Файл: Xx асырдаы азастан.rtf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 51

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Көрсеткіштер


1993 ж. %

1992ж. салыстырғанда

1991ж. салыстырғанда

1.Ұлттық табыс

2.Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі

3.Бағаның өсуі

83,7

88,7

61 есе

60,9

76,7


1992 жылы Ресейдің бағаны босатып жіберуі инфляцияның күрт өсуіне алып келді. Сол кезден Қазақстан құпия түрле өз валютасын енгізудің дайындық жұмыстарын бастады. Англиямен болашақ теңгенің клишесін дайындау туралы келісім жасалып, сол жылы теңгенің 20 пайызы құпия түрде басылып шығарылды.

1993 жылдың жазында Ресей жаңа үлгідегі ақшаны енгізді. Ресейдің Орталық Банкі 1993 жылға дейін шығарылған ескі үлгідегі рубльдер осы кезден бастап Ресей жерінде төлем ақысы бола алмайды деп жариялады. Осыған байланыстыескі рубльдің барлығы Ресей мен Қырғызстаннан Қазақстанға ағылып келе бастады. Инфляция аспандап кетті.

Н.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында былай деп жазады: «Жеті миллион доллар тауып, ақшамыздың қалған бөлігін шығаруға қажетті шығынды төледік. «Ил-76» төрт ұшағын жалдап алып, ақшамыздың 60 пайызын тасып әкелдік. Бұл өте құпия операция болды. Құжаттарға: «Мемлекет басшысының салынып жатқан резиденциясына керекті мүлік», деп жазылды. Оған дейін облыстарда жерасты қоймаларына жасырып қойдық. Төрт ұшақ аптасына Лондон-Орал, одан облыстарға дейін әрлі-бері он сегіз рейс жасап тұрды. 12 қарашаны мен ақшаны енгізу күні деп жарияладым. Жиырма күнге жетер-жетпес уақыт қалды. ҰҚК басшыларының бәрін операцияны өткізуге жұмылдырдым. Ең қиыны – ақшаны барлық аудандарға, барлық банкілерге жеткізу. Ол сегіз күннің ішінде атқарылып шықты... 11 қарашада кешке ұлттық телевизиядан сөйлеп, жаңа ақшаға көшкенімізді хабарладым ».

Осындай жағдайда 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстан өзінің ұлттық валютасын –теңгені енгізді.

1996 жылдың көктемінде Министрлер кабинеті мен Мемлекеттік мүлікті басқару комитеті шағын жекешелендірудің алғашқы қорытындыларын шығарды. Шағын жекешелендіру кезінде 9 мың нысан жеке меншікке өтті. Ол жекешелендіруге тиісті кәсіпорындардың 2/3 бөлігін құрады.

Жаппай жекешелендіру де аяқтады. Үш жыл ішінде 22 аукционда 2000 кәсіпорынның акциялары сатылды. Ауыл шаруашылық саласында 2120 мемлекеттік шаруашылықтың 1962-і (93 пайызы) жеке меншікке өтті.


Қазақстан өнеркәсібінің ірі нысандары шетелдік фирмаларға басқаруға берілді. Олардың қатарында Павлодар алюминий зауыты, Дон кен байыту комбинаты, Ермак және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары, Қарағанды металлургия т.б. болды.

Егер 1990 жылы мемлекеттік емес шаруашылық нысандары 40 пайызды құраса, 1994 жылдың аяғына қарай олардың үлесі 60 пайызға жетті. Егер 1990 жылы жеке сектордың шығарған өнімі 8 пайызды құраса, 1994 жылы 38 пайызға жетті.

Банк жүйесі де реформаланды. 1994 жылдың басына қарай республикада қайтадан құрылған бес мемлекеттік банктен басқа 175 коммерциялық және жеке меншік банктер құрылды.

Соған қарамастан 1992-1994 жж. Қазақстанның экономикалық жағдайы ауыр дағдарыс жағдайында қала берді. Экономикалық реформаларды жеделдетудің басты шарты нарықтық экономиканың заңнамалық негізін қалыптастыру қажеттілігі болды.

1997 жылдың маусымында «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» Президент Жарлығы шықты.

1997 жылы Н.Назарбаевтың еліміздің стратегиялық дамуының «Қазақстан - 2030» бағдарламасы жарияланды.

Экономикалық проблемаларды шешудің бір әрекеті – 2001 жылдың сәуірінде қабылданған «Ақшаны заңдастыруға байланысты Қазақстан Республикасы азаматтарын амнистиялау» туралы Заңның қабылдануы. 2001 ж. мамырында Президент Н.Назарбаев 2001 ж. маусымынан бастап 20 күн ішінде еліміздің әрбір азаматына заңсыз табылған қаражатын заңдастыруға рұқсат берді. Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша ел ішіңде 500 млн. доллар, Ұлттық банктің мәліметі бойынша 200 млн доллар заңдастыруды қажет етті. Елге қайтқан қаражатқа салық салынбады.

2001 ж. 14 маусымынан 13 шілдеге дейін ел экономикасына 480,2 млн доллар қайтарылды. Оның ішінде тек 50,5 млн доллар шетелден әкелінді.

Тәуелсіздік жылдарында ел эканомикасының дамуының негізгі нәтижелері:

1991-2000 жж орынкәсіп орындарының саны 20 мыңнан 14,5 мыңға дейін азайды. 2000 ж. 1990 ж. салыстырғанда мұнай өндіруден басқа салаларда өнім өндіру қысқарды: темір рудасын өндіру 83 көмір 55%, электр энергиясын 59%, болат 69%, минералды тыңайтқыштар 11%, трактор 95%, маталар 94% ке төмендеді.

Ресми деректер бойынша 2000 ж. Қазақстанда 35 млн тонна мұнай өңдіреді. Тек Маңғыстау облысынан ғана мұнай экспортынан 1,1 млрд. доллар табыс түсті.

Экономикадағы ауыл шаруашылығының үлесі 1990 ж. 34 пайыздан 1999 ж. 10 пайызға дейін азайды.
1990 2000

Іріқара мал 9,8 4,1



Қой 36,2 9,8

Шошқа 3,2 1

Жылқы 1,6 0,9

Құс 59,3 18,8
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан өз экономикасына 10 млрд-тан астам инвестиция тартты. Елде жұмыс істейтін шетел компанияларының саны өсті.

Қазақстан халқының саны 15 млн. адамды құрады оның ішінде 50 пайыздан артығы- қала тұрғындары, қалғаны ауыл тұрғындары.

Халықтың құрамына әйелдер 50 пайыздан артық, балалар мен жасөспірімдер – 30 пайыздан артық, 50 пайыздан астамы – еңбекке жарамды жастағылар және 12 пайыздың артығы- зейнеткерлер болды.

Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік саясатқа біраз өзгертулер енгізді. Әлеуметтік секторды (білім беру, денсаулық сақтау, мүгедектерге, көп балалы отбасыларына көмек көрсету, тұрғын үй құрылысы т.б)мемлекеттік қаржыландыру күрт қысқарды.

1992 ж. білім беру жүйесін реформалау басталды. Білім беруді қолдаудың Ұлттық бағдарламасы қабылданды.

Реформа нәтижесінде орта білім берудің жаңа түрлер: лицейлер мен гимназиялар пайда болды. Жоғарғы білім беру саласына жаңа пәндер,тестілеу жүйесі, бакалавр және магистр дәрежелері енгізілді. Жеке меншік оқу орындары ашылды.

1995-1996 жж. Денсаулық сақтау саласын қайта құру қолға алынды. Бұл саладағы реформалардың басты бағыты көп укладты медицина енгізу (мемлекеттік денсаулық сақтау, міндетті медициналық қамсыздандыру, жеке сектор) болды. Тек 1997 ж ғана 181 амбулаториялық- емханалық мекеме жабылды, ауруханаларда 26 мың төсек қысқартылды.

1998 ж. зейнеткерлік реформа басталды. Оның негізгі принципі зейнеткерлік жинақтау қорлары жүйесіне өту болды. Зейнетке шығу жасы өзгертілді: әйелдер – 58 жастан, ерлер – 63 жастан.

Әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі- оралмандар мәселесін шешу болды. 1992ж. қазақтардың Дүниежүзілік Құрылтайында шетелдегі қазақтарды тарихи отандарына қайтару туралы шешім қабылданды.

Демократия мен көші-қон Агенттігінің мәліметтері бойынша 1991-2000 жж. Республикаға 42 мың қазақ отбасы немесе 183 мың адам көшіп келген.

Олардың ішінде 60 пайыздан астамы ТМД елдерінен: Өзбекстаннан, Түрікменстаннан, Тәжікстаннан, Ресейден келді. Алыс шетелдерден келген оралмандардың 80 пайызын Моңғолиядан келген қазақтар құрады.

Сонымен бір мезгілде республикадан тыс жерлерге көшіп кетушілердің саны артты. 1991 ж салыстырғанда республика халқы 2 млн-ға қысқарды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 183 мың қазақ көшіп келсе, 100 мың қазақ көшіп кетті.

1991-2000 жж. аралығында елде орташа өмір сүру ұзақтығы 4 жылға – 68 жастан 64 жасқа дейін кеміді. Халықтың табиғи өсімі осы он жыл ішінде үш есе төмендеді, бала туу – 1,5 есеге қысқарды. 1991 ж әрбір мың адамға шаққанда 7,7 адам өлген болса, 2000 жылы- 10-нан асты.



Халықтың 40 пайызының (ал ауылда тұратындардың жартысынан астамының) табысы өмір сүру минимумы деңгейінен төмен болды.

Ресми деректер бойынша 2001 ж жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 12,7 пайызды құрады (900 мыңнан астам адам). Ал тәуелсіз экономистердің көрсетуінше елде 4 млн. «жасырын жұмыссыздар» болды, яғни халықтың 40 пайызы.

Денсаулық сақтау саласында ауыр жағдай қалыптасты. 1999 ж мемлекеттік бюджет денсаулық сақтау мекемелерінің қажеттігінің тек үщтен бір бөлігін ғана жаба алды, бюджет есебінен денсаулық сақтау нысандарын салу тоқтатылды, дәрі-дәрмек және медициналық құрал- жабдықтардың қамтамассыз ету мардымсыз болды. Он жыл ішінде адам өлімі 20 пайызға артты.

Халықтың білім деңгейінің де төмендеуі орын алды. 1991 ж бастап мектепке дейінгі балалар мекемелерінің саны алты есе қысқарды (яғни 100 баланың тек 10-ы ғана бала бақшаға бара алды), 1998 ж бастап мектепке дейінгі балалар мекемелерінің құрылысы тоқтатылды. Білім жүйесіне жұмсалатын мемлекеттік қаржы жылдан- жылға қысқарып отырды: 1991 ж. Өндірілген жалпы өнімнің, 6,5 пайызын құраса, 1998 ж. – 3,9 пайызын құрады.

1992 ж. 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды.1992 ж. аяғына дейін әлемнің 106 мемлекеті республиканы танып, 61 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстан сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдарға мүше болып енді: Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Қайта құру мен дамудың әлемдік банкі, Қайта құру мен дамудың Еуропалық банкі, Халықаралық қаржы қоры, Дүниежүзілік банк және т.б.

Тәуелсіздігін алғаннан кейін республиканың алдында өз сыртқы саясатын қалыптастыру, оның басымдықтарын айқындау, ұлттық қауіпсіздік жүйесін құру қажеттілігі тұрды.

Ұлттық қауіпсіздік жүйесін құра отырып, Қазақстан өзінің геосаяси және экономикалық жағдайының ерекшеліктерін ескереді:

Біріншіден, республикада тәуелсіз мемлекеттің құрылымдары- Қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік органдардың барлау, қарсы барлау қызметтері, Қарулы Күштер, өз дипломатиялық корпусы т.б. болмады.

Екіншіден, ашық теңізге шығу мүмкіндігінің болмауы және негізгі қатынас жолдарынан алшақ жатуы республиканың халықаралық экономикалық байланыстарға қатысуын қиындатты.

Үшіншіден,Қазақстанның екі ірі мемлекет – Ресей мен Қытайдың арасында жатуының өзіндік ықпалы болды.

Төртіншіден, Қазақстан халқының этникалық құрамының әркелкілігі де республиканың сыртқы саяси жағдайына әсер етті.

1993 ж. Қазақстан Републикасының 1993-2005 жж. арналған ұлттық қауіпсіздігінің Стратегиясының және Қазақстанның алғашқы әскери доктринасы қабылданды. Қорғаныс стратегиясы негізінде өз қарулы күштерін құратындығын жариялады.