Файл: 1 1 санды рнектерді (осынды,айырма) ажырату, растыру, жазужне оу.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.04.2024
Просмотров: 72
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымының педагогіне арналған қысқамерзімді жоспар
74-сабақ.
Бөлімі: | 3А Сандармен амалдар орындау. Есептер. | |
Педагогтің аты-жөні: | | |
Күні: | | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Есептер шығару / Қалаға саяхат жасау | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару; | |
Сабақтың мақсаты: | Есептер шығарасың. |
Сабақтың барысы:
Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Қызығушылықты ояту 0-3 | ЫнталандыруБіз саяхатымызды жалғастырамыз. Бүгін біз қала ішіндегі цирк, музей, хайуанаттар бағына барамыз. | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. | | |
4-6 | Өзектендіру. Мұғалім оқушыларға тапсырма ұсынады. Тоған жағасында 17 бақа отыр. Олардың 2-еуі тоғанға секіріп кетті. Неше бақа қалды? Есепте не белгілі? Есепте не белгісіз? Қандай амалдың көмегімен қалған бақа санын табуға болады? Есептің қысқаша жазбасын жаз. Есептің сұлбасын білесің бе? | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Есепті шығарады. | «Шапалақтау» әдісімен бағалайды. | |
7-10 | Мақсат қою (мәселелік жағдаят). Циркте үйретілген аттар, иттер, құстар т.б. бар. Аттар - 5 Иттер - 6 Құстар -8. Бір санның басқасынан артық (кем) екенін қалай білуге болады? … саны … санынан қаншаға артық? … саны … санынан қаншаға кем? және т.с.с. | Мәселелік жағдаятты түсінеді. | | Оқулық, дәптер. |
Мағынаны тану 10-15 | Жаңаны ашу. Оқулықтағы №1 тапсырманы орындайды. Өзімізді цирк қойылымының көрермені ретінде қарастырайық. Цирк аренасында иттер өнер көрсетті. Оларда 5 қызыл доп, одан 3-еуі артық жасыл доп болды. Үйретілген иттердежасыл доп нешеу? Суретке қарайық. Қанша қызыл доп бар? (Бес). Жасыл доптар жөнінде не айтылған? (3-уге артық екені белгілі). «3-еуі артық» дегенді қалай түсінесіңдер? (бұл тура осындай және тағы 3-еу). Есептің сұрағына жауап беру үшін қандай амалды орындау керек? (Қосу). Есептің қысқаша жазбасы мен сұлбасына мұқият қара. Бұған дейін қарастырған есептерден айырмашылығы неде? Есептің қысқаша жазбасы мен сызбасын рәсімдейік. Шешуі: 5+3=8 (д.) Жауабы: 8 жасыл доп. | Бір заттың екінші заттан бірнешеуі артық болған жағдайда есепті қалай шығаратынын түсінеді. Дәптеріне есептің қысқаша жазбасын жазады және сұлбасын салады.Есепті шығарады. | | Оқулық, дәптер. |
15-20 | Жаңаны қолдану «Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі.Оқулықтағы №2 тапсырманы жұппен орындайды. Есептерді шығарады, Мұғалім оқушылар есептерді шығарып болғаннан кейін сұрақтар қояды. Балалар мұғалімнің жетекшілігімен қорытынды жасап сұрақтарға жауап береді. Есептердің ұқсастығы неде? (Гүлдердің саны бірдей болғандықтан есептер ұқсас) Есептердің айырмашылығы неде? (Берілгендерінің және есептер сұрақтарының орындары ауысуларына байланысты олардың айырмашылықтары бар) Бұлар қандай есептер? (Өрнектердегі сандар да бірдей және өзара байланысты. Мұндай есептерді кері есептер деп атайды). | Санды бірнеше бірлікке арттыру, кемітуге берілген есептерді шығаруды түсінеді. Есептерді шығарады. а) Шешуі: 7+2=9 (г.) Жауабы: 9 гүлкекіре ә) Шешуі: 9 – 2=7 (қ.) Жауабы: 7 қызғалдақ | «Фигуралар» әдісімен жұптағы оқушылардың жұмысы бағаланады | Оқулық, дәптер. «Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі. |
20-25 | Оқып-үйренгенді меңгергенін тексеру Оқулықтағы №3тапсырманы өз бетімен орындауды ұсынады. Оқушыларға2-еуі артық немесе кем деп есептер құрастыруды және шығаруды ұсынады. | Тапсырманы өз бетімен орындайды. Есептің шартын толықтырып, берілуін қысқашажазады. | «Бағдаршам» әдісіменөзін-өзі бағалау | Оқулық, дәптер. |
25-32 | Осыған дейін өтілген материалмен жұмыс. Оқулықтағы №4тапсырманы орындауды ұсынуға болады.Оқушылар алдымен сызғыштың көмегімен таспалардың ұзындығын өлшейді. Содан кейін салыстыру жасайды. | Сызғышпен таспалардың ұзындығын өлшейді және оларды салыстырады. | Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады. | Оқулық, дәптер. |
Рефлексия 32-35 | «Тазалық» ойыны. Жол сөмкесі – бүгінгі сабақ маған ұнады, маған қажет. Қоқыс жәшігі – бүгінгі сабақ маған ұнамады, қажет емес. Еттартқыш – бүгінгі сабақты әлі де жетілдіруім керек, көп нәрсені түсінбедім. | Оқушылар тақтадағы суреттерге стикерлерін жабыстырады. | | «Тазалық» ойыны |
__________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымының педагогіне арналған қысқамерзімді жоспар
75 -сабақ.
Бөлімі: | 3А Сандармен амалдар орындау. Есептер. | |
Педагогтің аты-жөні: | | |
Күні: | | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Есептер шығару / Қалаға саяхат жасау. Саябақ | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару; | |
Сабақтың мақсаты: | Есептер шығарасың. |
Сабақтың барысы:
Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Қызығушылықты ояту 0-3 | ЫнталандыруОқулықтағы №1 тапсырманы орындауды ұсынады.Мысалдарды есептесең, саябақтардың атауын білесің. 10 – 7 + 4 + 2 = 9 (28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы) 6 + 3 – 4 + 5 = 10 (Қазақстан РеспубликасыныңТұңғыш Президенті саябағы) Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында қала тұрғындары мен қонақтары демалғанды ұнатады. Оны тұрғызуға көптеген адамдардың білімі мен күш-қайраты жұмсалды. Еліміздің қалалары мен ауылдарын әдемі, әрі жұмыс істеуге қолайлы ету үшін біздің де көп біліміміз бен білігіміз болуы керек. | Оқушылар мысалдарда орындап, саябақтың атауын анықтайды. | «Шапалақтау» әдісімен бағалайды. | Оқулық, дәптер. |
4-6 | Өзектендіру. Саябақтағы гүлзарлар гүлдермен безендірілген. Сұлбалар мен шешулерін қара. Қай шешуге қай сұлба сәйкес келеді? | Сұлбаны шешуімен біріктіреді. | | Қосымша материалдар |
7-10 | Мақсат қою (мәселелік жағдаят). Оқулықтағы №2 тапсырманы орындауды ұсынады.Есепті шығар. Cұлбадағы әр элемент нені білдіреді? (Балалар сұлба элементтерінің мәнін түсіндіреді). Бұл есеп қалай шығарылады? (Балалар есептің шешуін ауызша түсіндіреді). Қысқаша жазылуы бойынша кері есеп құрастырады. … саны … санынан қаншаға артық? … саны … санынан қаншаға кем? т.с.с. | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мәселелік жағдаятты түсінеді. | | Оқулық, дәптер. |
Мағынаны тану 10-15 | Өзіндік жұмыс. Оқулықтағы №3тапсырманы өз бетімен орындайды. Есептерге сұлба таңдап, оларды шығар. | Дәптеріне есептің қысқаша жазылуын жазады. Есептерді шығарады. а) Шешуі: 10-3= 7 (б.) Жауабы: 7 би қалды. ә) Шешуі: 70– 30 = 40 (б.) Жауабы: 40 бала келді. | “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау | Оқулық, дәптер. |
15-20 | Қиындықтарды түзету. Мұғалім тапсырмалардың орындалуының дұрыстығын тексереді. – Кімде қиындықтар туындады? – Сендер қай жерде қателік жібердіңдер? – Жіберілген қателіктің себебі неде? – Өз жұмыстарында қателік болмағандар, өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар. (Қосымша тапсырмалар орындау). – Қателік байқағандардың жұмысындағы ары қарайғы мақсаты қандай? (Қателіктерді түзету). – Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз. Қателікті түзету үшін дәптердегі №1тапсырманы орындайды. | Қатемен жұмыс жасайды. Есептің берілуін толықтыр. Дәптеріне есептің қысқаша жазылуын жаз мен сұлбасын сал. Есептерді шығарады. | Өз білімін бағалау үшін дәптердің жиегіндегі бағдаршамды бояйды. | Баспа негіздегі жұмыс дәптері |
20-32 | Осыған дейін өтілген материалмен жұмыс. Оқулықтағы №4тапсырманы орындауды ұсынуға болады. 6 дм – 4дм < 5дм-2дм 30см < 100см – 40см 30см+10см > 40см – 20см Оқулықтағы №4зерттеушілік тапсырманы орындауды ұсынуға болады. Балалар кестенің бағандары мен жолдарында фигуралардың қалай орналасқанын талдайды және жетіспейтін фигуралар жөнінде тұжырымдар жасайды. | Салыстыруды орындайды. Фигуралардың орналасу заңдылығын анықтайды. Белгісіз фигураны анықтайды (№1 фигура). | Оқушылардың білімі мадақтау арқылы бағаланады | Оқулық, дәптер. |
Рефлексия 32-35 | «Алмаағашы» әдісі. Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны Алмаағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ. | Оқушыларға сабақ басында және соңында қалаған түсті “алма” көрсетеді. | | «Алмаағашы» әдісі. |
________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымының педагогіне арналған қысқамерзімді жоспар
76 -сабақ.
Бөлімі: | 3А Сандармен амалдар орындау. Есептер. | |
Педагогтің аты-жөні: | | |
Күні: | | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Кері есептер / Саяхат әуежайдан басталады | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару; | |
Сабақтың мақсаты: | Есептер шығарасың. |