Файл: Осы саба білім алушыларды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 132

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жоққа шығару: басты дәлел өз күшін жоятын жағдайларды көрсететін қарсы аргументтер немесе тұжырымдар.
Негіздеме: растауларды қамтамасыз ететін тұжырымдар, яғни, теріске шығарылатын мәселені дәлелдейтін емес, ол пікірдің дұрыс екендігінің растауларын дәлелдейтін аргументтер.
Тулминнің аргументтер диаграммасы төмендегі суреттен көруге болады:




Тулмин аргументтерінің құрылымы


69

ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АКТ-ны ПАЙДАЛАНУ АКТ-ны пайдалана отырып өткізілетін сабақтарды жоспарлау әдістемесі


  • АКТ-ны жай ғана «пайдалану керек» деген ұстаныммен пайдаланбаңыз. АКТ сіздің оқыту мен оқу мақсаттарыңызға жетудің ең оңтайлы тәсілі екендігін/еместігін анықтап алыңыз.




  • Егер сіз АКТ-ны пайдалануға сенімсіз болсаңыз, әріптестеріңізден кеңес сұраңыз.




  • Есіңізде болсын, көптеген оқушылар компьютерлендірілген әлемде өсіп келе жатқандықтан, АКТ-ны сенімді пайдаланады. Мұны сіздің құзыреттілігіңізге төнген қауіп ретінде қарастырмай, керісінше қосымша көмек пен қолдау ретінде қабылдаңыз. Оқушылар өздерін «сарапшы» ретінде сезінгенді ұнатады, бұл олардың өзіндік бағасын арттыруға ықпал етеді. Олар көмек сұрады деп, сізді сыйлауын тоқтатпайды.




  • «Велосипед ойлап шығарудың» қажеті жоқ. Көптеген мұғалімдер АКТ-ға арналған ақпараттық материалдар мен стратегияларды әзірлеп қойған. Әріптестеріңіздің тәжірибесін талқылаңыз, бүкіл мүмкіндіктерді пайдалану арқылы олармен байланыста болыңыз: адамдардың идеялармен, сабақ жоспарларымен, тәжірибелерімен алмасуға көмектесетін мектептің, мұғалімдердің веб-сайттары


және желілік қауымдастықтар өте көп!
Төменде оқыту мен оқу үдерісін мейлінше интерактивті және оқуға ынталандыратын үдеріске айналдыру мақсатында АКТ-ны пайдаланудың кейбір тәсілдері ұсынылған.
ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА
Интерактивті тақтаның негізгі басымдығы - Web 2.0 құралдары мен компьютерлік бағдарламаларды кез-келген сабаққа қосуға мүмкіндік беретіндігінде. Осы тақталардың көмегімен мұғалімдер сабақ кезінде веб-сайттарға, бейнежазбаларға және подкастыларға сілтеме жасай отырып, РowerРoint таныстырылымы арқылы ақпарат бере алады. Мұғалімдер жұмыс барысында анықталған мүмкіндіктерді
есепке ала отырып, өз таныстырылымдарына түзету енгізе алады, сонымен бірге күрделі ұғымдар мен қиын тапсырмаларды түсіндіру мақсатында сабаққа қосымша анықтамалық материалдар енгізе алады. Интерактивті тақта жұмысты сақтауға, басып шығаруға немесе алдағы уақытта пайдалану үшін бейімдеуге мүмкіндік береді.
Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері негізінен визуалдар мен кинестетиктер үшін анағұрлым қолайлы, ал вербалдар мен аудиалдар үлкен топтардағы интерактивті сабақ барысында материалды жақсырақ түсінеді. Экранға жанасу және оқылатын материалға жақын болу, оған қол тигізу мүмкіндігі оқушылардың сабақтағы тікелей физикалық белсенділігін арттырады.
Интерактивті тақтаны сабақтың әртүрлі кезеңдерінде пайдалануға болады. Мәселен, ол сабақ мақсатымен және кіріспе материалдармен жедел таныстыру құралы бола алады. Осыған байланысты, таныстыруды жалғастырмас бұрын, оқушыларға көрсетілетін жаңа ақпаратты екшеу және өңдеуге уақыт бөлу қажет болуы мүмкін. Танысудан кейін оқушылар тақырыпты бекіту үшін интерактивті тақтада мысалдармен жұмыс істеуді жалғастырады. Жұмысты орындау барысында оқушылар шынында да өзара байланыста болуы үшін, бұны мұқият ойластырған жөн. Немесе кіріспе материалды беруді кейінге қалдыра тұрып, сабақтың соңында еске түсіруге болады.
Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы сабақты түрлендіру және қолдау көрсету мүмкіндіктері
Интерактивті тақта ұсынатын мүмкіндіктер сізге сөздер ойыны, ауызша және жазбаша тексерістер, сканвордтар және кесте бойынша іріктеу, оқу құралдары, суреттер, кескіндемелер, диаграммалар және басқа сканерленген материалдар, сонымен қатар жүктеп алынатын ресурстар (бағдарламалық өнімдер), веб-сайттарға, бейнежазбаларға,


70

анимациялар мен подкастыларға сілтеме жасалған PowerPoint таныстырылымдары сияқты қызықты материалдар жасауға көмектеседі. Сонымен қатар сабақтың қызықты өтіп, оқушылардың қатысуын қамтамасыз ете алады.
Жауапты жасыру / сөздерді (нөмірлерді) табу
Мәтін жазылатын жерге сұрақтың жауабын жазып, жауапты жасыру үшін таныстырылым фонының түсі қандай болса, сондай түсті қарындашпен оны бояңыз. Дұрыс жауапты айтатын уақыт келгенде интерактивті тақтаның өшіргішін пайдаланып, жауапты көрсетіңіз. Жасырылған сөзді (санды және т.б.) ашпас бұрын, Сіз оқушылардың нұсқаларын талқылай аласыз.

Мәтінді (кез-келген ақпаратты) реттеу, жүйелілікті анықтау
Мәтінді қайта реттеу оқушылардың белгілі бір ақпаратқа немесе жазу стиліне тән тиісті белгілерді түсінетіндігін көрсетуге мүмкіндік береді. Сіз мәтіннің әр алуан бөліктерін (сандарды) флипчартта беріп, осыларды қате тәртіпте интерактивті тақтада бере аласыз. Оқушылар жұмыс барысында сілтеме жазбалар жасай отырып, мәтінді қалай реттеуге болатынын жұптарда немесе топтарда талқылай алады. Осыдан кейін мәтіннің үзінділерін дұрыстап жүйелеу үшін бір оқушы тақтаға шығады. Оқиға бөліктерінің жүйелілігін, ретін анықтау оқушыларға өзінің тақырыпты түсінетіндігін көрсетудің мақсатты тәсілі болып табылады.
Кескіндеме, суреттер, мәтіндер, оқушылардың жұмыстарына және т.б. түсініктеме беру
Сіз кескіндеме, сурет немесе мәтінді интерактивті тақтадан көрсету үшін сканерлеп, ал оларға түсініктеме беру үшін қарындаш және тақтада жазу жазуға арналған басқа да экрандық құралдарды пайдалана аласыз. Белгілі бір тақырыпты жақсы және нашар көрсеткен оқушы жұмысын үлгі ретінде алып қарастырып, оны жақсарту жолдарын бірлесіп талқылаңыздар. Бұл жаттығу оқыту үшін бағалауды педагогикалық тәжірибеге кіріктірудегі интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін паш етеді.
Сандық микроскоп
Сандық микроскоп оқушыларға әртүрлі заттар мен объектілерді түрлі қырларынан қарастыруға мүмкіндік береді.
Визуализаторлар
Олар жаратылыстану сабақтарында пайдалы болуы мүмкін. Оқушылар эксперименттің мәнін жақсы түсіну мақсатында эксперименттік жұмыстың үлкейтілген бөлшектерін интерактивті тақтада көрсетуге болады.
Деректерді тіркеушілер
Деректерді тіркеушілер интерактивті тақтаны пайдалана отырып және оны пайдаланусыз ғылымда кеңінен қолданылады. Оқушылар әртүрлі деректерді тіркеу үшін оларды компьютерден бөлек пайдалана алады. Компьютерге қосқан кезде бағдарламалық жасақтама деректерді компьютерге жүктейді, жұмыс барысында алынған нәтижелермен таныстыру үшін ол деректерді кестелер мен графиктерге айналдыруға болады. Сонымен қатар айнымалы өлшемдердің барлық тәсілдерін зерттеу үшін оларды интерактивті тақтада көрсетуге болады.
Оқушылардың жұмысын вики немесе блог үшін сақтау
Оқушылар математикалық есептерін шығарып, ағылшын тілінің грамматикасын түзеп, ғылыми картамен жұмысты немесе басқа да жобаны аяқтап болғанша, материалдарды компьютер жадысынан өшірмеңіз. Бір есептің немесе идеяның көптеген шешімдері болатынын көрсету үшін беттің көшірмелерін жасаңыз. Сабақты PDF форматында экспорттап, оны slideshare.net-ке (тегін) жүктеңіз, «slideshare» сайтында берілген кодты көшіріп алып, оны Викиге немесе блогқа салыңыз.

Интерактивті тақтаның көмегімен байланыс орнату
Сабақтың өзінде және сабақты интерактивті тақталарда дайындау барысында қолдануға болатын Web 2.0 қосымша құралдарының қатарына Facebook.com, ilike.kz.


71

Kaztube.kz, YouTube.com кіреді. Бұлар сабақты мүлдем жаңа интерактивтілік деңгейіне шығарып, оқушыларды оқу үдерісіне тартудың жаңа стилін ұсынады.
PowerPoint таныстырылымдары
PowerPoint таныстырылымы – мектептерде ең көп таралған, таныстырылым жасауға арналған бағдарламалық құрал. Төменде таныстырылымдарды тиімді етіп жасауға арналған кейбір ұсыныстар берілген:


  • Құралдың техникалық мүмкіндіктері ең алдымен ынталандырушы, ақпараттық және қызықты таныстырылым жасау үшін пайдаланылуы тиіс.




  • Барынша көп құралдарды пайдаланыңыз (мәтін, графикалық деректер, анимациялар, дыбыс және бейне, сайттарға сілтеме, таныстырылымның негізгі ақпараттарының түйінді тұстары, еренсілтемелер).




  • Күрделендірмеңіз: әрбір слайдта тым көп мәтін пайдаланбаңыз, өйткені ақпараттар ағымы қатты болған жағдайда оқушылар қабылдай алмай қалады.




  • Мүмкіндігінше үлкен шрифтімен жазып, жолдардың арасында жеткілікті аралық сақтаңыз.




  • Көп түстерді пайдалана бермеңіз, өйткені бұдан бас ауруы мүмкін.

  • Фонның түсі мәтіннің үйлесімділігін бұзып, оқуды қиындатпауын қадағалаңыз.


МЕКТЕПКЕ АРНАЛҒАН ВИКИ ҚҰРАЛДАРЫ
Вики оқушыларға басқа оқушылармен бірлесіп жұмыс істеуге, өз білімдерімен, пікірлерімен алмасуға мүмкіндік береді және білім қызметкерлері үшін орталық онлайн-ресурс бола алады.
Вики – интернеттегі Web 2.0 қосымшаларын пайдаланудың ең оңай тәсілдерінің бірі, өйткені бағдарламалық жасақтаманы жүктеуді қажет етпейді, әрі мәтіндерді өңдейтін бағдарлама ретінде қолдануға болады. Білім қызметкерлері үшін қатынау тегін болуына, жарнамаға қойылатын талаптарының болмауына, оқушылар ақпараттарының құпиялылығына кепілдік берілетіндігіне байланысты, соңғы жылдары аталған техникалық құралды пайдаланушылар қатары күрт өсіп отыр.
Мұғалімнің Вики құруы автоматты түрде оқушыны оқу үдерісіне тартады деп санауға болмайды. Оқу үдерісіне Викиді қосуды жоспарлау бұл құралдың әлеуетін толық пайдалану үшін оқыту әдістемелері мен стратегияларын қайта ұғынуды талап етеді.
Төменде Вики құралдарын сыныпта пайдалану мысалдары келтірілген.



  1. Викидің көмегімен орындалатын бірлескен жобалар. Бұл техникалық құрал орта мектеп командаларында және тақырыптық модульдер бойынша оқыту жобалары, оқу аралық жобалар үшін өте қолайлы. Вики бірлескен жобаларының артықшылықтарының бірі олардың желіде жасалатындығы болып табылады.


Мектептен тыс жерде де Интернетке қатынай алатын оқушылар мектепте болмай-ақ, жобаны аяқтау жұмысын бірлесіп жүргізе алады. Сондай-ақ бағалаумен қатар, рөлдерді бөлу және қызметті нақты анықтап алу осы стратегияны іске асыратын бірлескен оқытушы жобалардың табысты болуы үшін өте маңызды болып табылады.


  1. Оқушылардың білімін көрсету. Оқушылар өз білімдерін көрсету үшін Викидің белгілі бір параметрлеріне сәйкес келетін ақпарат ұсынады. Мысал ретінде әліпби форматына сәйкес келетін оқушылар әзірлеген бастапқы жұмыстарды алуға болады.


Әрбір парақ әліпбидің тиісті әрпіне арналған, онда оқушылар әлеуметтану, математика, ағылшын тілі немесе ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша өткен материалдарын түсіндіру үшін жазба жұмыстарын және суреттерін (дереккөздерге сілтеме) қарастыруға ұсынады. Екінші мысал – оқушылардың Қазақстанда 1991 жылдан 2013 жылға дейінгі аралықта болған тарихи оқиғалардың хронологиясын құруы.


  1. Аудиторияларда пайдалануға арналған онлайн-ресурстар. Мұғалім оқушыларға оқу жылы бойы белгілі бір пәнге қатысты тиісті ақпарат алуға болатын сайттардың тізімін береді. Бұл тәсілдің артықшылығы: бұл тізімге сайттарды сүзгілеудің


72

мектептік талаптарына сәйкес келетін жаңа сайттарды қосуға болады. Сайттар тізімі өзгеріп тұрады, өйткені олар кез келген уақытта қосылуы немесе өшірілуі мүмкін. Сондай-ақ онлайн-ресурстар ыңғайлы орналастырылған, сол себепті оқушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете алады.
4. Вики сыныптың веб-парағы ретінде. Бұл стратегия оқу жылы бойында оқушыларды күнделікті ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Оның артықшылығы жеке веб-сайтқа қызмет көрсету және бағдарламалық жасақтаманы пайдалануға оқыту қажеттігінің болмауын қоспағанда, мұғалімге қажетті және оқушылар пайдаланатын ақпарат веб-парақтың ортасында орналасатындығынан көрінеді.
Оқиғалар күнтізбесі, ақпараттық бюллетеньдер, үлестірме материалдар, конспектілер, техникалық қауіпсіздік ережелері, сынып ережесі, PowerPoint таныстырылымдары, оқушылардың сыныпта жобамен жұмыс үстіндегі фотосуреттері сыныптың Викидегі веб-парағының айдарларына мысал бола алады.