Файл: 1. 1 жаса дейінгі баланы физикалы дамуын баалау шін мейірбике келесі зерттеулерді жргізеді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 156

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

C) Күш түсу стенокардиясы, ФК II
+D) Күш түсу стенокардиясы, ФК III
E) Күш түсу стенокардиясы, ФК IV

81. Ер адам 50 ж. Шағымдары 5 мин шамасындай болатын өзімен немесе нитроглицеринді қабылдағаннан кейін қайтатын төстің жоғарғы аймағындағы ауру сезіміне; ауру сезімі көбінесе түнге қарай байқалады. АҚҚ - 120/80 мм с. б., пульсі 62 минутына, ЭКГ тыныштықта патологиялық өзгерістер жоқ. Физикалық күштемемен болатын сынама теріс. ЭКГ- да ауру ұстамасы болған кезде кеуде әкетулерінде ST сегментінің жоғарлыағаны тіркелген.
Қандай диагноз ТӘН?
А) кардиалгия
В) нейроциркуляторлы дистония
С) күш түсіру стенокардия
+D) спонтанды стенокардия
Е) миокардиопатия

82. Ер адам 50 ж, шылым шегеді, жиі бронхиттің өршуімен, бүгін түнде алғаш рет төс артында күйдірген ауру сезімі пайда болды және мойынға берілді, ұзақтығы 1 сағ, тыныс алуға байланыссыз әлсіздік және тершендік.
Қандай диагноз ТИІМДІ?
А) мойын остеохондрозы
В) спонтанды пневмоторакс
С) өкпелік жүрек
+D) миокард инфарктісі
Е) өкпе инфаркті

83. Алғаш рет пайда болған стенокардия кезінде дәрігердің тактикасы қандай?
А) Амбулаторлы жағдайда емдеу
В) Емхананың күндізгі стационарында емдеу
С) Жоспарлы түрде госпитализациялау
+ D) Жедел госпитализация
Е) Ем жүргізілмейді

84. Науқаста жедел миокард инфарктісіне күмәнданғанда жалпы тәжірибе дәрігерінің тактикасы қандай?
А) Амбулаторлы жағдайда емдеу
В) Емхананың күндізгі стационарында емдеу
С) Жоспарлы түрде госпитализациялау
+ D) Жедел госпитализация
Е) санаторлы-курортты ем

85. Ер адам, 58 жаста, шағымдары: төс артындағы қарқынды басып тұратындай ауру сезімі өлімнен қорқу сезімімен қатар жүреді, айқын әлсіздік. Бұл симптомдар жедел миокард инфарктын алғаннан соң 1,5 айдан соң дамыды. Мүмкін себеп?
+А) қайталанған миокард инфарктісі
В) некроз аумағының кеңеюі
С) рецидивті миокард инфарктісі
D) миокард инфарктісінің асқынуы
Е) стенокардия ұстамасы

86. Семсер тәрізді өсінді тұсында орналасқан күйдірген ауру сезімі, кеуде қуысының сол жағына, қолға берілсе, жатқан кезде пайда болса, ал тұрғанда әлсіресе немесе жойылса
онда қандай патология туралы ойлауға болады?
А) Миокард инфарктісі
В) Перикардит
+С) Көкеттің өнештік саңылауының жарығы
D) Ауруханадан тыс пневмония

Е) қабырға аралық невралгия

87. Ер адам 65 жаста, жедел миокард инфарктын алған, 2 аптадан соң кеуде клеткасында ауыру сезімі, қызба, перикардтың үйкеліс шуы, ЭТЖ артуы пайда болды, бірақ ЭКГ динамикалық өзгерістерінде ерекшелік жоқ. Қандай МҮМКІН диагноз?
A) миокардта зақымдану аумағының кеңеюі
B) идиопатиялық перикардит
+C) постинфарктты синдром (Дресслер синдромы)
D) миокардтың жыртылуы
E) жүректік хордалардың жыртылуы

88. Стенокардия кезінде госпитализацияға көрсеткіш болып табылады:
А) күш түсу стенокардиясы ФК I
В) күш түсу стенокардиясы ФК II
С) күш түсу стенокардиясы ФК III
D) күш түсу стенокардиясы ФК IV
+E) алғаш рет пайда болған стенокардия


89. Миокард ишемиясын диагностикалау үшін ST (қанша мм) сегментінің қандай депрессиясы маңызды:
А) 0,5 мм
В) 0,8 мм
+С) 1 мм
D) 1,2 мм
Е) 1,5 мм

90. Стабильді стенокардиясы және созылмалы обструктивті бронхиті бар науқасқа қай дәрілік препарат қарсы көрсеткіш болып табылады
А) имидазиндік қатар агонистері
+B) бета-адреноблокаторлар
C) ангиотензин 2 рецепторларының блокаторлары
D) диуретикалық препараттар
E) кальций каналдарының блокаторлары


91. Ер адам 65 ж, тұрақсыз стенокардия және созылмалы обструктивты бронхитпен аурады, кенеттен тұншығу ұстамасы, ауа жеткіліксіздігі және төс артындағы қысатын ауру сезімі пайда болды. Объективті: өкпесінің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар, жайылған құрғақ сырылдар, жүрек тондары бәсен, галоп тәрізді ырғақ. АҚҚ 80/50 мм с.б. Нитроглицерин қабылдауы жағдайын жақсартпады.
Қандай диагноз ТИІМДІ?
A) миокард инфарктісі, ырғақ бұзылысымен асқынған
+B) миокард инфарктісі, кардиогенді шокпен асқынған
C) миокард инфарктісінің астмалық формасы
D) бронхиальді демікпе ұстамасы
E) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

92. Тұрақты стенокардия кезінде біріншілік ем қандай:
А) стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
+В) нитраттармен терапия
С) антибиотиктермен терапия
D) протонды помпа тежегіштері
Е) гормональды терапия

93. Ер адам 30 жаста. Шағымдары: кеуде клеткасының сол бөлігіндегі ауырсыну, ол дене қозғалысымен байланысты. Терең тыныс алғанда ауырсыну күшейеді. Ауру сезімі таңертең пайда болды. Бірнеше күн бұрын суықтап қалған. Кеуде клеткасының пальпациясында сол жағының IY қабырға аралығында күрт ауырсыну байқалады.
Мүмкін диагноз?
+A) жедел қабырға аралық невралгия
B) сол жақты құрғақ плеврит
C) ЖИА, күш түсу стенокардиясы
D) омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы
E) қолқаның аневризмасы


94. ЖИА бар науқастарға қандай жұмыс істеуге болмайды?
A) оқытушы
B) хатшы
C) бухгалтер
+D) авиадиспетчер
E) лаборант

95. Бухгалтердің күш түсу стенокардиясы ФК2 бар.Науқастың еңбекке қабілеттілігі қандай?
+А) еңбекке жарамды
В) еңбек қабілеттілігі шектелген
С) 1 топтағы мүгедек
D) 2 топтағы мүгедек
Е) 3 топтағы мүгедек

96. Ер адам 55 ж, жұмысында кенеттен есін жоғалты. Пульсі жиі, толуы аз. Айқын бозарған. Тондары бәсен, ырғақты. АҚҚ 80\60 мм сб. 10 мин. Кейін науқас есін жинады. Бірақ әлсіздік қалды. ЭКГ – бұлшықетте бүйір қабырғасында ошақты өзгерістер бар.
Қандай диагноз ТИІМДІ?
+А) миокард инфарктісі
В) өкпе артериясының эмболиясы
С) қолқаның аневризмасы
D) жүрек демікпесі
Е) нейроциркуляторлы дистония

97. Ер адам 61 ж., автобуста кенеттен есін жоғалтты. Қарап тексергенде: айқын акроцианоз. Пульс – жоқ. Тынысы сирек, беткей. 5 минуттан кейін жедел жәрдем дәрігері ЭКГ түсірді. ЭКГ сирек QRS комплекстері тіркелген, ырғақты жиілігі 1 рет 2-3 сек.
Қандай диагноз ТИІМДІ?
А) есінен тану
В)ми инсульті
С) ЖИА (Морганьи-Эдемс-Стокс с-мы)
+D) кенеттен коронарлы өлім (жүрек тампонадасы)
Е) өкпе артериясының эмболиясы

98. Ер адам, 54 ж. Шағымдары жаурын астына берілетін жүрек аймағындағы қысатын ауру сезімі, нитроглицирин қабылдағаннан кейін 30 минутта басылады. Ауру сезімі тәңертең 1 жыл шамасында 1-2 рет пайда болады.
Қандай диагноз ТИІМДІ?
А) тұрақты стенокардия, ФК 4
В) жедел миокард инфарктісі
С) өкпе артериясының эмболиясы
+D) спонтанды стенокардия
Е) үдемелі стенокардия

99. Ер адам 37 ж, таңертең жүрген кезде периодты түрде қысқа уақыттай болатын төс артындағы қысатын ауру сезімін, қолдарының жансыздануын байқайды. Терең дем алған кезде ауру сезімі күшейе түседі. Ауру ұстамасы кезінде науқас жүруін бәсендетеді. Бұл жағдай алғаш рет 3 апта бұрын пайда болған.
Қандай диагноз ТИІМДІ?
А) Стабильді стенокардия, ФК 2
+В) Алғаш рет пайда болған стенокардия
С) Вариантты стенокардия
D) Көкеттің өнеш тәрізді саңылауы
Е) Омыртқаның кеуде бөлімінің остеохондрозы

100. Ер адам 50 ж, шылым шегеді жиі бронхиті өршіп тұрады, бүгін түнде бірінші рет төс артында күйдірген ұстамасы болды және мойынға берілді, 30 мин созылды, тыныс алумен байланысты емес, әлсіздік, суық ,жабысқақ тер. Қандай диагноз ТИІМДІ болады?

А) Мойын остеохондрозы
В) Спонтанды пневмоторакс
С) Өкпелік жүрек
+D) Миокард инфарктісі
E) Өкпе инфаркті

101.Миокард инфарктында тропонин Т белсенділігі ауру пайда болғаннан бастап арта бастайды:
A) 1-2 сағаттан соң, максимум 6 сағаттан болады және 1-тәулік соңында қалпына келеді
B) 4 сағаттан соң, максимум 16-18 сағаттан болады және 2 тәуліктен соң қалпына келеді
C) 6-12 сағаттан соң, максимум 2-і күні және 4-7-күні қалпына келеді
D) бір тәуліктен соң, максимум 3-4 күні және 10-14-күні қалпына келеді
+E) 2-3 сағаттан соң, максимум 8-10сағ, 10-14күннен қалпына келеді

102. Трансмуралды миокард инфарктінің ЭКГ көрінісі:
А) Гисс шоғырының оң аяқшасының бөгеті
В) Гисс шоғырының сол аяқшасының бөгеті
С) екі фазалы Р тісшесі
+D) терең және кең Q тісшесі
Е) ST изосызықтан 1 мм ауытқуы

103. Майда ошақты миокард инфарктісіне тән ЭКГ көрінісі:
+А) 10 күн қатарынан терең тең қабырғалы теріс Т тісшесі
В) жыпылықтаушы аритмия тахисистолиялық формасы
С) синусты тахикардия
D) Гисс шоғырының оң аяқшасының бөгеті
Е) барлық кеуде шықпаларында Q тісшелерінің пайда болуы

104.Қандай аритмия миокард инфарктының диагностикасын қиындатады?
+А) Гисс шоғырының сол аяқшасының бөгеті
В) қарыншалық тахикардия
С) синусты аритмия
D) синусты тахикардия
E) қарыншалық экстрасистолия

105. Асқынбаған миокард инфаркты кезінде тыртықтану уақтысы қанша:
+А) 6 айға дейін
В) 15 күн
С) 20 күн
D) 1 айға дейін
Е) 10 күнге дейін

106. Ер адам 40 ж. Бұрын остеохондрозбен ауырған. Соңғы айда жүрген кезде жауырын аралығында интенсивті ауру сезімі пайда бола бастады, ол сол жақ қолға беріледі. Жаурын аралық ауру сезімі 2 минутқа созылады және тоқтаған кезде қайтады. ЭКГ қалыпты. Қандай диагноз болуы мүмкін?
А) Омыртқа мойын бөлімінің остеохондрозы
В) Қабырға аралық невралгия
+С) Күш түсу стенокардиясы
D) Нейроциркуляторлы дистония
E) Омыртқа кеуде бөлімінің остеохондрозы

107. Ер адам 40 ж, бухгалтер, шамадан тыс дене салмағы бар, темекі тартпайды, ішімдік ішпейді, келесі шағымдармен келді шамадан тыс физикалық күштемеден кейін төс артында ұстама тәрізді ауру сезімі, 1-2 минуттан жұмысты тоқтатқаннан кейін басылады. Ауру сезімі екі қолға беріледі. ЭКГ өзгерістер жоқ. Сәйкес келетін диагнозды қойыңыз?
A) НЦД кардиальді тип бойынша
+B) тұрақты стенокардия ФКІ
C) тұрақты стенокардия ФКІІ
D) үдемелі стенокардия
E) жедел миокард инфарктісі


108. Ер адам 54 жаста, нитроглицирин қабылдағаннан кейін 5-6 минут ішінде тоқтайтын жауырын арасына берілетін төс артындағы қысатын ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі мөлшерден тыс физикалық жүктеме түсіргенде пайда болады. Сәйкес келетін диагнозды қойыңыз?
+А) тұрақты стенокардия ФКІ
В) жедел миокард инфарктісі
С) өкпе артериясының тромбоэмболиясы
D) спонтанды стенокардия
Е) үдемелі стенокардия


110. Ірі ошақты миокард инфаркты басты ЭКГ-белгісі (некроз) болып табылады: