

* Асқазанға зонд енгізіп, ауырсыздандыру керек;

* Емдеуден кейін ЭФГДС жасау керек;

* Инфузионды терапия жүргізу қажет;

* Жедел операция жасау керек;
#419

*! 78 жасар ер адамда лапаротомия сірлі-фибринозды сасыған бөлініс, мықын ішек 150 см ұзындықта жасыл түсті екені, қабырғасының жұқарғаны анықталды.Шажырқай қантамырлардың перистальтикасы мен пулсациясы байқалмайды.

Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

* Аспалы илеостома салу

* Ішек резекциясы және анастомоз салу

* Ішек шажырқайының түбіріне гепарин салу

* Ішек шажырқайы түбіріне дренаж орнату

* Резекция және ішектің екі ұшын да шығару
#420

*! 67 жасар ер адамда операция кезінде мықын ішектің 1 см ұзындықта жайылған геморрагиялық некрозы анықталған. Құрсақ қуысында геморрагиялық бөлініс фибринмен. Осы жағдайда қандай операция көлемі анағұрлым орынды?

* Ішек резекциясын жасап, біріншілік анастомоз салу

* Ішектің өзгерген бөлігінің резекциясын жасап, стома шығару

* Шажырқай түбіріне гепарин енгізіп, дренаж қалдыру

* Бағдарламаланған лапаросанация жасау

* Жоғарғы шажырқай артериясынан тромбэмболэктомия жасау
#421

*! Әйел адам 25 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне оң жақтағы ауру сезіміне шағымданып түсті. 1 сағат бұрын жарақаттанды. Жараның біріншілік хирургиялық өңдеуі жасалынды. Жарақат құрсақ қуысына дейін. Лапаратомия жасалған. Операция кезінде диафрагманың 4х0,5 см өлшемде ақауы анықталды. Көрсетілген диафрагма ақауын қандай тігістермен тіккен орынды?


* Кузнецов-Пенский тігісімен

* Үзіліссіз қаптап тігу

* П-тәрізді тігістермен

* Z-тәрізді тігістермен

* Шмиден тігісімен
#422

*! 28 жастағы еркек кісі қабылдау бөліміне хирургқа оі жақтағы ауру сезіміне шағымданып түсті. Түскенге дейін 1 сағат бұрын ішіне пышақталған жарақат алды. Іштегі жараны біріншілік хирургиялық өңдегенде оның құрсақ қуысына енетіні анықталды.

Осы жағдайда араласудың қай түрі анағұрлым дұрыс болады?

* Шұғыл лапароскопия жасау

* Бар жараны кеңйту және ревизия жасау

* Жараны тігу және динамикалық бақылау

* Шұғыл лапаротомия және мүшелерді ревизиялау

* Жара арқылы құрсақ қуысына дренажды түтік орнату

#423

*! Ер адам 48 жаста жедел аппендицит көрінісімен ауырғаннан 1 тәулік өткеннен кейін хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Анамнезінен семіздіктің 4 дәрежесімен, созылмалы бронхитпен, артериялық гипертензиямен ауырады.

Науқасқа қандай жансыздандыру түрі анағұрлым оңтайлы?

* Жергілікті анестезия

* Эндотрахеальді наркоз

* Маскалы фторотаноды наркоз

* Перидуральдіжансыздандыру

* Көктамырішілікжансыздандыру

#424

*! 29-жасар ер адамға хирург операция кезінде тығыз аппендикулярлы инфильтратты анықтады.

Осы жағдайда хирургтың әрі қарайғы іс-әрекеті қандай болуы тиіс?

* Соқыр ішекті бөліп алып, стома қою

* Құрттәрізді өсіндіні тауып, алып тастау

* Ілінбелі илеостома қою

* Инфильтраттың арасын ашу және дренаждау

* Дренаж соған қарай қойып, жараны тігіп тастау
#425

*! Ер адам 46 жаста, жайылмалы іріңді перитонитпен асқынған гангренозды-перфоративті аппендицит себебінен операция жасалған. Хирург перитонит көзін алып тастап, құрсақ қуысының санациясы мен дренаждауынан кейін, жіңішке ішектің назоинтестинальді интубациясын жасады. Осы жағдайда осы манипуляция қандай мақсатта жасалды?

* Асқазан-ішек жолы арқылы жоғалтқан сұйықтық монитроингі үшін

* Ішек парезін емдеу және өршуінің алдын алу үшін

* Науқасты зонд арқылы үнемі тамақтандыру үшін

* Асқазан-ішек жолын ағынды жуу үшін

* Дәрілік заттарды тікелей енгізу үшін
#426

*! 32 жастағы ер адамда жедел панкреатиті бар ауру басталғаннан 10 тәулік өткенде эпигастрий аймағында тығыз түзіліс пальпацияланады. Бұл кезде дене температурасы 37,2

0С, лейкоциттер 9,0х1012, ЭТЖ 23 мм/сағ. Осы жағдайда әрі қарайғы емдік тактика қандай?

* Лапароскопия жасау;

* Жеделлапароскопия көрсетілген;

* Құрсақ қуысының КТ жасау

* Консервативті терапияны жалғастыру;

* УДЗ бақылауында инфильтратты дренаждау
#427

*! 24 жасар әйелде жедел аппендицит себебінен жасалған операция кезінде құрсақ қуысын ашқанда қою қара қан бөлінген, құрттәрізді өсіндінің тамырлары аздап ұлғайған. Гемоперитонеум себебі аналық без апоплексиясы болып шықты.

Осы жағдайда әрі қарайғы хирургиялық тактика қандай?

* Аппендэктомия жасау және құрсақ қуысын дренаждау

* Құрсақ қуысын құрғату және дренаждау

* Кольпотомия жасау және аналық безді тігу

* Тек аналық без резекциясын жасау

* Аналық бездің жыртылған жерін тігу
#428

*! 47 жасар ер адам хирургиялық бөлімшеге қан кетумен, ойық жара пенетрациясымен және пилородуоденальді стенозбен (субкомпенсация сатысы) асқынған 12 елі ішектің ойық жарасымен жатқызылды. Науқас оперцияға алынды.

Бұл жағдайда науқас үшін анағұрлым оңтайлы операция нұсқасы болады?

* Артқы гастроеюноанастомоз ;

* Гастродуоденоанастомоз;

* Бағаналы ваготомия;

*Асқазан резекциясы;

* Гастрэктомия
#429

*! 67 жастағы ер адам хирургиялық бөлімшеге аппендицит себебінен болған жайылмалы перитонит көрінісімен науқас түсті.

Осы жағдайда қандай тілік анағұрлым оңтайлы?

* Оң жақты параректальді тілік;

* Волкович-Дьяконов бойынша тілік;

* Орта-ортаңғы лапаротомия;

* Жоғарғы-ортаңғы лапаротомия;

* Жанама лапаротомия
#430

*! Ер адам 75 жаста жедел миокард инфаркты себебінен кардиология бөлімшесінде 7 тәулік жатыр. Таңертең науқаста көп мөлшерде қан аралас құсу және сұйық қара нәжіс болған. Аз уақытқа есін жоғатқан. ФГДС-да өлшемі 1,5х1,0 см бекіген қызыл тромбы бар - FIIb асқазан денесінде ойық жара анықталды.

Әрі қарайғы анағұрлым орынды тактика қандай?

* Ішіне суық қою және кардиология бөлімшесінде бақылау;

* Кардиологияның реанимация бөлімшесіне ауыстыру;

* Эндоскопиялық гемостаз жасау және науқасты орнында қалтыру;


* Хирургиялық реанимация бөлімшесіне ауыстыру;

* Консервативті ем және ЭКГ мониторинглеуді ұсыну
#431

*! 29 жасар ер адам хирургиялық бөлімшеге аппендикулярлы инфильтрата көрінісімен түсті. Соңғы тәулікте ауру сезімі күшейген, қалтырау және температурасының 390С дейін көтерілгенін айтады.

Әрі қарайғы анағұрлым орынды тактика қандай?

* Қосарланған антибиотикотерапия тағайындау;

* Дезинтоксикациялық терапия жүргізу;

* Ішіне суық қою және динамикада бақылау;

*+ Жедел операция жасау

* Физиоем тағайындау

#432

*! 34 жастағы ер адам ауыр жедел панкреатит көрінісімен аурудың ерте кезеңінде түскен науқасқа хирург кешенді консервативті ем тағайындады, оған келесі дәрілік заттар кірді: атропин, промедол, реополюглюкин, аминопептид, 5% инсулинмен глюкоза ерітіндісі, тұзды ернітінділер, сандостатин, қосарланған антибактериальді терапия.

Ферментті токсемия тоқтату мақсатында төменде көрсетілгеннің қайсысын дәрілік зат ретінде тағайындау керек еді?

* Аллопуринол;

* Флуканозол;

* Пропранолол;

* Квамател;


* Контрикал
#433

*! 22 жасар аяғы ауыр әйел қабылдау бөліміне іштегі ауру сезіміне, жүрек айнуға, құсуға, жиі кіші дәретке шыққанына шағымданып жеткізілді. Жүктілік бірінші, мерзімі 32 апта 3 апта бұрын түсік тастау қаупіне және жедел пиелонефрит байланысты ем қабылдаған. Ауырғанына 1 тәулік болған. Қарап тексергенде: Сол бүйіріне жатқызып пальпация жасағанда іштің оң жақ бөлігі ауру сезімді, оң бүйіріне ауысса, ауру сезімі күшейеді. АҚ 110/80, пульс 90 рет 1 мин, температура 37,9С0, лейкоциттер 20х109, Hb – 118 г/л, Ht – 32%. Зәрінде 9 10 лейкоцит, 1 2 эритроцит көру алаңында, белок 0,33‰. Дәрігердің болжамы бойынша науқаста жедел аппендицит.

Осы жағдайда сіздің әрі қарайғы іс-әрекетіңіз қандай?

* Жедел түрде операция жасау

* Бақылау мақсатында госпитализациялау

* Алдымен босандыру, одан кейін операция

* Жатыр УДЗ жасау және перзентханаға жіберу

* Диагностикалық лапароскопия жасау
#434

*! 25 жастағы әйел адам хирургиялық бөлімшеге жүктілігі 37-38 апта, клиникаға жедел аппендицитпен 5 сағаттан кейін түсті. 30 минуттан кейін науқаста толғақ басталды. Осы жағдайда сіздің ары қарайғы іс тәсіліңіз қандай?

* Туу үрдісін тоқтата тұрып, аппендэктомия жасау керек

* Алдымен босандырып алып, содан соң ғана аппендэктомия жасау керек

* Антибиотикті көк тамыр ішіне енгізіп, кесарь тілігін жасау қажет;

* Босанғаннан кейін 2 тәулік өткеннен кейін аппендэктомия жасау керек;

* Толғаққа қарамастан аппендэктомия жасау керек;
#435

*! 28 жасар ер адамда жедел флегмонозда аппендицит себебінен болған аппендэктомиядан кейін 6-тәулікте дугласс-абсцесс көрінісі пайда болды.

Осы жағдайда абсцессті ашу үшін қандай тілік анағұрлым орынды?

* Орта-ортаңғы лапаротомия;

* Бел тілігі арқылы;

* Параректальді тілік;

* Төменгі лапаротомия;

* Тік ішек арқылы
#436

*! 20 жастағы әйел адам хирургиялық бөлімшеге қысылған кіндік жарығы көрінісімен түскен. Жарықпен жүргеніне 2 жыл болған. Науқасқа жедел түрде операция жасалғаноперация кезінде жарық қақпасын кіндік сақинасының айналасына жібек жіппен кисетті тігіс салып жапқан. Төменде берілген операциялардың қайсысы осы әдістемеге сәйкес келеді?