Файл: Химиялы ндірісте жмыс жасайтын ер адам дрігер абылдауында келесі шаымдармен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 116

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


* Спирография

#39

*!Науқас М., 45 жаста, қатты бөлінетін қақырықпен жөтелге, қалыпты физикалық күш салу кезінде экспираторлық сипаттағы ентігуге шағымданады. 15 жыл бойы бронхопульмональды патологиядан зардап шегеді. Күніне 20 пакеттен 1 жыл темекі шегеді. Жалпы: саусақтар "барабан таяқшалары" түрінде, кеуде бөшке тәрізді, тынысы қатты, барлық өрістерде құрғақ шуыл естіледі, дем шығару ұзартылған.

Қандай диагноз ықтимал?

+Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

* Созылмалы бронхит

* Бронхоэктатикалық ауру

* Бронх демікпесі

* Өкпе эмфиземасы

#40

*!24 жастағы әйел аптасына 3-4 рет түнде ысқырған тыныс алу мен құрғақ жөтелге шағымданады, күндіз мұндай белгілер стресс кезінде немесе жаттығудан кейін пайда болады (мысалы, жүгіру). Соңғы 2 айда өзін науқас деп санайды. Тексеру кезінде шағымдар мен физикалық өзгерістер жоқ.

Диагноз қою үшін келесі диагностикалық шаралардың қайсысы қолайлы?

* +Бронхолитикпен Спирография

* Кеуде қуысының рентгенографиясы

* Йодидполмен Бронхография

* Компьютерлік томография

* Диагностикалық бронхоскопия
#401

*! 26 жасар ер адамда қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының жалпы қынаптық қабықтың ішінде, шап байламының элементтерімен бірге орналасқаны анықталды. Осы жағдайда шап өзегінің қай қабырғасын қатайту керек?

* Медиальді

* Артқы

* Бүйір

* Жоғарғы


* Алдыңғы

#402

*! 44 жасар ер адамда операция кезінде қысылған кіндік жарығы анықталды.

Науқасқа жарық қақпаларының пластикасының қай түрі көрсетілген?

* Бассини бойынша

* Сапежко бойынша

* Мартынов бойынша

* Руджи-Парлавеччио

* Жирар-Спасокукоцкий

#403

*! Ер адам 38 жаста, хирургиялық бөлімшеге жаралық этиологиялы декомпенсация сатысында пилородуоденальды тарылу клиникасымен түсті. Жүргізілген тексерулерден кейін және операцияға дайындық жүргізілген соң науқасқа операция тағайындалды.

Операциялардың қайсысы науқас үшін тиімді болып табылады?

* Асқазанды субтотальды кесу;

* Антрумэктомия және бағандық ваготомия;

* Гейнек-Микулич операциясы және бағандық ваготомия;

* Айналмалы гастроэнтероанастомоз және бағандық ваготомия;

* Финне операциясы және селективті проксималды ваготомия;
#404

*! 44 жас ер адам панкреонекроз және перитонит қатысты ота кезінде, Пиковский бойынша холедохты дренаждаумен холецистэктомия жасалды.

Бұл жағдайда қандай мақсатпен осы ота жасалды?

* Детоксикациялау мақсатында өтті алу

* Холангит дамудың алдын-алу

* Панкреато-билиарлы жүйенің декомпрессиясы

* Жедел холангиттің дамуының алдын-алу

* Өт қабы қабырғасының ферментативті лизисін алдын-алу
#405

*! 74 жастағы ер адамда 12 елі ішектің ойық жарасы себебінен болған лапаротомия барысында үлкен көлемді перфоративті тесік және айқын перифокальді қабыну бар екені анықталды.

Осы жағдайда перфорациялық тесікті тігудің әдісі анағұрлым тиімді?

* Түйінді тігіспен тігу

* 2 қатар тігіспен тігу

* "П" тәрізді тігіспен тігу

* Ойық жараны кесіп алып тігу

* Оппель-Поликарпов бойынша тігу
#406

*! Әйел адам 45 жаста емхананың хирургына эпигастрий аймағындағы сыздаған ауру сезіміне, ауырлық сезіміне, тамқтанудан кейінгі құсуға шағымданды. Анамнезінен: 5 жыл бұрын 12 елі ішектің артқы қабырғасындағы тесілген ойық жара тігу себебінен операция болған. ЭФГДС кезінде пилородуоденальді стенозбен асқынған 12 елі ішектің с созылмалы ойық жарасы анықталды.

Осы жағдайда операцияның қай түрі анағұрлым оңтайлы ретінде көрсетілген?

* Асқазан резекциясы

* Бағаналық ваготомия

* Гастроэнтероанастомоз

* Джадд бойынша пилоропластика



* Антрумэктомия ваготомиямен бірге
#407

*! Ер адам 47 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа бірнеше реттік қан аралас құсу, қара нәжіс, ес-түсін жоғалту, қатты әлсіздік, бас айналу деген шағымдармен жеткізілді. Ойық жара анамнезі 5 жыл. Дәрігер қарағанда жағдайы ауыр,бозарған,: пульс 100 соғу минутына, АҚ 80/40 мм рт. ст., боз. Қан анализінде: эритроциттер 2,2х1012, Hb 80 г/л, гематокрит 20%. Шұғыл ЭФГДС кезінде – асқазанның созылмалы каллезді ойық жарасы 3 см дейін, қызыл жұмсақ тромбпен жабылған.

Осы жағдайда анағұрлым дұрыс емдік тактика қандай?

* Динамикалық бақылау жүргізу

* Реанимациялық бөлімшеге аудару

* Дайындықсыз бірден операция жасау

* Асқазанға жергілікті гемостатиктер енгізу

* Дайындықтан кейін шұғыл операция жасау
#408

*! Ер адам 28 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа іштің жабық жарақатынан 3 сағаттан кейін , іштегі ауру сезімімен жеткізілді. Іштегі ауру сезіміне шығымданды. Қарап тексергенде : келесі симптомдар анықталды: науқас мәжбүрлі қалыпта (тізесін ішіне қарай тартқан), іші кернелген, тыныс алуға қатыспайды, бауыр тұйықтығы анықталмайды.

Осы науқаста клиникалық көрініс немен шақырылған?
* Бауырдың жыртылуымен

* Көкбауырдың жыртылуымен

* Қуысты мүшенің жыртылуымен

* Диафрагманың жыртылуымен

* Құрсақ қуысына қан кетумен
#409

*! 45 жастағы ер адамда Бильрот II бойынша асқазан резекциясынан 1 сағаттан кейін назогастральді зонд арқылы 500 мл қан бөлінді. Өткізіліп жатқан гемостатикалық және орын басушы терапия нәтижесіз.

Қандай емдік тактика анағұрлым тиімді?

* Асқазанды суық сумен тазалау

* Науқасқа қайталама операция жасау

* Орын басушы терапия жүргізу

* Асқазан тұқылына зонд өткізіп, жергілікті ем жүргізу

* Жергілікті гемостатикалық терапияны жалғастыру
#410

*! Ер адам 47 жаста, хирургиялық бөлімшеге гастродуоденальды қан кету клиникалық көрінісімен үсті. ЭФГДС кезінде он екі елі ішектің буылтығының артқы қабырғасында 2 см мөлшерінде жараның қанап жатқандығын анықтады. Науқас операцияға алынды.

Осы жағдайда науқасқа отаның қай түрі оптималды болып табылады?

* Ваготомиясыз жараны кесу;

* Ваготомиямен жараны тігу;

* Бильрот-1 бойынша асқазанның 2/3 бөлігін алып тастау;

* Селективті проксималды ваготомия;


* Бағандық ваготомия арқылы антрумэктомия
#411

*! 26 жастағы ер адам ауырғанынан бастап 2 сағат өткеннен кейін перфоративті ойық жара клиникасымен хирургиялық бөлімшеге жатқызылды.Операция барысында 12 елі ішек буылтығының алдыңғы қабырғасында перфортативті жара мөлшері 0,6х0,5 см . табылды. Анамнезінен: 16 жасында науқас 12 елі ішектің тесілген жарасы тігілген. Осы жағдайда науқасқа отаның қай түрі тиімді болып табылады?

* Антрумэктомия және бағандық ваготомия;

* Оппель-Поликарпов бойынша жараны тігу;

*Ваготомия және Джадду бойынша пилоропластика;

* Асқазанды проксималды кесу;

* Асқазанды дистальды тігу;
#412

*! Ер адам 29 жаста, хирургиялық бөлімшеге ішектің тарылуы мен перитонит белгілерімен 9 сағаттан кейін ғана ауруханаға түсті. Операция алдындағы дайындықтан кейін науқас операцияға алынды. Операцияны жүргізу барысында мықын тұсындағы ішектің ілмегі шажырқай оралып жабысқан. Жабысқан жерді кескеннен кейін 25 см мөлшерінде ішектің ишемиялық некроздалған аумағыанықталды. Осы жағдайда сіздің одан ары қарай жүргізетін әдісіңіз қандай болмақ?

* Ішекті жылытып, шажырқай түбіне гепарин енгізу;

* Анастамозбен ішектің өзгертілген бөлігін бірден кесу;

* 0,5%новокаинның жылы ертіндісін енігізіп, 20минут күту;

* Ішек ілмегін алдыңғы іш пердеге қарай шығару;

* Айналмалы анастомозды салужәне лапаросанация жасау;
#413

*! 23 жасар ер адам, жедел жабысқақты ішек өтімсіздігі себебінен болған лапаротомия кезінде илеоцекальді бұрыштан 25 см қашықтықта мықын ішектің 10 см ұзындықта қабырғасының некрозы анықталды. Хирург проксимальді бағытта 40 см, дистальді бағытта 20 см шегініп өзгерген ішек бөлігін резекциялады.

Осы жағдайда анастомоздың қай әдісі анағұрлым физиологиялық болып табылады?

* Жіңішке ішектік «бүйір бүйіріне»

* Илеотрансверзоанастомоз «ұшы бүйіріне»

* Илеоасцендоанастомоз «ұшы бүйіріне»

* Илеоцекоанастомоз «бүйірі бүйіріне»

* Жіңішке ішектік «ұшпа-ұш»
#414

*! 74 жасар ер адамда ішек өтімсіздігі себебінен болған операция кезінде тоқ ішектің төмендеген бөлігінде өлшемдері 12,0х6,0 см болатын, қозғалмалы, тығыз ісік анықталды.

Осы жағдайда қандай операция көлемі анағұрлым орынды?


* Гартман операциясы

* Микулич операциясы

* Субтотальді колэктомия

* Сигма тәрізді ішектің резекциясы

* Сол жақты гемиколэктомия
#415

*! 72 жасар әйел адам, хирургиялық бөлімшеге аппендикулярлы инфильтрат диагнозымен жатқызылды. Бақылау және емдеу барысында ауру сезімі күшейді, температурасы жоғарлады. Науқас операция алды дайындықтан кейін операцияға алынды. Операция кезінде тоқ ішектің жоғарлаған бөлігінің өлшемдері 13,0х10,0 болатын, тығыз, тесігі бар, қозғалмалы ісігі анықталды.

Осы жағдайда қандай операция көлемі анағұрлым орынды?

* Илеостома салу

* Цекостома салу

* Субтотальді колэктомия

* Жоғарлаған ішекті резекциялау

* Оң жақты гемиколэктомия
#416

*! 69 жасар әйел адам, хирургиялық бөлімшеге ауырғанына 20 сағат уақыт өткеннен соң оң жақ қабырға астындағы ұстамалы ауру сезіміне, бірнеше рет қайталанып құсқандығына, дене температурасының 38 Сқа дейін жоғарылағындыына шағым айтып түсті. Қарау барысында эпигастрия аймағында, оң жақ қабырға астында кенеттен ауру сезімі байқалды, бұлшық еттерінің кернелгендігі байқалады. Қан талдауында лейкоцитоз 13,5х109, жалпы билирубин 29 ммоль/л. УДЗ жасау кезінде өт қабының қуысында көптеген конкременттер бар, қабырғасы 13 мм, мөлшері 10х8,0 см. Осы жағдайда емдеу тәсілі қандай болады?

* Үйлестірілген антибактериалды терапияны тағайындау қажет

* Инфузионды терапияны жүргізу қажет және жедел операция жасау керек.

* Спазмолгонды көк тамыр ішіне енгізіп, операцияны асықпай жасау

* Суық қою, антибиотиктер тағайындау, УДЗ бақылау жүргізіп тұру керек;

* Перитонит белгілері пайда болған жағдайда операция жасау;
#417

*! 35 жасар ер адам, хирургиялық бөлімшеге ішектің тарылуы мен перитонит белгілерімен 19 сағаттан кейін түсті. Операцияға дайындықтан кейін науқас операцияға алынды. Операция барысында аш ішектің қуысы шажырқаймен қоса ілмек тәрізді жабысып қалған. Ішектің ілмегі 25см ге дейінқып қызыл болып кеткен, перистальтикасы жоқ, шажырқай тамырының соғысы білінбейді.

Сіздің одан ары қарайғы тәсіліңіз?

* Шажырқай тамырына новокаиннің 0,5% ерітіндісін енгізу керек;

* Шажырқай түбіне гепарин енгізіп, ішекті жылыту қажет;

* Ішектің өзгерген бөлігін кесіп алып тастау керек;