Файл: азастан республикасыны Оу жне аарту министрлігі алматы аласы Білім басармасыны.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

Алматы қаласы Білім басқармасының

«Алматы электрмеханикалық колледжі» КМҚК
Бекітемін

Басшының оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары

__________А.Байдилдаева

______________20___ жыл
Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Мамандық және біліктілік атауы және коды:

07130700 Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша) , 3W07130701- Электр жабдықтарын монтаждаушы, 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик, 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша), 3W07150501- Электргазымен дәнекерлеуші, 07130700 Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша), 4S07130704 -Техник-электромеханик

Курс: _1____ топтар:_111, 113, 118, 120





Қысқа мерзімді жоспар: 10.3А Көпмүшелер

Күні:

Оқытушының аты-жөні: Сембиева Г.Б.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бір айнымалысы бар көпмүшенің жалпы түрі

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты игеру сабағы

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.7 көпмүшелерді қосу және азайтуды орындау;

10.3.1.8 көпмүшені бірмүшеге көбейтуді орындау;

10.3.1.9 көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындау;

Сабақ мақсаттары

Білім алушылар

  • Көпмүшелерді қосуды, азайтуды, көбейтуді үйренеді

  • Көпмүшелерге амалдар қолдану орындалатын мәтін есептерді шығарады

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну: көпмүшелерге қолданылатын амалдарды біледі және орындайды

Қолдану: мәтін есептердің математикалық жазбасымен жұмыс жасағанда көпмүшеге қолданылатын амалдарды анықтайды және дұрыс орындайды

Тілдік мақсаттар

Білім алушылар көпмүшелерге амалдар орындау кезінде әр әрекетін ауызша дәйектеп айта алады.

Пәнге тән лексика мен терминалогия: ұқсас мүшелер; көпмүшелерді қосу; көпмүшелер көбейтіндісі;

Диолог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіректер:

  • көпмүшенің ұқсас мүшелерін біріктіру үшін ... ;

  • ..., ұқсас мүшелерді біріктіру;

  • Жақшаларды ашқанда ...;

  • көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін ... ;

  • көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін ... .

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс жасауда сыйластық, адамгершілік қасиеттерін дарыту; жеке жұмыс арқылы терең ойлануды дамыту; бағалау арқылы шыншылдыққа тәрбиелеу

Сабақ_барысы'>Бастапқы білім

Біртекті және симметриялы көпмүшелер

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс–әрекет

Ресурстар

Сабақтың_басы__І._Ұйымдастыру'>Сабақтың басы



І. Ұйымдастыру

  • Сабаққа әзірлікті бақылау.

  • Сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Қайталау: /Мақсаты: жаңа тақырыпты игеру үшін қажетті материалды еске түсіру, Білім алушылардың математикалық тілдік дағдыларын дамыту/

сұрақтар барлық Білім алушыларға қойылады, қол көтерген Білім алушылар жауап береді және жауаптар бірге талқыланады.

  • Бірмүше дегеніміз не?

  • Көпмүше дегеніміз не?

  • Бірмүшенің стандарт түрі қалай жазылады?

  • Кез – келген екі бірмүшені қосуға бола ма? Көбейтуге ше?

  • Қандай бірмүшелер азайтылады?

  • Көпмүше стандарт түрге қалай келтіріледі?

  • Бірмүшені дәрежеге қалай шығарады?

  • Қосудың қасиеттерін (ауыстырымдылық, терімділік және көбейтуге қатысты үлестірімділік) ата



Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы


III. Жаңа ұғымды ашу

Әр оқушыға айнымалылары а, b болатын үшінші дәрежелі көпмүше құрастырып стикерлерге жазуды ұсыныңыз. Стикерлерді тақтаға жапсырып кез – келген екеуін таңдаңыз да, осы көпмүшелерді қосу (азайту, көбейту) керектігін айтыңыз. Білім алушыларға көпмүшелерді қосу, азайту және көбейту ережелерін өздері тұжырымдауға мүмкіндік беріңіз.

  • Көпмүшелерді қосу не азайту үшін алдымен жақшаларды ашып аламыз, сонан соң ұқсас мүшелерді біріктіреміз

  • Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшедегі әрбір қосылғышқа көбейтеміз

а(b + c) = аb + аc.

  • Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірінші көпмүшенің әр қосылғышын екінші көпмүшенің әр қосылғышына көбейтеміз

(а + b)(c + d) = аc +аd + bc + bd.

IV. Топтық жұмыс. /Мақсаты: жаңа тақырыпты бекіту, қателер болса анықтау, жаңа тақырыпты игерудегі олқылықтарды жою/

Сынып Білім алушылары үш топқа бөлініп, әр топқа көпмүшелерге амалдар қолдануға үш есеп беріледі және топтардың тапсырмалары бір-бірінен өзге болады

. Тапсырмаларды тексеру барысында қателер болса, басқа түсті бормен қатені түзету ұсынылады.

Топтар өз орындарына қайта келгенше жұмыс жалғасады.

Жұмыстың соңында барлық қателерге шолу жасалып, «тапсырманы үздік орындаған» топ пен «қателердің себебін анықтай алған» Білім алушылар мадақталады.

V. Есептер шығаруБілім алушыларға жеке жұмысқа деңгейлік тапсырмалар беріледі. Олар өздері таңдаған деңгейдің тапсырмасын орындайды. Бірдей деңгейді таңдаған Білім алушыларға жұптасып орындауға мүмкіндік беріледі.

Тапсырманы ерте аяқтаған Білім алушыларға есептер беріледі.
Амалдарды орындаңыз.



Дескриптор.

1

Жақшаларды дұрыс ашады

1 балл

2

Ұқсас мүшелерді біріктіреді

2 балл

3

Қорытынды көпмүшені дұрыс жазады

3 балл



VII. Рефлексия /Мақсаты: сабақты қорытындылау, материалды жүйелеу/

Сабақта орындалған тапсырмалар бойынша Білім алушылар пікірлерін айтады:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Білім алушылардың жауаптары бойынша кері байланыс беріледі.

VIІІ.Үйге тапсырмаКөпмүшелерді қосу, азайту және көбейту амалдарына бір – бір есептен, барлығы үш есеп құрастырып, шығарып келу

Тест жұмысын орындау

Дескриптор

− көпмүшені көпмүшеге көбейтеді;

− көпмүшені стандарт түрде жазады;

− тең көпмүшелерді анықтайды.


Стикерлер

Қосымша№1

Тест


Саралау –Білім алушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары Білім алушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – Білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

– іріктелген деңгейлік тапсырмалар;

– қайталау сұрақтары және қате жауаптарды түзеу үшін қойылатын жетелеуші сұрақтар;

    • Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берулері қадағаланады;

  • Ынталандыру, қолдау

  • Сабақ соңында өзін-өзі бағалау және оған кері байланыс

Сабақ үстіндегі Білім алушылардың көңіл-күйін қадағалап отыру


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Білім алушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген Білім алушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Тест тапсырма.

1.  көпмүшесін стандарт түрге келтір: 3x2−2xy+4x2;                    

а)        7x2−2xy                   b)        −7x2+2xy                   c)       7x2+2xy

2. x3y − 5xy + 6 және  x3y + 4xy − x2yx − 5 болса, қосындысын анықта,

а) 2x3y−xy−x3y-1                          b) x3y−xy+1                           c) 2x3y+xy+1      

3. x2 – xy + 3 және −x2yx+x2+1−xy+2 болса,  айырмасын табыңыз

     а) -x3y−x2+1                          b) x3y +1                           c) x3y      

4. (x+y2)•x2 = ?  

a)       x3+x2y2                  b)       x3+x3y2                 c)        x2+x2y2              

5. (−8a2−16ab−24)•(− a) =  ?    

a)         6a3−12a2b−18a                 b)        4a3−8a2b+16a                  c)       6a3+12a2b+18a







6. (5a2−1)(5a2−a) =  

a)  =25a4−5a3−5a2−a;  b)  =25a4−5a3−5a2+a;   c) =25a4−5a3+5a2+a

7. Өрнекті ықшамдап оның x = 4, y = 1 болғандағы мәнін анықта: 5x2 – 5xy – 6xx + 8yx

a) -28;  b)  -4;   c) 8
Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

b

b

c

a

c

b

b


Қосымша №1: Білім алушылардың жұппен жұмыс жасауына арналған сәйкестендіру тесті

1



A



2



B



3



C



4



D



5



E



6



F



7



G



8



K



9



L




Жауабы:

1

B

2

D

3

А

4

K

5

G

6

L

7

С

8

F

9

Е