Файл: 1 1 санды рнектерді (осынды,айырма) ажырату, растыру, жазужне оу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 51

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың барысы:

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

0-3

Ынталандыру


Араларыңда түйені көргендерің бар ма?

Түйелерді тағы қалай атайтынын білесіңдер ме?

«Түйе» сөзі айтылса, бірден «шөл кемесі» деп қосып қояды.

Оны неге бұлай атайды?

Жүктерді шөл мен далада таситын түйелер тобы қалай аталады? (Керуен.)

Жолдар төселмеген жерлерде бұл қозғалыстың жалғыз тәсілі.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.






Оқулық

4-6

Өзектендіру.

Мұғалім оқушыларға тапсырма ұсынады.

Аквариумда 13 алтынбалық және 4 семсербалық бар. Аквариумда барлығы неше балық бар?

Есепте не белгілі?

Есепте не белгісіз?

Қандай амалдың көмегімен қалған балық санын табуға болады?

Есептің қысқаша жазбасын жаз.

Есептің сұлбасын білесің бе?


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Есепті шығарады.

Шешуі:

13+4=17 (б.)

Жауабы: 17 балық бар.

Оқушылардың білімі мадақтау арқылы бағаланады




7-10

Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

Міне, біздің Әлия мен Сырым керуенмен саяхаттай жүріп, жолда сендерге арнап есептер ойлап табуға бекінді.

«Миға шабуыл» стратегиясы. Оқулықтан №1 тапсырманы орындауды ұсынуға болады. Мұғалім балалар назарын есептердің шартына аударады.



Бірінші есепте не белгілі?

Есепте нені табу қажет?

Есептің сұрағына жауап беру үшін не істеу қажет?

Есеп қандай амалмен орындалады? Неге?

Екінші есептің шарты қандай? Есептің сұрағы қандай?

Үшінші есепте не берілген? Шарты қандай?

Олардың бәрі бірдей ме? (Өрнектердегі сандар бірдей және өзара байланысқан).

Ұқсастықтары неде? (Есептердің ұқсастығы бір керуен туралы айтылуында)

Айырмашылықтары неде? (Есептердің айырмашылықтары берілгендердің кейбірінің және есептер сұрағының орын ауыстыруында).

Мұндай есептерді қалай атаймыз? (Кері.)


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Есептердің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратуды үйренеді.

А) Шешуі:

20+10=30 (т.)

Жауабы: екі керуенде барлығы 30 түйе бар.

Ә) Шешуі:

30-10=20 (т.)

Жауабы: бірінші керуенде 20 түйе бар.

А) Шешуі:

30-20=10 (т.)

Жауабы: екінші керуенде 20 түйе бар.

.





Оқулық, дәптер.

«Миға шабуыл» стратегия

сы.

Мағынаны тану

10-15

Өзіндік жұмыс.

Оқулықтағы №2тапсырманы өзбетімен орындайды.

Бірінші түйеге 40 кг, ал екіншісіне 50 кг жүк артылған. Екі түйеге барлығы неше килограмм жүк артылды?

Есепті шығарады, кері есептер құрастырады. Олардың біреуін шығарады.

Тапсырманы өзбетімен орындайды.

Б ірінші түйе – 40кг

Екінші түйе - 50 кг ?

Шешуі: 40+50=90кг

Жауабы: 90кг жүк артылды.

Кері есептер құрастырады. Олардың біреуін шығарады.

Оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне байланысты «Отшашу» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.


Оқулық, дәптер.

15-22

Қиындықтарды түзету.

Мұғалім тапсырмалардың орындалуының дұрыстығын тексереді.

– Кімде қиындықтар туындады?

– Сендер қай жерде қателік жібердіңдер?

– Жіберілген қателіктің себебі неде?

– Өз жұмыстарында қателік болмағандар, өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.

(Қосымша тапсырмалар орындау).

– Қателік байқағандардың жұмысындағы ары қарайғы мақсаты қандай?

(Қателіктерді түзету).

– Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз.

Қателікті түзету үшін оқулықтағы №3тапсырманы орындайды.

«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі.

Суреттер бойынша есептер құрастыруды ұсынады.




Қатемен жұмыс жасайды.

Суреттер бойынша есептер құрастырады. Оларды шығарады.






Оқулық, дәптер.

«Жұптас, ойлан,

бөліс»

әдісі.

22-32

Осыған дейін өтілген материалмен жұмыс.

Оқулықтағы №4 зерттеушілік тапсырманы орындауды ұсынуға болады.

«Сиқырлы» сандарды тап.

Бірінші суреттен мынадай қорытынды жасайды.

Бірінші өрнекте бірдей үш түйе қосындысы 90-ға тең. Қандай бірдей үш қосылғыштардың қосындысы 90-ға тең? (30)

30+30+30=90

Енді екінші өрнекті қарастырамыз. Бір түйе мен екі сиырдың қосындысы 50-ге тең. Бір түйе, яғни бірінші қосылғыш белгілі, ол 30-ға тең. Қосуға кері амал азайтуды пайдаланып екі қосылғыштың қосындысын табамыз.

50-30=20

Екі қосылғыш қосындысы 20-ға тең болса, онда олардың әрқайсысы 10-ға тең болады.

10+10=20

Жауабы: Сиқырлы сандар – 30, 10.

Оқушылар зерттей отырып «Сиқырлы» сандарды табады.

Бірінші сурет сияқты екінші суреттегі сиқырлы сандарды анықтайды.

Оқушылардың жұмысы смайлберу арқылы бағаланады.

Оқулық, дәптер.


«Бағдаршам»_әдісі.'>Рефлексия

32-35

«Бағдаршам» әдісі.

Қызыл түс - сабақта көп нәрсені түсінбедім, сабақтағы мәліметтер саған керек емес, сабақта белсенді бола алмадым, жауап берген жоқпын.

Сары түс – сабақ қызықты болды, белсенді болдым, сабақта пайдалы мәліметтер алдым, орнымнан жауап бердім, бірнеше тапсырманы өзім орындадым, сабақта мен өзімді жақсы сезінемін.

Жасыл түс – сабақта белсенді болдым, сабақта көп пайдалы мәліметтер алдым, көп жұмыс жасадым, өзіме тиісті баға алдым, маған бәрі түсінікті болды.

Сабақ аяқталған соң балалар бағдаршамға сары, қызыл, жасыл түсті стикерлерін жабыстырады.





«Бағдар

шам» әдісі.


__________________________________________________________________

(білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымының педагогіне арналған қысқамерзімді жоспар

72 -сабақ.

Бөлімі:

3А Сандармен амалдар орындау. Есептер.

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Есептер шығару/ Қазақстанның қалаларына саяхат

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.5.1.1**есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу/есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдау;

1.5.1.3** қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару/кері есеп құрастыру және шығару;

1.5.1.5 қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару.

Сабақтың мақсаты:

Есептер шығарасың.


Сабақтың барысы:

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

0-3

Ынталандыру


Біз қай елде тұрамыз?

Балалар, біз тамаша елде, Қазақстан Республикасында, тұрамыз, оның аумағы өте үлкен және егер біз оның барлық жеріне саяхат жасағымыз келсе, ол үшін өте ұзақ уақыт кетер еді. Мен сендерге біздің елге ойша саяхатқа баруға ұсыныс жасаймын.

Әр адам саяхаттағанды жақсы көреді. Жолда көптеген қызыққа кенелуге, адал достар табуға және жай ғана көңіл күйіңді көтеруге болады. Бүгін біз де сендермен бірге Қазақстан қалаларына саяхатқа аттанамыз. Біз қай қалада тұрамыз?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.





Оқулық,

дәптер.



4-6

Өзектендіру.

Оқулықтың № 1 тапсырмасындағы суретке қара және онда кескінделген қалаларды ата.

Біздің Республиканың тағы қандай қалаларын білесіңдер?

Кәне, қанша қала білетінімізді санайықшы.

Есептерді шығар. Әрқайсысына есептің қысқаша жазылуы және сызбасын таңда.

а)



Шешуі:

8 – 6=2 (а.)

Жауабы: 2 қала атауы




Әрқайсысына есептің қысқаша жазылуы мен сызбасын таңдайды, есепті шығарады

ә)



Шешуі:

6+2=8 (а.)

Жауабы: 8 қала атауы



б)



Шешуі:

8 – 2=6 (а.)

Жауабы: 6 қала атауы



Оқушылардың білімі мадақтау арқылы бағаланады

Оқулық, дәптер.


7-10

Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

Осы шығарылған есептерді салыстыр.

Олардың бәрі бірдей ме? Айырмашылықтары неде?

Есептердің ұқсастықтары неде?

Бұндай есептерді қалай атаймыз?

Мәселелік жағдаятты түсінеді.








Мағынаны тану

10-15

Өзіндік жұмыс.

Оқулықтағы №2тапсырманы өз бетімен орындауды ұсынады.

Есептерді оқы және шығар. Әр есептің сұлбасын тап.

а) Ұзындығы 60 см таспадан бірнеше сантиметр қиып алынды. Онда тағы 20 сантиметр таспа қалды. Неше сантиметртаспа қиып алынды?



Тапсырманы өз бетімен орындайды.

Болды – 60см

Қалды – 20см

Қиып алды - ? см

Шешуі:

60 – 20=40см

Жауабы: 40см қиып алынды.



Қалған есептерді осы негізде орындайды.

Оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне байланысты «Отшашу» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Оқулық, дәптер.

15-22

Қиындықтарды түзету.

Мұғалім тапсырмалардың орындалуының дұрыстығын тексереді.

– Кімде қиындықтар туындады?

– Сендер қай жерде қателік жібердіңдер?

– Жіберілген қателіктің себебі неде?

– Өз жұмыстарында қателік болмағандар, өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.

(Қосымша тапсырмалар орындау).

– Қателік байқағандардың жұмысындағы ары қарайғы мақсаты қандай?

(Қателіктерді түзету).

– Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз.

Қателікті түзету үшін дәптердегі №1тапсырманы орындауды ұсынады.




Қатемен жұмыс жасайды.

Дәптеріне есептің қысқаша жазылуын жазады. Есептерді шығарады.

А) Шешуі:

70 см - 30 см = 40 см

Жауабы: 40см қиып алынды.

Ә) ) Шешуі:

30 см +40 см = 70 см

Жауабы: таспаның ұзындығы 70 см.


Өз білімін бағалау үшін дәптердің жиегіндегі бағдаршамды бояйды.

Баспа негіздегі жұмыс дәптері

22-32

Осыған дейін өтілген материалмен жұмыс.

Оқулықтағы №3тапсырманы жұппен орындауды ұсынуға болады.

«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі.Қосынды және айырма жаз. Олардың мәнін тап. Қалай тексеру керектігін түсіндір.
Оқулықтағы №4тапсырманы орындауды ұсынуға болады.Карточкалардағы сандардан таңдап алып,
қосу мен азайтуға мысалдар құрастырады.

2+3=5

3+2=5

5-2=3

5-3=2

Өзара байланысты мысалдар құрастыруға болады немесе байланысы жоқ кез келген төрт мысал құрастыруға болады.

Қосынды және айырма жазадыжәне олардың мәнін табады. Қалай тексеру керектігін түсіндіреді.

Бірінші кестеден бір мысал қарастырайық. Қосынды жазады.

40+30=70

Қалай тексеру керектігін түсіндір? (Қосу амалын оған кері амал азайтумен тексеріледі)

70-30=40

70-40=30

Екінші кестеден бір мысал қарастырайық.

Өрнек жазады.

90-30=60

Қалай тексеру керектігін түсіндір? (Азайту амалын оған кері амал қосумен тексеріледі)

60+30=90

30+60=90

«Фигуралар» әдісімен жұптағы оқушылардың жұмысы бағаланады

Оқулық, дәптер.

«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі.

Рефлексия

32-35

Оқушылармен INSERT әдісі бойынша кері байланыс орнату. Әр оқушыға жеке парақшалар таратылады.

+

-

V










Егер сабақ түсінікті болса, «+» таңбасының тұсына;

Мүлдем түсініксіз болса, «–» таңбасының тұсына;

Сұрақтарына толықтай жауап ала алмаса, V таңбасының тұсына белгішелер қою қажет. Осы әдіс арқылы мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгендігін тексере алады.







INSERT әдісі


__________________________________________________________________

(білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымының педагогіне арналған қысқамерзімді жоспар

73-сабақ.

Бөлімі:

3А Сандармен амалдар орындау. Есептер.

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Есептер шығару / Нұр-Сұлтан қаласына саяхат

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.5.1.1**есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу/есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдау;

1.5.1.5 қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару;

1.5.1.3** қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару/кері есеп құрастыру және шығару;

Сабақтың мақсаты:

Есептер шығарасың.


Сабақтың барысы:

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

0-3

Ынталандыру


Балалар, біздің республиканың астанасы қай қала? Сендер Нұр-Сұлтан қаласында болдыңдар ма? Нұр-Сұлтанның қандай көрікті орындарын білесіңдер?


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.







4-6

Өзектендіру.

Оқулықтағы № 1 тапсырманы орындауды ұсынуға болады.

Мұғалім балаларға есепті шығаруды ұсынады.

Есептің шартынан бізге не белгілі?

Есепті не белгісіз?

Егер сандардың қосындысын табу талап етілсе, біз қандай арифметикалық амалды қолданамыз? (Қосуды).

Оқушылар есепті шығарады.

Шешуі:

5+3=8 (м)

Жауабы: 8 мектеп

“Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау

Оқулық, дәптер.


7-10

Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

Мұғалім түсіндіре тұрып интербелсенді тақтада берілген есептің сұлбасын толтырады.

Тақтадағы сұлбаны негізге ала отырып оқушылар кері есептерді құрады.

Қандай есептер кері деп аталады?

Біз қанша кері есеп құра аламыз?

Есепті шығарады.

Мәселелік жағдаятты түсінеді.







Мағынаны тану

10-15

Өзіндік жұмыс.

Оқулықтағы №3тапсырманы өз бетімен орындайды.

Дәптерлеріне қысқаша жазылуы жазуды мен сұлбасын салуды ұсынады. Есептерді шығар.

Дәптеріне есептің қысқаша жазылуын жазады. Есептерді шығарады.

А) Шешуі:

50 - 30 = 20

Жауабы: 20 гүлзар қалды.

Ә) Шешуі:

50 - 20 = 30

Жауабы: 30 гүлзар суарылды.

Б) Шешуі:

30 +20 = 50

Жауабы: 50 гүлзар болды.

Өз білімін бағалау үшін дәптердің жиегіндегі бағдаршамды бояйды.

Баспа негіздегі жұмыс дәптері

15-20

Қиындықтарды түзету.

Мұғалім тапсырмалардың орындалуының дұрыстығын тексереді.

– Кімде қиындықтар туындады?

– Сендер қай жерде қателік жібердіңдер?

– Жіберілген қателіктің себебі неде?

– Өз жұмыстарында қателік болмағандар, өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.

(Қосымша тапсырмалар орындау).

– Қателік байқағандардың жұмысындағы ары қарайғы мақсаты қандай?

(Қателіктерді түзету).

– Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз.

Қателікті түзету үшін дәптердегі №1тапсырманы орындайды.




Қатемен жұмыс жасайды.

Есептер құрастырып, оларды шығарады.


Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады.

Оқулық, дәптер.


20-25

Осыған дейін өтілген материалмен жұмыс.

Оқулықтағы №2тапсырманы жұппен орындауды ұсынуға болады.

«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі.

Амалдардың белгісіз компоненттерін аутауды ұсынады. Досыңнан тексеруін сұра.
Оқулықтағы №5 зерттеушілік тапсырманы орындауды ұсынуға болады.

Үшбұрыш пен дөңгелек үлкен терезесі бар үйде тұратындықтан, олар бірінші және екінші үйде тұратыны анықталады. Дөңгелек және шаршы биік шатыры бар үйде тұратындықтан, олар бірінші және үшінші үйде тұратыны анықталады. Бұдан дөңгелектің үлкен терезесі бар шатыры биік үйде тұратыны анықталады, бұл бірініш үй. Үшбұрыш терезесі үлкен шатыры кішкентай үйде тұратыны анықталады, бұл екінші үй. Ал шаршы терезесі кішкентай шатыры биік үшінші тұрады.



Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындының мәнінен белгілі қосылғышты азайту қажет.

9-6=3

6+3=9



Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманың мәніназайту қажет.

10-9=1

10-1=9
Әрбір фигураның қай үйде тұратынын анықтайды.

«Фигуралар» әдісімен жұптағы оқушылардың жұмысы бағаланады

Оқулық, дәптер.

«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі.

Рефлексия

32-35

Оқушылармен INSERT әдісі бойынша кері байланыс орнату. Әр оқушыға жеке парақшалар таратылады.

+

-

V










Осы әдіс арқылы мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгендігін тексере алады.

Егер сабақ түсінікті болса, «+» таңбасының тұсына;

Мүлдем түсініксіз болса, «–» таңбасының тұсына;

Сұрақтарына толықтай жауап ала алмаса, V таңбасының тұсына белгішелер қою қажет.




INSERT әдісі