Файл: 1. 1 жаса дейінгі баланы физикалы дамуын баалау шін мейірбике келесі зерттеулерді жргізеді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 168

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Е) созылмалы рефлюкс гастрит

351. Ер адам 68 жаста, ұзақ уақыт созылмалы гастритпен, реактивті панкреатитпен ауырады. Соңғы 6-8 ай ішінде тұрақты түрде іште ауыру сезімі мазалайды, тәбеті нашарлады, кейде құсу байқалады, сарғаю, нәжісінің түсі ақшыл болуы пайда болып, жалпы әлсіздік, еңбекке қабілеттілігі нашарлады және дене салмағы біраз азайды. Температурасы қалыпты. Пальпаторлы бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Гемоглобин- 96 г/л, лейкоциттер – 9,5х109/л, ЭТЖ-60 мм/сағ.
Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексеру жүргізген жөн?
A) дуоденальды зондтау
B) холецистография
C) фиброгастродуоденоскопия
+D) рентгенологиялық тексеру
E) асқазан сөлін тексеру

352. Арнайы емес ойық жаралы колит өршуіндегі негізгі шағымдар:
+A) іште ауыру сезімі, сұйық нәжіс немесе іш қату
B) қыжыл, лоқсу, құсу
C) АҚҚ артуы, бас айналу, әлсіздік
D) қышқылмен кекіру, төс артында күйдіру сезімі
E)іште ауыру сезімі, қанмен құсу

353. Ер адам 46 жаста, эпигастрий аймағының айналмалы ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданды. Ауру ұстамасы бір жыл шамасында көп тамақтанғаннан кейін дамитын болған. Об-ті: іші жұмсақ, асқазан асты аймағында және сол жақ қабырға асты аймағы орташа ауру сезімді. Зәрде диастаза құрамы-260 бірл. Вельгемут бойынша, дуоденум ішіндегі заттардың құрамында панкреатикалық фермент күрт төмендеген. Қан және зәр анализі қалыпты. Қандай болжама диагноз болуы мүмкін?
A) созылмалы холециститтің өршуі
B) созылмалы дуодениттің өршуі
+C) созылмалы панкреатит, өршу фазасы
D) В типті созылмалы гастрит, өршу фазасы
E) асқазанның ойық жара ауруы


354. Ұйқыбезі патологиясының ең ақпараттық зерттеу әдісін көрсетіңіз:
A) ұйқы безі, өт қабының УДЗ
B) колоноскопия
C) кеуде клеткасының рентгенографиясы
+D) эндоскопилық ретроградты панкреатохолангиография
E) бауыр УДЗ

355. Тітіркенген ішек синдромының жалпы емдеу шараларына жатады?
A) миотропты спазмолитиктер
B) рациональды психотерапия
C) сулы-тұзды режим
+D) физикалық белсенділік
E)ретті түрде пробиотиктер

356. Әйел кісі 55 жаста, қатты майлы тамақтан кейінгі эпигастрийдің оң жақ аймағындағы приступ тәрізді ауру сезімге, жүрек айнуға, кейде қыжылдауға шағымданады. 5 жыл бұрын өт-тас ауруы жайлы холецистэктомия жасалған. Об-ті: көрінетін шырышты қабықтар және тері субиктерленген. Палпация кезінде кіндіктен жоғары орта сызығының оң жақ аймағында ауру сезімі байқалады.Қанында: глютаматдегидрогеназа, аминотрансфераза активтілігінің жоғарылауы, жалпы билирубин-39 мкмоль/л. ЭФГДС: гиперемияланған және ісінген шырышты қабат көрінісінде дуоденальді емізікшенің 1,2 см ұлғаюы байқалады.

Қандай болжама диагноз болуы мүмкін?
A) созылмалы холестатикалық гепатит, өршу кезеңі,
B) созылмалы холангит, өршу кезеңі,
+C) постхолецистоэктомиялық синдром
D) В типті созылмалы гастрит типа, өршу кезеңі,
E) созылмалы дуоденит, өршу кезеңі.


357.Холекинетиктерге жатады:
A) димедрол
+B) сорбит
C) но-шпа
D) папаверин
E) мезим

358. Емханаға 33 жастағы науқас Т. оң жақ қабырға асты аймағының майлы тамақтан кейін дамитын ауру сезіміне, жүрек айнуға, ауыздағы қышқыл дәмге шағымданып келді. Ауырғанына 5 жылдай болды. Қарап тексергенде – тілі негіз жағында сары түсті жабындымен қапталған, ішінің өт қабы аймағы ауру сезімді.Диагнозды дәлелдеу үшін сіз қандай аспапты зерттеу әдістерін тағайындайсыз?
A) ректороманоскопия
B) экскреторлы урография
+C) бауыр және өт қабының УДЗ
D) электроэнцефалография
E) бауыр сцинтиграфиясы

359. Созылмалы холециститте өтке инфекцияның гематогенді жолмен енуі кезінде қорғаныс рөлін не атқарады?
A) нейтрофилдер
B) лимфоциттер
C) базофилдер
+D) купферлік клеткалар
E) асқазанның обкладкалық клеткалары

360. 51 жастағы ер адамда ұзақ уақыт бойы оң қабырға астында ауырсынулар мен кернеу сезімі мазалайды. Телімдік дәрігер қарауында дене температурасы қалыпты, сарғаю белгілері анықталмайды, өт қабы тұсын палпациялағанда ауырсынады. Холецистография: сопақша формадағы ұлғайған өт қабы, баяу босаңсуымен.
МҮМКІН диагноз?
A) созылмалы калькулезді холецистит өршу сатысында
B) созылмалы аутоиммунды гепатит
C) созылмалы холестаздық гепатит
+D)өт қабының гипокинетикалық дискинезиясы
E) ішек дискинезиясы (қарапайым іш қату)

361.Өттік тастардың түрлерін көрсетіңіз:
А) оксалатты
В) нәжісті
С) уратты
+D) холестеринді
Е) пирофосфатты

362.«Өшірілген» (отключенный) өт қапшығы бар науқастарды информативті тексеру:
A) фиброгастродуоденоскопия
B) холецистография
C) сцинтиграфия
+D) көк тамырлық холеграфия;
E) дуоденальды зондтау.

363. Әйел адам 37 жаста, шағымдары: оң қабырға астында ұстамалы ауырсынулар, аузында ащы дәм, жалпы әлсіздік. Ауырсыну ұстамалары 10 жыл бойы диетаны сақтамағанда мазалайды, соңғы айда ұстамалар жиіленді. Өт қабының УДЗ – жалпы өт жолы кеңейген, өт қабы ұлғайған, қуыста – диаметрі 2,5 см конкремент анықталды. Белгілі жағдайда жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы:
A) гепатопротекторлар тағайындау

B)спазмолитиктер тағайындау
C) гастроэнтеролог кеңесіне жіберу
D) терапевтік бөлімшеге госпитализациялау
+E) оперативтік емге жолдама беру

364. Холецистография кімдерге қарсы көрсеткіш:
A) майларды көтере алмаушылық
B) өт қабының дискинезиясында
D) созылмалы дуодениті бар
+E) йодқа идиосинкразиясы бар
С) өт тас ауруы бар

365.Өт тас ауруында литолитикалық еміндегі пероральді препараттарға жатады:
A) зәр қышқылы
+B) урсодеоксихоль қышқылы
C) папаверин
D) ацетилсалицил қышқылы
E) верапамил

366. УДЗ анықталатын өт қабындағы тстың ең кіші мөлшері:
A) 8 – 10 мм
B) 6 – 8 мм
C) 5 – 6 мм
D) 3 – 4 мм
+E) 1 – 2 мм

367. Өт тас ауруында медикаментозды литолитикалық терапияның ұзақтығы:
A) 1 ай
B) 2 ай
C) 3 ай
+D) 12 ай
E) 6 ай

368. Холестаз синдромына тән:
+А)сілтілі фосфотаза деңгейінің артуы
В) тікелей емес билирубиннің артуы
С) холестерин деңгейінің төмендеуі
D) трансаминазалар дәрежесінің артуы
Е) миоглобин дәрежесінің артуы
369. Созылмалы панкреатитте сыртқы қызметінің жетіспеушілігінің клиникалық көріністеріне жатады:
А) артралгиялар
В) спленомегалия
+С) метеоризм
D) дисфагия
Е) никтурия
370. Созылмалы панкреатитте копрограммада қандай өзгерістер тән:
А) анемия
В) лейкоцитурия
+С) стеаторея
D) аменорея
Е) ахолия

371. Созылмалы гепатитте цитолиздік синдромның лабораторлы белгілерін көрсетіңіз:
A) жалпы белоктың артуы
B) мочевинаның артуы
+ C) трансаминазалардың артуы
D) амилазаның артуы
E) миоглобиннің артуы

372. Созылмалы гепатиттегі геморрагиялық синдром ненің көрінісі болады:
А) цитолиздің
В) холестаздың
С) мезенхимальды қабынудың
+D) бауыр-клеткалық жетіспеушіліктің
Е) экскреция бұзылысының

373. Гипергаммаглобулинемия қандай синдромның маркері болып табылады?
А) холестаздың
+В) мезенхимальды-қабынудың
С) геморрагиялық
D) цитолиздік
Е) бауыр-клеткалық жетіспеушіліктің

374. Жедел гепатитпен ауырып тұрғаннан соң қанша мерзімнен кейін созылмалы гепатит диагнозы қойылады?
А) бір айдан соң
В) 2 айдан соң
С) 3 айдан соң
+D) 6 айдан соң
Е) 4 айдан соң

375. Созылмалы вирусты С гепатитінің диагностикалық тестін көрсетіңіз:
А) НВsАg
В) НВеАg
С) НВе-IgM
D) НВV-ДНК
+Е) НСV-РНК

376. Созылмалы гепатит белсенділік дәрежесін төмендегілердің қайсысының жоғарылауымен анықталады:
+А) АЛТ, АСТ
В) ЭТЖ
С) лейкоциттер
D) СРБ
Е) билирубин

377. Созылмалы гепатиттің жоғары (айқын) дәрежесі деп есептеледі:
А) АЛТ белсенділігі қалыпты жағдайда
В АЛТ белсенділігі 3 қалыптан аз

С) АЛТ белсенділігі 3тен 10 қалыпқа дейін
+D) АЛТ белсенділігі 10 қалыптан көп
Е) АЛТ белсенділігі 100 қалыптан көп

378. Созылмалы вирусты гепатиттегі негізгі терапия:
А) дезинтоксикациялық
В) антибактериальды
+С) вирусқа қарсы
D) иммуносупрессивті
Е) орын басушы

379. 43жастағы К пациент, Созылмалы гепатитпен ауырады, вирусты гепатиттің серологиялық маркерлерін анықтайтын қан анализдерінде:HBeAg, HBсAbIgM, антигендер pre-S, ДНК-полимераза, ДНК-HBV анықталды.Дұрыс диагнозды таңдаңыз.
A) Созылмалы гепатит B, репликация фазасы
B) Созылмалы гепатит B, интеграция фазасы
C) Созылмалы гепатит D
D) Созылмалы гепатит C
E) Созылмалы гепатитG

380. Аутоиммунды гепатиттегі негізгі терапия:
А) дезинтоксикациялық
В) антибактериальды
С) вирусқа қарсы
+D) иммуносупрессивтік
Е) гепатопротективтік

381.Қандай ауру кезінде аутоиммунды гепатит дамуы мүмкін:
А) атрофиялық емес гастрит
В) созылмалы бронхит
+С) ревматоидты артрит
D) созылмалы пиелонефрит
Е) эндемиялық жемсау зоб

382.Бауыр циррозының асқынуын көрсетіңіз:
A) циркуляторлы – гипоксиялық синдром
B) анемиялық синдром
C) фундальды миелоз
D) тыныстық жетіспеушілік
+E) гепаторенальды синдром

383. Қай жағдайда іркілмелі бауыр циррозы дамиды:
А) созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде
В) сол қарыншалық жетіспеушілікте
+С) оң қарыншалық жетіспеушілікте
D) өт шығару жолдарының обструкциясында
Е) қан тамыр ішілік гемолизде

384. Бауыр циррозының асқынуы болып табылады:
A) «барабандық» таяқшалар
B) өңеш стриктурасы
+C) өңештің кө тамырларынан қан кетулер
D) екіншілік бүріскен бүйрек
E) астено-вегетативтік синдром

385. Біріншілік билиарлы циррозға көбірек тән белгі:
А) спленомегалия
+В) терінің қышуы
С) ішектік диспепсия
D) оң қабырға астында ауыру сезімі
Е) асқазандық диспепсия

386. Бауыр циррозының асқынуы болып табылады:
A) қан тамырлық энцефалопатия
+B) бауырлық энцефалопатия
C) цитолиздік синдром
D) торлы қабаттың ангиопатиясы
E) гастроэзофагиальды рефлюкс

387. Бауыр циррозымен науқастарды госпитализациялауға көрсеткіштер:
+А) асқынған бауыр циррозы декомпенсация сатысында
В) бауыр циррозы компенсация сатысында
С) бауыр циррозының терминальды сатысы
D) асқынбаған бауыр циррозы декомпенсация сатысында
Е) бауыр циррозы субкомпенсация сатысында

388. Бауыр циррозының асқынуын көрсетіңіз:
A) кардиальды синдром
B) тұншығу ұстамасы

C) зәрлік синдромы
+D) гиперспленизм синдромы
E) қан тамыр ішілік гемолиз

389.Бауыр циррозымен науқастарға санаторлы-курорттық ем:
А) көрсетілген
+В)қарсы көрсетілген
С) жыл сайын көрсетілген
D)жылына 2 рет көрсетілген
Е) 3 жылда 1 рет көрсетілген

390. 35 жастағы әйел адам., келесі шағымдармен қаралды: оң қабырға астындағы ауыру сезімі, лоқсу, әлсіздік. Анамнезінен: соңғы 5 жыл ішінде стоматологта бірнеше рет емделген, екі тісіне экстракция жүргізілген. Об-ті: тері жабындылары мен склерелары сарғайған. Іші кепкен. Бауыр қабырға астынан 3 см шығып тұр, ауыру сезімді. Қанда: лейкоциттер - 4,2 мың, ЭТЖ-10 мм/сағ, билирубин-69,78 мкмоль/л. Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:
+А) вирусты гепатит
В) өт тас ауруы
С) созылмалы панкреатит
D) созылмалы холангит
Е) созылмалы холецистит

391. 35 ж М әйел адам., келесі шағымдармен қаралды: оң қабырға астындағы ауыру сезімі, лоқсу, әлсіздік. Анамнезінен: соңғы 5 лжыл ішінде стоматологта бірнеше рет емделген, екі тісіне экстракция жүргізілген. Об-ті: тері жабындылары мен склерелары сарғайған. Іші кепкен. Бауыр қабырға астынан 3 см шығып тұр, ауыру сезімді. Қанда: лейкоциттер - 4,2 мың, ЭТЖ-10 мм/сағ, билирубин-69,78 мкмоль/л. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексеру әдісі тағайындалады:
А) фиброэзофагогастроскопия
В) селективті ангиография
+С) бауыр, өт қабының УДЗ
D) көк тамырлық холецистография
У) экскреторлы урография

392. 52 жастағы Ж әйел адам жарты жылдан бері оң қабырға астында ауыру сезімі, лоқсу, соңғы 3-4 апта бойы әлсіздік мазалайды. Анамнезінен: ревматоидты артритпен ауырады, метотрексат қабылдайды. 1,5 ай бұрын метотрексаттың мөлшерін 20 мг/аптасына арттырды. Об-ті: склералары сарғайған. Бауыр қабырға астынан 3 смге шығып тұр, тығыз, ауыру сезімді. ЖҚА: лейкоциттер 4,0 ЭТЖ 19 мм/ сағ. Қанның биохимиясы: АЛТ 2,1 мкмоль/л, АСТ 1,9 мкмоль/л, билирубин 53 мкмоль/л. Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?: