Файл: Мектептегі информатика сабаы басымдытар жне жетілдіру стратегиялары педагогтерді біліктілігін арттыру курсы тыдаушыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 47

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Мектептегі информатика сабағы:

басымдықтар және жетілдіру стратегиялары»

педагогтердің біліктілігін арттыру курсы
ТЫҢДАУШЫНЫҢ

ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ



ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗДЕРІ, ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕРІ

1-КҮН

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗДЕРІ
Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары және инклюзивті білім беру моделі. Инклюзивті білім беру принциптері.
1 .1-тапсырма.

1.1-кестеде интеграция тұжырымдамасынан инклюзивті білім беру тұжырымдамасына біртіндеп көшу көрсетілген. Инклюзивті білім берудің мәнін суреттеңіз.
1.1-кесте. Инклюзивті білім беру

Стандартты білім беру





«Қалыпты» бала

Жұмыр пішіндес қазықтарға арналған жұмыр қазықшалар

Қарапайым педагогтер

Қарапайым мектептер

Арнайы білім беру




«Ерекше» бала

Шаршы пішінді қазықтарға арналған шаршы қазықшалар

Арнайы педагогтер

Арнайы мектептер

Интеграцияланған білім беру

терапия

түзету

оңалту




Жүйе талаптарына баланы бейімдеу

Шаршы пішіндес қазықшаны жұмыр пішіндес қазықшаға айналдыру.
Жүйе өзгеріссіз қалады

Бала жүйеге бейімделеді немесе жүйе бала үшін қолжетімсіз болады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар негізгі жүйеде, көбінесе арнайы сыныптарда немесе қажетті қолдаумен және бейімдеумен қамтамасыз етілмеген немесе жеткілікті деңгейде ойластырылмаған жалпы сыныптарда білім алады.



Инклюзивті білім беру






Сіздің жауабыңыз:




1.2-тапсырма.

Инклюзивті мәдениетті құру туралы пікіріңізді дәл көрсететін жауабыңызды белгілеңіз




Инклюзивті мәдениетті құру

Толық келісемін

Келісемін

Келіспеймін

Қосымша ақпатар керек

1

Мектеп қоғамдастығын құру.












2

Әркім мектепте оны жақсы көретінін, оған сыйластықпен қарайтынын сезеді.













3

Оқушылар бір-біріне көмектеседі.













4

Мектеп ұжымы бір-бірімен серіктестікте ауызбіршілікпен жұмыс істейді













5

Оқушылар мен мұғалімдер бір-біріне құрметпен қарайды.













6

Мұғалімдер мен ата-аналар/қамқоршылар арасында серіктестік орнатылған













7

Мектеп пен жоғары тұрған ұйымдардың өкілдері ынтымақтастықта жұмыс істейді.













8

Барлық жергілікті қоғамдастықтар мектеп жұмысына тартылған.













9

Инклюзивті құндылықтар қабылданған.













10

Мектепте оқитын барлық оқушылардан жақсы жетістіктер күтіледі.













11

Мектеп қызметкерлері, жоғары тұрған ұйымдар, оқушылар мен ата-аналар инклюзия идеологиясын түсінеді.













12

Барлық оқушыларды бірдей бағалайды (сыйлайды)













13

Мұғалімдер мен оқушылар бір-біріне адамгершілікпен қарайды, тек өздерінің "рөлдерін" ойнамайды.













14

Мұғалімдер оқудағы кедергілерді жеңуге және барлық оқушыларды мектеп өмірінің барлық салаларына толық қатыстыруға ұмтылады..













15

Мектеп кемсітушіліктің барлық түрлерін барынша болдырмауға тырысады















Сіздің мектебіңізде білім алу жолындағы кедергілерді жеңіп, барлық оқушылардың мектеп өміріне толық қатысуы үшін қандай жұмыстар атқарылуда?

Нені қайта қарау керек?

Қандай жаңа бастамалар қажет?


Сіздің жауабыңыз:




1.3-тапсырма.

Қазіргі жағдайдағы мектеп мәдениеті мен тәжірибесі бойынша оқушының білім алуына және мектеп өміріне толық қатысуына қандай кедергілер бар?


Сіздің жауабыңыз:



1.4-тапсырма.

Инклюзивті білім берудің әлеуметтік-педагогикалық моделінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.


ЕБҚ бар білім алушыларды қолдау және бағалаудың

МЕДИЦИНАЛЫҚ МОДЕЛІ

ЕБҚ бар білім алушыларды қолдау және бағалаудың

ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МОДЕЛІ

Бала жетілмеген



Диагноз



Баланы атаумен «бөлектеу»



Бала бойындағы ауытқушылық басты назарда болады



Қажеттіліктерді бағалау, мониторинг, денсаулық ауытқушылықтарының терапиясы



Оқшаулау (сегрегация) және жеке, ерекше қызметтер көрсету



Тұлғааралық қарым-қатынас қажеттіліктері ескерілмейді



Мүмкін болған жағдайда жазылып кету/ қалыпқа келу, әйтпесе дәрігерлердің бақылауымен ауруханаларда (интернаттарда және т. б.) өмір бойы болу



Қоғам өзгеріссіз қалады





Ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға
психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыға арналған қысқартылған және жеке оқу бағдарламасын әзірлеу бойынша ұсынымдар.
1.5-тапсырма.

ЕБҚ бар балалардың сипаттамалары бойынша, 1.2-кестеде "+" белгісімен белгілеу арқылы олардың білім беру қажеттіліктерін анықтаңыз («Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №4 бұйрығын қараңыз).


МІНЕЗДЕМЕ

Оқушы А., 9 жасар, 3-сыныпта оқиды. ПМПК қорытындысы бойынша жеңіл зият ауытқуы және 1 деңгейдегі сөйлеу қабілеті жетілмеуі бар. Бала ережелерді түсінбейді, ретін сақтай алмайды, моторикасында ауытқушылықтары бар. Оны қалыпты кұрбылары ойынға қабылдамайды. Ол өз жасынан кіші балалармен ойнауға мәжбүр. Бір нәрсеге назар аудару қабілеті төмен, зейіні тұрақсыз. Бала заттардың ерекше белгілерін ажыратпайды, байқамайды. Сөйлеу тілімен берілген нұсқауларды қабылдауда қиналады. Сөздік қоры шектеулі. Баланың сөйлеу тілінің бұзылысы бар: фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жақтарының, сондай-ақ диалогпен байланыстырып сөйлеу бұзылысы байқалады. Баланың қабылдауы, көруі баяу. Сюжетті суретті түсіну, қабылдау, қабылдағанын рет-ретімен атап шығуда қиналады.



Оқушы қыз бала В., 10 жасар, 3-сыныпта оқиды. Бала әлеуметтік-экономикалық жағдайы қарапайым толық отбасында өсіп, тәрбиеленеді, ата-анасының екеуі де жұмыс істейді. Ата-аналар қызының оқудағы жетістіктеріне риза емес, бірақ мектепте оқыған жылдар бойында оқудағы қиындықтарға мән бермеген, олар мектепке сирек барды. Оқушы физикалық тұрғыда жақсы дамыған, денсаулығы жақсы, жасына сәйкес өзін-өзі бақылай алады. Жеке заттарына ұқыпсыз, кейде бір заттарын жоғалтып жүреді. Оның мектеп ортасына бейімделуі қиын. Жалпы, оның мінез-құлқы нормаларға сәйкес келеді, бала әлеуметтік ережелерді сақтайды, басқа балалар онымен жақсы араласады, басқа балалар бастаған ойындарға жақсы қатысады, бірақ өзі белсенділік танытпайды. Көп жағдайда ол сабақта басқа нәрселермен шұғылданып, кейбір тапсырмаларды орындаудан бас тартады (оқушының оқу құралдарымен ойнайды, дәптерге шимайлап суреттер салады). Кейде тіпті енжарлық танытады, қысқа уақыт қана назарын шоғырландыра алады (10-15 минут). Жазып үйренген, кітаптағы, тақтадағы қарапайым сөйлемдерді көп қате жібермей көшіріп жаза алады (жазғанда әріптерді қалдырып кетеді, азат жолынан бастауды білмейді), мұғалімнің оқумен жазғанда тек қарапайым сөздерді жаза алады. Ол сандарды біледі, сандармен есептеулер жасай алады, бірақ есепті дұрыс түсінбейді, шығаруда қиналады, дауыстап оқығанда буындап оқиды. Сұрақтар қойып жетелегенде қысқа мәтінді оқып түсінеді, төрт жолды қысқа тақпақты жаттай алады. Сурет салғанды ұнатады, негізінен жануарларды, гүлдерді салғанды жақсы көреді.

Оқушы С, 12 жаста, 7-сынып оқушысы. Көпбалалы отбасында тұрады: оның ағасы және үш інісі бар, кішісі 1,5 жаста. Отбасында бес баланы толық қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ, анасы мен әкесінің тұрақты жұмысы жоқ, өмірінде ешқандай тәртіп жоқ. Ата-анасы көбіне үйде болмайды, үйде оқушы қыз кіші інісіне өзі қарауға тура келеді. Сондықтан ол сабақтан жиі қалады. Ата-аналар қызының оқуына қарамайды, үй тапсырмасын орындауға көмектеспейді, үйде оның сабаққа дайындалуына жағдай жасалмаған. Ол мектепке ұқыпсыз киініп барады, шашы таралмайды. Ата-анасы қадағаламағандықтан оқушы қыз дәптерлерін үнемі үйінде ұмытып кетеді және сабақ кестесін білмейді.

Ол оқушылармен достық қарым-қатынаста, ақкөңіл, көпшіл, сыныптастарымен ортақ тіл табысады, оған мектепке келген ұнайды. Сабақтарда ол белсенділік танытады – топтық жұмысқа белсене қатысады, тапсырмаларды өз бетінше орындайды. Оның есте сақтау қабілеті өте жақсы. Ол қатесіз жазады, бастауыш сыныптарда оқыған материалды жақсы біледі, салыстыра алады, қорытынды жасай алады, логикалық ойлауы жақсы дамыған. Мәнерлеп жақсы оқиды, оқыған мәтінді аздап мазмұндап бере алады, қойған сұрақтарға жауап береді, рөлдік ойындарға қуана қатысады. Математика және басқа да жаратылыстану пәндерінен қиналады. Соңғы тоқсанда бақылау жұмыстарын жазбау, қанағаттанарлықсыз баға алу жиілеген, мектепте үлгерімі нашарлап кету қаупі бар.

Оқушы D, 10 жаста, 4-сыныпта оқиды. Баланың дамуын жан-жақты бағалау нәтижесінде оның психикалық дамуында шектеулер бар екені анықталды. Физикалық тұрғыдан алғанда ол жас нормаларына сәйкес дамыған, бет-әлпеті, киім-киісі жақсы, жағымды әсер қалдырады. Баланың өмірге қажетті дағдылары бар. Оқу жылының басында ол 4 сыныпқа барды. Мектепке анасымен келді, ол әлі сыныпқа үйренбеген. Сыныпта оқушы өте тұйық, эмоцияларын көрсетпейді, сыныптастарымен араласпайды, ешкіммен сөйлеспейді. Сондай-ақ, баланың тілінде сөйлеу проблемалары бар, сөздік қоры өте жұтаң, қарапайым сөйлемдерді ғана құрастыра алады. Мұғалім оның 10-ға дейін қатемен санайтынын анықтады, тек баспа түрінде "А" және "Т" әріптерін ғана жазуды біледі. Бала алғашқы үш цифрды таниды, бірақ тек 1 деген цифрды ғана жазуды біледі. Есепті әбден ежіктеп бірнеше рет түсіндіргеннен кейін ғана әрең шығара алады. Тек екі түсті – қызыл және көк түсті таниды. Отбасы мүшелерінің аты мен фамилиясын айта алады. Мектеп ауласында еркін жүре алмайды, адасып кетуі мүмкін.





Қорытынды:


1.2-кесте.Оқушылардың білім беру қажеттіліктері.


Білім беру қажеттіліктері

А

оқушы

В

оқушы

С

оқушы

D

оқушы

Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгерту(бейімдеу);













Оқу нәтижелерін бағалау тәсілдері мен критерийлерін өзгерту













Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгертпей оқытуда жеке тәсілді қамтамасыз ету.













Оқытудың вариативтік, арнайы және баламалы, оның ішінде мінез-құлықты қолданбалы талдау қағидаттарына негізделген әдістерін пайдалану













Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен қосымша сабақтарды ұйымдастыру.













Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК) іріктеу, жеке оқу материалдарын дайындау.













Педагог-психологты, арнайы педагогті (оның ішінде олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед (логопед-мұғалім), педагог-ассистентті арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау.













Оқу бағдарламасын таңдау (жалпы білім беретін, арнайы).













Кедергісіз орта құру және оқу орнын бейімдеу.













Оқу орнын бейімдеу.














Компенсаторлық және техникалық құралдармен қамтамасыз ету.













Әлеуметтік педагогтің сүйемелдеуі














Жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балаларға арналған жеке көмекшінің қызметі.













Мектеп психологінің қолдауы.













Әлеуметтік педагогтің қолдауы.