Файл: 1 1 санды рнектерді (осынды,айырма) ажырату, растыру, жазужне оу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 48

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

______________________________________________________________

(білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымының педагогіне арналған қысқамерзімді жоспар

69-сабақ.

Бөлімі:

3А Сандармен амалдар орындау. Есептер.

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Есептер шығару/ Велосипедпен саяхатқа шығу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.5.1.1**есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу/есепті шешу үшін

тірек сызбасын таңдау;

1.5.1.3** қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару /

кері есеп құрастыру және шығару.

Сабақтың мақсаты:

Есептер шығарасың.


Сабақтың барысы:

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

0-3

Ынталандыру


Біздің кейіпкерлер саяхатқа велосипедпен шығады. Қандай жағдайда велосипедпен саяхаттаған ыңғайлы? Бұндай саяхаттың пайдасы барма? Кімде велосипед бар? Көліктің бұл түрін жеткілікті деңгейде меңгергенсіңдер ме? Велосипед теуіп келе жатқан адамды қалай атайды? (Велосипедші). Спорттың осы түрімен айналысатын адамды қалай атайды? (Велосипедпен жарысушы).


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.







4-6

Өзектендіру.

Велосипедте саяхаттаған адам осыған арналған жерлерде көптеген велосипедшілер болатынын міндетті түрде біледі. Олар саны жағынан әркелкі серіктестіктерде велосипед тебеді. Біреулер жылдам тебеді, кейбіреу ақырын. Сондықтан біреулері басқаларын басып озады, ал кейбіреулер қалып қояды. Адамдар велосипедтерін қайда қояды? Кей отбасыларда бірнеше велосипед бар. Әлия мен Сырым, кезекті велоқыдырыстан кейін сендер үшін есептер ойлап тапты, кәне, соларды шығарайық.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.








7-10

Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

Мұғалім оқулықтан 1-тапсырманы орындауды ұсынады. Есептер құрастыр және шығар.

Былай баста:

Тұрақта 10 велосипед болды. Серуендеу үшін ...

Оқушылар есептің қысқаша жазбасы мен суретке қарап есеп құрастырады.

Болды - 10 в.

Алып кетті - 4 в.

Қалды -? в.

Шешуі:

10 – 4 = 6 (в.)

Жауабы: 6 велосипед қалды.

Есептің шартына сәйкес келетін тірек сұлба мен сызбаны толтыруы қажет.





Есеп қандай түрге жатады? (Қанша қалғанын табуға). Мұғалім оқушылардан бұл есепті неге осы түрге жатқызуға болатынын түсіндіруді сұрайды.


Мәселелік жағдаятты түсінеді.

Қанша қалғанын табуға берілген есеп екенін анықтайды.

Оқушылардың білімі мадақтау арқылы бағаланады

Оқулық, дәптер.


Мағынаны тану

10-15

Өзіндік жұмыс.

Оқулықтағы №2 тапсырманы өзбетімен орындайды.

Есептерді шығарады.

Ол үшін бірінші есептің нені табуға берілгенін анықтайды (Қосындыны).

Екінші нені табуға берілген есептің түрі? (Қанша қалғанын табуға)

Тапсырманы өзбетімен орындайды.

а ) Қыз - 5

Ұл – 4 ?б.

Шешуі: 5+4=9

Жауабы: 9 бала.

ә) Шықты – 9 б.

Жетті – 6 б.

Қалды - ?б.

Шешуі: 9–6=3

Жауабы: 3 бала.

“Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау

Оқулық, дәптер.


15-20

Қиындықтарды түзету.

Мұғалім тапсырмалардың орындалуының дұрыстығын тексереді.

– Кімде қиындықтар туындады?

– Сендер қай жерде қателік жібердіңдер?

– Жіберілген қателіктің себебі неде?

– Өз жұмыстарында қателік болмағандар, өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.

(Қосымша тапсырмалар орындау).

– Қателік байқағандардың жұмысындағы ары қарайғы мақсаты қандай?

(Қателіктерді түзету).

– Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз.

Қателікті түзету үшін дәптерден 1-тапсырманы орындауды ұсынуға болады.

Есеп құрастырып, оны шығар.





Қатемен жұмыс жасайды.
Есептер құрастырып, оларды шығарады. Сандық деректерге әр оқушы әртүрлі сандарды алады.


Өз білімін бағалау үшін дәптердің жиегіндегі бағдаршамды бояйды.

Баспа негіздегі жұмыс дәптері

20-32

Осыған дейін өтілген материалмен жұмыс.

Оқулықтағы №3тапсырманы орындауды ұсынуға болады.

Есепте. Досыңнан тексеруін сұра. Екі бағанын есептеуді ұсынса болады.

Оқулықтағы №4 зерттеушілік тапсырманы орындауды ұсынуға болады.

«Сиқырлы» сандарды тап.

Бірінші өрнекте бірдей үш велосипедтің қосындысы 90-ға тең. Қандай бірдей үш қосылғыштардың қосындысы 90-ға тең? (30)

30+30+30=90

Енді үшінші өрнекті қарастырамыз.

Екі велосипедтің қосындысы 50-ге тең.

Бірінші велосипед, яғни бірінші қосылғыш белгілі, ол 30-ға тең. Қосуға кері амал азайтуды пайдаланып екінші қосылғышты табамыз.

50-30=20

Осыдан кейін екінші өрнекті қарастырамыз.

Екі қосылғыш белгілі, үшінші қосылғышты табу үшін азайту амалын пайдаланамыз.

20+20=40

80-40=40

Жауабы: Сиқырлы сандар – 40, 30, 20.


Ондықтарды қосуды және азайтуды орындайды.

100 – 100=0 70 + 20=90

60 + 20=80 40 – 20=20

80 + 10=90 40 + 20=60
«Сиқырлы» сандарды табады.


Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады.

Оқулық, дәптер.


Рефлексия

32-35

Сынып бөлмесінің әр жеріне «иә», «жоқ», «білмеймін» деген сөздер жазылған парақтар ілінеді. Ойынның шарты бойынша сұрақ қою керек, оқушылар дұрыс жазылған парақтың қасына жүгіріп жиналады. Оқушының әрекетіне қарап, олардың тапсырманы қандай деңгейде меңгергенін бақылап білемін.







«Иә», «Жоқ»», «Білмеймін» сөздері жазылған парақшалар


________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымының педагогіне арналған қысқамерзімді жоспар

70-сабақ.

Бөлімі:

3А Сандармен амалдар орындау. Есептер.

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Кері есептер / Велосипедпен саяхатқа шығу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.5.1.5 қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару

Сабақтың мақсаты:

Есепке талдау жасауды, шығаруды үйренесің.


Сабақтың барысы:

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

0-3

Ынталандыру


Балалар, сендердің қайсысың велосипедпен саяхаттадыңдар? Велосипедпен қанша алысқа дейін бардындар? Біздің кейіпкерлер велосипедпен орманға жол тартты.

Орманда не істеуге болады? (Саңырауқұлақ теру). Саңырауқұлақ тергенде нені есте сақтау керек? (Саңырауқұлақтардың жеуге жарамдысы және жеуге жарамсыздары болады). Қандай саңырауқұлақтарды білесіңдер?


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.








4-6

Өзектендіру.

«Кері есеп» ұғымын қосынды мен белгісіз қосылғыштарды табуға арналған есептер мысалына енгізу үшін мұғалім тақтада оқулықтағы №1 тапсырманың сұлбалық суретімен ұйымдастырады.

Саңырауқұлақты (ағаштарға жабысып өсетін және қызыл-сары түсті саңырауқұлақтарды) әртүрлі геометриялық фигуралармен немесе пішіндермен алмастыруға болады. Оқулық бойынша және тақтадағы жұмыспен бір мезгілде балалар дәптерге есептердің шешулерін – өрнектерді жазады.


Дәптеріне есептердің шешуін жазады.

Оқушылардың білімі мадақтау арқылы бағаланады

Оқулық,

дәптер.


7-10

Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

Барлық үш өрнек мұғалімнің жетекшілігімен жазылғаннан кейін, бірте-бірте есептердің шарттары, есептердің сұрақтары, шешулері мен жауаптары салыстырылады.

Есептердің ұқсастығы неде?

Қандай айырмашылықтары бар?

Бұл есептер қандай есептер деп атайды?


Мәселелік жағдаятты түсінеді.








Мағынаны тану

10-15

Жаңаны ашу.

Балалар мұғалімнің жетекшілігімен, саңырауқұлақтардың саны бірдей болғандықтан есептер ұқсас, ал берілгендерінің және есептер сұрақтарының орындары ауысуларына байланысты олардың айырмашылықтары бар деген қорытындыға келеді. Өрнектердегі сандар да бірдей және өзара байланысты. Мұндай есептерді кері есептер деп атайды.

Есептің шартындағы белгілі шама ізделінді шамаға
айналатын есепті берілген есепке кері есеп деп
атайды.


Кері есеп ұғымымен танысады.




Оқулық,

дәптер.

«Жұптас,

ойлан,

бөліс»

әдісі.

15-20

Жаңаны қолдану

«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі.Оқулықтан №2 тапсырманы жұппен орындауды ұсынуға болады.

Оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен есеп шығарады, дәптерде сұлбаны толтырады.

Өзін-өзі тексеруді жүзеге асырылады.

Орындап болған соң, балалар сұлбаларын өзара салыстырады, кері есептердің маңызын түйсіне отырып, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды баяндап айтады.

Бұл есептер кері болып табыла ма?

Сұлбаларды толықтырады.



Оқушылар есептерді шығарады, есептердің қысқаша жазылуын жазады.

Кері есептерді анықтайды.

а)



Шешуі:

10+20=30 (с.)

Жауабы: 30 саңырауқұлақ

ә)



Шешуі:

30-10=20 (с.)

Жауабы: 20 саңырауқұлақ

б)



Шешуі:

30-20=10 (с.)

Жауабы: 10 саңырауқұлақ

«Фигуралар» әдісімен жұптағы оқушылардың жұмысы бағаланады

Оқулық,

дәптер.


20-25

Оқып-үйренгенді меңгергенін тексеру

Дәптердегі №1тапсырманы өзбетімен орындауды ұсынуға болады.

Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастырып, оны шығаруды ұсынады. Оқушылар санды деректерді өздері береді.

Қ ысқаша жазылуы бойынша есеп құрастырып, оны шығарады. Оқушылар санды деректерді өздері береді.

Арыш – 5 д.

Томарқұлақ – 4 д. ? дана

Шешуі:

5+4=9 (дана)

Жауабы: 9 дана саңырауқұлақ терді.

Өз білімін бағалау үшін дәптердің жиегіндегі бағдаршамды бояйды.

Баспа негіздегі жұмыс дәптері

25-32

Осыған дейін өтілген материалмен жұмыс.

Оқулықтағы №3тапсырманы өзбетімен орындауды ұсынуға болады.

Есепте.

Оқулықтағы №4тапсырманы орындауды ұсынуға болады.«Математикалық жарыс».

30 + 20= 50 90 - 70= 20

70 - 40= 30 80- 40= 40

60 - 30= 30 100 -60 = 40

10 + 80=90 30+40=70

Оқушылардың білімі мадақтау арқылы бағаланады

Оқулық,

дәптер.

«Матема

тикалық жарыс».

Рефлексия

32-35

«Тазалық» ойыны. Онда мына суреттер салынған: 


Жол сөмкесі – бүгінгі сабақ маған ұнады, маған қажет.

Қоқыс жәшігі – бүгінгі сабақ маған ұнамады, қажет емес.

Еттартқыш – бүгінгі сабақты әлі де жетілдіруім керек, көп нәрсені түсінбедім.

Оқушылар тақтадағы суреттерге стикерлерін жабыстырады.




«Тазалық» ойыны


_________________________________________________________________

(білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымының педагогіне арналған қысқамерзімді жоспар

71-сабақ.

Бөлімі:

3А Сандармен амалдар орындау. Есептер.

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Есептер шығару/ Атпен саяхатқа шығу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.5.1.5 қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару

Сабақтың мақсаты:

Есептер шығарасың.