Файл: 2. А бта банктерді аржылы Нтижесін талдау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 37

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Пайыздарды төлеу бойынша шығындар, ұзақ мерзімді міндеттемелер. Төленген ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша төленген пайыздар бойынша шығындар 2010 жылы 135,6%-ға көбейді. Банктің 2009 жылы АҚШ-ң 100 млн. долларын және қосымша 2010 жылы АҚШ-ң 100 млн. долларын орналастыруы өсімнің негізгі себебі болды.

Мүмкін шығындарға қорларды есептемегенге дейінгі таза пайыздық пайда. Мүмкін шығындарға қорларды есептемегенге дейінгі таза пайыздық пайда 31,9%-ға көбейді, 2009 жылы 30787210 млн. теңгеден 2010 жылы 32674760 млн. теңгеге көбейді, сонымен бірге 2006 жылы 162,2%-ға өсіп, 240159930 млн. теңгені құрады. Мүмкін шығындарға қорларды есептемегенге дейінгі таза пайыздық пайда ретінде есептелген, орташа жылдық табыс әкелетін активтерге жатқызылған, банктің таза пайыздық маржасы 2008 жылмен 10,8%, 2009 жылмен 8,6%, салыстырғанда 2010 жылы 6,9%-ды құрады. Таза пайыздық маржаның төмендеу тенденциясы глобальды тенденция болып табылады, өйткені ол пайыздық ставкаларды төмендетеді.

Мүмкін шығындарға қорлар. Банктің мүмкін шығындарға қоры 127,3%-ға көбейді, яғни 2009 жылы 15695599 млн. теңге, 2010 жылы 16760366 млн. теңгені құрады, сонымен қатар 2005 жылы ол 195% көбейіп, 131114343 млн. теңгені құрады. Осы жылдар ішіндегі өсім банктің несие портфелінің ұлғаюымен байлаеысты. Банктің несие портфелінің жалпы көлемі 2009 – 2010 жылдар аралығында 18%-ға, 2008 – 2009 жылдар аралығында 102%-ға өсті. Несиелердің жалпы көлемінің пайызы ретінде, заемдарды жоғалту тәуекеліне жеңілдік 2010 жылдың 31 желтоқсанының жағдайы бойынша 7,5%-ға, 2009 жылдың 31 желтоқсанының жағдайы бойынша 5,7%-ға, 2008 жылдың 31 желтоқсанының жағдайы бойынша 5,1%-ға көбейді.

Пайыздық емес пайда. Пайыздық емес пайда 47.492 млн. теңгеге немесе 84%-ға көбейді, 2009 жылы 56.518 млн. теңгеге, 2010 жылы 104.009 млн. теңгеге. 2007 жылдан 2009 жыл аралығында пайыздық емес пайда 14.605 млн. теңгеге немесе 134.8%-ға көбейді.

Делдалдық пайда. Делдалдық пайда 11.331 млн. теңгеге көбейді, 2009 жылы 31.618 млн. теңге, 2010 жылы 42.948 млн. теңге, өсім 135,8%. 2008 жылы алынған өсім 159% болып, 19.884 млн. теңгені құрады.

Саудалық бағалы қағаздар бойынша таза пайда. Саудалық бағалы қағаздарды сатудан таза пайда 262.852 млн. теңгеге көбейді, 2009 жылы 9821761млн. теңгеден 2010 жылы 9978796 млн. теңгеге. Саудалық бағалы қағаздарды сатудан таза өткізілген пайда 2008 жылы 48.789 млн. теңгеден 2010 жылы 155.522 млн. теңгеге көбейді., бұл бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан жағымды шарттарды бейнелейді. Банктің саудалық бағалы қағаздар бойынша өткізілмеген пайдасы болды, ол 2009 жылғы өткізілмеген шығынмен салыстырғанда 16.254 млн.теңге, 11.983 млн. теңгені құрады.


Шетел валютасымен жүргізілген операциялар бойынша таза пайда. Шетел валютасымен жүргізілген операциялардан түскен таза пайда 111%-ға жоғарлады, 2010 жылы 68728 млн. теңгеге, 2009 жылы 50501 млн. теңгеге, 2008 жылы 39%-ға жоғарлап, 25039 млн. теңгені құрады.

Сақтандыру қызметінен таза пайда. Банк сақтандыру қызметінен түскен таза пайда туралы ресми түрде жариялады, 2008 жылы 11233241 ал 2009 жылы 15196493 млн. теңге 2010 жылы салыстырғанда 16892631 млн. теңгені құрады. Андерайтингтен түскен пайда көлемі банктің жергілікті нарықта күшті позицияларға ие болғаның көрсетеді.

Басқа да операциялық пайда. Басқа да операциялық пайда - 36,25%-ға өсті, 2009 жылы 17.185 млн. теңгеден 2010 жылы - 6.245 млн. теңгег., 2008 жылы 11.324 млн. теңгеге өсіп, 107%-ды құрады. Басқа да операциялық пайданың өсуі клиенттік шоттар операциясынан түскен пайда мен арендалық табыстың көбеюіне жатады.

Пайыздық емес шығындар. Пайыздық емес шығындар жылы 197,4%-ға көбейіп, 2010 жылы -592.836 млн. теңге, 2009 жылы -300.231 млн. теңгені құрады. 2008 жылмен салыстырғанда пайыздық емес шығындар -127.979312 млн. теңгеден 2009 жылы 142%-ға өсті.

Еңбекақы және қызметкерлермен басқа да есептесулер бойынша шығындар. Еңбекақы және қызметкерлермен басқа да есептесулер бойынша шығындар 2010 жылы 127%-ға көбейіп, 2009 жылмен салыстырғанда 43594850 млн. теңгеден 96325427 млн. теңгені құрады. 2009 жылы сомма 126,9%-ға көбейіп, 2008 жыл ішінде - еңбекақы және персоналмен басқа да есеп айырысулар 669950839 млн. теңгені құрады. Өсім негізінен қызмет операцияларының өсуі мен кенейюі нәтижесінде қызметкерлердің көбеюімен түсіндіріледі.

Жалпы және әкімшілік шығындар. Жалпы және әкімшілік шығындар 60,5%-ға көбейіп, банктің өсуімен байланысты, банктің қарамағындағы кәсіорындармен жүргізілетін операциялардың кеңеюін, командировка және басқа да шығындардың көбеюін көрсетіп, 2010 жылы 58427463 млн. теңге, 2009 жылы 15501914 млн. теңгені құрады.

Жалдық және амортизациялық жарналарға шығындар. Жалдық және амотизациялық жарналарға шығындар 2010 жылы тұрақты болды деуге болады, 2009 жылмен салыстырғанда 12519995 млн. теңгеден 72426518 млн. теңгеге көбейді. 2009 – 2008 жылдар аралығында арендаға шығындар банктің бас офисінің басқа ғимаратқа көшуі нәтижесінде (892 млн. теңгеден) 157%-ға көбейді.


Кедендік баж салығы. Кедендік баж салығы 2010 жылы 68623520 млн. теңгеге, 2009 жылы 36611520 млн.теңгеге төмендеді. 2009 жылы кедендік баж салықтары 2008 жылмен салыстырғанда 108.565 млн. теңгеге дейін төмендеді. 2010 және 2009 жылдары орын алған кедендік баж салықтары соммасының қысқаруы 2009 жыл бойы болған қолма-қол қаражаттардың импортына кедендік жинақтың төмендеуін көрсетеді.

Сақтандыру. Сақтандыру бойынша шығындар 2009 жылы 3277605 млн. теңгеден 2010 жылы 5448271 млн. теңгеге дейін көбейді. 2010 жылы сақтандыру бойынша шығындардың өсуі ғимараттарды сақтандыруға және медициналық сақтандыру мен өмірді сақтандыру бойынша бағдарламаларды қабылдауға сақтандырудың жоғарғы ставкаларынан туындайды.

Салықтар, пайдаға салынатын салықтан басқа. Пайдаға салынатын салықты есептемегендегі басқа салықтар 2009 жылғы 15797600 млн. теңгеден және 2008 жылғы 57803213 млн. теңгеден 2010 жылы 647932221 млн. теңгеге дейін көбейді. 2007 – 2006 жылдардағы мұндай өсім жалпы қызмет операцияларының кеңеюінен қосымша құнға салық төлеумен байланысты әлеуметтік салық ставкаларының өзгеруі және жоғарылауымен байланысты.

Кәсіби және заңдық қызметтер үшін төлемдер. Кәсіби және заңдық қызметтер үшін төлемдер 104,2%-ға көбейіп, 2009 жылғы 3110816 млн. теңгеден 2010 жылы 12028453 млн. теңгеге дейін өсті. 2010 жылғы өсім шоғырланған қарамақтағы компаниялар санын кеңейтумен байланысты аудит үшін жинақтардың және Бас офистің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кететін шығындардың көбею нәтижесінен болды. Кәсіби және заңды қызметтер үшін төлемдер 81.1%-ға көбейіп, 2008 жылғы 91020425 млн. теңгеден 2009 жылы 3110816 млн. теңгеге өсті.

Ал, енді "БТА" банктің активтері мен пассивтерін коэффициенттер арқылы талдайық. Ол үшін біз келесі коэффициенттерді пайдаланамыз:

1. Активтердің негізгі пайда коэффициенті;

2. Өтімді активтердің жылдам пайыздық коэффициенті;

3. Активтердің табыстылық коэффициенті;

4. Тәуекелді активтер коэффициенті;

5. Леверидж коэффициенті;

6. Заемдық ресурстар бойынша банк міндеттемелерінің акционерлік капиталға қатынасы коэффициенті;

7. Тұрғындардың тартылған депозиттерін максималды орналастыру коэффициенті;

8. Депозиттер соммасын капиталмен жабу коэффициенті;

9. Депозиттердің тұрақтылық коэффициенті.

Енді осы коэффициенттерді жеке-жеке қарастырайық.

Активтердің негізгі пайда коэффициенті пайыздар мен салықтарды төлемегенге дейінгі табыстың қаншасы "БТА" активтерінің 1 теңгесіне келетінің көрсетеді активтердің негізгі пайда коэффициенті мына формула арқылы есептеледі.

Активтердің негізгі (пайыздар мен салықтарды төлемегенге дейінгі пайда /

пайда коэффициенті = барлық активтер) * 100% (2.3.1)


Активтердің негізгі

пайда коэффициенті 2008 жыл = (16,275/2 522 048 011) * 100% = 0,01%


Активтердің негізгі

пайда коэффициенті 2009 жыл = (43,630/2 788 129 585) * 100% = 0,02%
Активтердің негізгі

пайда коэффициенті 2010 жыл = (74,537/3 084 209 979) * 100% = 3,1%

Активтердің негізгі пайда коэффициентін 3 жылға есептегеннен кейін біз келесідей көрініске ие болдық: 2008 жылы бұл коэффициент 0,01 құрады. Яғни бұл, 2008 жылы "БТА" банкінің активтерінің 1 теңгесіне пайданың 0,01%-зы келгенің білдіреді. 2009 жылы жағдай нашарлаған – банкінің активтерінің 1 теңгесіне пайданың 0,02%-зы келген. Мұны былай түсіндіруге болады, яғни салықтар мен пайыздарды төлемегенге дейінгі табыстың шамалы көбеюі кезінде 168%-ға - 16,275 млн. теңгеден 43,630 млн. теңгеге дейін, банктің активтері 2 522 048 011 млн. теңгеден 2 788 129 585 млн. теңгеге дейін көбейген, яғни 105%-ға. Активтердің негізгі пайда коэффициенті 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 1,22%-ға өсіп, банкінің активтерінің 1 теңгесіне 2,23% пайданы құраған. Бұл салықтар мен пайыздарды төлемегенге дейінгі пайда соммасының 43630 млн. теңгеден 74,537 млн. теңгеге дейін, яғни 70,8%-ға көбейуі арқасында болды (2010 жылы активтердің 43,2%-ға көбейуі кезінде). Бұл коэффициенттің 2010 жылы бірталай жоғарылауын былай түсіндіруге болады, банк активтерінің шамалы көбеюі арқасында банктің пайдасы да бірталай көбейді.

Өтімді активтердің жылдам пайыздық коэффициенті өтімді активтердің қаншасы банктің ағымдық міндеттемелерінің 1 теңгесіне келетінің сипаттайды, басқаша айтқанда, бұл коэффициент банк өз ағымдық міндеттемелерін өзінің тез өтетін активтерімен жаба ала ма және қаншалықты көлемде екенің көрсетеді өтімді активтердің жылдам пайыздық коэффициенті мына формула арқылы есептеледі.
Өтімді активтердің

жылдам пайыздық = (ағымдық активтер – қорлар / ағымдық міндеттемелер) * 100% коэффициенті

Өтімді активтердің = (107 452 945+ 85 459 408+12 166 905+15 040 474–121 883 310/

жылдам пайыздық 25 223 040 +576 487+ 2 971 493+1 375 252 307) * 100% = 0,94%

коэффициенті 2008жыл


Өтімді активтердің = (96 515 129 +97 016 021 + 50 654 535+19 701 846 –23 394 528/

жылдам пайыздық 20 306 532 + 1 402 325+ 2 724 454+1 637 079 944) * 100% = 0,83%

коэффициенті 2009жыл

Өтімді активтердің

жылдам пайыздық = (118 265 829+102 766 721 +86 405 235+23 452 546-27 145 228/

коэффициенті 2010жыл 24 526 984+1 680 258+2 964 512+1 796 985 475+85 152 698) * 100% = 5,0%
Бұл коэффициентті үш талдау кезеңіне есептегеннен кейін, "БТА" банктің бұл тұрғыдағы жағдайы оптимистті емес деуге болады. Себебі 2008 жылы банк өз міндеттемелерін тек 94%-ға ғана жаба алады, келесі жылдары банктің жағдайы жақсарғанымен, ол ойдағыдай тез болмады: 2009 жылы банк өз ағымдық міндеттемелерін толығымен жаба алады, ал 2010 жылы осы міндеттемелерді жабу кезінде банкте ағымдық міндеттемелер соммасынан тағы 5% өтімді активтер қалады.


Активтердің табыстылық коэффициенті пайыздар мен салықтарды есепке алғанда банк активінің 1 теңгесіне қанша ақша тапқаның көрсетеді. Жалпы көрініс мынандай: 2008 жылы бұл көрсеткіш банк активінің 1 теңгесіне 1,43% пайданы құрады, 2009 жылы банк активінің 1 теңгесіне 1,87% пайданы, ал 2010 жылы коэффициент 2,14%-ға дейін өсті. Активтердің табыстылық коэффициенті мына формула арқылы есептеледі.
Активтердің табыстылық = (пайыздар мен салықтарды төлегеннен кейінгі пайда/ коэффициенті барлық активтер) *100% (2.3.3)

Активтердің табыстылық

коэффициенті 2008 жыл = (14,307/2 522 048 011) * 100% = 1,43%


Активтердің табыстылық

коэффициенті 2009 жыл = (38,498/2 788 129 585) * 100% = 1,87%

Активтердің табыстылық

коэффициенті 2010 жыл = (61,354/3 084 209 979) * 100% = 2,14%


Тәуекелді активтер коэффициенті "БТА" активтерінің барлық көлеміне тәуекелді активтердің қанша пайызы келетінің көрсетеді. Тәуекелді активтерге бағалы қағаздар, басқа қаржы-несиелік институттардағы банк заемдары, сонымен қатар басқа банк шоттарындағы банк қаражаттары және т.б. Осындай активтердің соммаларының өсуінен тәуекелді активтер коэффициенті де өседі, бірақ бұл коэффициент банк активтерінің барлық соммасының өзгеруінен де тәуелді. Тәуекелді активтер коэффициенті мына формула арқылы есептеледі.
Тәуекелді активтер

коэффициенті = (тәуекел дәрежесі бар активтер / барлық активтер) *100%(2.3.4)

Тәуекелді активтер

коэффициенті 2008 = (107 452 945+ 85 459 408+12 166 905+15 040 474/2 522 048 011) * 100% = 74,8%

Тәуекелді активтер

коэффициенті 2009 = (96 515 129 +97 016 021 + 50 654 535+19 701 846 /2 788 129 585) * 100% = 72,2%

Тәуекелді активтер

коэффициенті 2010 = (118 265 829+102 766 721 +86 405 235+23 452 546/3 084 209 979) * 100% = 83,9%


Сонымен, есептеулер 2008 жылы бұл коэффициент 74,8% құрағаның, 2009 жылы банк активтерінің жалпы көлеміндегі тәуекелді активтердің көлемі 72,2%, ал 2010 жылы бұл коэффициент 83,9% құрады. Бұдан біз тәуекелді активтер үлесінің көбеюі болғаның байқаймыз.

Леверидж коэффициенті банк активінің 1 теңгесіне меншікті капиталдың қанша пайызы келетінің көрсетеді.Леверидж коэффициенті мына формула арқылы есептеледі.
Леверидж коэффициенті = (меншікті капитал / активтер) * 100%

Леверидж коэффициенті 2008 жыл = (416 925 821/2 522 048 011) * 100% = 8,6%

Леверидж коэффициенті 2009 жыл = (404 260 157/2 788 129 585) * 100% = 9,1%

Леверидж коэффициенті 2010 жыл = (450 461 943/3 084 209 979) * 100% = 14,1%

2008 жылы бұл коэффициент банк активінің 1 теңгесіне меншікті капиталдың 8,6% құрады, 2009 жылы 9,1%, ал 2010 жылы 14,1% құрады. Меншікті капитал үлесінің банк активінің 1 теңгесіне азаюы осы талдау кезеңдері ішінде банк активтері мен меншікті капитал мәндерінің параллель бірқалыпты көбеймеуімен байланысты. Мысалы, егер 2008 жылы банктің меншікті капиталы 416 925 821 млн. теңге, ал банк активтері 2 522 048 011 млн. теңгені құраса, 2009 жылы меншікті капиталдың көбеюі 66,1%, ал банк активінің көбеюі тіпті 98,58% болды. Сонымен қатар, банк активінің 1 теңгесіне меншікті капитал үлесінің төмендеуі болды. 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы меншікті капиталдың көбеюі 33,1%, ал банк активінің көбеюі 43,2% құрады. Бірақ 2009 жылы бақыланған, банк активтері мен меншікті капитал арасындағы көбею айырмашылығы аз болғандықтан, банк активтерінің 1 теңгесіне келетін меншікті капитал үлесінің төмендеуі де шамалы болды және ол 8,77% құрады (2009 жылы – 9,43%, 2008 жылы – 11,28 %).