Файл: 1 1 санды рнектерді (осынды,айырма) ажырату, растыру, жазужне оу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 56

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

__________________________________________________________________

(білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымының педагогіне арналған қысқамерзімді жоспар

79-сабақ.

Бөлімі:

3А Сандармен амалдар орындау. Есептер.

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Есептер шығару/ Жорыққа шығамыз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.5.1.1**есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу / есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдау;

1.5.1.3** қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару /кері есеп құрастыру және шығару;

1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару;

Сабақтың мақсаты:

Есептер шығарасың.


Сабақтың барысы:

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

0-3

Ынталандыру


Бүгінгі сабақта біз жорыққа шығу жөнінде айтамыз. Жорыққа шығу шығу үшін өзімізбен қандай заттар алуымыз қажет?










4-6

Өзектендіру.

Оқулықтағы №1тапсырманы орындауды ұсынады.

Сұрақ қойып, есепті шығар.

Шатырдың массасы 10 килограмм, ал ұйықтайтын қаптың массасы 3 килограмм.

Балалар мұндай есеп түрімен таныс, сондықтан сұрақ қоя алады.

Шатыр көрпеқаптан қанша килограмм ауыр?

Ұйықтайтын қап шатырдан қанша килограмм жеңіл?

Бұдан әрі екінші сұрақ бойынша есепті шығарады және сұлбасын таңдайды.

Сонымен, бүкіл сынып екі есептерді талдайды және салыстырады, ал әр балаға тек бір есепті ғана шығаратын болады.

Сұрақтарға жауап береді.

Есептің сызбасын таңдайды. Есепті шығарады.

Бірінші сұрақ бойынша есепті шығарады.

Сызбасын таңдайды.



Оқушылар қысқаша жазбаны орындайды.

Ш атыр - 10кг

Ұйықтайтын қап- 3кг ? артық

Шешуі: 10 – 3=7 кг

Жауабы: 7 кг

Оқушылардың білімі мадақтау арқылы бағаланады

Оқулық, дәптер.


7-10

Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

Бүгін біз осыған дейін алған білімімізді пысықтаймыз.

Мәселелік жағдаятты түсінеді.







Мағынаны тану

10-18

Осыған дейін өтілген материалмен жұмыс.

Оқулықтағы №2тапсырманы топпен орындайды.

Балалар қосындыны табуға, айырмалық салыстыруға есептер құрастырады.Олардың біреуін шығарады. Кері есептер құрастырады.


Тапсырманы өз бетімен орындайды.

Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады.

Оқулық, дәптер.


18-22

«Мен жорыққа не алып шығамын?» ойыны.

Оқулықтағы №3тапсырманы жұппен орындауды ұсынуға болады. Балалар жорыққа өзімен 10 килограмнан артық зат алмау керек. Балалар тез есептеп, бір-бірінің нәтижесін тексереді.

Олар бірнеше нұсқаларды ұсынады.


10 килограмды алу үшін барлық мүмкін нұсқаларды жазады.

3кг+ 1кг+1кг+1кг+3кг+1кг=10кг

3кг+3кг+3кг+1кг=10кг

Фигуралар» әдісімен жұптағы оқушылардың жұмысы бағаланады

Оқулық, дәптер.

«Мен жорыққа не алып шығамын?»
ойыны.


22-32

Оқулықтағы №4 тапсырманы орындауды ұсынады. Оқулықтағы №5зерттеушілік тапсырманы орындауды ұсынуға болады.

Бұл №3 тапсырмаға ұқсас орындалады.

Есептейді.

100-30-70=0

90-20+30=100

80+10+10=100





Оқулық, дәптер.


Рефлексия

32-35

«Табыс сатысы».

Оқушылар сабақта не білетінін, не түсінгенін, нені жасай алатынын көрсету үшін стикерді табыс сатысына жабыстырады.

«Табыс сатысы» әдісі:
1 - баспалдағы. Мен ... БІЛЕМІН,
2 - баспалдағы. Мен ... ТҮСІНЕМІН,
3 - баспалдағы. Мен ... ЖАСАЙ АЛАМЫН.







«Табыс сатысы».



__________________________________________________________________

(білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымының педагогіне арналған қысқамерзімді жоспар

80-сабақ.

Бөлімі:

3А Сандармен амалдар орындау. Есептер.

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Есептер шығару/ Атам мен әжемнің ауылында

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.5.1.1**есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу / есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдау;

1.5.1.3** қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару /кері есеп құрастыру және шығару;

1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару;

Сабақтың мақсаты:

Есептер шығарасың.


Сабақтың барысы:

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

0-3

Ынталандыру


Бүгінгі сабақта біз атам мен әжемнің ауылында боламыз?

Сендер ата-әжелерінің ауылына бардыңдар ма?

Ауылда сендер ол кісілерге көмектестіңдер ме?


Сұрақтарға жауап береді.








4-6

Өзектендіру.

Оқулықтағы №1тапсырманы орындауды ұсынады.

Есептерге қысқаша жазба мен сызба таңдап,
оларды шығар.

Оқушылар алдымен мұғалімнің жетекшілігімен есептің шарты мен сұрағына талдау жасайды.

а) Бірінші қоршауда 20 қой, екіншісінде 50 қой бар. Екіншіқоршауда біріншіге қарағанда неше қой артық?

Есепте не белгілі?

(Бірінші қоршауда 20 қой, екіншісінде 50 қой)

Есепте не белгісіз? (Екінші қоршауда біріншіге қарағанда неше қой артық?)

Бұл қай есептің түріне жатады?

(Айырмалықсалыстыруға берілген есеп)

Айырмалық салыстыруға берілген есептің қысқаша жазбасы мен сызбасын білесің бе?

Балалар мұндай есеп түрімен таныс, сондықтан қысқаша жазбасы мен сызбаны таңдайды.



Есепті шығарады.


Есептерге қысқаша жазба мен сызба таңдап,
оларды шығарады.
Сұрақтарға жауап береді.

Шешуі:

50 – 20=30 (қ.)

Жауабы: 30 қой

Екінші есепке де тура осындай талдау жасайды.

Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады.

Оқулық, дәптер.


7-10

Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

Бүгін біз осыған дейін алған білімімізді пысықтаймыз.

Мәселелік жағдаятты түсінеді.







Мағынаны тану

10-18

Өзіндік жұмыс.

Оқулықтағы №2тапсырманы өз бетімен орындайды. Балалар қосындыны табуға есеп құрастырады.

Тапсырманы өз бетімен орындайды.

“Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау

Оқулық, дәптер.


18-23

Қиындықтарды түзету.

Мұғалім тапсырмалардың орындалуының дұрыстығын тексереді.

– Кімде қиындықтар туындады?

– Сендер қай жерде қателік жібердіңдер?

– Жіберілген қателіктің себебі неде?

– Өз жұмыстарында қателік болмағандар, өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.

(Қосымша тапсырмалар орындау).

– Қателік байқағандардың жұмысындағы ары қарайғы мақсаты қандай?

(Қателіктерді түзету).

– Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз.

Қателікті түзету үшін дәптердегі №1 тапсырманы орындайды.

Жайылымда 6 жылқы, 8 құлын жайылып жүр.
Жылқыға қарағанда құлынның нешеуі артық?




Қатемен жұмыс жасайды.

Есептің қысқаша жазылуын толықтырып,
оны шығарады.
О қушылар қысқаша жазбаны орындайды.

Жылқы - 6

Құлын - 8 ? артық

Шешуі: 8 – 6 = 2

Жауабы: 2 артық.

Өз білімін бағалау үшін дәптердің жиегіндегі бағдаршамды бояйды.

Баспа негіздегі жұмыс дәптері

23-32

Осыған дейін өтілген материалмен жұмыс.

Оқулықтағы №3тапсырманы орындауды ұсынуға болады.Суретке сәйкес жазбаны таңда.









Оқулықтағы №5 зерттеушілік тапсырманы орындауды ұсынуға болады.

Мұғалім оқушылардың назарын бірінші суретке аудартады.


Оқушылар талдау жасай отырып суреттерге сәйкес жазбаны таңдайды.

Алма жемісі мен алмұрт жемісінің қосындысы бананға тең.

Екінші суретте қосудың ауыстырымдылық қасиеті орындалып тұрғандықтан, қосынды бананға тең болады. Үшінші суретте азайту амалын пайдаланып тексеру жасалып жатқандықтан, бананнан алмұртты азайтса, сәйкесінше алма шығады. Төртінші суретте бананнан алманы азайтса, сәйкесінше алмұрт шығады.

Оқушылардың білімі мадақтау арқылы бағаланады

Оқулық, дәптер.


Рефлексия

32-35

Т үсінбедім Сұрағым бар Түсіндім








Смайлдер


__________________________________________________________________

(білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымының педагогіне арналған қысқамерзімді жоспар

81-сабақ.

Бөлімі:

3А Сандармен амалдар орындау. Есептер.

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қорытындылау / Атам мен әжемнің ауылында

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.5.1.1**есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу / есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдау;

1.5.1.3** қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару /кері есеп құрастыру және шығару;

1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару;

Сабақтың мақсаты:

Есептер шығарасың.