ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Көлік және жол белгілері»,

Білім алушының аты-жөні ____________________________________

24


4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Аспан әлемінің құпиялары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты
Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

Білім алушы

 Көтерілген мәселе бойынша өз ойын сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді

Қолдану
15-20 минут

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, идеясын жұбыңызбен талқылаңыз. Мәтіндегі көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

Қазақстандық саяхатшы

Қазақ жігіті жер шарын велосипедпен араламақ, - деп хабарлайды Азаттық.

26 жастағы Мағжан Сағымбаев 28 мың шақырым жолды жүріп өтпек. 2014 жылдың 1 мамырында басталатын саяхат 2015 жылы наурыз айында аяқталады. «Сапарымда Қазақстаннан бастап, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Түркия елдеріне барамын. Одан әрі Еуропаның 18 еліне сапарлауды жоспарлап отырмын. Солтүстік Америкада АҚШ территориясын, Аустралия, Малайзия, Тайланд, Камбоджа, Вьетнам, Қытайды шарлап шығамын. Қытайдан кейін елге ораламын», - дейді саяхатшы. Ол күніне 50-ден 200 шақырымға дейін жол жүруді жоспарлап отыр. АҚШ-ты 100 күнде, Қытайды 90 күнде, Аустралияны 30 күнде аралап шықпақ. Мағжан Сағымбаев: «Әр қаладан көрген-білгенімді әлеуметтік желі мен блогым арқылы бөлісіп отырамын», - дейді.

(kaztrk.kz сайтынан, 104 сөз)

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Көтерілген мәселе бойынша өз ойын сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді

1

тақырыпты анықтайды;

1

күтпеген сұрақтарға тез әрі орынды жауап береді;

1

талқылау кезінде өз ойын толық жеткізеді.

1

Барлығы 3


25



Білім алушының аты-жөні _____________________________________

26


«Саяхат және демалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты


Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

О1.Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау

5.ӘТН5. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану

Ж4.Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу

Білім алушы

 Мәтіндегі негізгі, қосымша ақпаратты анықтайды  Тыныс белгілерді орынды қолданады

 Жазылымның құрылымын сақтап, оқиғаны сипаттап жазады

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут



1-тапсырма

Төмендегі үзінділерді оқып, тілдің сапасы мен тазалығына назар аударыңыз. Екі мәтінді салыстырып, негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.

1-мәтін Сұхбат

- Құрметті Сабыр Шәріп мырза, қазіргі таңда Қазақстанды туризм орталығына айналдыру туралы мәселе көтеріліп отыр. «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген қазақ мақалына сай, өз елімізде де демалатын орындар жетерлік емес пе? Осы орайда өз пікіріңізді ортаға салсаңыз.

- Иә, дұрыс айтасыз. Қазақстандағы туризмнің келешегі зор. Оның басты себептерінің бірі - географиялық және табиғи шарттар. Жазғы маусымда қазақстандықтар демалыс орындарында демала алады. Бурабай демалыс аймағы өзінің сұлулығы, көлдерінің молдығымен, жасыл желегімен және жануарлар әлемімен -«Қазақстан інжуі» деген поэзиялық атауға ие. Бурабайда тыныс алу мүшелерін және асқазан-ішек жолдары, жүрек-тамырлары жүйесі, тірек-қозғалыс аппараттарының ауруларын емдейді. Бурабай өзінің қымызымен, емдік лайларымен және минералды суымен танымал. Курорттағы ауа, керемет, дала шөптері мен қылқанды орман иісімен қаныққан таза ауа.

(kk.wikipedia.org) (111 сөз) 2-мәтін

Нұсқаулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Саяхат ережесі

Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам баласының ағзасына демалыс кезінде жаңа ортаның климаты, тамағы әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар өршіп жүреді. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаған жөн. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексеріп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз...

27

Саяхатқа шықпас бұрын:

Барар мекеннің климатын, салтын, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан қарап, біліп алыңыз;

Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алыңыз.

(kk.wikipedia.org) (82 өз)

2-тапсырма

Жаздың шуақты күні жанұяңызбен бірге саяхатқа бардыңыз. Алған әсеріңізді сипаттап жазыңыз.
Жазба жұмысыңызда төл сөздерді келтіріп, тыныс белгілерін дұрыс қолданыңыз (35-50 сөз көлемінде).

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі негізгі, қосымша ақпаратты анықтайды

1

мәтінге сай ақпараттарды анықтайды;

1

мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты сөздер немесе сөз тіркестерін анықтайды;

1

Тыныс белгілерді орынды қолданады

Жазылымның құрылымын сақтап, оқиғаны сипаттап жазады

2

кіріспе бөлімде отбасымен қай жерге саяхатқа шыққандығы туралы жазады (10 сөз);

1

негізгі бөлімде саяхаттағы бір күнінде болған оқиғаны сипаттап жазады (30 сөз);

1

қорытынды бөлімде саяхаттан алған әсерімен бөліседі (10 сөз);

1

эссе құрылымын сақтайды (кіріспе, негізгі, қорытынды);

1

мәтінде кездескен төл сөздердің тыныс белгілерін орынды қояды.

1

Барлығы

7



28


Білім алушының аты-жөні __________________________________________

29





ɀɚɡɛɚɥɚɪԑɚɚɪɧɚɥԑɚɧɨɪɵɧ




ɀɚɡɛɚɥɚɪԑɚɚɪɧɚɥԑɚɧɨɪɵɧ

Теруге 25.07.2017. берілді. Басуға 27.07.2017. қол қойылды. Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс. Шартты б. т.3,36. Таралымы 18 дана. Тапсырыс № 1574

«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды. 010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.kz.