Файл: 2. А бта банктерді аржылы Нтижесін талдау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 41

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Кейбір жеке мемлекеттік емес секторлардың қысқа мерзімді бағалы қағаздарын екінші кезектегі резерв ретінде де қолдануға болады. Оларға нарықтағы коммерциялық қағаздар мен банкілік акцептілер жатады. Банкілік акцепт - банктің акцептілінген 180 күн төлем мерзімді траттасы. Банкілік акцептінің пайда болуы халықаралық сауданы қаржыландырумен және ішкі саудадағы тауар айналымын қаржыландыру нәтижесімен байланысты болуы мүмкін. Банкілік акцепт нарығы жоғары белсенділікпен ерекшеленеді, ал бағалы қағаздары федеральды резерв банктерінде қайта есептеуде қолайлырақ.

Банктер екінші кезектегі резервтерге коммерциялық қағаздарды сатып алуы мүмкін. Яғни, олар корпорацияның 4-6 айға шығарылатын вексельдері. Осындай тәсілмен ақша қаражаттарын қарызға алу үшін, корпорацияның несиеге қабілеттілігі өте жоғары болуы қажет. Вексельдер сәйкесінше ірі құндылықта шығарылып, эмитентпен төленеді де шектеусіз индосантталады. Коммерциялық қағаздар көбінесе мерзімі өткенге дейін банктерде сақталады, бірақ та диллерлер келісім бойынша сатып алуы мүмкін.

Сонда да ауыспалы теорияны көптеген банктер қолдаса да, 20 және 30 жылдардағы өтімділік мәселелеріне тап болды. Кейбір банктер бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген онкольды қарыздарға сенді. Өкінішке орай, бағалы қағаздардың нарықтық құны төмендегенде, банктер осы қарыздарды өтеуде шығын болатынына көз жеткізді.

3. Күтілетін табыс теориясы. Осы теорияға сәйкес, банкілік өтімділікті несиені өтеу төлемдерінің кезегіне қарыз алушының болашақтағы табысын қою негізінде жоспарлауға болады. Ол жоғарыда қарастырылған теорияларды теріске шығармайды, бірақ та несиені қамтамасыз ететін акцептіге қарағанда, қарыз алушының қарызды өтеуі тиімдірек деп санайды. Бұл теорияның тұжырымы бойынша: банк өтімділігіне инвестиция мен несиені өтеу мерзімінің құрылымдарын өзгерту арқылы әсер етуге болады. Өнеркәсіптің қысқа мерзімді несиелері жедел қарыздарға қарағанда өтімдірек, ал тұрғын үй құрылысына берілетін ипотекалық несиелерден тұтынушылардың несиелері өтімдірек.

Қазіргі уақытта коммерциялық банктердің несие портфелдерінің құрамды бөлігін құрайтын несиелердің жеке түрлерінің (фирмалардың жедел несиелері, тұтынушы несиелері, қозғалмайтын мүлік кепілдігіне берілетін қарыздар) тез өсуі мен дамуын теория мойындайды. Несиелердің құрамды бөлігін құрайтын портфель ай сайын немесе тоқсан сайын негізгі қарызды өтеуі мен пайыздарын төлеуін жүргізетіндіктен өтімді, яғни тұрақты ақша қаражаттарының ағымын жоспарлау оңай. Өтімді қаражаттар қажет болғанда, қолма-қол ақша қаражаттарын пайдалануға немесе болашақтағы өтімділікті сақтау үшін реинвестициялауға болады.


Күтілетін табыс теориясы көптеген банктерге инвестиция портфелінің кезеңдік әсерін құруға көмектесті: түсімдер тұрақты болу үшін бағалы қағаздар өтеу мерзімі бойынша іріктеледі. Бұл жағдайда тұрақты ақша қаражаттарын төлеу көрсеткіші бойынша инвестиция портфелі тұрақты қарызды өтеу мен пайыздарды төлеу бойынша несие портфеліне жақын келеді.

Пассивтерді басқару теориясын қолдаушылар банк өтімділік мәселелерін нарықтағы қосымша қаражаттарды қызықтыру жолымен шешеді деген тұжырымды ұстанды. Алғашқы бұл теорияны қолдаушылар ретінде қаржы орталықтарының ірі банктері болды, ал одан кейін барлығы да қолдады. Оның пайда болуы 50-шы жылдардағы федеральды қорлардың нарығының қайта құрылуы мен ақша нарығының басты құралы ретінде жедел депозит сертификаттарының дамуымен байланысты.

Коммерциялық банктердің өтімділікті басқару саясатын толықтыратын және дамытатын пассивтерді басқару теориясы келесі екі тұжырымға негізделеді.

Бірінші – коммерциялық банк өтімділік мәселесін капитал нарығынан қызықтырылған қосымша ақша қаражаттарын сатып алу жолымен шеше алады. Бұл тұжырым батыс елдерінің тәжірибесінде де қолданылды.

Екінші – коммерциялық банк Ұлттық банк пен банк-корреспондентерінен ақша қаражаттары мен евровалюта нарығындағы ақша қаражаттарын қарызға алу жолымен өз өтімділігін қамтамсыз ете алады.

Коммерциялық банктер қарыз қаражаттарын кең түрде қызықтырады. Оның есебінен жалпы актив соммасының 80%-нан көбісі құралады. Арзан қарыз қаражаттары мен депозиттерін пайдалану акционерлерге қажетті табысын қамтамасыз ететін банкілік операциялардан алынатын қатысты пайда мөлшерін береді.

Кең мағынада банк қаражаттарының көзі ретінде неселеушілер мен салымшылардың қаражаттарын қызықтыру пассив операцияларын басқару қызметін білдіреді. Ал тар мағынада пассив операцияларын басқару өтімділік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қажетті шаралар арқылы қарыз қаражаттарын қайтару қызметін білдіреді. Депозит сертификаттарын орналастыра білу мен Ұлттық банктен ақша қаражаттарын немесе евродолларларды қарызға алу төменгі табыстағы екінші кезектегі активтерге банктің төменгі деңгейде байланыстылығын анықтап, пайда алу мүмкіншілігін кеңейтеді. Бірақ та бұл операциялар тәуекелділікпен байланысты. Пассивті операцияларды басқаруда қосымша тәуеклділікпен және ақша қаражаттарын қызықтыру шығындары мен осы қаражаттарды немесе бағалы қағаздарды қарызға беру арқылы алынатын табыс арасындағы қатынасты ескеру қажет. Сәйкесінше, активтерді басқару мен пассивтерді басқару арасындағы байланыс банк табыстылығы үшін өте маңызды.


Коммерциялық банк қызметі ақша қаражаттарын қызықтыру мен оларды жоғары мөлшерлемеде қарызға беруге немесе инвестициялауға негізделген. Бұл жинақ қаражаттары бар және оларға қажеттілігі бар адамдардың арасындағы қатынастың негізін қалаушы қаржы ұйымының қызметі.

Қаржылық емес корпорациялардың операцияларына қарағанда жоғары несие қабілеттілігі бар ұйымдарға қарызды беру операциясы мен жоғары сапалы бағалы қағаздарға инвестиция салу табысты болып табылады. Сондықтан да акционерлерге табысты қамтамасыз етуде меншікті қаражаттардан да көп айналым қажет.

Соңғы жылдары банктер өз өтімділігін қамтамасыз етуде қарыздар алуға мәжбүр болады. Мұндай қарыздарды пассивтерді басқару деп атайтын болды. Қарыз ақша қаражаттарын ауқымды масштабта қолдану банкілік несиеге сұраныстың жоғарлауы мен талап етуге дейінгі салымдардың қатысты баяу өсуімен түсіндіріледі. Шығындардың жоғарлауынан банктер өздерінің ресурстарын толығымен қолданды. Бұл алдағы жылмен салыстырғандағы қарыз/депозит коэффициентінің өсіміне әкелді.

Осының салдарынан банктің қаражаттарға деген қажеттілігі пайда болады. Халықаралық тәжірибеде бұл банктің уақытша қажеттілігін банкаралық несие, резервті қор, РЕПО шарттары немесе евродоллар нарығындағы қарыздар көмегімен қанағаттандырады.

Банкаралық несие.Орталық банк немесе банк-корреспонденттен қарыз алу – бұл резервтер жағдайын (сәйкесінше өтімділікті де) реттеуге қажет қаражаттарды жұмылдыратын әдістердің бірі немесе «есеп терезесі» (discount window) әдісі деп аталады. Бірақ та бұл әдіс кең таралмаған, осындай қарыздарды Орталық банк бақылайды.

Орталық банктен қарыз алу құқық емес ерекшелік ретінде қарастырылады. Орталық банкті сенімді және ақша қаражаттарының тұрақты көзі деп санауға болмайды. Қарызға алынатын ақша қаражаттарының мерзімі көптеген факторларға байланысты, мысалы қарыз алатын банктің қаржылық жағдайы және экономиканың жағдайы.

Резервті қорлар.Резервті қорды алу - өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында несиені пайдалану әдістерінің кең тараған түрі. Бұл қорлар Орталық банк шотында сақталатын депозит қалдықтарын көрсетеді. Күтілмеген салым ағымдары немесе қарыздарды қысқарту коммерциялық банктердің қор артықшылығын тудырады. Бұл қаражаттар табыс әкелмейтіндіктен, банк басқа банктердің, яғни қажетті резерв көлемі немесе активтерді сатып алуға қажеттілігі бар банктердің қарамағына уақытша пайдалануға береді.

Резервті қорлармен бір күндік операциялар негізінен қамтамасыз етілмеген қарыз болып табылады. Кейбір жағдайларда банк басқа банкке мемлекеттік бағалы қағаздарын сатса, онда қайтадан сатып алу келісім түрінде шарт жасалады. Мұндай шарттар сәйкес бір күнге жасалады, бірақ кейбір төлем мерзімдеріне байланысты бір апта немесе тіпті бірнеше апта болуы мүмкін. Резервті қорлармен операциялар күрделі емес. Жай қамтамасыз етілмеген шартта екі банк мына жағдайларды келіседі: Орталық банктен нақты сомманы банк-сатушы өзінің резервті шотынан банк-сатып алушының резервті шотына аударуды ұсынады. Келесі күні банктің ашылуында қарама-қарсы шарт жасалады. Пайыздар жеке чектер арқылы төленеді.


Қайтадан сатып алу туралы шарт.Резервті қорлардың банкаралық операцияларына қосымша ретінде мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша диллер мен банк, және басқа да инвесторлар арасында ұқсас келісім-шарт жүреді. Бұл келісім-шарттар қайтадан сатып алу шарты (repurchase aqreements - RP) немесе жай «репо» деп аталады. Мұндай шартта активтерді сату келісілген баға бойынша бекітілген күнде қайтадан сатып алу жағдайында жүргізіледі. Осындай шарттар уақытша бос қаражаттар үшін маңызды канал болып табылады. «Репо» артықшылығы – төмен дәрежедегі тәуекелділік немесе олардың мемлекеттік бағалы қағаздармен қамтамасыз етілуі. Банк активтерін қайтадан атып алу міндеттемелері бойынша сатқанда сатып алушының депозит шотын дебеттеу жолымен немесе басқа банкке жазылған чек арқылы төлемді жүргізеді. Мұндай жағдайларда келісім объектілері бағалы қағаздар және қарыздар болуы мүмкін.

Евродоллар нарығындағы қарыздар.Евродоллар нарығындағы қарыздарды алу – ірі коммерциялық банктер мен шетел филиалдары бар банктерге қолайлы пассивтерді басқару құралы. Евродоллар – бұл АҚШ-тан басқа шетел елдердің коммерциялық банктері мен американдық банктердің филиалдарында сақталатын АҚШ доллары түріндегі салым. Евродоллар АҚШ банкінің американдық немесе шетел салымшысы қаражаттарын шетел банкіне немесе американ банкінің филиалына аударғанда пайда болады. Осы операция нәтижесінде салымның иесі шетел қаржы ұйымы болады да, ал соңғысының АҚШ долларында өтейтін міндеттемесі пайда болады. Бұл жағдайда АҚШ-ғы банкілік салым жинағы өзгермейді, ал шетел елде АҚШ доллары – евродоллар түрінде жаңа депозитті міндеттеме пайда болады.

Евродоллар түріндегі қарыздардың едәуір бөлігі американ банктерінің өздерінің шетел филиалдарының алдында міндеттемелерінің өсуіне байқалады, және де қарыздың 75% нью-йорк ұйымының ірі филиалдарының үлесінде. Осы депозиттерді алатын Еуропа банктері мен филиалдары салымшыларға мөлшерлеме бойынша пайыздарын төлейді. Егер коммерциялық банктер мемлекет ішінде несие сұранысына қажетті қаражаттарды қызықтыра алмаса, онда евродоллар нарығындағы ресурстарға көңіл аударады. Көбінесе бұл қаржыландыру көзін банктер жедел депозит сертификаттарының соммасының жоғарлауы немесе қысқаруы кезінде қолданады.

2.5 АҚ "БТА" банктің активтері мен пассивтерін талдау
Коммерциялық банктің қаржылық нәтижесін талдау үшін, банктін қызметі туралы жеткілікті мәліметтер болу керек. Мұндай мәліметтер банктін жылдық есеп берулерінде болады. Жылдық есеп беру келесілерді қамтиды: мемлекеттік органмен және заң шығару органдарымен қарастырылған, есеп берудің формаларын, қаржылық есеп беруді.

Әлемдік тәжірибеде банктін қаржылық есеп беру түрлері келесі негізгі құжаттармен ұсынылған: баланс, табыстар мен шығындар туралы есеп беру, қаржыландыру көздерінің қозғалысы туралы есеп беру, акционерлік капитал туралы есеп беру, балансқа түсініктеме және тағы басқалары.

Банк басқармасы, оның клиенттері мен акционерлері, қадағалау және реттеу органдары бәрінен бұрын екі негізгі қаржылық есеп беруге көңіл аударады – балансқа (қаржылық жағдай туралы есеп беру) және табыстар мен шығындар туралы есеп беруге.

Баланс нақты мерзім ішінде банктің міндеттемелері мен меншікті капиталын, активтерді бағалауға мүмкіндік береді. Банк балансы коммерциялық банктердің жағдайын, олардың құрылу және пайдалану көздерін, сонымен қатар есеп беру кезеңінің басы мен аяғындағы банк қызметінің қаржылық нәтижелерін ақшалай түрде сипаттайды. Баланс екі бөлімнен – активтер мен пасивтерден тұрады.

Активтер – алғашқы қорлар, оның құрамына келесілер кіреді: кассадағы барлығы, Ұлттық банк пен басқа да банктердегі шоттар, бағалы қағаздарға салымдар, несиелер, иммобилизация – қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерге инвестициялар.

Пассивтер – депозиттер, басқа да тартылған депозиттік емес қаражаттар, меншікті капитал – жарғылық қор, бөлінбеген пайда мен қорлар. Ал табыстар мен шығындар туралы есеп беру белгілі бір мерзім ішінде алынған табыстар мен шеккен шығындардың көлемін сипаттайды.
2.6 АҚ "БТА" банктің үш жылдық балансы

2.3 1- кесте

Активтер

01.01.2008


01.01.2009

01.01.2010

сомма

Мың.тг

сомма

Мың.тг

сомма

Мың.тг

1

2




3




4




Қаражат және қаржы эквиваленттері

10452945




96515129




118265829




Міндетті резервтер

121883310




23394528




27145228




Сатуға арналған бағалы қағаздар

85459408




97016021




102766721




Туынды қаржы құралдары

12166905




50654535




86405235




Басқа банктердегі салымдар

105040474




19701846




23452546




Басқа банктерге берілген заемдар

74179293




73328550




76079250

























Клиенттерге берілген заемдар

1916732109




2137253653




2348414749




Бағалы қағаздарға салымдар

3696734




35401804




37864527




Капиталға энвестиция

152666126




198603067




202707854




Негізгі құралдар

10255141




10612924




11002587




Материалды емес активтер

392255




1044410




1258874




Дебиторлық қарыздар

6880819




24133343




29589654




Басқа да кативтр

15242492




24133343




29589654




Активтердің жиыны

2522048




2788129585




3084209979




Міндеттемелер мен меншікті капитал



















Банк пен қаржы ұйымдарының қаражаттары

25223040




20306532




24526984




ҚР ҰБ мен ҚР Үкіметінің қаржылары

576487




1402325




1680258




Туынды қаржы құралдары

2971493




2724454




2964512




Клиенттердің қаржылары

1375252307




1637079944




1796985475




Шығарылған қарыздық құнды қағаздар

112079150




72316434




85152698




Банктер алдындағы қарыздар

572843




131622517653




702685981




Кредиторлық қарыз

15502699




26233906




28254103




Басқа да міндеттемелер

673883




1288180




1498025




Міндеттемелердің барлығы

2105122190




2383869428




2633748063




Жарғылық капитал



















-Жай акциялар

304503430




304474393




304789576




-Артықшылықты акциялар

0




0




-




Сатып алынған акциялар

165




0




-




Қосымша төленген капитал

0




0




-




Резерв капиталы

42346425




4327337




38256987




Тәуекел резерві

24069




0




-




Басқа да резервтер

1661295




1750079




1875015




Таза табыс (шығын) өткен жылғы

68390437




93708348




105540365




Меншікті капитал бойынша қорытынды

416925821




404260157




450461943




Меншікті капитал мен міндеттемелер бойынша қорытынды

2552048011




2788129585




3084209979