Файл: 1. 1 жаса дейінгі баланы физикалы дамуын баалау шін мейірбике келесі зерттеулерді жргізеді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 152

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

А) еңбекке жарамды, түзім сақтау керек
+В) II топтағы мүгедек
С) физикалық еңбекке байланыссыз жұмысқа ауыстыру
D) түнгі уақыттағы жұмысқа ауыстыру
Е) 1 топтағы мүгедек

53. Артериальді гипертензияның 2 дәрежесінде артериальды қан қысымының көрсеткіштері қандай (БДҰ, 1999):
А) 120-129/80-84 мм с.б.
В) 130-139/85-89 мм с.б.
С) 140-159/90-99 мм с.б.
+D) 160-179/100-109 мм с.б.
Е) 180/110 мм с.б. жоғары

54. БДҰ бойынша АГ дамуына модифицирлеуші қауіп- қатер факторына не жатады:
А) Тұқым қуалаушылық
+В) Дислипидемия
С) Жасы
D) Жынысы ер
Е) Жынысы әйел

55. Науқас 35 ж, 2 дәрежедегі артериальды гипертензиясы бар, гемодинамиканың гиперкинетикалық типі байқалады. Осы науқасты емдеу үшін төменде көрсетілген препараттардың қайсысы тиімді:
А) ААФ ингибиторлары
+В) Бета-блокаторлар
С) Кальций каналдарының антагонистері
D) Диуретиктер
Е) Альфа 2-адреномиметиктер

56. Брадикардия, атриовентрикулярлы бөгет сияқты жанама әсерлерді қандай гипотензивті препарат шақырады?
A) Дигидропиридиндік қатардағы кальций антагонистері
В) ААФ ингибиторлары
С) Ілмектік диуретиктер
+D) Бета - адреноблокаторлар
Е) Ангиотензин II рецепторларының блокаторлары

57. Ер адам 49 ж, басының ауруына, құлақта болатын шуға шағымданады. Анамнезінде 5 жыл бойы төс артындағы қысатын, 600 метр жүрген кезде, 5 этажға көтерілген кезде пайда болатын ауру сезіміне шағымданады, ауру сезімі физикалық күштемені тоқтатқан кезде басылады. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары: оң жағы төстің оң жақ бойымен, жоғарғысы – ІІІ қабырға аралықта, сол жағы – бұғананың ортанғы сызығы бойымен 5 қабырға аралығында. Жүрек тондары бәсең. ЖЖЖ минутына 95 соққы. АҚҚ 180/90 мм.с.б.
Қандай дәрілік препарат тобы тиімді?
+A) Бета-адреноблокаторлар
B) Ұзақ әсер ететін нитраттар
C) Кальций антагонистері
D) Ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторы
E) Тиазидті диуретиктер

58. Әйел, 55 ж, шүйде аймағындағы ауру сезімге, тез шаршағыштыққа, кешке қарай аяқтарындағы ісінуіне шағымданады. Анамнезінде 4 жыл бойы артериальды қан қысымы 170/110 мм с.б. дейін жоғарлайды. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары: оң жақ – төстің оң қырымен, жоғарғысы – III қабырға аралықта, сол жағы –бұғана орталық сызығымен V қабырға аралықта. Жүрек тондары бәсең. ЖЖЖ минутына 88 соққы. Артериалды қан қысымы 160/100 мм с.б. Қанда ренин деңгейі төмендеген.
Сәйкес диагнозды қойыңыз?
А) Артериалды гипертензия 2 дәрежесі, қауіп -қатер тобы 2
B) Артериалды гипертензия 2 дәрежесі, қауіп- қатер тобы 4

С) Артериалды гипертензия 3 дәрежесі, қауіп- қатер тобы 2
D) Артериалды гипертензия 3 дәрежесі, қауіп -қатер тобы 3
+Е) Артериалды гипертензия 3 дәрежесі, қауіп- қатер тобы 4

59. 62 жастағы пациент, артериальды гипертензия, ЖИА, созылмалы жүрек жетіспеушілігімен асқынған жағдаймен бақылауда тұр. Қанның биохимиялық анализінде калий -6,4 ммоль/л. Қандай препаратты ұзақ қолданудың нәтижесінде қан құрамының осылай өзгеруіне себеп?
А) бета-блокаторлары
В) кальций антагонистері
С) ілмектік диуретиктер
D) тиазидті диуретиктер
+E) калийсақтаушы диуретиктер

60. ААФ ингибиторларына тән жанама әсер:
А) бетінің қызаруы
В) жүрек қағуы
С) терлік бөртпелер
+D) құрғақ жөтел
Е) АВ - блокадалар

61. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде артериалды гипертензияны емдеу үшін гипотензивті препараттардың қай тобын таңдау керек
+А) ААФ ингибиторлары
В) калий сақтаушы зәр айдағыштар
С) спазмолитиктер
D) бета-адреноблокаторлар+калийсақтаушы зәр айдағыштар
E) альфа-адренорецепторлардың агонистері

62. Нефрогенді гипертонияны емдеу үшін гипотензивті препараттардың ішінен тиімдісі?
+А) ААФ ингибиторлары
В) бета-адреноблокаторлар
С) калийсақтаушы диуретиктер
D) альфа-тежегіштер
Е) ангиотензин-1-рецепторларының блокаторлары

63. Пациент А. 63 ж., артериальды гипертензия және ЖИАмен бақыланады. ЭКГ II типті Мобитцті II дәрежелі АВ блокада анықталды. Осы пациентте артериальды гипертензияны емдеуде қай гипотензивті препарат абсолюттік қарсы көрсеткіш болып табылады?
А) ингибиторы АПФ
+В) бета-адреноблокатор
С) диуретиктер
D) альфа-адреноблокаторлар
Е) ангиотензин-1-рецепторларының блокаторлары


64. Әйел ., 55 жаста, 2 дәрежелі артериалды гипертензиясы бар. 12 жыл бойы АҚҚ 165/100 мм с.б. дейін жоғарылайды, пульс минутына 96 соққы. Науқасқа қандай сүйемелдеуші терапия тиімді?
А) қысқа әсерлі нифедипинмен монотерапия

+В) b-блокаторлар +диуретиктер
С) ААФ ингибиторлары+ тромбоасс
D) ААФ ингибиторлары+ кальций антагонистері
Е) имидазолиндік рецепторлардың агонистер

65. Ер адам 68 ж, 2 дәрежедегі артериалды гипертензиясы бар, соңғы бірнеше күнде дәрілер қабылдамаған. Кешеден бастап жағдайы нашарлаған: қатты басының ауруына, жүрек аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Дәрігерлік амбулаторияға келген кезде АҚҚ-170/100 мм.с.б. Госпитализациядан бас тартты. Дәрігер тағайындаған гипотензивті препараттардан кейін ауыз қуысы құрғап, құрғақ жөтел, еріннің аллергиялық ісінуі, күшейген диурез пайда болды. Осы симптомдарды қандай препараттар беруі мүмкін?
A) Калций антагонистері
В) Ілмектік диуретиктер
+С) Ингибиторы АПФ
D) Альфа-2 адреномиметиктер
Е) Блокаторы рецепторов ангиотензина I

66. Ер адам 50 ж медициналық тексеруге келген. Шағымдары жоқ. Объективті: АҚҚ 160/100 мм. с. б. ЖЖЖ минутына 72 соққы . Жүрек түрткісі күшейген. Басқа физикалды белгілері қалыпты. Көз түбі тамырларын зерттегенде артериолалар тарылған. ЭКГ-да: сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Биохимиялық анализдерде: электролиттер және креатинин өзгеріссіз. Жалпы тәжірибелік дәрігер тактикасы қандай?
A) Терапевтік бөлімге қаралуға жіберу
B) Кенеттен гипотензивті препараттарды енгізу
C) АГ диагнозын қойып және гипотензивті терапияны тағайындау
D) Үйде стационар ұйымдастыру
+E) Терапия тағайындау және симптоматикалық АГ тексеру

67. Әйел 35 ж, АҚҚ 180-200 мм.с.б. дейін жоғарылауына байланысты шағымданды. Ұстамалары 20 минуттан бастап 1 сағ дейін созылады. УДЗ сол жақ бүйрек үсті безі ұлғайған, ЖЗА қалыпты.
Қандай диагноз СӘЙКЕС?
A) Гипертониялық криз
B) Біріншілік альдостеронизм
+C) Феохромоцитома
D) Нейроциркуляторлы дистония
E) Гипернефроидті рак

68. Жас жігіт 20 ж, АҚҚ саны жоғары артериальды гипертензия байқалады, жас өспірім жасынан бастап педиатрда диспансерлік бақылауда тұр. ЖТД бүйректің қан тамырларының патологиясын жоққа шығармайды. Вазоренальды артериальды гипертензияны анықтауға қандай диагностикалық әдіс ақпаратты болады?
A) Бүйрек УДЗ
B) Бүйрек сцинтиграфиясы
C) Бүйрек артерияларының УДЗ
+D) Бүйрек артериографиясы
E) көк тамыр ішілік контрастты урография

69. АГ қандай дәрежесінде, науқастарға АҚҚ төмендету үшін, өмір салтын өзгерту, майларды шектеу, рационда тұзды азайту, жүру ретінде физикалық күштемелер, жеткілікті ұйқы тағайындалады.

+A) 1 дәрежедегі АГ
B) 2 дәрежедегі АГ
C) 3 дәрежедегі АГ
D) ВТД гипертониялық тип бойынша
E) қолқа коарктациясы бар науқастарға

70. Ер адам 49 жаста 15 жыл бойы созылмалы обструктивті бронхитпен ауырады, соңғы 2-жылда АҚҚ 160/95 мм с. б. дейін жоғарылайды. Науқасқа қандай антигипертензивті препаратты тағайындауға болмайды.
A) диуретиктер
B) имидазин қатарындағы агонистер
+C) β-адреноблокаторлар
D) кальций антагонистері
E) нитраттар

71. Дәрілік артериальды гипертензия ("АГ дәрілік түрі" деп аталатын) келесі дәрілік препараттарды қабылдағанда пайда болады:
+А) Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар
B) құрамында нитраттар бар препараттар
C) альфа-2 адреномиметиктер
D) протон помпасының ингибиторлары
E) антибиотиктер

72. Артериальды қысымның дәрежесі анықталады:
+А) минуттық көлеммен және артериолдардың жалпы шеткері кедергісімен
В)жүрек жұмысымен (минуттық көлеммен)
С) перифериялық кедергі
D) диастоликалық босаңсу
Е) лақтырыс фракциясы

73. 25 жастағы жүкті әйелде артериальды гипертензияны емдеу үшін қандай препарат қолданған жөн?
A) Кальций антагонистері
В) Ілмектік диуретиктер
+C) орталық альфа2-адренорецепторларының Стимуляторы
D) ААФ ингибиторлары
Е) ангиотензин рецепторларының блокаторлары

74. ААФ ингибиторларының абсолюттік қарсы көрсеткіші:
А) систолалық АҚҚ 120 мм.с.б.б. жоғары
В) систолалық АҚҚ 100 мм.с.б.б төмен
С) бүйрек жетіспеушілігі
+D) бүйрек артерияларының 2-жақты стенозы
Е) миокардтың айқын жиырылғыштық дисфункциясы

75. Жедел коронарлы синдром (ЖКС) бұл:
+А) жедел миокард инфарктына күмән тудыратын симптомдар
В) нейро-циркуляторлы дистония
С) стабильді стенокардия
D) ауру сезімінсіз миокард ишемиясы
E) кардиомиопатия

76. Ер адам 48 жаста. тоқтаған кезде басылатын 600 метр жүргенде және 3 этажға көтерілген кезде пайда болатын ұзақтығы 5 минутқа созылатын төс артындағы қысатын ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезім 3 апта бойы мазалып жүр. Қарап тексергенде: пульсі минутына 75 соққы, артериалды қан қысымы 120/80 мм с.б. Жүрек тондары бәсең, ырғағы дұрыс. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, дұрыс, ЖЖЖ минутына 75 соққы. Жүректің электрлік білігі қалыпты. Төменде айтылған болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
+A) Алғаш рет пайда болған стенокардия
B) Жедел миокард инфаркті
C) Күш түсу стенокардиясы ФК III
D) Вазоспастикалық стенокардия

E) Үдемелі стенокардия

77. Ер адам 55 ж. Шағымдары: ұзақтығы 5-10 минутқа созылатын 500 метр жүргенде және 2 этажға көтерілген кезде пайда болатын төс артындағы қысатын ауру сезімі. Ауру сезімі 6 ай бойы мазалайды, кейде нитроглицерин қолданады. Объективті: акроцианоз, пульс 80 минутына, артериальнді қан қысымы 130/90 мм с.б. Жүрек тондары бәсең, ырғағы дұрыс. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, дұрыс, ЖСЖ минутына 75 соққы. Жүректің электрлік осі горизонтальді.
Төменде айтылған болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
A) Алғаш рет пайда болған күш түсіру стенокардиясы
B) Күш түсіру стенокардиясы ФК I
+C) Күш түсіру стенокардиясы ФК II
D) Күш түсіру стенокардиясы ФК III
E) Күш түсіру стенокардиясы ФК IV

78. Ер адам 45 ж. таңертен төс артындағы қатты қысқан ауру сезіміне, жүрек қағуына, ауа жеткіліксіздігіне, жалпы әлсіздікке шағымданды. Қарап тексергенде: акроцианоз, суық тершендік, ЖЖС минутына 90 соққы. Жүрек тондары бәсең. Электрокардиограммада: ұстама кезінде түсірілген ЭКГ V3-V4 әкетулерінде ST сегментінің жоғарылауы тіркелді.
Төменде айтылған болжама диагноздардың қайсысы ТӘН болуы мүмкін?
А) Күш түсіру стенокардиясы
+B) Вазоспастикалық стенокардия
C) Үдемелі стенокардия
D) Алғаш рет пайда болған стенокардиясы
E) Жедел коронарлы жеткіліксіздік

79. Ер адам 60 ж, төменгі жақ астына берілген, кенеттен пайда болған төс артындағы қатты ауру сезімінен оянды, 2 рет изокет қабылдаған, ауру сезімі қайтпаған. Айқын әлсіздік өсе бастаған. Электрокардиограммада: синусты тахикардия 95 минутына. Жүректің электрлік осі горизонталды. II, III, aVF әкетулерінде Q тісшесі 0,05 секунд және ST сегменті жоғарылаған, I, aVL, V2-V4 әкетулерінде ST сегментінің депрессиясы.
Төменде айтылған тексерулердің қайсысы арнайы болып келеді?
А) Миоглобин деңгейі
B) Лактатдегидрогеназа деңгейі
+C) Тропонин Т ферментінің деңгейі
D) АЛТ, АСТ ферменттерінің деңгейі
E) Креатинфосфокиназа деңгейі

80. Әйел 60 жаста. Шағымдары: 200 метрден артық жүргенде төс артында қысатын ауыру сезімі, 5-10 минутқа созылады, нитраттарды қолданғанда басылады. Төс артындағы ауыру сезімдерінің мазалағанына 1 жылдай болған. Объективті: пульс 86 рет минутына, артериальды қан қысымы 140/90 мм.с.б.б.Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс. Электрокардиограммада: ритм синустық, дұрыс, жүрек жиырылуларының жиілігі минутына 75 рет.Жүректің электрлік осі горизонтальды.
Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы МҮМКІН?
A) Алғаш рет пайда болған стенокардия
B) Күш түсу стенокардиясы, ФК I