ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2-тапсырма

Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Сөйлеу кезінде өз көзқарасыңызды аргументтер мен мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

1-мәтін. Тілеуберді Сахабаның Павлодар облыстық Тілдерді дамыту басқармасы Ұлттар тілдерін дамыту бөлімінің басшысы Қымбат Сәкеновамен «Ұлт бірлігі мемлекеттік тілде» тақырыбындағы сұхбатынан үзінді.

2-мәтін. http://imurat.kz/shet-tilin-uirenu/ сайтынан алынған «Шет тілін білу не үшін қажет?» тақырыбындағы мәтін.

1-мәтін

Ұлт бірлігі мемлекеттік тілде

- Тіл халық пен халықтың, ел мен елдің және ұлттар арасындағы достықтың ең негізгі құралы. Осы орайда «Қазақстан халқының тілдері күні» еліміздегі ұлттар достығын нығайтуда қандай рөл атқарады?

- Өзіңіз айтып өткен
дей, тіл – барша халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды сақтаудың негізгі құралы. Адам тіл арқылы түсініседі, өзге ұлттың тілін қаншалықты меңгерген болса, соншалықты сол ұлтқа жақындай түседі. Мұндай құбылысты қазіргі қоғамнан анық байқауымызға болады. Бұл тұста тілдің тілден еш артықшылығы жоқ екендігін айтып өткім келеді. Адам алдымен өз тілін білуі қажет. Одан кейін неше тілді білсе де артықтығы жоқ.

Қазіргі таңда өзге ұлттардың қазақ тілін білуге деген ниетінің болуы қазақ халқын құрметтеуі. Жиырма жыл ішіндегі жеткен жетістігіміз. Ел бола алатынымызды дәлелдедік, соның арқасында қазақ баласына, қазақ халқына деген сый-құрмет едәуір артты.

(Сұхбаттасқан – Тілеуберді САХАБА (122 сөз) 2-мәтін

Шет тілін білу не үшін қажет?

Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді, сондықтан өмірден өз жолын табуға, беделді кәсіпті
игеруге, өзіне және өзінің отбасына жақсы көңіл күй, жарқын болашақ сыйлауға тырысқан адамдар үшін шет тілдерін білу қажеттілігі туындап отыр.

Шетел тілдерін университеттің тиісті кафедрасында не болмаса, өз бетінше мамандандырылған курстарда оқып, үйренуге болады. Тілдерді өз бетінше үйрену кезінде сөздіктерді оқу, (тіпті түсінбесең де) радио тыңдау пайдалы. Үйренуді сөздікпен бастаңыз; өзіңізге белгілі бір жағдайларды ойдан шығарыңыз: досыңызбен кездесу, кино, спорт және т.б. жайлы. Дұрыс сөйлеп үйрену өте маңызды бұл тек ауызша сөйлеуді ғана емес, сонымен қатар жазбаша сөйлемдерді де дұрыс және жеңіл айту, жазудың кепілі. Шет тілінде сөйлеу сол тілде ойлау дегенді білдіреді.

( http://imurat.kz/shet-tilin-uirenu/) (106 сөз)

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тақырыпқа байланысты көтерілген мәселені ажыратады.

1

тақырыпқа қатысты мәселені анықтайды;

1

2

сөйлеу кезінде ойын жүйелі жеткізеді;

1

өз көзқарасын аргументтер мен мысалдар арқылы дәлелдейді;

1 1

грамматикалық және лексикалық құрылымдарды орынды қолданады;

1

сыни пікірлер айтады.

1

Барлығы

6



5


Білім алушының аты-жөні ______________________________________________________________________

6


«Киім. Сән. Талғам.», «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

О2.Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану

Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру

Ж2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу

Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу

Білім алушы

 Мәтіннің стилін ажыратады

 Мәтін мазмұнына сай жоспар құрады  Хат жазудың талаптарын ұстанады

 Оқылым мәтіні бойынша негізгі ақпаратты анықтап, жинақы (қысқа) мәтін жазады

Білу және түсіну Қолдану

15-20 минут



1-тапсырма

Төмендегі екі мәтінді салыстырып, айырмашылығын, стилін табыңыз, мәтіндердегі қарамен белгіленген сөздің мағынасын табыңыз. Жұмысыңыздың көлемі шамамен 10-15 сөзден тұруы тиіс.

1-мәтін. Самал Шорманованың әнші Мұқасан Шахзадаевпен жүргізген сұхбатынан үзінді. 2-мәтін. http://collegy.ucoz.ru/publ/89-1-0-12313 сайтынан алынған.

1-мәтін

Мұқасан Шахзадаев: «Сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын»

Мұқасан аға, сізді қазақ эстрадасындағы жоғары талғаммен киінетін әншілердің қатарына жатқызады. Өзіңіздің ойыңызша қалай?

Мен өзін сыйлаған, өзін жақсы көрген әрбір адам дұрыс киінеді деп ойлаймын. Оның үстіне, өнер жолында жүргеннен кейін, халықтың алдында жүреміз. Дұрыс киініп жүрмесе, онда адам өз-өзін сыйламағандығы. Өзіме келер болсам, сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын. Себебі, анам тігінші болған. Кеңес үкіметінің кезінде ақшаң болған күннің өзінде киім тапшы болатын. Сондықтан анама әртүрлі сән журналдарындағы киімдерді көрсетіп, тіктіртіп алатынмын.

(Сұхбаттасқан: Самал Шорманова. http://www.juldizdar.kz/?p=1191 сайтынан. 83 сөз)