Файл: Осы саба білім алушыларды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 136

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оқушылардың пікірі
Оқушылардан ағымдағы оқиғаларға назар аударуды сұрап, олардың жергілікті, ұлттық немесе халықаралық жаңалықтарды қалай қабылдайтынын жазып алыңыз.
Жазғы оқу бағдарламасы
Егер жазғы оқу бағдарламасы барысында оқушылардың қызығушылығын ояту тәсілін іздесеңіз, сізге RSS-арнасын орнатып, апта сайын оқушыларға арнап подкастыларды жариялап отыруыңызға болады. Сіз кітаптан алынған диалогтарды қосып, шағын мақсаттарды анықтап, табысты оқырмандардың жетістіктерін атап өте аласыз.
Пьесаның бейне-подкастылары


76

Мектептегі көптеген сахналық қойылымдар көрермендердің ризалық білдерген жазбаларынсыз және атқарылған жұмысқа масаттанусыз аяқталып жатады. Оқушылар өз техникасы мен стилін өзара бағалай алатындай етіп, бірнеше драмалық қойылымдарды бейнеподкастыларға жазу жақсы идея болар еді.
Дене шынықтыру сабақтарының бейнеподкастылары
Спортта қолданылатын техникаларды (белгілі бір жаттығуларды орындау техникасын) жақсы меңгеру зор қуаныш ұялатып, спортқа тартылуға негіз бола алады. Жаттығуларды үйрену бейнежазбасын жасап, оларды тарату – жақсы идея. Осының арқасында оқушылар өздерінің не істегендерін бағалап, жақсы мен жаманды салыстырып, айыра алатын болар еді.


77

ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ
Алғыр балаларға лайықты, алайда қабілеті төмен балаларды есептен шығармайтын немесе алшақтатпайтын оқу ортасын қалай құрауға болады? Ол үшін оқу қағидаттары мен құндылықтары қандай болмақ? Химер (2002: 3) олардың бірнешеуін анықтаған, атап айтқанда:


  • Барлық балалар жоғары сапалы білім алуға құқылы.




  • Білім берудің негізгі мақсаты – балалар және жастардың бойына оқуға деген құштарлықты сіңіру және осы білімге деген құштарлығын қанағаттандыратын дағдылар мен психологиялық ұстанымдарды игеру үдерісіне қолдау көрсету.




  • Мектептің негізгі рөлі барлық балалардың білім мақсаттарына қол жеткізуіне барынша мүмкіндік жасау болып табылады.




  • Балалардың оқу мақсаттары – алуан түрлі.

  • Ешкім, тіпті сол адамның өзі өзінің оқудағы толық мүмкіндігін біле бермейді.




  • «Қабілеттер» деген ұғымның дәстүрлі анықтамасы – еш нақтыланбаған, жұмыс нәтижесінің жалпы сипаттамасы (болжамы).





  • Балалардың оқу мақсаттары сұрақ қойып, сол сұрақтарға жауап іздегенде барынша қолжетімді болады. Бұл сұрақтарды балалардың өздері қойған тиімді болмақ.




  • Терең оқып-үйрену бәсекелестік жағдайында емес, бірлескен жұмыс жағдайында жүзеге асады.




  • Бағалаудың ең тиімді тәсілі жиынтық бағалау (нәтижелерді көрсету немесе салыстыру үшін оқуды бағалау) емес, қалыптастырушы бағалау (оқыту үшін бағалау) болып саналады. Осыған байланысты, оқушының оқуға деген көзқарасын өзгерту оқу нәтижелеріне деген қатынасын (баға үшін алаңдаушылық) ынталандырудан гөрі, тиімді оқуға жетелейтіні анық.




  • Дарынды және талантты балаларды оқыту бойынша жалпыға ортақ саясат мынадай ұстанымдарға негізделеді: дарынды және талантты балалар сапалы білім алуға құқылы, сонымен бірге өздерінің дарынды және талантты екенін білмейтін


құрбыларының да сапалы білім алуға тең құқығы бар.
Дарынды және талантты балаларға жоғары сапалы білім берудің көрсеткіштері мен дәлелдемелері, Джон Фрименнің (1998: 52; Химерде келтірілген 2002: 60) пікірінше, төмендегідей критерийлер жүйесіне сәйкес келуі мүмкін:
Тапсырмаға қойылатын талаптар:


  • Жаңа білім бөлек-бөлек факты ретінде емес, тұжырымдамалық негіз мазмұнында сабақтастырылып беріледі.




  • Мұғалім проблемалы сұрақтар қою және оны шешу тәсілдерін пайдалана отырып, санасын дамытады.




  • Мұғалім оқу үдерісін барынша терең «ғылыми» ойлау дағдыларын қалыптастыратындай етіп құрады.




  • Абстрактілі түсініктерге, сондай-ақ негізгі түсініктерге де ерекше назар аударылады.




  • Қолданылатын материалдар сапасы жағынан жоғары, ал оларды оқыту деңгейі кешенді, жаңашыл сипаттарды талап етеді.


Тілді қолдану:


  • Сабақтың зияткерлік талаптары сабақ үстінде жүзеге асатын тілдік қарым-қатынастың деңгейімен, жылдамдығы және сапасымен анықталады.




  • Негізінен, ауызекі емес, тиісті дәрежедегі сөйлеу дағдылары қолданылады.

  • Мақалдап, жұмбақтап сөйлеген мадақталады.


Жауап алу:


78

  • Күнделікті оқудың маңызды бөлігі болып табылады және ойлау мен проблеманы шығармашылықпен шешу дағдыларын дамытуға бағытталған.


Ақпаратпен алмасу:


  • Оқушылар өз құрбыларымен бұрынғы және жаңа білімдерін, идеяларын салыстыра отырып, дауыстап түсіндіреді.





  • Зерттеу жүргізу дағдылары оқушылардың өз идеяларын өздері түсіндіре алатындай етіп ұсынылады.


Үздік жетістіктерге ұмтылдыру:


  • Оқушылар жоғары дәрежелі жетістіктерге қол жеткізгені үшін уақтылы марапатталып отырғаны дұрыс. Бұл оқушылар мен мұғалім арасындағы келісімге сәйкес ерекше жобалар түрінде жүзеге асырылады.




  • Мақсаттар жоғары, кәсіби деңгейде қойылады.

  • Тәлімгерлер тағайындалады.

  • Шығармашылық қабілеттер қалыптастырылады.




  • Жобалар аяқталып, жұмыс тексерілуге тиіс.


Сыныптың дарынды және талантты балаларға арнап дайындалуы (Гудхю, 2009)










Сыртқы

Оқу үдерісін






















сарапшылар

жетілдіру үшін




«Оқыту мен оқуда АКТ-ны



















АКТ-ны





































пайдалану» тарауын



















пайдалану





































қараңыз


































Идеяларды




Оқыту мен






















ойластыруға уақыт




оқу










Жұмыс көлемі




беріледі. Сынып




стильдерінің













жайдарлы




жүйесі










аз, бірақ ол




























алуан түрлі,































сапалы







Оқуды




























жетілдіретін үй



















Айырмашылығы:




жұмысы







Дарынды және































қарқыны, қолдау,













талантты балалар







тапсырмалар, тілдің



















қолданылуы













үшін сыныптағы











































дайындық






















Тәуелсіз және






















«Оқыту мен




шығармашыл






















оқудың белсенді

























әдістері»




болу













Ыңғайлы
















тарауын қараңыз




мүмкіндігі













топтастыру






















Жоғары




























деңгейлі




























сұрақтар




Тұрақты,
















Қабілеттері








































сындарлы кері
















өздерінікі сияқты




«Сын тұрғысынан




байланыс

«Қалыптастырушы




адамдармен













ынтымақтастық


























ойлау» тарауын

бағалау» тарауын




қараңыз




қараңыз












Жоспарлау үдерісінде саралау маңызды қағидат болып қала береді, осыған байланысты қабілеттері әртүрлі бір топ аясында анағұрлым қабілетті оқушыларға арнап бір сабақты жоспарлау әртүрлі орындалуы мүмкін. Бұндайда қолданылатын тәсіл



79

оқушылардың жасына, пәнге және мұғалімге байланысты болады. Мысалы, әртүрлі мұғалімдер пайдаланатын екі үлгі бар:


  1. ІСТЕУГЕ МІНДЕТТІ-ІСТЕГЕНІ ДҰРЫС-ІСТЕЙ АЛАДЫ Істеуге міндетті (істелуі тиіс нәрсе); Істегені дұрыс (түгел сыныпқа қажет); Істей алады (барынша ашық жаттығулар).




  1. НЕГІЗГІ БІЛІМГЕ ЖЕТІЛДІРУДІ ҚОСУ





Барлық










оқушылар-

БАҒАЛАУ

Негізгі тапсырма




Негізгі

бойынша үздіксіз










тапсырма




жұмыс істеу




Табысты оқушылар
нәтижеліліктің жоғары
деңгейін талап ететін
кеңейтілген тапсырмаларды
шешуге көшеді
Білімді жетілдіру
Дарынды және талантты оқушыларға арналған эксперименталды стратегияның мәні сыныпта және сыныптан тыс кеңейтілген оқу жоспарын ұсынумен айқындалады. Оқушылардың оқуын ынталандырып, олардың қабілетін арттыратын қызықты және маңызды тәжірибемен қамтамасыз ету мақсатында оқу жоспарын толықтыру қажеттілігі туындайды. Оқушыларды ойлануға, өз көкжиектерін кеңейтуге ынталандыру керек. Осылайша Грэм Кентке (1996: 44) сәйкес, "кеңейту үдерісі алуан түрлі жауап беріп, алуан түрлі шешім табуға мүмкіндік бере отыра, қабілетті балалардың сөйлеу қарқынына көмектесуі қажет. Бұл идеялармен, жағдайлар және әдістермен тәжірибе жасауға көмектесе отырып, балалардың ептілігін дамытпақ, балаларға ойлау қабілетін пайдалана отырып, өзіндік ерекшелігін қалыптастыруына мүмкіндік бермек. Ол балаларды өздерінің қосымша идеяларын және басқалардың
идеяларын пайдалана отырып, жауаптарын жетілдіруге итермелеуі қажет".
Гудхю (2009: 80) белгілеген дарынды және талантты балаларды сыныптағы жұмысқа жұмылдыру жөніндегі жалпы ұсыныстар


  1. Дарынды және талантты балалар үшін жұмыс санымен емес, сапасымен ерекшеленетініне көз жеткізіңіз, дарынды оқушылар басқаларынан көп тапсырма орындамауы керек.




  1. Джон Фримен атап көрсеткен «үш қайталау» проблемасынан аулақ болыңыз; бірінші – бүкіл сыныпқа тапсырманы түсіндіру, одан кейін тыңдамағандарға арнап бір



80

қайталау, кейіннен тағы да бір рет – жай ғана, барлығының есіне тағы бір рет түсіру үшін.

Қайтадан түсіндіруді соған мұқтаж оқушылар үшін ғана қайталау қажет.


  1. Көбірек ынталандыруға мұқтаж және сыныптағы алуан түрлі тапсырмалармен жұмыс істей алмайтын оқушыларға тапсырма беру үшін әрбір оқушыға арнап жеке үй тапсырмасын дайындаңыз.




  1. Тапсырмаларды орындауды ерте бітіретін оқушылар үшін кабинет бұрышында қызықты жұмбақтары бар қорап қойып қойыңыз (кейбір оқушылар мұғалімнің кері байланысына/қатысуына мұқтаж болады).




  1. Сабақтың соңында пайдалану немесе жұмысты басқа топтартан бұрын бітірген топқа беру мақсатында ойлауды дамытуға бағытталған, тез шешуге болатын тапсырмалары бар қорабыңыз болсын. Әрбір оқушының даралығын дамыту үшін сараланған тапсырмаларды дайындау ұсынылады.




  1. Тақырыпты тереңірек қарастыруды қалайтын оқушыларға арнап пайдалы веб-сайттар тізімін құрастырыңыз. Бұл істе мұғалімге мектеп кітапханашысы көмектесе алады.




  1. Зерек оқушылардан талқылау кезінде айтылған негізгі ұғымдарды, ойларды тақтаға жазып отыруды сұраңыз.




  1. Сабақ басында зерек оқушылар тобынан жалпы сабақты дайындауды өтініңіз.




  1. Редакцияланған мәтіндерді қолданған кезде анағұрлым қабілетті деген оқушыларға мәтіннің толық түпнұсқасын қарастыруға мүмкіндік беріңіз.




  1. Кейде қабілетті оқушылардың белгілі бір идеяларды нақты баяндау үшін пайдаланатын сөздер санын шектеңіз. Ол қабілетті оқушылардың тілді нақты пайдалануына мүмкіндік береді.