Файл: 2. А бта банктерді аржылы Нтижесін талдау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 38

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Пенсионный» депозиті

Салиқалы жас - көлемді пайыз!

  • Бастапқы жарнаның ең аз сомасы - 25 АҚШ доллары/еуро немесе 3 000 теңге.

  • Мультивалюталығы - депозит бір мезетте үш валютада ашылады: теңге, АҚШ доллары және еуро.

  • Депозитті сақтау мерзімі - 3 айдан 5 жылғадейін.

  • Қосымша жарналар сомасы шектелмеген

  • Төмендетілмейтін қалдыққа дейін ішінара алулар.

  • Төмендетілмейтін қалдық - салымның үш шотындағы жиынтығы 5 000 теңге.

  • Сыйақыны ай сайын капиталдандыру немесе сыйақыны ай сайын алу/карточканы қолдана отырып, банктік шотқа аудару

  • Салымды жеңілдікті мерзімінен бұрын бұзу мүмкіндігі.

  • Депозитті төлем карточкасынан немесе ағымдағы шоттан автоматты түрде толықтыру (толығырақ «Ұзақ мерзімді тапсырма» тарауында).

  • Салымшылар арасындағы жүлделердің ұтыс ойындары.



Пенсионный депозиті

айлар

3

6

12-60

Теңге

5,6%


7,5%


10,0%

Тиімді мөлшерлеме теңгемен

5,8%


7,7%


10,5%

АҚШ долларвы

5,0%


6,0%


7,0%

Тиімді мөлшерлеме доллармен

5,1%

6,2%

7,2%

Еуро

4,0%


5,0%


6,5%

Тиімді мөлшерлеме еуромен


4,1%


5,1%


6,7%




«Детский мультивалютный» депозиті

Балалар үшін ақшаны көбейтеміз!

16 жасқа дейінгі балаға мақсатты салым

  • Бастапқы жарнаның ең аз сомасы - 100 АҚШ доллары /еуро немесе 10 000 теңге.

  • Мультивалюталығы - депозит бір мезетте үш валютада ашылады: теңге, АҚШ доллары және еуро.

  • Депозитті сақтау мерзімі - 5 жыл.

  • Қосымша жарналар - сомасы шектелмеген.

  • Ішінара алулар қарастырылмаған.

  • Есептелген сыйақыны ай сайын капиталдандырылуы.

  • Салымды жеңілдікті мерзімінен бұрын бұзу мүмкіндігі.

  • Депозиттің бүкіл әрекет ет мерзіміне сыйақының тұрақты мөлшерлемесі.

  • Депозитті төлем карточкасынан немесе ағымдағы шоттан автоматты түрде толықтыру.


Депозитті ашуға қажетті құжаттар:

Салымшының құжаттары:

  • егер салымшы салым ашылатын баланың заңды өкілі болса, онда қажет құжаттар: жеке куәлігі, СТТН.

  • егер салымшы үшінші тұлға болса, онда мыналар қажет болады: жеке куәлігі, СТТН, ата-анасынан немесе қамқоршысынан баланың атына жинақ шотын ашуға нотариалды расталған сенімхат.

Баланың құжаттары:

Туу туралы куәлік, СТТН.


Детский мультивалютный

Айлар

60

Теңге

10,0%

Тиімді мөлшерлеме теңгемен

10,5%

АҚШ доллары

7,0%

Тиімді мөлшерлеме доллармен

7,2%

Еуро

7,0%

Тиімді мөлшерлеме еуромен

7,2%


«Дружба» депозиті

Рубльді сақтайды!

Ресей рубліндегі салым

  • Бастапқы жарнаның ең аз сомасы - 3 000 ресей рублі.

  • Депозитті сақтау мерзімі - 3 айдан 24 айға дейін.

  • Бастапқы жарналар - сомасы шектелмеген.

  • Ішінара алу қарастырылмаған

  • Есептелген сыйақыны ай сайын капиталдандырылуы.

  • Депозиттің әрекет етуінің бүкіл мерзіміне белгіленген сыйақының тұрақты мөлшерлемесі.

  • Депозитті төлем карточкасынан немесе ағымдағы шоттан автоматты түрде толықтыру.

Дружба

айлар

3

6

7

9

12

12,5

18

24

RUB

3.9%

4.4%

4.8%

5.3%

5.7%

6.1%

6.6%

7.0%

Тиімді мөлшерлеме RUB-мен

4.0%

4.5%

4.9%

5.4%

5.8%

6.3%

6.8%

7.2%




«Sprint» депозиті

Қысқа қашықтағы жедел ақшалар!

  • Салымның ең аз сомасы - 1 000 АҚШ доллары/еуро немесе 150 ОООтеңге.

  • Депозитті сақтау мерзімі - 7 күннен 60 күнге дейін.

  • Қосымша жарналар және ақшаны ішінара алу қарастырылмаған.

  • Сыйақы салым мерзімі аяқталған соң төленеді.



Sprint

Айлар

7-13

14-20

21-30

31-60

Теңге

1,7%

2,2%

2,6%

3,0%

Тиімді мөлшерлеме теңгемен

1,8%

2,2%

2,6%

3,1%

Еуро

1,1%

1,4%

1,8%

2,1%

Тиімді мөлшерлеме еуромен

1,1%

1,4%

1,8%

2,1%


2.4 Активтер мен пассивтерді басқару
Банк активтерін басқаруда әртүрлі үш теорияны ажыратады:

1. Коммерциялық қарыз теориясы. Бұл теория XVIII ғасырдағы ағылшындық банк тәжірибесінен алынған. Осы теорияны ұстанушылардың ойынша: коммерциялық банк жақсы іскерлік жағдайында активтерін қысқа мерзімді қарызға орналастырып, уақытында қарызды өтеп отыратындықтан, өз өтімділігін сақтап отырады. Басқаша айтқанда, коммерциялық банк өндірістен тұтынуға дейінгі тауар қозғалысының кезеңдерін қаржыландыру қажет. Қазіргі уақытта бұл қарыздар – тауар қорларына қарыздар немесе айналым капиталын толықтыру деп аталуы мүмкін еді. Банк ісінің бүкіл тарихында бағалы қағаздарды, қозғалмайтын мүліктерді және тұтыну тауарларын сатып алуға немесе ауылшаруашылық саласына ұзақ мерзімді несиелер беруге тыйым салынған.

Коммерциялық қарыздар теориясы біздің ғасырымыздың 30 жылдардың аяғына дейін АҚШ-та банкілік теорияның алғашқыларының бірі болды. Мысалы, 1784 жылы Нью-йорк банкінің жарғысында вексель мерзімінің дисконтталуы «...әр бейсенбі сайын жүргізіледі, ал вексель мен басқа да міндеттемелерді тіркеу әр сәрсенбі күні беріліп, қазынашының атына бекітіледі. Есептеу мөлшерлемесі жылдық 6%, бірақ 30 күннен мерзімі асқан вексельдер мен міндеттемелер тіркелмейді.»

Теорияның негізгі принциптері банкілік заңдылықтарда бекітіліп, банк мүшелерінің вексельдеріне қатысты қайта есептеу ережелерінде жарияланады. Есептеуге қажетті коммерциялық және ауылшаруашылық вексельдер стандартты ауылшаруашылық өнімімен немесе тауарлар мен материалдық құндылықтармен қамтамасыз етіліп, тіркеу мерзімі 90 күннен аспауы қажет. Ал ауылшаруашылық вексельдерінің мерзімі 9 айға дейін ұзартылуы мүмкін.

Коммерциялық қарыздар теориясын көптеген экономистер, бақылау және реттеу органдары, коммерциялық банктер ұстанғандықтан оны тәжірибеде қолдану қиын болған жоқ. Оның негізгі кемшілігі – дамитын экономиканың несиелік қажеттігін ескермейді.

Теорияны қатаң ұстану банктерге кәсіпорынның кеңеюі мен жабдықтарды, тұрғын үйлерді, жерлерді, малдарды сатып алуды қаржыландыруға тыйым салды. Осындай қажеттіліктерді несиемен қанағаттандырмау қаржы институтының, яғни сақтау банктері мен қаржы компаниялары, несие одақтары және тағы да басқаларының бәсекелестік дамуында негізгі себеп болып табылады.

Мұнымен қатар бұл теория банкілік салымдардың қатысты тұрақтылығын ескермейді. Банкілік салымдар салымшылардың қажеттілігі бойынша алынады, бірақ та барлық қаражаттар бір уақытта алынуы мүмкін емес. Салым тұрақтылығы банк өтімділігі үшін қаражаттарды ұзақ мерзімге орналыстыра алады. Сауда және өнеркәсіп компаниялары іскерлік белсенділігінің жоғарғы кезеңінде өздерінің міндеттерін өтеуде ешқандай қиындықтарды кездестірмейді. Бірақ та экономиканың құлдырауы немесе қаржылық тұрақсыздық тізбегі «қолма-қол ақша – тауар қоры - өткізу – есеп бойынша дебиторлар – қолма-қол ақша» компаниялардың банкілік қарыздарын өтеуге мүмкіншілік бермейді.


Бұл теорияның соңғы кемшілігі – қысқа мерзімді өтелетін коммерциялық қарыз тек экономикалық даму жағдайында ғана өтімділікті қамтамасыз етеді. Бұл уақытта тауар қорларының айналымы мен дебиторлық міндеттемелер кезеңі баяулап, көптеген фирмалар қарыздарды өз уақытында өтей алмайды. Егер жеке коммерциялық банктер өз қаражаттарын қысқа мерзімді қарызға салып, өтімділігін сақтай алмаса, жалпы банк жүйесінде өтімді қаражаттардың жетіспеушілігі байқалады.

2. Ауыспалы теория. Ауыспалы теория (shiftability theory) банк активтерін кредиторларға немесе инвесторларға қолма-қол ақшаға сатса немесе орналастырса ғана өтімді болады деген тұжырымға негізделген. Тауарлы материалдық құндылықтардың (мысалы, нарықтың бағалы қағаздары) қарызын қамтамасыз ететін несиелер өз уақытында өтелмесе, нарықта қолма-қол ақшаға сатылуы мүмкін. Сондықтан да жеке коммерциялық банктердің өтімді ресурстарға деген қажеттілігін жабу жағдайы, сатуға мүмкін тұрақты активтердің қолда болуы байланысты. Егер Орталық Банк активтерді қайта есептеуді сатып алатын болса, онда бакілік жүйе өтімді болады.

Өтімді нарықтық бағалы қағаздар өтімді ресурстар көзі ретінде ұзақ уақыт бойы қаралып келді. Мұндай бағалы қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналатындықтан, резерв қорларында екінші кезекте тұрады. Екінші кезектегі резерв қорлары конверсиялауды ешқандай қиындықсыз қамтамасыз ету үшін мынадай талаптарға жауап беруі қажет: жоғары сапалық, өтеу мерзімінің төмендігі және өтетіндігі. Олар несие тәуекелділігі мен нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелділігіне байланысты болмауы, және де нарықта қысқа мерзімді хабарландыру арқылы сатылуы қажет.

Өтімділік резерві ретінде қолданылатын актитерді өтеу мерзімі не ешқандай талаптар қойылмайды, бірақ та жалпы ережелерге сәйкес: қаншалықты мерзімі аз болса, соншалықты жақсы болады. Банкирлер екінші кезектегі резервтердің тез өтетін бағалы қағаздарының өтеу мерзімі бір жылдан аспауы қажет дейді. Бірақ та бұл болжам ақша нарығының төменгі мөлшерлемесіне байланысты өзгеруі мүмкін. Егер мөлшерлемелер бірыңғай өзгерісте болса, онда қысқа мерзімді қағаздар керек болады.

Сапалық және өтмділік жағдайына бірқатар бағалы қағаздар түрі жауап береді. Екінші резерв қорларына қазына вексельдері, сонымен қатар мемлекеттің және оның органдарының басқа да бағалы қағаздарын жатқызу дұрыстырақ. Сонымен қатар, ауыл жерлерінде тұрғын үй құрылысын несиелеу бойынша басқармасы мен Экспорт-импорттық банк, несиенің Федеральды банкі, тұрғын үй құрылысын несиелеу бойынша Федеральды банкі, кооперативті несиелеу бойынша банк және тағы да басқалары сияқты мемлекеттік ұйымдардың қысқа мерзімді бағалы қағаздары мен үкіметтік облигациялары қолайлы.