Файл: Мектептегі информатика сабаы басымдытар жне жетілдіру стратегиялары педагогтерді біліктілігін арттыру курсы тыдаушыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 49

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

13. Өз білімін көрсету әдістері. Оқу стилі мен мұғалімнің стратегияларының арасындағы сәкестікті көрсетіңіз:


Кинестетиктер немесе белсенді балалар




Ақпаратты дұрыс қабылдау, жазу үшін көмекшіні пайдалану

Сұраққа жауап беру алдында ойлануға уақытты қажет ететін оқушылар (оның ішінде мектептегі оқыту тілін енді үйреніп жүрген оқушылар)




Органайзерлер, сыныптастардың қолдауы, сөйлемдердің басын жазу, тапсырмалар банкі, суреттер, тапсырмалар тізімдері, тапсырмаларды тексеру тізімдері

Кешенді физикалық бұзылыстары бар оқушылар




Модельдер құру, жобаларды аяқтау, білімдерін көрсету үшін театрланған қойылым, дене қимылдарын немесе музыканы пайдалануға мүмкіндік беру

Оқу және оқу процесін ұйымдастыруда қиындығы бар оқушылар




Оқушыларға, мұғаліммен және сыныптастарымен бөліспес бұрын, өз жауаптарын құрастыруға уақыт беру



14. Проблемалар және мұғалім қолданатын стратегиялардың арасындағы сәйкестікті көрсетіңіз:

Оқушыларды сабақ тақырыбы қызықтырмайды




Оқуға қатыстыру нұсқаларын ұсыну, оқушы оқуға қатыстыруда сабырлылық таныту, сыныптастар немесе шағын топтар арасында қатысуды ынталандыру

Оқушылардың оқу әрекетіне қатысуға мотивациясы жоқ




Сабақта іс-әрекетті таңдауға жағдай жасау, өзара оқу мүмкіндіктерін кеңейту, тиісті күрделілік деңгейінде оқу тапсырмаларын беру

Оқушылар сыныпта іс-әркетке қатысқысы келмейді




Сабақ тақырыбы мен оқушы өмірі арасында байланыс орнату, оқушыларға тақырыптың немесе дағдылардың тәжірибеде қолданылуын көрсету, оқушылардың қызығушылықтарымен байланысты мысалдарды пайдалану


15. Саралауды іске асыру шеңберінде
оқушылар тобын тиісті сипаттамамен сәйкестендіріңіз.

Үнемі қосымша көмекті қажет ететін оқушылар





танымдық ізденіс, эмоционалды қатысу, ынталандыру және өзінің оқу әрекетін реттеу қабілеттерін қамтитын «академиялық дарындылыққа» ие.

Тапсырманы өз бетінше орындай алатын оқушылар





төмен және өзгермелі жұмыс қабілеттілігімен, тез шаршағыштығымен, өз іс-әрекеттерін ұйымдастырудағы қиындықтармен, есте сақтау, зейін, ойлау дамуының төмен деңгейімен сипатталады. Оларға тұрақты ынталандыру, сендіруші уәждеме, уақыт режимін нақты бақылау, тапсырмаларды орындау сапасын тексеру, даму тапсырмаларын қосу қажет.

Аз уақытта материалмен жоғары сапалы дәрежеде жұмыс істей алатын және басқаларға көмек көрсете алатын оқушылар




есте сақтауы мен зейіні, ойлау қабілеті сөйлеу тілі жақсы дамыған, олар елгезектігімен, адалдығымен, оқуға жоғары ынтасымен ерекшеленеді. Оларға мұғалімнің дер кезіндегі бақылауы, орынды ынталандыруы қажет, сабақта шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды берген жақсы.



Рефлексия