Файл: Мектептегі информатика сабаы басымдытар жне жетілдіру стратегиялары педагогтерді біліктілігін арттыру курсы тыдаушыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 48

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмалар әзірлеу

3.5-тапсырма.

Ақыл-ой және физикалық дамуында ауытқулары жоқ, ерекше білім беру қажеттіліктері әлеуметтік-психологиялық және олардың білім беру процесіне енуіне кедергі келтіретін факторларға байланысты оқушыларға арналған тапсырма әзірлеңіз (ЕБҚ бар балалардың 2-тобы).



Бөлім :

Оқу мақсаты:

Бағалау критерийлері:

Ойлау дағдыларының деңгейі


Дескриптор. Білім алушы





3.6-тапсырма.

Зият бұзылысы бар даму мүмкіндігі шектеулі балаларға (ЕБҚ бар балалардың 1-тобы) арналған тапсырма әзірлеңіз.


Бөлім :

Оқу мақсаты:

Бағалау критерийлері:


Ойлау дағдыларының деңгейі


Дескриптор. Білім алушы

ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Инклюзивті білім берудің сипаттамасын көрсетіңіз:

  • мектепті игілікті ортаға және барлық балалар үшін қол жетімді оқу орнына айналдыру үшін білім беру жүйесінің, білім беру мекемелерінің өзгеруі мен оларды жетілдірудің үздіксіз процесі

  • тек мектепке / сыныпқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге ерекше назар аудару; кез-келген жағдайда қолдануға болатын ережелер мен әрекеттер жиынтығы

  • мәдениетті, білім беру саясатын және тәжірибесін оқушылардың әр түрлі қажеттіліктеріне жауап беретіндей қайта қарау

  • оқушыларды мектептің білім беру жүйесіне сәйкес бейімдейтін әрекеттер


2. Тұжырымдарды сәйкестендіріңіз:


Ерекше білім беру қажеттіліктері –




«Білім алуындағы қиындықтар мен про- блемалар баланың бойында қалыптасқан және ол: «мүгедек, қабілетсіз, ауытқушылығы бар» деген ұғымға негізделген.

ЕБҚ бар білім алушыларды бағалау және қолдау көрсетудің әлеуметтік-педагогикалық моделі




диагнозға, ал білім беру - түзету тұрғысына бағытталған.

ЕБҚ бар білім алушыларды бағалау және қолдау көрсетудің медициналық моделі




адамның қажеттіліктеріне, ал оқыту білім беруге қолдау көрсетуге және бейімдеуге бағытталған.

Медициналық модельдегі бағалау




әрбір оқушының білім алуында табысқа жету үшін психологиялық-педагогикалық әдістермен жүзеге асырылатын оқу-тәрбие процесіндегі көмек пен қызметке деген қажеттіліктер.

Әлеуметтік-педагогикалық модельдегі бағалау




ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар «жалпы үлгідегі жалпы білім беретін мектеп жағдайында барлық оқушылардың алуан түрлі қажеттіліктеріне сәйкес келуге дайын емес қоғамдық білім беру жүйесінің жетілмегендігі» салдарынан оқуда қиындық көріп отыр деген ұғымға негізделген.



3. Сәйкес жауапты белгілеңіз:

Білім беру ұйымдарында ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделері ескеріле отырып, ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту

  • үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша жалпы сыныпта (үш баладан артық емес) оқыту қарастырылған

  • үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша арнайы сыныпта қарастырылған

  • және (немесе) арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша даму бұзылыстарының түрлері негізіндегі арнайы сыныптарда қарастырылған

4. Дұрыс тұжырымдарды көрсетіңіз:


  • еліміздегі білім беру ұйымдарының міндеттері ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге жағдай жасау болып табылады

  • ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды жалпы білім беретін ұйымнан арнайы білім беру ұйымына ауыстыру психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы мен ұсынымының негізінде ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен жүзеге асырылады

  • балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін бағалау тек психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда (ПМПК) жүзеге асырылады

  • мұғалімнің (тәрбиешінің) әрбір білім алушының (тәрбиеленушінің) әлеуметтік-эмоционалдық әл-ауқатын және оқу-танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін бақылау, сондай-ақ білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалауды пайдалана отырып, оқу-тәрбие процесі барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды анықтау білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тәртібінде бар

  • білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тәртібінде психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімінсіз оқыту қиындықтары бар балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін тереңдете зерделеу және бағалау қарастырылған


5. Сәйкес келетін жауап нұсқаларын көрсетіңіз:

Даму мүмкіндіктерінің шектелуіне байланысты оқу қиындықтары бар бірінші топтағы балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау келесі қажеттіліктерді анықтау үшін жүргізіледі:



  • оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгерту

  • оқу нәтижелерін бағалау тәсілдері мен критерийлерін өзгерту

  • оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгертпей оқытуда жеке тәсілді қамтамасыз ету

  • оқытудың вариативтік, арнайы және баламалы, оның ішінде мінез-құлықты қолданбалы талдау қағидаттарына негізделген әдістерін пайдалану

  • оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер (бұдан әрі – ОӘК) іріктеу, жеке оқу материалдарын дайындау

  • оқу бағдарламасын таңдау (жалпы білім беретін, арнайы)

  • үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен қосымша сабақтарды ұйымдастыру

  • кедергісіз орта құру және оқу орнын бейімдеу

  • мектеп психологтің қолдауы

  • әлеуметтік педагогті сүйемелдеу

  • сәйкес жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балаларға арналған жеке көмекшінің қызметі

  • әлеуметтік педагогтің қолдауы


6. Мұғалім тарапынан оқушыны қолдау тәсілдерін көрсетіңіз:


  • оқытудың вариативті, арнайы әдістерін қолдану

  • сабақта жеке оқу материалдарын, көрнекі құралдарды қолдану

  • педагог-ассистенттің қызметін белгілеу

  • оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерінің (процедураларының) өзгеруі

  • бақылау материалдарын өзгерту

  • сыныптағы оқу орнын анықтау және бейімдеу

7. Дұрыс тұжырымдарды көрсетіңіз:


  • Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау нәтижесінде оқушының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқушыны психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы жасалады.

  • Оқу бағдарлама қысқарту (бейімдеу) оқушының МЖМБС белгілеген көлемге және оны сыныпта оқу қарқынына сәйкес оқу пәнінің мазмұнын меңгеруінде қиындықтар туындаған жағдайда қарастырылады.

  • Жеке оқу бағдарламасы ерекше білім беру қажеттіліктері олардың білім беру процесіне енуіне кедергі келтіретін әлеуметтік-психологиялық және басқа факторларға байланысты болатын екінші топтағы ақыл-ой және физикалық дамуы бұзылмаған балалар үшін әзірленеді.


8. Дұрыс тұжырымдарды белгілеп көрсетіңіз:


  • Қысқартылған/жеке оқу бағдарламасының мазмұнында үлгілік оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша күтілетін нәтижелер (оқушының білік-дағдылары) түрінде тұжырымдалған оқу мақсаттары және ЕБҚ бар оқушы үшін неғұрлым тиімді оқыту әдістері мен тәсілдері көрсетілуі тиіс.

  • Қысқартылған/жеке оқу бағдарламасын сынып жетекшісі баланың ата-анасымен бірге жасайды.

  • Жалпы сыныпта қысқартылған бағдарлама бойынша оқитын ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар бүкіл сынып қолданатын оқулықтарды пайдаланады.

  • Жалпы сыныпта оқитын ақыл-ой бұзылыстары бар оқушылар үшін олардың зерде бұзылыстары мен мүмкіндіктеріне қарай Үлгілік арнайы оқу бағдарламалары негізінде жеке оқу бағдарламалары әзірленеді.

  • Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолданады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның ішінде жеке оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізеді.



9. Инклюзия тұрғысына сәйкес тәсілдемлерді көрсетіңіз:


  • Балалар қолдау мақсатында құрылымдары мен қосымша білім беру қызметтері бар жалпы білім беретін мектептерде оқиды.

  • Оқу мақсаттары барлығы үшін бірдей, ортақ.

  • Оқушылардың арасындағы айырмашылықтар зерттеледі және олар оқу процесін жоспарлаудың негізі болып табылады.

  • Бағалау барлығына бірдей тәсілмен жүзеге асырылады.

  • Тапсырманы орындау уақыты баланың қажеттілігіне қалай өзгертіледі.

  • Ата-аналар нақты міндеттеріне сәйкес оқу процесіне белсенді араласады.

  • ЕБҚ бар балалар тек қана арнайы мектептерде оқи алады.


10. Кешенді (күрделі) эмоционалды қажеттіліктері бар балалардың оқудағы кедергілерді көрсетіңіз:

  • отбасының, мектептің және/немесе әлеуметтік ортаның бір немесе бірнеше элементтерімен өзара әрекеттесу қиындықтары

  • жеке шешім қабылдауда қиындықтар

  • айтылымдағы қиындықтар

  • өз проблемаларын дұрыс түсінбеу; олар көбінесе ұзақ мерзімді шешімдердің орнына қысқа мерзімді шешімдерді таңдайды

  • оқу және жазу дағдыларындағы қиындықтар

  • эмоцияның болмауы немесе эмоцияны білдіре алмауы, басқаларға қызығушылық немесе қамқорлықтың болмауы, қажетсіз қозғалыстарды қайталау

  • математикалық есептеулер мен есептерді шығару деңгейіндегі қиындықтар

  • кішігірім проблемаларға байланысты жиі мазасыздық таныту

  • көңілсіздікке тез ауысу, қақтығыстарды тудыратын ашушаңдық таныту

  • психомоторлық және кеңістіктікке бағдарланудағы қиындықтар



11. Оқушының оқу стилі мен мұғалімнің стратегиялары арасындағы сәйкестікті көрсетіңіз:

Визуалдар (оның ішінде, есту қабілеті бұзылған оқушылар)




Негізгі білімді алдын ала ұсыну немесе талдау қажет болуы мүмкін

Аудиалдар (оның ішінде көру қабілеті бұзылған оқушылар)




Мәдени ерекшелігіне сәйкес келетін материалдар мен әдістемелік тәсілдемелер

Оқуда немесе зейінін шоғырландыруда қиындығы бар балалар




Практикалық оқыту, заттарды қолмен ұстату, тактильді графика, жиі қимыл-қозғалыс жасау, жобалық оқыту

Кинестетиктер немесе белсенді оқушылар




Ақпаратты шағын бөліктерге бөліп ұсыну, жиі қайталау, мәтіндік материалдың әр түрлі деңгейлері, бірнеше мысалдар, нақты оқу тәжірибесі

Мәдениеті жағынан әртүрлі оқушылар




Заттар немесе сызбалар (фотосуреттер, нақты сызықтардың суреттері, абстрактілі көрнекіліктер); ақпаратты түстермен кодтау; визуалды органайзерлер

Тақырыптар бойынша әр түрлі білімдері бар балалар




Дәріс немесе талқылау негізінде оқыту, сыныптастармен бірлескен іс-шаралар; аудиокітаптар, мәтінді дыбысқа айналдыруды бағдарламалық қамтамасыз ету


12. Өз білімін көрсету әдістері. Оқу стилі мен мұғалімнің стратегияларының арасындағы сәкестікті көрсетіңіз:


Өз ойын жазу арқылы білдіруге бейім оқушылар (оның ішінде, сөйлеу тілінде қиындығы бар оқушылар)




Көрнекі және көркем форматтарды пайдалану арқылы білімін көрсетуге мүмкіндік беру

Өз ойларын ауызша айтуға бейім оқушылар (оның ішінде жазуда қиындығы бар оқушылар)




Журнал жүргізу, бос орындарды толтыру тапсырмалары, эсселер, қысқа әңгімелер немесе өлең жазуға мүмкіндік беру

Сурет, мүсін немесе диаграмма көмегімен өз ойын жақсы көрсете алатын оқушылар (оның ішінде сөйлеу және жазуда қиындықтары бар оқушылар)




Сыныпта талқылауларға қатысуға мүмкіндік беру немесе сұрақтар бойынша «есеп беру»