Файл: Мектептегі информатика сабаы басымдытар жне жетілдіру стратегиялары педагогтерді біліктілігін арттыру курсы тыдаушыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 63

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Қорытынды:__1.6-тапсырма.'>Қорытынды:



1.6-тапсырма.

Кейспен танысып, оқушыға қандай қолдау көрсетуге болатыны туралы ойланыңыз.


Кейс

Сіздің ұсынысыңыз

Оқушы А.

Үй жағдайы: толық отбасында дүниеге келген. Ата-анасы үнемі шетелге кетіп, оны әжесінің қарауына қалдырады. Әжесі немересінің тәрбиесімен айналысады.

Ол кішкентайынан Х мамандандырылған балабақшаға барды. ПМПК баланың дамуына жан-жақты бағалау жүргізіп, бала эмоционалды және мінез-құлық аутистік спектрдің бұзылуы бар ЕБҚ бар балалар санатына жатады деген қорытынды жасады.

Бірнеше құрылымдардың араласуынан кейін, ата-анасымен және әжесімен әңгімелесуден кейін мектептегі психологиялық-педагогикалық қызмет кеңесінің шешімі бойынша ол бірінші сыныпқа қабылданды.

Бірінші тоқсанда ол ештеңені түсінбейтін, үнемі әжесінің немесе анасының сүйемелдеуімен мектепке келіп жүрді. Сабақтарда көмекші педагогикалық қызметкердің ескертулеріне анда-санда жауап қатып, одан не талап етілетінін түсінбеді. Дәптерге жазу кезінде әртүрлі дыбыстар шығарып отырды. Партада 35-45 минут шыдап отыра алмайды.

Кейбір объектілерде қадалып қарайтын болды, дәптері мен оқулықтарын жауып тастап, партаның шетіне қоятын болды. Қаламымен бірнеше графикалық белгілерді салып, қаламын жылдам түрде қарындаштар қорапқа жасырды. Оқулықтағы суреттерге, жазуларға мән бермей, кітапты механикалық түрде қарайтын болды.

Сабақтың үстінде орнынан тұрып, сыныпты сыпыра бастайды немесе киімін жинап алып, есіктің алдында анасын күтіп тұратын болды. Асханаға тамақтануға барғанда мұғалімнің қолынан жібермей ұстап тұрады.







Қорытынды:



2-КҮН

ИНКЛЮЗИВТІ ОҚУ ОРТАСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда жеке тәсілдемені қолдану. Инклюзивті оқу ортасын құру.

2.1-тапсырма.

Тәсілдемелерді салыстырыңыз.

Сіздің мектебіңізде инклюзивті тәсіл қалай жүзеге асырылады?


ДӘСТҮРЛІ ТӘСІЛДЕМЕ




ИНКЛЮЗИВТІ ТӘСІЛДЕМЕ










Жақсы оқитын балаларға
көп көңіл бөлінеді





Барлық оқушыларға
бірдей қарайды











Ең үздік мұғалім --
оқушылары жақсы оқитын
мұғалімдер





Ең үздік мұғалім – барлық оқушылардың дамуына көмектесетін мұғалім










Мектеп үздік оқушылардың оқу жетістігіне байланысты бағаланады




Мектеп барлық оқушылардың оқу жетістігіне байланысты бағаланады










Ата-аналарға әдетте баласының қиындықтары мен проблемалары туралы хабарласады




Ата-аналар мектептегі оқу процесіне тікелей қатысады










Білім беру тек мектептің проблемасы ретінде қарастырылады




Білім беру барлығының ортақ проблемасы ретінде қарастырылады





Сіздің жауабыңыз:


2.2-тапсырма.

Ерекше білім беру қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қауіпсіз және жайлы ортаның ерекшеліктерін сипаттаңыз.


Қауіпсіз орта





Жайлы орта (комфорт)


Білім алушылардың әр түрлі қажеттіліктері ескерілетін оқу стратегиялары.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін педагогикалық қолдау.
2.3-тапсырма.

Ө зіңізге қиын болса да (көлік жүргізу, жүзу, компьютерде жұмыс істеу, шет тілін үйрену, музыкалық аспапта ойнау және т. б.) үйреніп, жақсы игерген нәрсе туралы ойланыңыз.

  • Сізге жаңа дағдыны үйрену қаншалықты қиын болса да, ынтаңызды жоғалтпай, қалай үйрендіңіз? Сізге бұл қиын болған жоқ па?

  • Сіз бір нәрсені үйренуде қиналған адамдарға көмектестіңіз бе?

  • Сіз қандай да бір қиындықы жалғыз еңсердіңіз бе? Сізге не көмектесті?

  • Сіз бір нәрсені үйреніп бастап, кейіннен тастап кеткен жағдай болды ма? Сіздің өз ойыңыздан бас тартуыңызға не себеп болды?




Сіздің жауабыңыз:



2.4-тапсырма.

Т оптық жұмыс.


1-топ:

2.1-ресурспен танысыңыз (Барлық оқушыны оқуға тарту; Оқушылардың мінез-құлқын бақылау).

- Эмоционалды және мінез-құлық бұзылыстары бар балалар үшін оқудағы, мектептегі кедергілерді жою жолдарын талқылап, ұсыныңыз.

  • Сіз балалардың мінез-құлқын бақылауға бағытталған басқа әдістерді кездестірдіңіз бе?

  • Барлық балалар үшін инклюзивті білім беру ортасын құру үшін мектепте қандай өзгерістер енгізу керек?


2-топ:

2.1-ресурсыпен танысыңыз (Қарым-қатынас). Оқушылармен қарым-қатынас жасау кезінде сіз жасаған немесе жасай алатын басқа да өзгерістер бар ма?

  • Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалар үшін оқу мен мектептегі кедергілерді жоюдың басқа да шешімдерін талқылап, ұсыныңыз.

  • Сыныптағы барлық оқушылармен тиімді қарым-қатынас жасау бойынша ұсыныстар жасаңыз.

3-топ:

2.4 ресурс (Сабақ жоспарлау), 2.1-ресурспен (Жеке көмек) танысыңыз.

  • Оқуда қиындықтары бар оқушыларға жеке көмек көрсетудің басқа әдістері бар ма?

  • Оқуда қиындықтары бар балалар үшін оқудағы, мектепке кедергілерді жоюдың жолдарын талқылап, ұсыныңыз.

  • Барлық оқушыларды сабаққа тарту тәсілдерін ұсыныңыз.

4-топ:

2.1 ресурспен танысыңыз (Жеке бағдарлама; көмекші/қосымша материалдар).

  • Зерде бұзылыстары бар балалар үшін оқу, оқу процесіне қатысу жолындағы кедергілерді жоюдың басқа шешімдерін талқылап, анықтаңыз.

  • Сыныптағы оқушыларды саралап оқыту бойынша жұмыс парақтарын ұсыныңыз.

5-топ:

  • Физикалық және нейромоторлық бұзылысы бар балалардың оқу, оқу процесіне қатысу жолындағы кедергілерді жою жолдарын талқылап, анықтаңыз.

  • Барлық балаларға бірдей сапалы білім беру үшін өз сыныбыңызда жасаған/жасайтын өзгерістерді ұсыныңыз.

6-топ:

2.1 ресурспен танысыңыз (Сынып жабдықтары).

  • Көру қабілеті нашар балалардың оқу және оқу процесіне қатысуындағы кедергілерді жоюдың шешімдерін талқылап, ұсыныңыз.

7-топ:

  • Есту қабілеті нашар балалардың оқу, оқу процесіне қатысудағы кедергілерді жою жолдарын талқылап, анықтаңыз.

  • Барлық балаларға сапалы білім беру үшін сыныптағы жасалған/жасайтын өзгерістерді ұсыныңыз.

Қорытынды:



2.5-тапсырма.

1. «Жердегі Жұлдыз» фильмінен 1-үзіндіні (1-видео файл) қарап, сұраққа жауап беріңіз:

Баланың оқудағы қандай қиындықтарын көрдіңіз?


Сіздің жауабыңыз:





2. «Жердегі Жұлдыз» фильмінен 2-үзіндіні (2-видео файл) қарап, сұраққа жауап беріңіз:

  • Мұғалім баланы оқытудағы қандай қиындықтар туралы айтады?

  • Баланы оқытудағы кедергілер мен қиындықтарды жоюдың шешімдерін анықтаңыз.




Сіздің жауабыңыз:



3. «Жердегі Жұлдыз» фильмінен 3-үзіндіні (3-видео файл) қарап, сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Мұғалім осы оқушыны қолдау үшін қандай стратегияларды қолданады?

  • Ал сіз осы оқушыға қандай қолдау әдістерін қолдануды ұсынасыз?




Сіздің жауабыңыз:



2.6-тапсырма.

Кейспен танысыңыз.


Кейс.

Оқушы Т. гимназияның 5-сыныбына оқуға келді. ППҚҚ-нің бағалауы барысында балада гипербелсенділік және зейін тапшылығының синдромы бар екені анықталды. Бала мазасыз, зейінсіз, көп сөйлейді. Ол шыдамсыз, импульсивті, орынсыз қыңырлық танытады. Оны үнемі бақылап қадағалау қажеттігі туындады.

Ол басқа балалардан ерекшеленіп, өзін үнемі басты назарда болуға тырысады. Ол таныс емес, жаңа жағдайларда өзін көшбасшы ретінде көрсеткімі келеді.

Оның театрға қызығушылығы бар, рөлдік ойындарда өте жақсы ойнады.

Мұғалімдер оны әлеуметтендіруге бағытталған іс-шараларға қатысуын, атап айтқанда: талантын көрсетуі үшін рөлдік ойындарға тарту, командада жұмыс істеу, жобаны аяқтау үшін басқа құрдастарымен ынтымақтасып әрекет ету, сыныптағы оқушылармен достық, ынтымақтастық қарым-қатынасқа ынталандыруды қолға алды.

Бұл ретте оқушының қол жеткізген жетістігін бағалау маңызды рөл атқарды. Мұғалімдер оның жетістіктерін жазатын дәптер арнап, ата-анасына ұлының оқудағы іс-әрекеті және оның бір аптадағы нәтижелері туралы үнемі хабарлап отырды. Ал ата-анасы баласының үйдегі іс-әрекетінің маңызды аспектілерін бақылап, жазып жүрді.

ППҚҚ ұсыныстары негізінде балаға жүзумен айналысуға кеңес берілді.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде баланың өзіне және басқаларға деген құрметі, мектепке және оқуға деген қызығушылығы арта түскені байқалды. Ол сыныпта, мектепте маңызды шаралаға қатысып, белсенділік танытатын болды.



Гипербелсенділік және зейін тапшылығының синдромы (ГЗТС) бар
оқушыны қолдаудың негізгі стратегиялары қандай ?

Сіздің жауабыңыз:


3-КҮН

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИЗАЙН

Инклюзивті сыныпта сабақ жоспарлау. Инклюзивті білім берудің әмбебап дизайны. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен саралап оқытуды ұйымдастыру.
3.1-тапсырма.

«Инклюзивті сыныптағы сабақ» тақырыбына синквейн құрастырыңыз


Синквейн:
Бір сөз – тақырып __________________________________________________________
Екі сын есім _______________________________________________
Үш етістік – әрекет _______________________________________________________
Сөйлем _________________________________________________

Синоним _________________________________________________________




3.2-тапсырма.

«Әмбебап дизайн» ұғымы білім беру процесінде қалай қолданылады? Әмбебап дизайн негізінде әзірленген оқу құралдарын сипаттаңыз.


Сіздің жауабыңыз:



3.3-тапсырма.

Оқытудың әмбебап дизайнының математика сабақтарында қолданылуының мысалы негізінде оқу бағдарламасынан оқу мақсатын таңдап, тапсырмалар құрастырыңыз.

Оқу мақсаты:
Тапсырма.



3.4-тапсырма.

Кестені толтырыңыз.

Пәннің оқу бағдарламасынан оқу мақсаты

Бағалау тәсілдері (қандай тапсырмалар беруше болады)

Таңдаған әдістің мақсаты

(Неге осы әдісті таңдадыңыз?)

Үйлесімділігі (Бұл әдіс барлығына сәйкес келе ме?

Қандай бейімдеу жасау керек?)

Дайындық (бұл әдісті қолдану үшін қандай дайындық керек?