Файл: Осы саба білім алушыларды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 135

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Вики веб-парағына қатынау оқушылар мен олардың ата-аналарына ғана рұқсат етілгенін, әрі бұны мұғалім бақылап отыратынын естен шығармаңыз.


  1. Викидің картотекалық шкафы. Мұғалім құжаттар, кескіндемелер, бейнежазба және басқа да ақпаратты сынып Викиінің арнайы аймағында сақтай алады, оған кіруді мұғалім бақылайды.


Мұғалімнің ақпаратты Интернеттің көмегімен кез-келген уақытта және кез-келген компьютерден енгізе алатындығы бұл тәсілдің үлкен артықшылықтардың бірі болып табылады. Бұл мұғалім мектепте болмайтын демалыс және жазғы каникул кездерінде өте ыңғайлы.
Жоғарыда аталғандармен қатар мұғалімнің Вики картотекалық шкафында таяуда шығарылған ақпараттық бюллетеньдер, оқушылар жұмысының үлгілері, жобалар әзірлемелері, естелік альбомға арналған сыныптың күнделікті өмірінің суреттері және қосалқы құралдар да сақталуы мүмкін.
Викидің көмегімен сыныпта байланыс орнату
Викиді сынып жұмысына қосу оқыту мен оқудың оқушыларды оқу үдерісіне тартуға бағытталған жаңа тәсілдерін талап етеді. Бланкілерді толтыру немесе дәріс конспектілерін беру сияқты дәстүрлі тәсілдер Викидің барлық мүмкіндіктерін көрсете алмайды.
Оқушылар бланкілерді өздері жасап, мазмұнын түзете алатын тәсілді қолдану Викиді оқу үдерісіне кіріктірудің бірінші қадамы болып табылады. Викиді сынып жұмысына тиімді кіріктіру үшін оқушылар ақпарат алмасу және мазмұнын түсінетіндігін көрсету үдерісіне мұғаліммен және басқа оқушылармен бірлесіп қатысуға тиіс.
БЛОГТАР
Блогер – блогтарды лезде жариялауға мүмкіндік беретін құрал. Блог дегеніміз – әдетте қысқа, бейресми және жиі жаңартылып отыратын статустардан құрастырылған қарапайым веб-парақтар. Блогер блогты оңай құруға, мәтін және суретті жариялауға, санаулы минуттарда кері байланысты бастауға мүмкіндік береді.
Блогер мұғалімге көмектесетін жағдайлар:

  • ресурстар, сабақтар мен үй тапсырмаларын жариялауға;




  • ата-аналарды сыныпта болып жатқан істер туралы хабардар етіп отыруға;




  • өздерінің педагогикалық тәжірибесі туралы ойланып, басқа мұғалімдермен өз идеяларымен бөлісуге және кәсіби мәселелерді шешуге;




  • оқушылармен қарым-қатынас орнатып, оқушылар арасында пікірталас ұйымдастыруға, оларға түсініктеме беруге және т.б. көмектеседі.


Блогер оқушыларға көмектесетін жағдайлар
:


73

  • үй тапсырмасын орындауда құрбыларымен, ата-аналарымен және басқалармен пікір алмасуға;




  • жобаны орындау барысында басқалармен ынтымақтастық орнатып, түсіндірме алуға;




  • оқу жылы бойында жеке күнделік жүргізуге көмектеседі;




  • сыныпқа сіңіп кете алмаған оқушылар үшін оқып, жазуда керемет мүмкіндіктер ұсынады.


Сыныпта блогты пайдалану
Білім беру құралы ретінде блогтар кем дегенде төрт негізгі қызметті орындауға арналған тиімді құрал ретінде қолданыла алады:


  1. Сыныпты басқару


Сынып блогы білім алушылар қоғамдастығын нығайтуға арналған портал ретінде қызмет ете алады. Оларды құру және күнделікті жаңартып отыру оңай болғандықтан, оларды сынып талаптарын, материалдарды, хабарламалар мен үй тапсырмаларын жариялауға қатысты оқушыларды құлақтандыру үшін пайдалануға болады немесе «сұрақ-жауап» айдары ретінде қызмет ете алады.


  1. Ынтымақтастық


Блогтарды мұғалім мен оқушыға алдағы уақытта жазу дағдысы және басқа дағдыларды дамыту үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін орын деуге болады. Мұғалімдер оқу жөнінде ұсыныстарын жасап, ал оқушылар дағдыларын шынықтырып, өзара тексеруден пайда табады. Блогтар сонымен қатар онлайн-тәлімгерлік қызметтерін ұсынады: мысалы, жоғары сынып оқушылары бастауыш сынып оқушыларына өздерінің жазу дағдыларына сенімін нығайтуға көмектесе алады. Оқушылар сонымен қатар зерттеу нәтижелері, идеялар немесе ұсыныстарымен бөлісуге шақыратын бірлескен оқу сабақтарына қатыса алады.


  1. Талқылау


Сынып блогы оқушыларға тақырыпты кабинеттен тыс жерде талқылауға мүмкіндік береді. Блогта барлық адамдардың өз ойлары мен пікірлерін білдіруге тең мүмкіндіктері бар. Оқушылардың әрекет ету және ойлануға уақыттары бар. Мұғалімдер блогта оқушылармен бірлесіп конференцияға қатысуға зерттеудің осы тақырыбы бойынша құзыретті адамдарды жинай алады.


  1. Оқушылардың портфолиосы


Блогтар сандық портфолио сияқты оқушылар жұмыстарын ұйымдастырады және қорғайды. Мұрағаттағы ескі жазбаларды сияқты, дағдылардың дамуы мен алға ілгерілеу қарқынын барынша мұқият талдауға болады. Сонымен бірге оқушылар өздерінің еңбектері жарияланатынын білетін болғандықтан, олар жұмысты барынша үздік жазуға мүдделі болады. Мұғалімдер және құрбылары оқушымен талқыланатын жұмысқа қатысты жеке сөйлесе алады және сарапшылар мен құрбысы тарапынан жүргізілген тәлімгерлік алдағы жұмыста пайдалану үшін сақталады.

Блогтарда жұмысты бастауға арналған қадамдар

1. Бірнеше тегін блогтар бар. Тегін блогерлік сайттардың бірін
(http://www.blogger.com; http://blog.nur.kz; http://www.on.kz; http://www.livejournal.com; http://edublogs.org - өте әйгілі) немесе шағын блогтардың қызметін (www.facebook.com; www.nur.kz; www.cpm.kz; www.mail.ru) қарап шығыңыз.


  1. Қажетті ақпаратты енгізіңіз (пайдаланушының аты, құпия сөз).

  2. Өз блогыңызға ат беріңіз.

  3. Талаптарын қабылдап, үлгі таңдаңыз.

  4. Жариялаңыз!

  5. Блогтарды жариялауға қатысты этикалық мәселелерді назарға алыңыз:


74

  • Жүргізіліп жатқан шаралар туралы ата-аналарға хабарлап, олардың рұқсатын алыңыз.




  • Оқушыларды өздерін желілік автор және оқырман ретінде байыппен, жағдайға сай және саналы ұстауға үйретіңіз.




  • Оқушылардың қатынауы туралы ережелер мен нұсқаулықты оқып шығыңыз.




  • Ереже бойынша толық аты-жөнін, электронды пошта мекенжайы немесе тұрғылықты орнын анықтауға арналған сілтемені міндетті түрде толтыру керектігін хабарлаңыз.




  • Дауыс екпіні, сыйластық және салдарына қатысты айқын талаптар қойыңыз.




  • Статустары тек сіздің сынып оқушыларына ғана көрінгені жақсы болар еді. Блогердің ақпараттық панелінде Баптау қосымша бетіне басыңыз, Рұқсатты таңдаңыз да, блогты кім көре алатынын анықтаңыз.



ПОДКАСТИНГ
Подкастинг – басқалармен бөлісуге болатын сандық дыбысжазба түріндегі жаңа озық технология. Дыбысжазба әдетте оны интернетте жариялау жолымен таратылады, содан кейін веб-сайтта, Вики немесе блогта сілтеме көрсетіледі.
Қазіргі кезде подкастыны білім беруде қолданудың мүмкіндіктері көп. Подкастыларды оқушылар жеке және топтарда жұмыс істей отырып құра алады. Оның үстіне подкаст оқушылар өз білімдерін мектепте де, үйде де бекіте отырып, айналыса алатын дайын өнім болуы мүмкін. Подкастингіні оқу курсының кез-келген саласында қолдануға болады. Онымен көбірек байланысты кейбір салалар: АКТ, санитарлық ағартушылық жұмыс, азаматтық жауапкершілік, заманауи шетел тілдері, шешендік өнер, сөйлесу дағдылары.
Подкастинг оқушылардың таныстырылымдарын жақсартуға көмектеседі және де жазуға ыңғайы жоқ немесе оқуда қиындық сезінетін адамдар үшін ерекше пайдалы болмақ. Подкастинг даралап оқытуды қамтамасыз етеді. Ол ресурстар мен сабақтарды балалардың жеке талаптарына лайықтауға, бейімдеуге мүмкіндік береді. Подкастинг оқушылар мен мектепке аудиториямен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Аудитория ішкі (мектеп ішінде, оқушылар мен мұғалімдер арасында немесе құрбылар арасында) немесе сыртқы (кең қоғамдастық ішінде) болуы мүмкін. Басқа технологиялар сияқты подкастингінің де балалардың, жастардың, олардың мұғалімдері және ата-аналары/қамқоршыларының қиялын «босататын» қасиеті бар.
Е-қауіпсіздігі

Балаларды қорғау
Басқа технологиялардағы сияқты подкастыға қатысатын балаларды қорғау маңызды болып келеді. Олар подкастыда жеке ақпараттың тек бір бөлігін ғана ашуға тиіс. Алайда олар лақап ат ала алады.
Басқа да коммуникативтік технологиялардағы сияқты, балалар өздерін жауапкершілікпен ұстай білуге үйренгендері өте маңызды. Көптеген мектептерде ата-аналар мен оқушылар жаздырып алатын, подкастинг туралы бөлімді қамтитын желіаралық жоспар бар.
Сыныпта подкастингіні пайдалану жолдары Аудиотурлар
Мұражайлар, арнайы көрмелер адамдарды бір уақытта оқыта әрі көңілдерін көтере отырып, әртүрлі жәдігерлер бойынша аудиотурлар ұсынады. Сол сияқты оқушылар да тақырып мазмұнын зерделеп, алған білімдерін көрсету тәсілі ретінде аудиожазба жасай алады, осылайша оқыту мен оқу үдерісін белсендірек етеді. Бүгінгі таңда аудиотурларды оқушылардың жоба жұмыстары ретінде пайдаланудың бірнеше нұсқалары бар:



75

оқушылардың мектептік турлары, оқушылардың көркемсурет көрмесі бойынша туры, оқушылардың өлкетану туры, жергілікті тарих, өткен өркениет және т.б. бойынша турлар.
Өмірбаян очеркі
Оқушылар зерттеу үшін адамды (мүмкін - әдеби кейіпкерді) таңдап алып, кейіпкердің атынан драмалық диалог құра алады. Олар тарихтағы әрекетті сипаттап, сюжет туралы пікір айта алады.
Кітапқа рецензия
Кітапқа рецензия жазуға арналған аудиоподкаст оқушылар үшін оқитын жаңа кітапты таңдау кезінде пайдалы болуы мүмкін. Бұл тәсілдің қосымша пайдасы – рецензенттер мақсатты аудиторияны тарту үшін өз рецензияларын дайындаулары керек. Кіші жастағы балалармен өз рецензияларымен бөлісу үшін жоғары сынып балаларын шақырған жақсы болар еді, осылайша оларды көбірек оқуға құлшындыруға болады.
Дебаттар
Дебат өткізу тәжірибесін немесе өзін өзі бағалауды жақсарту мақсатында сындарлы сын білдіру үшін дебаттардың үлгілерін жазып алыңыз.
Түсіндіру және оқыту
Подкастыларды идеяларды түсіндіру және оқу материалдарын тарату үшін пайдалануға болады. Бұл оқушыларға бірден түсінбеген жағдайда қайтып келіп, қайта-қайта тыңдауға және қарауға мүмкіндік береді.
Публицистикалық стиль – ұлттық/халықаралық жаңалықтар
Публицистикалық подкаст түсінігі жиі кездеседі, ол журналистикаға мейлінше бейімделген. Оқушылар жаңалықтардың өзіндік нұсқаларын жаза алады немесе әлемде шынымен болып жатқан тақырыптар бойынша өз репортаждарын дайындай алады.
Музыкалық ілгерілеу
Таңдап алынған музыкалық құралда ойнау дағдыларының жетілуін жазып алу жақсы идея болып табылады.
Зертхананы зерттеу
Эксперимент жұмысын жалғастыра отырып, оқушылар өз бақылауларын жаза алады немесе оқушылар зертханалық планшеттерде тыңдау үшін мұғалімдер эксперимент кезеңдерінің жазбасын жүргізе алады.
Дарынды және талантты балаларға арналған жоба
Подкастинг баршаға арналған, алайда кез-келген оқу саласында қабілеті молырақ оқушылар үшін жоба жүргізуге жақсы негіз бола алады.
Бақылауға арналған материалдар
Оқушыларыңызға тест және емтихандарға қажет болатын заттардың өз бейне немесе аудиожазбаларын жасауды ұсыныңыз, содан кейін тыңдау үшін барлығына таратыңыз. Аудитория қаншалықты көп болса, оқушылар өз материалдарының мазмұнына, дайындық деңгейіне және сапалы жасалуына көбірек көңіл бөледі.
Тілдерді үйрену
Подкастыларды таза шетел тілінде жазу оқушыларға өздері үйреніп жүрген шет тілін жетілдіру үшін жақсы бастама болып табылады. Тіл үйренуге келгенде подкастинг зор көмек бере алады.