ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.04.2024
Просмотров: 50
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1998 ж. «Қазақстан Республиканың ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заң қабылданып,онда Қазақстанның ұлттық мүдделері жария етілді:
-адам және азамат құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз ету;
-елде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылығы сақтау;
-Қазақстан хадқының мүддесі үшін экономиканы дамыту;
- Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және Қазақстан халықтарының бірлігін сақтау;
- Қазақстан Республиканың конституциялық құрылысының беріктігін қорғау;
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери дайындығын қамтамасыз ету;
-серіктестік негізінде халықаралық ынтымақтастық дамыту.
1992 ж. Қазанында Н.Назарбаев алғаш рет БҰҰ мінбесінен сөз сөйлеп, алғашқы сыртқы саяси бастамаларын жария етті. Ол жыл сайын мемлекеттердің әскери шығындарын бір пайызға азайта отырып, босаған қаржыны БҰҰ-ның бейбітшілік сақтау қорына аударып отыруды ұсынды.
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының бағыттары белгіленді;
-
«ТМД». Бұл бағыттағы басты серіктес Ресей болып танылды. -
«Азия-Тынық мұхит аймағы». Басым бағыт – Сеул- Пекин – Токио. Бұл бағыттағы басты мақсат-алдыңғы қатарлы технологияларға қол жеткізуге, несие алу, қазақстандық тауарларды өткізу. -
«Азия». Бұл жерде Түркиямен қарым-қатынасқа басты назар аударылды. -
«Еуропа». Басты бағыт – Германия Федеративтік Республика. -
«Америка». Басты назар дамыған мемлекеттердің бірі АҚШ. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан көптеген халықаралық актілерді бекітті; 1949 ж. Соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева конвенциясын, 1951 ж. Босқындар туралы Конвенцияны, 1953 ж. Әйелдердің саяси құқықтары туралы Конвенция және т.б.
Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап Қазақстанның алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі – республика территориясындағы ядролық қару мәселесі.
КСРО ыдырағаннанткейін ядорлық мемлекет статусын Ресей, Украина және Белорусиямен қатар Қазақстан да алды.Ядорлық қарудың болуының Қазақстан үшін оң және теріс жақтары да болды.
Оның игі жақтары: ядорлық қарудың болуы Қазақстанның халықааралық аренадағы рөлін арттырды; көрші ірі ядролық державалар-Ресей мен Қытаймен тең дәрежелері қарым-қатынас орнатуға негіз бола алды.
Сонымен қатар ядорлық қарудың болуы Қазақстан үшін қосымша қиындықтар да туғызды. Республикада ядролық қару шығарудың толық циклы болған жоқ; сол қаруға бақылау жасап, қолданатын өз мамандары мүлдем болған жок; ядорлық-ракеталық кешенді қаржыландыру Қазақстан экономикасы үшін мүмкін емес жағдай болды.
Сонымен бірге бірқатар сыртқы саяси себептер де Қазақстанның шын мәнінде ядролық мемлекетке айналуына кедергі келтірді. Ең алдымен Ресей,сондай-ақ АҚШ тарапынан көрсетілген қарсылық және ашық қысым. Соның нәтижесінде 1992 ж. 2 шілдесінде Қазастан ядролық қарудан толықтай бастартып,Лиссабон хаттамасына қол қойды. 1995 ж. Мамырында ең соңғы ядролық ракеталар республика территориясынан шығарылып, Қазақстан іс жүзінде ядролық қарусыз мемлекетке айналды.
1992 ж. Ташкентте ТМД құрамында алты мемлекет; Армения,Қазақстан,Қырғызстан,Ресей,Тәжікстан және Өзбек Ұжымдық қуіпсіздік туралы шарттқа қол қойды. 1993 ж. Шартқа Әзербайжан,Грузия,Белоруссия қосылды.
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі құрылып,ол ТМД елдері арасындағы ұжымдық қауіпсіздік жүйесін реттеп отыратын саяси органдарға айналды.
1996 ж. Шанхайда (Қытай) Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан арасында ортақ шекара аймағындағы әскери салада сенімді арттыру мәселесі талқыланды. Кейіннен Шанхай ұйымына Өзбекстан да енді.
Қазіргі кезеңде Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жалдары белгіленген сыртқы саясаттың басты бағыттарын іс жүзінде асырып келеді.